Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Жетысайскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10030 болып тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жетісай ауданыны бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Жетісай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 33-167-VI шешіміне 1 қосымша Жетісай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, текше метр 1 Үйлер: жайлы жайлы емес 1 тұрғын 0,95 1,061 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 1 3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 1 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,40 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,3 6 Емханалар 1 келіп кету 0,008 7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 1 8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,12 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 0,57 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын 0,2 11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2 - 12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,2 13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2 0,2 14 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер сауда алаңы 1 м2 0,71 15 Машиналардан сату сауда орнының 1 м2 - 16 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 1 17 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 - 18 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 - 19 Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2 0,2 20 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,5 21 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2 - 22 Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 0,91 23 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 0,2 24 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 0,65 25 Гараж кооперативтері 1 гаражға - 26 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,45 27 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 0,36 28 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 0,06 29 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) 1 жұмыс орны 0,06 30 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,23 31 Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы - 32 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске 0,0020
Басқа 8. Жетісай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері
Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 33-167-VI шешіміне 2 қосымша Жетісай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтері № п/п Атауы Есептік бірлік Қызметтің құны (теңге) 1. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі 1.1. Жайлы үйлер Тұрғын/1айда 94 1.2. Жайлы емес үйлер Тұрғын/1айда 105 1.3. Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар 1 м3 1187,55 2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму тарифі 2.1. Жеке тұлғалар үшін 1 м3 356,26 2.2. Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін 1 м3 433,02