Об утверждении Правил ведения Единого реестра административных производств Қолданыста
Басқа 0
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 737-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
2020 жылғы 10 шілдесі № 85
бұйрығымен бекітілген
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) (бұдан әрі –орган (лауазымды адам) үшін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – АЕҚ) – белгіленген үлгідегі құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттік, оптикалық) жеткізгіші, оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптастырылады;
Тармақша 2
2) әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ӘІБТ) – әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтер қамтылатын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін электрондық нысанда жүргізу жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) ӘІБТ-нің көпшілік секторы – әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуге қатысушыларға іс жүргізу электрондық нысанда жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық іс материалдарына ақпараттық қауіпсіздікті және құпиялылық талаптарын сақтай отырып, Интернет арқылы қашықтан қол жеткізуге, сондай-ақ шағымдар, арыздар мен өтінішхаттар беруге мүмкіндік беретін ӘІБТ-нің функционалы;
Тармақша 4
4) ӘІБТ-нің мобильді қосымшасы (бұдан әрі – ӘІБТ-нің МҚ) – планшеттік компьютер арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға арналған ӘІБТ-нің компоненті;
Тармақша 5
5) ӘІБТ-нің пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) – өз құзыреті шегінде нақты функцияларды орындау үшін ӘІБТ-ні пайдаланатын орган (лауазымды адам);
Тармақша 6
6) ӘІБТ-нің процессингтік орталығы (бұдан әрі – ӘІБТ-нің ПО) – автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтарды өңдеуге арналған ӘІБТ-нің компоненті;
Тармақша 7
7) жасырылған әкімшілік құқық бұзушылық – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі –ӘҚБтК) 802-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін себептер мен негіздердің болуына қарамастан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға қасақана шаралар қабылданбаған құқық бұзушылық;
Тармақша 8
8) қолтаңба планшеті – графикалық планшеттен және жазу қаламынан (стилус) тұратын, оның иесінің қолжазба қолтаңбасының цифрлық аналогын жасауға мүмкіндік беретін мамандандырылған перифериялық құрылғы;
Тармақша 9
9) медиа-файлдар – әкімшілік іс жүргізуді жүргізетін адамның шешімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарына қоса тіркелуге жататын бейне, фото және бейне материалдар;
Тармақша 10
10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, оның аумақтық және оларға теңестірілген органдары;
Тармақша 11
11) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Тармақша 12
12) электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу ӘІБТ-нің 737-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізуді қағаз нысанында жүзеге асыру кезінде орган (лауазымды адам) процестік шешімді қабылдағаннан кейін бір тәулік ішінде:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы» (бұдан әрі – 1-ӘЖ нысанды АЕҚ) 1-ӘЖ нысанды АЕҚ-ны;
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің жылжу, қаралу барысы туралы және әкімшілік жазаның орындалу тәртібі туралы» (бұдан әрі – 1-ӘҚ нысанды АЕҚ) 1-ӘҚ нысанды АЕҚ-ны қояды.
АЕҚ-ны қою кезінде орган (лауазымды адам) мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттарды қоспағанда, процестік және істегі бар іс жүргізуді жүзеге асыру шеңберінде жиналған құжаттардың түпнұсқаларын (PDF, JPEG, PNG, SVG, Tiff -құжаттар түрінде) ӘІБТ-ге салуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4-1
4-1. Аумақтық ішкі істер органы (полиция) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы» (бұдан әрі – 2-ҚА нысанды АЕҚ) АЕҚ-ны:
Тармақша 1
1) «Жол қозғалысы ережелерін әкімшілік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы конвенцияны бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерін әкімшіліктік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы конвенцияның 2-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттің құзыретті органы жолдаған, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын адамға қолданылған жазаны орындау туралы сұрау салуды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының соты қабылдаған жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы сот актісін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының соты қабылдаған көлік құралдарын басқару құқығынан айыру немесе жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулының күшін жою туралы сот актісін алған сәттен бастап бір тәулік ішінде ӘІБТ-ге қояды.
Жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім негізінде шығарылған сот орындаушысынан сот актісін орындалуы туралы деректерді алған сәттен бастап, жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы деректерді аумақтық ішкі істер органдары (полиция) ӘІБТ-ден бір тәулік ішінде алып тастайды.
Адамды көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы деректер Қазақстан Республикасының соты қабылдаған сот актісінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін автоматты түрде ӘІБТ-нен алынады.
Тармақ 4-2
4-2. ӘІБТ-ге қол жеткізу болмаған жағдайда АЕҚ аумақтық уәкілетті органды жазбаша хабардар ете отырып, ол пайда болған күні қойылады.
Егер осы Қағидалардың 4, 4-1-тармақтарында көрсетілген мерзімнің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келетін болса, онда АЕҚ келесі жұмыс күнінде қойылады.
Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттардың түпнұсқаларын ӘІБТ-ге уақтылы салу мүмкін болмаған жағдайда, орган (лауазымды адам) алыс болған немесе хабардар етудің дұрыс жолдары болмаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай немесе әскери жағдай және төтенше ахуалдың кезiнде, олар процестік шешім қабылданғаннан кейін бір айдан аспайтын мерзімде салынуға жатады.
