Об утверждении перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және қалалық әкімдіктің қаулысын қарап, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге, оқу ақысын төлеуде берешегі бар адамның жан басына шаққандағы орташа табысы есептелінген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі санаттар бойынша біржолғы әлеуметтік көмек белгіленсін:
Тармақша 1
1) жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға;
Тармақша 2
2) мүгедектерге;
Тармақша 3
3) аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге.
Тармақ 4
4. Өтініш білдірген айдың алдындағы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Атырау облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек белгіленсін.
Тармақ 4-1
4-1. Туберкулездің әр түрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алмай) әлеуметтік көмек белгіленсін.
Тармақ 5
5. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы (бұдан әрі-АИТВ) бар балаларға республикадағы екі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек белгіленсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мәслихаттың әлеуметтік, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі салалары бойынша тұрақты комиссиясына (С. Рахимова) жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 13. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі
Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымы № 506 шешіміне 1 қосымша Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі
Тармақ 1
1. Келесі негіздер бойынша адамдарға (отбасыларға) табысын есепке алмай 1500 (мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі шекті мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі:
Тармақша 1
1) жетімдерге;
Тармақша 2
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарға;
Тармақша 3
3) қадағалаусыз қалған, оның ішінде, девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарға;
Тармақша 4
4) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болған кәмелетке толмағандарға;
Тармақша 5
5) туғаннан бастап ерте психофизикалық даму мүмкіндіктері шектеулі үш жасқа дейінгі балаларға;
Тармақша 6
6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функциялары тұрақты бұзылғандарға;
Тармақша 7
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінен шектелгендерге;
Тармақша 8
8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтындарға;
Тармақша 9
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшырағандарға;
Тармақша 10
10) баспанасыздарға (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға);
Тармақша 11
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;
Тармақша 12
12) пробация қызметінің есебінде болғандарға;
Тармақша 13
13) барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға;
Тармақша 14
14) ардагерлерге;
Тармақша 15
15) аз қамтылған отбасыларға.
Тармақ 2
2. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап азаматтар 6 (алты) ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі мүмкін.
Басқа 31. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесі
Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымы № 506 шешіміне 2 қосымша Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесі Коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек табысы есепке алынбай келесідей санаттағы азаматтарға беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
Тармақша 2
2) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
Тармақша 3
3) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезенде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
Тармақша 4
4) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезенде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
Тармақша 5
5) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
Тармақша 6
6) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
Тармақша 7
7) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
Тармақша 8
8) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
Тармақша 9
9) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
Тармақша 10
10) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
Тармақша 11
11) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
Тармақша 12
12) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
Тармақша 13
13) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
Тармақша 14
14) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
Тармақша 15
15) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары. Аббревиатураның ажыратып жазылуы: КСР-Кеңестік Социалистік Республикалар
Басқа 47. Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы шешімдері
Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымы № 506 шешіміне 3 қосымша Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы шешімдері
Тармақ 1
1. Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 174 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 2855 болып тіркелген, 2014 жылдың 25 наурызында «Прикаспийская коммуна» газетіне жарияланған).
Тармақ 2
2. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 тамыздағы № 288 «Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 174 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3290 болып тіркелген, 2015 жылдың 19 қыркүйегінде «Прикаспийская коммуна» газетіне жарияланған).
Тармақ 3
3. Атырау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 111 «Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 174 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3841 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 11 мамырында жарияланған).
Тармақ 4
4. Атырау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 353 «Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 174 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4391 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 14 мамырында жарияланған).