Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлеулерді беру тәртібі туралы ережесі
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 20.04.2006 № 21-12 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылдың 23 қыркүйегіндегі № 3 бұйрығына сәйкес, халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне көмек көрсету мәселелерін қарастыра отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлеулер беру тәртібі туралы ережесі қосымшаға сай бекітілсін.
Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлеулерді беру тәртібі туралы ережесі от 10.01.2003 г. № 19-2 (Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлеулерді беру тәртібі туралы ережесі)
Тасқала аудандық мәслихаттың
2002 жылғы 10 қаңтардағы
№ 19-2 шешіміне қосымша
Ауданның жеке санаттағы азаматтарына
әлеуметтік төлеулерді беру тәртібі туралы
Ереже
1. Жалпы ереже
Бұл ереже жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлеулер беру тәртібін реттейді.
2. Әлеуметтік төлеулер беріледі
2.1. Істегі заңдарға сәйкес соғыс ардагерлерін, мүгедектерін және соларға теңестірілген азаматтарды жерлеуді ұйымдастыруға.
2.2. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мәдени-көркемді, спорт шараларына бару, монша, шаштараз қызметтерін көрсету шығындарын жабуға.
2.3. Сәби дүниеге келгенде аз қамтылған азаматтарға бір реттік көмекке.
2.4. Ауданның жалғызбасты және өте кедей азаматтарын жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға.
2.5. 100 жасқа толған аудан азаматтарына бір реттік көмекке.
2.6. Батыс Қазақстан облысының жоғарыдағы жергілікті өкілді және атқарушы органдарының шешімдері бойынша әлеуметтік төлеулер ұйымдастыруға.
2.7. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүгедектеріне және соларға теңестірілген азаматтарға Жеңіс күніне байланысты бір реттік көмекке.
2.8. Істегі заңдарға сәйкес басқа да әлеуметтік төлеулер.
3. Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік
төлеулерді ұйымдастыру тәртібі
3.1. Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлеулерді ұйымдастыру үшін өкілдер құрамында жергілікті өкілді, атқарушы органдардан және қоғамдық ұйымдардан болатын аудандық комиссия 5 - 7 адамнан құралады.
3.2. Аудандық комиссия:
әлеуметтік төлеулер мәселелері бойынша және көмек көрсетуге азаматтардың арыздарын, селолық округтер әкімдерінің және қоғамдық ұйымдардың қолдаухаттарын қарастырады;
көмек көрсету туралы азаматтардың әлеуметтік жағдайларын өткізуге көмектеседі;
ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлеулер бойынша істегі ережесіне өзгерістер мен қосымшалар енгізу үшін халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін зерттейді;
көмек көрсету және әлеуметтік төлеулер беру бойынша келісім беруге немесе келісім бермеуге шешім қабылдайды;
жыл бойы аудандық әкімиятқа аудан азаматтарына әлеуметтік төлеулер шығындарының өзгеру мәселелері бойынша ұсыныс енгізеді;
селолық округтер бойынша әлеуметтік төлеулер беру шектерін анықтайды.
4. Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік
төлеулерді қаржыландыру көздері
4.1. Жыл сайын әлеуметтік төлеулерді қаржыландыру аудандық бюджетте қаралған көлемде беріледі;
4.2. Әлеуметтік төлеулер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы беріледі.
5. Комиссия шешімін қабылдау үшін берілетін құжаттар
Азаматтардың арыздары, селолық округтер әкімдерінің немесе қоғамдық ұйымдардың қолдаухаттары;
отбасының материалды жағдайын зерттеу актісі;
отбасы құрамы туралы анықтама;
азаматтардың статусын дәлелдеуші құжаттар (жеке куәлік, архивтік анықтама, аудандық әскери комиссариат анықтамасы, т.б.).