Тармақ 5
5. Әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізуді электрондық нысанда жүзеге асыру кезінде тиісті процестік шешімдер орган (лауазымды адам) 1-ӘҚ және 1-ӘЖ нысандарындағы АЕҚ-ның деректемелерін толтырғаннан кейін электрондық құжат нысанында автоматты түрде қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. PDF-құжатты қалыптастыру кезінде орган (лауазымды адам) оқылу мүмкіндігі үшін оның сапасын және қағаз құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау мерзімі аяқталғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Іске қатысты және (немесе) заттай дәлелдемелер болып табылатын файлдық құжаттар мен медиа-файлдар ӘІБТ-ге салынады, ал мүмкін болмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес хаттамада көрсетіле отырып, іс материалдарына қосылады.
Іс материалдарына қосылған заттай және өзге де дәлелдемелер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің мәні бойынша қарау үшін қолма-қол ұсынылады. Ол уақытқа дейін орган (лауазымды адам) олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Электрондық нысанда толтырылған процестік және өзге де құжаттарды куәландыруды, сонымен қатар мас күйін тексеруге арналған жолдамаларды, электрондық жол-көлік оқиғаларының сызбасы, әкімшілік іс жүргізудің қатысушылары ЭЦҚ-мен куәландыру жолымен немесе қолтаңба планшеті арқылы жүзеге асырады. ӘІБТ МҚ-да әкімшілік іс жүргізуді жүргізу кезінде қол қою планшеттік компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, пайдаланушы іс жүргізуге қатысушылардың жасалған құжаттардың қағаз нысанына қол қоюларын, кейін олардың РDF-құжат түрінде ӘІБТ-ге салынуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Соттар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді сот органдарының ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады, одан тиісті процестік шешімдерге сілтемелермен қарау нәтижелері туралы ӘІБТ-ге мәліметтер беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ӘІБТ-ні жүргізу ерекшеліктері
2-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ӘІБТ-ні жүргізу ерекшеліктері
Тармақ 1. Параграф 1. ӘІБТ-де әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
Параграф 1. ӘІБТ-де әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
Тармақ 10
10. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама электрондық нысанда жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оны «электрондық үкіметтің» веб-порталында және (немесе) уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастыру туралы хабар беріледі, бұл туралы онда тиісті белгі жасалады.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша электрондық іс жүргізу болып жатқан адамның (адам өкілінің) өтініші бойынша ӘҚБтК-нің 803-бабының 8-бөлігінде көрсетілген тәсілдерден басқа, хаттама көшірмесін деректерді беру желісін пайдалана отырып, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына (компьютерлік планшетке немесе тасымалданатын компьютерге) жіберуге жол беріледі. Бұл жағдайда орган (лауазымды адам) хаттама көшірмесін беру фактісінің тіркелуін қамтамасыз етеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларды хабардар етудің және қаулының көшірмесін берудің осындай тәртібі ӘҚБтК-нің 823-бабының талаптарына сәйкес ескерту түрінде электрондық нысанда әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылады.
Тармақ 10-1
10-1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электрондық нысанда жасау, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны электрондық нысанда шығару, 1-ӘЖ нысанды АЕҚ-ны толтыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайында оның толық мән-жайлары жазылады. ӘҚБтК-нің бабы атауын ғана көрсету немесе бұзылған нормаларының мазмұнына жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электрондық нысанда құру кезінде құқық бұзушыны ӘІБТ-де тексеруді уәкілетті органның арнайы есепке алуының мынадай түрлері арқылы жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар;
Тармақша 3
3) сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар.
Тармақ 2. Параграф 2. ӘІБТ-нің ПО-да әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
Параграф 2. ӘІБТ-нің ПО-да әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
Тармақ 11-1
11-1. ӘІБТ-нің ПО әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіз болған кезде көлік құралының меншік иесіне (иеленушісіне) ӘҚБтК-нің 822-1-бабының ережелеріне сәйкес айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жібереді.
Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша хабарлама (хабар) ӘІБТ-нің ПО өзінің атына шығарылған нұсқамалар туралы хабарламалар алу үшін көлік құралының меншік иесі (иеленушісі) «электрондық үкімет» веб-порталында және (немесе) уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне 1414 нөмірі арқылы автоматты түрде мәтіндік хабарламамен жеткізеді. Көлік құралы меншік иесінің (иесінің) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне хабарламаны жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама ӘҚБтК-нің 743-бабының 4-1-бөлігінде көрсетілген өзге де тәсілдермен жеткізіледі.
Айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы нұсқама бойынша мәтіндік хабарламада нұсқаманың нөмірі, айыппұл сомасы туралы ақпарат, сондай-ақ нұсқамамен танысуға болатын ақпараттық ресурстарға сілтемелер көрсетіледі.
Тармақ 11-2
11-2. Автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген, көлік құралының меншік иесі (иесі) анықталмаған әкімшілік құқық бұзушылықты ӘІБТ-нің ПО белгіленбеген санатқа жатқызады.
ӘІБТ-нің ПО әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты түрде белгіленбеген санатқа жатқызу негізділігін көлік құралын жүргізген адамды анықтау жөнінде шаралар қолдана отырып, сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген күнінен бастап бес тәулік ішінде тексереді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігінің 5) тармағына сәйкес, егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген күннен бастап екі ай ішінде оны жасаған адам анықталмаса, сондай-ақ жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы деректер болмаса, бастауға болмайды.
