О комиссии по приватизации жилья и об установлении порядка учета и хранения приватизационных жилищных купонов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын жай жекешелендіру жөніндегі комиссиясы, тұрғын үй жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 21.12.2006 № 2513 қаулысымен. Қазақстан Республикасы 2001 жылғы қаңтардың 23-iндегi "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II Заңының 31-бабындағы 1 тармақтың 17 тармақшасына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 2001 жылғы N 3 Ведомостiлерi, 17-бет; 2001 жылғы қаңтардың 30-ындағы N 25-26 "Казахстанская правда"; 2001 жылғы ақпанның 7-сiндегi N 6-7 "Юридическая газета") және Қазақстан Республикасы 1997 жылғы сәуiрдiң 16-сындағы "Тұрғын үй қатынастары туралы"№ 94-1 Заңының 3-бабындағы 1 тармақтың 2 тармақшасына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң N 8 Ведомостiлерi) сәйкес қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорын купонға жекешелендiру жалғастырылсын, ал купон болмаған немесе жетпеген жағдайда ақшаға жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Орал қаласының үйлерi мен пәтерлерiн сату құнын анықтау жөнiндегi комиссиясы құрылсын (N 1 Қосымша).
Тармақ 3
3. "Тұрғын жай жекешелендiру жөнiндегi комиссиясы туралы" Ережесi бекiтiлсiн (N 2 Қосымша).
Тармақ 4
4. Орал қаласының инфрақұрылым және құрылыс бөлiмi (Ольга Владимировна Назарчук) тұрғын үй купондарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Тұрғын үй» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорнына қабылданған тұрғын үй купондарын «Қазақстан Халық Банкi» ААҚ-на куәландырып барып есептеу, одан кейiн купондардың күшiн жою және арнайы бейiмделген бөлмеде сақтау тапсырылсын.
Тармақ 5
5. 2000 жылғы қыркүйектiң 4-iндегi Орал қаласы әкiмiнiң N 1063 шешiмi күшiн жойған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Комиссия құрамы қалалық мәслихаттың сессиясына бекiтуге ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Қуаныш Нұрлыбекұлы Бiрмановқа жүктелсiн.
Басқа 8. Орал қаласындағы үйлер мен пәтерлердiң сату құнын анықтау жөнiндегi комиссиясы
Орал қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 7 қарашадағы N 818 қаулысына N 1 Қосымша Орал қаласындағы үйлер мен пәтерлердiң сату құнын анықтау жөнiндегi комиссиясы Комиссия төрағасы: Қуаныш Нұрлыбекұлы Бiрманов - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары Комиссия төрағасының орынбасары: Людмила Александровна Горшенина - "Тұрғын үй" мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорнының директоры Комиссия мүшелерi: 1. Төлеген Сатқанұлы Шаиков - Орал қаласы әкiмi аппаратының мемлекеттiк құқық жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi 2. Любовь Жайымқызы Кенжигареева - тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы басқармасы тұрғын үй бөлiмiнiң бастығы 3. Надежда Алексеевна Неживая - облыстық жылжымайтын мүлiк орталығы директорының орынбасары 4. Ольга Алексеевна Исаева - қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы 5. Павел Михайлович Кочетков - Орал қалалық мәслихатының хатшысы 6. Гүлнар Әлiбекқызы Сәтбаева - Батыс Қазақстан облыстық әдiлет басқармасы жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiн бақылау және тiркеу бөлiмiнiң бастығы 7. Салима Айтқалиқызы Орынбасарова - "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы бөлшек бизнес басқармасының бастығы - директордың орынбасары
Басқа 9. Тұрғын жай жекешелендiру жөнiндегi комиссия туралы Ереже
Орал қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 7 қарашадағы N 818 қаулысына N 2 Қосымша Тұрғын жай жекешелендiру жөнiндегi комиссия туралы Ереже
Тармақ 1
1. Комиссия Орал қаласының әкiмдiгi жанындағы жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi кеңесшi органы болып танылады және мәслихат сессиясында бекiтiледi.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысында нормативтiк актiлердi: Қазақстан Республикасы 2001 жылғы қаңтардың 23-iндегi "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II Заңының 31-бабын, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы қазанның 16-сындағы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1994 жылғы қаңтардың 3-iндегi №2 Қаулысын , Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы Президентiнiң 1991 жылғы қыркүйектiң 13-iндегi "Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында 1991-1992 жылдары (1-кезең) мемлекеттiк меншiктi мемлекет иелігiнен алу және жекешелендiру Бағдарламасын бекiту және Қазақ Кеңестiк Социалистік Республикасындағы мемлекеттiк меншiктi жекешелендiрудiң купондық тетiгi туралы Ережесiн бекiту туралы" N 444 Қаулысын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы қаңтардың 24-iндегi "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiру туралы Ережесiн бекiту туралы" N 66 Қаулысын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы сәуiрдiң 23-iндегi "Азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша жеңiлдiктер енгiзу туралы" N 374 Қаулысын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссияның қызмет саясы мен мiндеттерi:
Тармақша 1
1) осы Ережеде бақылау комиссиясы тұрғын үй қорының салынған жылына байланысты құнын анықтау тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ үйдiң орналасқан жерiн, сәулеттiк-жоспарлау шешiмдерiн, жайландыру дәрежесiн, пәтердiң орналасқан ауданының экологиясын және қабатын есепке алады;
Тармақша 2
2) 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген және жекешелендiруге жататын мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханаларындағы бөлме үлгiсiндегi тұрғын жайларының құны қалдық құны бойынша есептеледi;
Тармақша 3
3) тұрғын үй қорының құнын есептеу барысында тұрғын жай сапасы, орналасқан жерi, басқа да факторлар есепке алынады және оның негiзгi құнына барынша сәйкес болуы қажет. Бағалауға негiз болып жалпы тұрғын алаңының бiр шаршы метрiнiң баланстық құны есепке алынады, одан баға коэффициентi алып тасталады. Тұрғын жайдың құны мен бағасын белгiлеуде негiзгi есептеу өлшем бiрлiгi ретiнде жалпы алаңның бiр шаршы метрi қолданылады. Жатақханалардағы пәтерлер есебiндегi бөлме үлгiсiндегi тұрғын жайлардың немесе (үй) пәтерлердiң құны 1991 жылғы бағасына келесi нобай бойынша қайта сәйкестiрiп есептеледi:
Тармақша 4
4) 1984 жылғы қаңтардың 1-iне дейiн салынған үйлер бойынша (1991 жылғы қаңтардың 1-нен бастап алынған нормасына сәйкес және жаңа сметалық бағаға ауысуына байланысты) қалдық құны 1,2 және 1,7 коэффициентiне көбейтiледi;
Тармақша 5
5) 1984 жылғы қаңтардың 1-iнен кейiн салынған үйлер бойынша қалдық құны 1,7 есе ұлғайтылады ( 1991 жылғы қаңтардың 1-iндегi бағалау коэффициентi);
Тармақша 6
6) бiр купон бiр рубль құнына сәйкестiрiледi. Бiр купонның құны 5 теңгеге тең;
Тармақша 7
7) 1985 жылға дейiн салынған панель үйлерге 0,95 коэффициентi қолданылады;
Тармақша 8
8) 1985 жылдан кейiн салынған панель үйлерге 0,95 коэффициентi қолданылады. Қала орталығынан көлiк алыстығын және орналасқан жерiн есепке алатын 0,95 төмендету коэффициентi келесi аудандар үшiн қолданылсын: Солтүстiк, Гагарин-Дзержинский көшелерiндегi жолдары бойындағы және Алматы-Мәскеу жол торабының солтүстiк жағында орналасқан қаланың Солтүстiк-Шығыс бөлiгi. 0,90 төмендету коэффициентi келесi аудандар үшiн қолданылсын:
Тармақша а
а) Зачаганск кентi;
Тармақша б
б) Деркөл кентi;
Тармақша в
в) Круглоозерное, Серебряков кенттерi. 1950 жылға дейiн салынған жасақталмаған үйлердегi пәтерлердiң бағасы кезiнде қалдық құны бойынша белгiленсiн бiрақ құны баланстық құнының 20 пайызынан төмен болмауы тиiс. Қоршаған ортаның әсерi салдарынан зардап шегетiн көрсетiлген мекенжайындағы тұрғын үйлер бойынша 0,95 төмендету коэффициентi қолданылсын. Әлеуметтiк, мәдени және тұрмыстық объектiлерi қоса салынған үйлерге 0,90 коэффициентi қолданылсын. Қабатын есепке алатын коэффициент: 5-қабатты үйлер үшiн - 1 қабатқа 0,9 4-5 қабатқа 0,8 4-5 қабатқа 0,8 9-қабатты үйлерге - 1 қабатқа 0,9 9 қабатқа 0,9 Осы коэффициент 6, 12, 14-қабатты үйлерге қолданылсын;
Тармақша 9
9) 1991 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша еңбек стажына байланысты азаматтарға есептелген тұрғын үй жекешелендiру купондарының санын 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк тұрғын жай қорының құнына сәйкестiру мақсатында жекешелендiрiлетiн тұрғын жай құнының индексi белгiленсiн;
Тармақша 10
10) тұрғын үй құнының индексiн белгiлеуге негiз болып 1991 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес республика бойынша орташа есеппен алғанда бiр шаршы метр пайдалы алаңының орташа құны алынады, ол 64 тиынға тең;
Тармақша 11
11) 1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген нақты объект бойынша жекешелендiрiлген пәтердiң бiр шаршы метр тұрғын алаңының құны, оның баланстық құнына қарай, тозуы мен белгiленген коэффициентiн ескере отырып айқындалады;
Тармақша 12
12) жекешелендiрiлген пәтердiң (үйдiң) баланстық құны тұрғын үй жекешелендiру купондарының баланстық сомасынан асып кеткен жағдайда айырмасы теңге ретiнде қосымша төленедi.
Тармақ 4
4. Комиссия тұрғын үй сату-сатып алу құжаттарын ресiмдеуге дайындау жұмыстарын бiр ай мерзiмде жүргiзедi.
Тармақ 5
5. Комиссия шешiмi хатталып, нақты мәжiлiске қатысқан барлық комиссия мүшелерi оған қол қояды.
Тармақ 6
6. Осы Ереженiң енгiзiлуi бұдан бұрын қабылданған мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiру мәселелерiн реттейтiн нормативтiк актiлердi бұзбайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын жай жекешелендiру қағидалары, тұрғын үй жекешелендiру купондарын есептеу шарттары мен көлемi сақталады.
Тармақ 7
7. Қосымша төленетiн қаржы сомасы жергiлiктi бюджетке ақшалай төленедi. Салық комитетiнiң есепшоты 0080400 СТН - 271800035560, Код - 301103, БИК - 194901020, Батыс Қазақстан облыстық Қазынашылық басқармасы. Азаматтар тұрғын жай жекешелендiру купондарын бiр пәтердi жекешелендiруге ғана пайдалана алады.