Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;
Тармақша 2
2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Кентау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №677 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5332 тіркелген, 2020 жылғы 04 қаңтарда «Кентау шұғыласы» газетінде және 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау Кентау қаласы әкiмiнiң орынбасары Б.Алимбетовке жүктелсiн.
Тармақ 5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Кентау қаласы әкімдігінің «__»________2020 жылғы №___ қаулысына 1-қосымша Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны Оның ішінде республикалық бюджет есебінен жергілікті бюджет есебінен 9977 8752 1225
Басқа 10. Ата-ана төлемақысының мөлшері
Кентау қаласы әкімдігінің «__»________2020 жылғы №___ қаулысына 2-қосымша Ата-ана төлемақысының мөлшері Барлығы: Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес) Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) 320,00 426,00 Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.