Тармақ 11-3
11-3. Белгіленбеген санатына, сондай-ақ ӘІБТ-нің ПО деректері бойынша көлік құралының меншік иесі (иесі) қайтыс болған адам болып жарияланған, заңды тұлға ретінде жойылған, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайтын әкімшілік құқық бұзушылықтарды, көлік құралын басқаратын адамды анықтау жөнінде шаралар қолданып жатқызады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жататын адамды анықтаған сәттен бастап үш тәулік ішінде ӘІБТ-нің ПО ӘҚБтК-нің 62-бабында көзделген ережелерді ескере отырып айыппұлды төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы шығарады және ол көрсеткен мекенжайына жібереді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылықты әкімшілік жауаптылыққа жатпайтын адамдардың көлік құралдарын басқарылуымен жасалған деп анықталса бастауға жатпайды. Бір мезгілде берілген адамдарға көлік құралдарын басқаруға жол бермеу шаралары қолданылады.
Тармақ 11-4
11-4. Жасырын әкімшілік құқық бұзушылықты анықталмағандар санатына ауыстыру, іс жүргізуді бастаудан бас тарту, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді заңсыз тоқтату жолымен анықталған кезде ӘҚБтК-нің 62-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, ол бойынша іс жүргізуді қозғауға дереу шаралар қабылдайды.
Тармақ 11-5
11-5. ӘҚБтК-нің 31-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеу нөмірі автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен көрсетілген көлік құралының меншік иесіне (иесіне) қатысты мынадай жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды:
сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және автоматты режимде жұмыс істейтін аспаптар көлік құралының тіркеу нөмірін дұрыс емес анықтау;
айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы, ол жіберілген адамнан өтініш келіп түскеннен кейін автоматты түрде қалыптастыру.
Тармақ 3. Параграф 3. ӘІБТ-нің көпшілік секторы
Параграф 3. ӘІБТ-нің көпшілік секторы
Тармақ 12
12. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға ӘІБТ іс жүргізу мәртебесін мемлекеттік сектор арқылы алған кезден бастап электрондық нысанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарына, сондай-ақ шағымдар, өтініштер, өтініштер беруге және оларға электрондық нысанда жауаптар алуға қашықтан қол жеткізу ұсынылады.
Іс жүргізуі бойынша электрондық нысанда жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарына қол жеткізуді әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізетін адам мемлекеттің мүдделеріне қайшы келмейтін және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты емес көлемде береді.
ЭЦҚ және (немесе) Интернет желісіне қосылу болмаған жағдайда, іс жүргізуге қатысушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді электрондық нысанда жүргізетін органның (лауазымды адамның) электрондық көшірмесін алу мүмкіндігімен, іс жүргізуі бойынша электрондық нысанда жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен тиісті материалдарды жаңғырту немесе ұсыну (жеке танысу үшін) жолымен танысады.
Тарау 3. 3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау және әкімшілік жазаның орындалуы кезіндегі ӘІБТ-ні жүргізу ерекшеліктері
3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау және әкімшілік жазаның орындалуы кезіндегі ӘІБТ-ні жүргізу ерекшеліктері
Тармақ 13
13. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау шеңберінде электрондық нысанда тартылатын сарапшылар мен мамандар ӘҚБтК-нің 773-бабына сәйкес қорытынды толтырады.
Электрондық құжат нысанында қорытынды толтыру мүмкін болмаған кезде, қорытындының қағаз нұсқасын әкімшілік процесті жүргізуші адам PDF-құжатқа аударады және іс материалдарына қосады.
Тармақ 14
14. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін органға (лауазымды адамға) қағаз нысанында келіп түскен шағым және (немесе) наразылық PDF-құжатқа аударылып, кейін ӘІБТ-ге салынуға жатады.
Қағаз нысанында келіп түскен істі қайта қарау туралы өтінішке (заңды күшіне енген қаулылар және ұйғарымдар бойынша) және органның (лауазымды адамның) шешіміне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарға ұқсас тәртіп қолданылады.
Ескертпе: әрекеттердің осы тәртібі істі электрондық нысанда жүргізу кезінде, сондай-ақ іс материалдарын PDF-құжат түрінде ӘІБТ-ге енгізу жағдайларында қолданылады.
Тармақ 15
15. Айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі өткеннен кейін он күні ішінде және жүргізілген төлем туралы мәліметтердің жоқтығы туралы мәлімет түспеген жағдайда орган (лауазымды адам) электрондық нысанда ӘІБТ-нен жасалған төлем туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманы мәжбүрлеп орындату үшін, айыппұл салу туралы қаулыны немесе жауаптылыққа тартылған адам жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын мемлекеттік сот орындаушаларына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына немесе ұйым әкімшілігіне айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқаманы оның жалақысынан немесе өзгеде табысынан мәжбүрлеу тәртібімен айыпппұл сомасын ұстап қалу үшін жолдайды.
Тарау 4. 4-тарау. АЕҚ-ны қою, өзгерту, жою және сақтау ерекшеліктері
4-тарау. АЕҚ-ны қою, өзгерту, жою және сақтау ерекшеліктері
Тармақ 16
16. 1-ӘЖ нысанындағы АЕҚ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде әрбір іске толтырылады. Адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде, АЕҚ құқық бұзушылықтың әрқайсысына жеке нөмір беріле отырып қойылады.
