Об оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Курчумского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтер және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына, 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,1966 (он бір бүтін он мыңнан бір мың тоғыз жүз алпыс алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган - «ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қолдау Күршім ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет беріледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:
Тармақша 1
1) Күршім ауданының шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл бойы екінші рет жүгінуі.
Тармақ 4
4. Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 43/3-VІ «Күршім ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6292 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.