Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, которым за счет бюджетных средств устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки Күшін жойған
Басқа 0
Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақтоғай аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ Р. Әбеуов
Басқа 0. Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 шілдесі
№ 29/01
қаулысына қосымша
Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің (бөлімшесінің) меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Тармақ 2
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Әкімші, аккомпаниатор, мұрағатшы, археограф, барлық атаудағы әртістері, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, нұсқаушы, ісжүргізуші, дирижер, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының орынбасары, аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары, бөлімнің, сектордың, филиалдың басшысы және орынбасары, шаруашылық және шеберхананың меңгерушісі, дыбыс операторы, дыбыс режисері, архив қоймасының меңгерушісі, барлық мамандық жөніндегі инженер, инспектор, өнертанушы, концертмейстр, мәдени ұйымдастырушы, билет тексеруші, кассир, шебер, әдіскер, механик, музыкалық жетекші, кіші ғылыми қызметкер, мұражай қараушысы, ғылыми қызметкер, оператор, бағдарламашы, аудармашы, редактор, режиссер, аға ғылыми қызметкер, хатшы, барлық атау технигі, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер, көркемдік жетекші, қор сақтаушы, экономист, экскурсовод, заң кеңесшісі.