Тармақ 17
17. 1-ӘҚ нысанындағы АЕҚ тек 1-ӘЖ нысанды АЕҚ қойылғаннан кейін, қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша келесі шешімдерді қабылдау нәтижесі бойынша толтырылады:
Тармақша 1
1) материалды (хаттаманы) беру туралы;
Тармақша 2
2) материалдарды (хаттамаларды) біріктіру туралы;
Тармақша 3
3) жаза қолдану немесе тоқтату/босату туралы қаулы шығара отырып материалды (хаттаманы) қарау туралы;
Тармақша 4
4) материалды мәжбүрлеп орындауға жіберу туралы;
Тармақша 5
5) жазаны орындау туралы;
Тармақша 6
6) жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы;
Тармақша 7
7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымдану (наразылық келтіру) туралы.
Бұл ретте, әрбір қабылданған шешімге жеке АЕҚ толтырылады.
Тармақ 18
18. ӘІБТ-ге енгізілген ақпараттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарына сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда мәліметтерді түзету немесе АЕҚ-ны жою арқылы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданады.
Мәліметтерді түзету ӘІБТ-де АЕҚ-ның деректемелерінің деректерін өзгертуден және (немесе) толықтырудан тұрады.
АЕҚ-ның деректемелерінің деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды уәкілетті аумақтық органы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен сәйкессіздік анықталғаннан кейін тәулік ішінде растайтын құжаттар қоса беріліп жолданған органның (лауазымды адамның) жазбаша өтініші негізінде жүргізеді.
ӘІБТ-де АЕҚ-ны жоюды осы бағытқа жетекшілік ететін аумақтық уәкілетті органның бөлім бастығы жою себебін көрсете отырып жүргізеді.
Электронды нысанында қалыптастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде қабылданған процестік шешімдердің АЕҚ-ның деректемелерінің деректері өзгертуге және (немесе) толықтыруға, АЕҚ-ны жоюға жатпайды.
ӘҚБтК-нің 737-2-бабының тәртібімен жасалған процестік құжаттар және ӘҚБтК-нің 779-бабында көзделген құжаттар да ӘІБТ-де жоюға жатпайды.
Тармақ 19
19. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың сауалнамалық деректері ӘІБТ-де жеке басын куәландыратын құжат тілінде толтырылуға жатады.
Тармақ 20
20. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер, ӘҚБтК-нің 61-бабына сәйкес әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған сәттен бастап бір жыл ішінде есепте тұрады.
Тармақ 21
21. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалған кезден бастап алты ай ішінде сақталады (ӘҚБтК-нің 72-бабы).
Тармақ 22
22. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде сақталады («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы).
Тарау 5. 5-тарау. ӘІБТ-ні жүргізу кезінде өкілеттіктердің аражігін ажырату
5-тарау. ӘІБТ-ні жүргізу кезінде өкілеттіктердің аражігін ажырату
Тармақ 23
23. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдарға (лауазымды адамдарға) олардың іс жүргізуіндегі не оларға бағынысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүргізетін адамдардың іс жүргізуіндегі электрондық әкімшілік істерге қолжетімділік беріледі.
Прокурор өзі қадағалауды жүзеге асыратын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қолжетімділікке ие.
Тармақ 24
24. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдар (лауазымды адамдар) нақты аумақтық және құрылымдық бөлімшелер бойынша ӘІБТ-нің пайдаланушылар тізбесін, өкілеттіліктерін және электрондық әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қолжетімділік деңгейін анықтайды.
Көрсетілген тізбенің негізінде уәкілетті орган ӘІБТ-нің пайдаланушыларына қолжетімділік құқықтарын анықтайды.
Тармақ 25
25. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің заңдылығын және ведомстволық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін орталық, облыстық (және оларға теңестірілген), қалалық (аудандық және оларға теңестірілген) органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына, бағынысты және төмен тұрған құрылымдық бөлімшелер бойынша ведомстволық аймақтық бақылауды (жетекшілікті) жүзеге асыратын орталық және облыстық аппарат органдарының жұмыскерлеріне ӘІБТ-ге электрондық әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Тармақ 26
26. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдар (лауазымды адамдар):
Тармақша 1
1) ӘІБТ-ге енгізілетін ақпараттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің мән-жайларына және материалдарына сәйкес шынайылығын;
Тармақша 2
2) ӘІБТ АЖО-да АЕҚ-ның уақтылы толтырылуын;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік іс жүргізуді жүргізу барысында алынған деректерді жарияламауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 27
27. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асырылады.
Басқа 1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы»
ақпараттық есепке алу құжаты
Әкімшілік іс жүргізудің
бірыңғай тізілімін жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
нысан
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы»
ақпараттық есепке алу құжаты
1. ___________________________________________________________________________________________
құқық бұзушылықты анықтаған органның атауы
1.1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға себеп: тікелей анықтау(1); тексеру/профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесі (2); мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар (3); хабарламалар немесе өтініштер (4); автоматтандырылған техникалық құралдар мен бақылау аспаптарының көрсеткіштері (5); бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері (6)
2. ___________________________________________________________________________________________
құқық бұзушылықтың жасалған орны
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ басталған күні «___» ________20__жыл
3.1. Хаттама нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ жасалған күні «___»________20__жыл
3.1.1 Толтырылған орны ___________________________
3.2 Бюджеттік сыныптама коды /_/_/_/_/_/_/
3.3 Салық органының коды /_/_/_/_/
3.4 Төлемді тағайындау коды /_/_/_/
3.5. Материал бұрын жасырылған әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады: иә (1), жоқ (2)
3.5.1. Жасырын әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (бастамашы): құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметкерімен (1), прокурормен (2), сотпен (3), ведомстволық жолмен (4)
3.5.2. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасырған орган (анықтамалық бойынша)________________________
_____________________________________________________________________________________________
4. Ақпаратты есепке алу кітабындағы нөмір /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ тіркелген күні «___»_____20__жыл
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ тіркелген күні «___» _________20 ___жыл
6. __________________________________________________________________________________________
хаттаманы толтырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
7. Уәкілетті органға келіп түскен күні «__»__________20__жыл. Түзетілген күні «___» ________20__жыл
8. Субъект: жеке тұлға (01), жеке кәсіпкер (02), заңды тұлға (03), шетелдік заңды тұлға (04), шетелдік қатысуы бар заңды тұлға (05), лауазымды тұлға (25), лауазымды тұлғаға теңестірілген (26), заңды тұлға филиалы (27), заңды тұлға өкілдігі (28), анықталмаған адам (50)
8.1 Субъект инвесторлар тізіліміне сәйкес инвестор болып табылады: иә (01), жоқ (02)
9 Құқық бұзушылықтың саралануы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) ____бабы _____бөлігі _____тармағы
9.1. Іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары: әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткізу «___» __________ 20___жыл, уақыты ___сағат ___минут (1); жеке тұлғаны әкімшілік ұстап алу «___» __________ 20___жыл, уақыты ___сағат ___минут (2); күштеп әкелу «___» __________ 20___жыл, уақыты ___сағат ___минут (3); жеке басын жете тексеру және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру «__» _______ 20_жыл, уақыты __сағат ___минут (4); көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете тексеру «__» ______ 20_жыл, уақыты __сағат ___минут (5); құжаттарды, заттар мен тауарларды алып қою «__» _______ 20_жыл, уақыты __сағат ___минут (6);көлік құралын немесе шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және оның алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйін куәландыру«__» _______ 20__жыл, уақыты ___сағат ___минут (7); көлік құралын немесе шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткізу және пайдалануға тыйым салу«__» __20_ жыл, уақыты __сағат __минут (8); қарап-тексеру «__» _______ 20_жыл, уақыты __сағат ___минут (9); жеке тұлғаның алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйін медициналық куәландыру«__» _______ 20_жыл, уақыты __сағат ___минут (10); ӘҚБтК-нің 48-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу «__» _______ 20_жыл, уақыты __сағат___минут (11)
9.2. Бұзды: ___________________________________________________________________________________
10. Кінә нысаны: қасақана (1), абайсызда (2)
11. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған күні «___»__________________20__жыл
11.1 Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған уақыты ___сағат ___ минут
12. Мемлекетке келтірілген залал сомасы __________________________теңге
13. Құқық бұзушылық фабуласы: _______________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
13.1 Іс жүргізу тілі: мемлекеттік (1), орыс (2).
13.2. Қорғаушының болуы: талап етілмейді (1), тартылды (2).
13.3. Аудармашының болуы: талап етілмейді (1), тартылды (2).
13.4. Іс жүргізудің өзге де қатысушылары: ________________________________________________________
Т.А.Ә., жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН),
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
(тұрғылықты жері, байланыс деректері)
13.5 Пайдаланылатын техникалық құралдар:______________________________________________________
(атауы, нөмірі, метрологиялық тексеру күні және оның көрсеткіштері)
14. Жеке тұлғаға қатысты құқық бұзушылық: Қазақстан Республикасының азаматы (01), шетел азаматы (02), әйелдер (03), әскери қызметші (04), кәмелетке толмаған (05), лауазымды тұлға (06)
Т.А.Ә._________________________________________________________________________________
ЖСН:________________________
Туған күні «___»________ _______ жыл;
Жынысы: еркек (01) әйел (02);
Азаматтығы:(анықтамалық бойынша) _______________________________________________________
Ұлты: (анықтамалық бойынша) ____________________________________________________________
Тұрғылықты жері: _______________________________________________________________________
Телефон нөмірі: ________________________________________________________________________
Қызмет түрі (анықтамалық бойынша) _______________________________________________________
Басқа белгілер _________________________________________________________________________
14.1. Заңды тұлғаға қатысты құқық бұзушылық: мемлекеттіқ кәсіпорын (01), шаруашылық серіктестік (02), акционерлік қоғам (03), өндірістік кооперативі (04), мекеме (08), қоғамдық бірлестік (09), мемлекеттік мекеме (10), өзге нысан (11)
Заңды тұлға атауы ______________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні ________________________________________________________
Заңды мекенжайы _______________________________________________________________________
Телефон нөмірі _________________________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________________
Басқа белгілер __________________________________________________________________________
15. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның Т.А.Ә.
Т/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
А/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/___/__/__/__/__/__/__/__/__/
Ә/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
16. Туған күні «______»__________ ______ жылы туған
17. Құқық бұзушының жынысы: ер (1), әйел (2)
18. Құқық бұзушылық жасаған кездегі жасы: 11 жасқа дейін (01), 12-13 жас (02), 14-15 жас (03), 16-17 жас (04), 18-20 жас (05), 21-29 жас (06), 30-39 жас (07), 40-49 жас (08), 50-59 жас (09), 60 жас және жоғары (10).
19. Құқық бұзушылық жасаған: Қазақстан Республикасының азаматы (1), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің азаматы (2), шетел азаматы (3), азаматтығы жоқ адам (4), қандас (5)
19.1 Азаматтығы: (анықтамалық бойынша) ________________________________________________________
20. Ұлты: (анықтамалық бойынша) ______________________________________________________________
21. Туған жері ________________________________________________________________________________
22. Тұрғылықты жері ______________________________________________________________________
22.1 Телефон нөмірі _____________________________________________________________________
22.2. Электрондық мекенжайы ________________________________________________________________
23. Құжаты: паспорт (01), жеке куәлік (02), тұруға ықтиярхат (03), азаматтығы жоқ адамның куәлігі (04), жүргізушінің куәлігі (05), әскери билет (06), туу туралы куәлік (07), аңшылық билет (08), жеке кәсіпкер куәлігі (09).
№___________«____»____________жыл ________________________________берген
(кім берген)
24. ЖСН /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
25. Жұмысының түрі: (анықтамалық бойынша)
25.1. Жұмысының түріне қосымша белгiлер: (анықтамалық бойынша)
26. Жұмыс (оқу) орны, лауазымы ___________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
27. Келесі күйде жасалған: алкогольдік (1), есірткілік (2), уытқұмарлық масаң күйде (3)
28. Коммерциялық ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны: мемлекеттіқ кәсіпорын (01), шаруашылық серіктестік (02), акционерлік қоғам (03), өндірістік кооперативі (04), өзгелер (05); оның ішінде: шағын кәсіпкерлік субъектісі (12), орта кәсіпкерлік субъектісі (13), ірі кәсіпкерлік субъектісі (14)
коммерциялық емес ұйым: мекеме (08), қоғамдық бірлестік (09), мемлекеттік мекеме (10), өзге нысан (11)
29. Заңды тұлға атауы ___________________________________________________________________
29.1. Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні ___________________________________________________
30. Заңды мекенжайы ____________________________________________________________________
30.1 Телефон нөмірі _____________________________________________________________________
30.2. Электрондық мекенжайы _____________________________________________________________
31. Бизнес сәйкестендіру нөмір /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ 32. Банк деректемелері ________________ _________
Іс қозғалған жеке тұлғаның/заңды тұлға өкілінің түсініктемесі: ______________________________________________________________________________________
Өзге белгілер _________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Хаттамаға қоса беріледі: _______________________________________________________________________
(құжаттар / заттар)
Істі қарау: ____________________________________________________________________________________
(орган атауы)
______________________________________ «____»____________20__жыл _____сағат_____минут
(қарау орнының мекенжайы)
Іс қатысушыларын хаттамамен таныстырылды:
Қорғаушы _____________________ Аудармашы _________________________________
(қолы) (қолы)
Өзіне қатысты іс қозғалған тұлға:
ӘҚБтК-нің 744-бабына сәйкес құқығын түсіндіру ________ ____________________________________
(танысты / танысудан бас тартты)
хаттама мазмұнымен: ____________ ________________________________
(танысты / танысудан бас тартты)
копию протокола: ____________________________________________
(алды / бас тартты)
уақытша жүргізуші куәлігін алдым
мен көрсеткен байланыс деректері бойынша жіберілген хабарлама тиісті және жеткілікті болып саналады
_____________________________________________
(қолы)
Іс деректерін куәгерлердің растауы:
Куәгер 1_____________________ Куәгер 2________________________________________
(қолы) (қолы)
Басқа 2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу, жылжу барысы туралы және әкімшілік жазаның орындалу тәртібі туралы» ақпараттық есепке алу құжаты
Әкімшілік іс жүргізудің
бірыңғай тізілімін жүргізу
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу, жылжу барысы туралы және әкімшілік жазаның орындалу тәртібі туралы» ақпараттық есепке алу құжаты
1. Материал/хаттама/іс бойынша шешім қабылдаған уәкілетті орган______________________
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
2.1. Хаттама нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
2.2 Сот ісінің нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
2.3 Бірлесіп қарау үшін істерді бір іс жүргізуге біріктіру (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 816-бабы 4-бөлігі): иә (01), жоқ (02)
2.4 Негізгі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
2.5 Біріккен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің нөмірлері:___________________________
3. Шешім қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы:
__________________________________________________________________________________
3.1. Істі қарау тәртібі: ашық (01), жабық (02).
3.2. Іс жүргізу тілі: мемлекеттік (01), орыс (02).
3.3. Шешім шығару орны: ____________________________________________________________
4. Келіп түскен күні «__»________20__жыл. Түзетілген күні «__»______20__жыл.
5. Құқық бұзушылықтың саралануы ӘҚБтК-нің __ бабы __ бөлігі __ тармағы
6. Мемлекет пайдасына залал өтелді ___________________________ теңге
7. Материал/хаттама бойынша шешім: материал/хаттама берілді (08), жаза қолданумен қаралды (09), тоқтатумен/ әкімшілік жазадан, әкімшілік жауаптылықтан босатумен қаралды (10), жазаны орындау: айыппұлды өтеу (11), жазаны орындау кейінге қалдырылды/ұзартылды (12), қаулыға шағым/наразылық келтірілді (13)
Шешім қабылданған күн «__»______________20__жыл.
7.1 Прокурордың қатысуы: иә (01), жоқ (02)
7.2. Іске қатысушы тұлғалар ____________________________________________________
Т.А.Ә
_____________________________________________________________________________
жеке cәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс деректері
8. Материал берілді:
8.1 ведомстволық бағыныстылығы бойынша (01), ӘҚБтК 812-бабы 2-бөлігі тәртібінде көлік құралын есепке алу орны бойынша берілді (02), сот органына (03), қаулыны мәжбүрлі орындауға (05).
8.2 Материал берілген органның атауы ________________________________
9. Әкімшілік жаза шаралары (ӘҚБтК-нің 42, 52-баптары):
9.1 негізгілер: ескерту (01), әкімшілік айыппұл (02), әкімшілік қамаққа алу (03), арнайы құқығынан айыру (04), рұқсатынан айыру немесе оның әрекетін тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен шығару (05), қызметті немесе оның жеке түрлерін тоқтата тұру/тыйым салу (06), шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу (07), қоғамдық жұмыстар (08).
«__» ____________20__ жылға дейінгі мерзімге; «__» сағатқа (қоғамдық жұмыстар үшін).
9.2 қосымша: арнайы құқығынан айыру (04), рұқсатынан айыру/тоқтата тұру, сонымен қатар тізілімнен алып тастау (05), қызметті немесе оның жеке түрлерін тоқтата тұру/тыйым салу (06), шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу (07), тәркілеу (09), мәжбүрлі бұзу (10).
«__»______________20__жылға дейінгі мерзімге.
9.3 Әкімшілік-құқықтық: жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру (12), азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру (13), құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу (14).
9.4 Салынған айыппұл мөлшері ____________________________ теңге
9.5 Оның ішінде ӘҚБтК-нің 819-бабы 2-бөлігін қолданумен: иә (01), жоқ (02)
9.6. ӘҚБтК-нің 897-бабы 1-бөлігінің/қысқартылған өндіріс тәртібімен салынған айыппұл мөлшері теңге
10. Тоқтату негіздері:
10.1 Мына негіздер бойынша тоқтатылды: ӘҚБтК-нің 62-бабы бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (03), ӘҚБтК-нің 63-бабы бойынша рақымшылық актісі негізінде (04), ӘҚБтК-нің 64-бабы бойынша тараптардың татуласуына байланысты (06), ӘҚБтК-нің 68-бабы бойынша кәмелетке толмағанды босату (07), ӘҚБтК-нің 741-бабының тәртібінде іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар бойынша (08), ӘҚБтК-нің 742-бабымен көзделген жағдайлар бойынша (09), ӘҚБтК-нің 821-бабы 5-бөлігінің 3-тармағы негізінде (10).
10.2 ӘҚБтК-нің 741-бабының тәртібімен іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар: әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты (01), әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты (02), әкімшілік жауапкершілікті белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күшін жоюға байланысты (03), Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның жекелеген ережелерін немесе әкімшілік құқық бұзушылық ретінде іс-әрекеттің саралануы тәуелді болатын осы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолдануға жататын өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тануына байланысты (04), әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімдерінің өтуіне байланысты (05), әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға қатысты сол факті бойынша судьяның, органның, лауазымды адамның әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысының не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы күші жойылмаған қаулының болуына, сондай-ақ сол факті бойынша адамды күдікті деп тану туралы қаулының болуына байланысты (06), іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаның қайтыс болуына, заңды тұлғаның таратылуына байланысты (07), ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігінің 8) тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың бірі растаған бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктердің туындауына байланысты (08), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттерді орындамауға әкеп соққан кеден сфере саласындағы уәкілетті орган растаған электрондық нысанда декларациялау жөніндегі ақпараттық жүйенің жұмысында қателіктердің туындауына байланысты (08-1), Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда (09), ӘҚБтК-нің 897-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұл төленгенін растайтын құжаттың болуына байланысты (10), адам саудасына байланысты қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілерге әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамды заңда белгіленген тәртіппен тануға байланысты (11), ӘҚБтК-нің 64-бабында көзделген тәртіппен тараптардың татуласуына байланысты (12), прокурор ӘҚБтК-нің 759-бабында көзделген тәртіппен инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келіспеген жағдайда (13);
10.3 Адам ӘҚБтК-нің 50-бабы, 2-бөлігі негізінде әкімшілік жазадан босатылған (01), адам ӘҚБтК-нің 889-бабы негізінде әкімшілік жазадан босатылған (02), адам ӘҚБтК-нің 63-бабы негізінде әкімшілік жазадан босатылған (03), адам ӘҚБтК-нің 68-бабы негізінде әкімшілік жазадан босатылған (04).
10.4 Кәмелет жасқа толмағанға қатысты тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылған: заңды түсіндіру (01), келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу (02), кәмелетке толмаған адамдарды бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу (03).
11. Айыппұлды өндіріп алу
11.1 Ерікті түрде өтелген айыппұл сомасы ____________________ теңге
11.2 Мәжбүрлеу тәртібінде өндіріп алынған айыппұл сомасы ___________ теңге
11.3 Қысқартылған тәртіпте өндіріп алынған айыппұл сомасы __________ теңге
12. Қаулыны орындау кейінге қалдырылды/ұзартылды
12.1 Әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқығынан айыру немесе айыппұл түріндегі әкімшілік жаза туралы қаулыны орындау «__» 20___ жылға дейін кейінге қалдырылды.
12.2 Айыппұл салу туралы қаулыны орындауды судья, орган (лауазымды адам) «__»______________20__жылға дейін кейінге қалдырды.
13. Шағым/наразылық келтірілді
13.1 ӘҚБтК-нің 830-бабы тәртібінде шағым келтірілді (01), ӘҚБтК-нің 830-бабы тәртібінде прокурордың апелляциялық өтінішхаты енгізілді (02), ӘҚБтК-нің 848-бабы тәртібінде ұсыну енгізілді (03), ӘҚБтК-нің 848-бабы тәртібінде наразылық келтірілді (04), ӘҚБтК-нің 851-1-бабы тәртібінде ұсыныс енгізілді (05), ӘҚБтК-нің 851-1-бабы тәртібінде наразылық білдірілді (06).
13.2 Шағымды/өтінішхатты/наразылықты қарау нәтижесі: қаулы өзгеріссіз қалдырылды, ал шағым/өтінішхат/наразылық қанағаттандырылмады (01), қаулы өзгертілді (02), әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтата отырып, қаулының күші жойылды (03), жаңа қаулы шығарумен қаулының күші жойылды (04), ведомстволық бағыныстылығы бойынша жолдаумен қаулының күші жойылды (05).
13.3 Шағым/өтінішхат/наразылық бойынша істі қарау күні «__»______________20__жыл.
13.4 Істі қайта қараған орган атауы _______ ______________________
14. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау
14.1 ӘҚБтК-нің 852-бабының тәртібінде шағым келтірілді (01), ӘҚБтК-нің 852-бабы тәртібінде наразылық келтірілді (02).
14.2 Шағымды/наразылықты қарау нәтижесі: қайтарылды (01), қанағаттандырылды және күші жойылды (02), істі қайта қараудан бас тартылды (03).
14.3 Шағым/наразылық бойынша істі қарау күні «__»______________20__жыл.
14.4 Істі қайта қараған органның атауы _________________________________
_____________________________________ «__»______________20__жыл.
15. Банкрот (01), жалған кәсіпорын (02) болып танылды
15.1 Шешім қабылдаған соттың атауы (анықтамалық бойынша)
15.2 Шешім қабылданған күн «__»______________20__жылы
16. Қызметкердің Т.А.Ә., лауазымы, қолы және толтырған күні
_____________________________________ «__»______________20__жыл.
Басқа 3. «Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және жүргізүші
күәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы»
ақпараттық есепке алу құжаты
Әкімшілік іс жүргізудің
бірыңғай тізілімін жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
нысан
«Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және жүргізүші
күәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы»
ақпараттық есепке алу құжаты
1.1 Жеке сәйкестендірү нөмірі: /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
1.2 Тегі:_________________________________________________________________________
1.3 Аты:_________________________________________________________________________
1.4 Әкесінің аты (болған жағдайда):____________________________________________________
1.5 Туған күні күні, айы, жылы
1.6 Телефоны: /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
2. Тұрғылықты жері
2.1 Республика (анықтамалық бойынша)
2.2 Облыс (анықтамалық бойынша)
2.3 Аудан:_______________________________________________________________________
2.4 Елді мекен:___________________________________________________________________
2.5 Аудан:_______________________________________________________________________
2.6 Үй:_________________________________________________________________________
2.7 Пәтер_________________________________________________________________________
3.1 Жеке басын куәландыратын құжат: паспорт (01), жеке куәлік (02), тұруға ықтиярхат (03), азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыру (04), жүргізуші куәлігі (05), әскери билет (06), туу туралы куәлік (07), аңшылық билеті (08), жеке кәсіпкердің куәлігі (09), ҚР дипломатиялық паспорты (10), туу туралы куәлік (11), ҚР қызметтік паспорты (12), босқын куәлігі (13), теңізшінің жеке куәлігі (14), шетелдік паспорт (15), қайтып оралуға арналған куәлік (16), туу туралы акт жазбасы (17), өзге құжат (18), тіркеу куәлігі (19)
3.2 Сериясы: /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
3.3 Нөмірі: /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
3.4 Кім берді:_____________________________________________________________________
3.5 Берілген күні: «___» ________________20____жыл
4. Жүргізуші куәлігі;
4.1 Сериясы: /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
4.2 Нөмірі: /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
4.3 Берілген күні»___» ________________20____жыл
4.4 ЖК алынды: 01) иә, 02) жоқ
5. Сот шешімі туралы деректер
5.1 Соттың атауы:
5.1.1: Ел (анықтамалық бойынша)
5.1.2: Өңір (анықтамалық бойынша)
5.1.3: Аудан (анықтамалық бойынша)
5.2 Сот шешімі: көлік құралдарын басқару құқығынан айыру (01), жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру (02); басқару құқығының қолданылуын тоқтату (03); өмір бойы құқығынан айыру (04)
5.3 Шешім күні «___» ________________20____жыл
5.4 Айыру мерзімі:___________жыл / жыл
5.5 Мерзімге дейін:күні,айы, жылы
5.6 Құқық бұзушылық түрі: қылмыстық (01), әкімшілік (конвенция) (02), азаматтық (03)
5.7 Бап / бөлім / тармақ:____________________________________________________________
6.1 Шешім жойылды: иә (01), жоқ (02)
7. Қосымша ақпарат
8.1 Енгізу органы (анықтамалық бойынша)
8.2 Енгізу операторы:_____________________________________________________________
8.3 Енгізу күні: күні,айы, жылы
8.4 Түзету күні: күні,айы, жылы