Об оказании материальной помощи Күшін жойған
Басқа 0
Материалдық көмек көрсету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 20.04.2006 № 57 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңының 31 бабының 14, 17 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Материалдық көмек көрсету туралы Ереже бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Материалдық көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2003 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.И. Фединге жүктелсін.
Басқа 5. Материалдық көмек көрсету туралы
ЕРЕЖЕ
Теректі аудандық әкімдігінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 256 қаулысына қосымша № 1
Материалдық көмек көрсету туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Материалдық көмек аудан аумағында тұрақты тұратын әлеуметтік қорғауға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына ақшалай төлем түрінде көрсетіледі. Материалдық көмек отбасыларға бала туғанда, жерлеуге және емдеуге көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек төлемі үшін қаражат
2. Материалдық көмек төлемі үшін қаражат
Қаржыландыру көзі болып жергілікті бюджет табылады.
Тарау 3. 3. Материалдық көмек көрсету тағайындау және
төлеу тәртібі
3. Материалдық көмек көрсету тағайындау және
төлеу тәртібі
Бала туғанда көрсетілетін материалдық көмек
Бала тууына байланысты төленетін материалдық көмек отбасына тиісті жағдай туғанда кірістерге қарамастан, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде көрсетіледі.
Бала өлі туған жағдайда отбасына материалдық көмек көрсетілмейді.
Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда көмек әр балаға төленеді. Материалдық көмек көрсету туралы өтініш аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияға беріледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Тармақ 1
1. Өтініш (РНН, СИК, жеке куәлігі, салым №).
Тармақ 2
2. Туу туралы куәліктің көшірмесі.
Тармақ 3
3. Тұрғылықты жерінен отбасы құрамын растайтын анықтама (шаруашылық кітабынан үзінді).
Тармақ 4. Жерлеуге материалдық көмек
4. Жәрдемақы алуға АХАЖ органдары берген туу туралы анықтама.
Жерлеуге материалдық көмек
Азамат қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға отбасының кірістеріне қарамастан 10 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде материалдық көмек көрсетіледі.
Жерлеуді мойнына алған адам аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияға өтініш тапсырады.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Тармақ 1
1. Өтініш (РНН, СИК, жеке куәлік, салым №).
Тармақ 2
2. Қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі.
Тармақ 3
3. Қайтыс болған адамның тұрған жерінен анықтама (шаруашылық кітабынан үзінді).
Тармақ 4
4. Қайтыс болған адамды жерлеуді өткізгенін растайтын анықтама.
Тармақ 5. Емдеуге материалдық көмек
5. Жерлеу жәрдемақысын алу үшін АХАЖ органдары берген анықтама.
Емдеуге материалдық көмек
Емдеуге материалдық көмек емдеуге материалдық көмекке мұқтаж адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде көрсетіледі.
Өтініш аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияға беріледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Тармақ 1
1. Өтініш (РНН, СИК, жеке куәлік, салым №).
Тармақ 2
2. Тұрғылықты жерінен отбасы құрамын растайтын анықтама (шаруашылық кітабынан үзінді).
Тармақ 3
3. Отбасының материалдық жағдайын тексеру актісі.
Тармақ 4
4. Аудандық ауруханадан анықтама (учаскелік дәрігерден).
Материалдық көмектің барлық түрлері барлық қажетті құжатттар келіп түскен күннен бастап 15 күн мерзімде материалдық көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияда қаралады.
Материалдық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда комиссия өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
Материалдық көмекті төлеу "Қазақстанның Халық Банкі" ААҚ филиалдары және аудандық пошта байланысы торабы арқылы жүзеге асырылады.
Басқа 22. Материалдық көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия
құрамы
Теректі аудандық әкімдігінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 256 қаулысына қосымша № 2
Материалдық көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия
құрамы
Федин Сергей Иванович - аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
Ерешев Базарбай Сағитұлы - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің
бастығы, төрағаның орынбасары
Лұқпанова Әлима Абылайқызы - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау
бөлімінің бас маманы
Комиссия мүшелері:
Бердников Дмитрий Михайлович - мемлекеттік зейнетақы төлеу
орталығының басшысы
Ганиева Шолпан Мазенқызы - "Қазақстанның Халық Банкі" ААҚ Теректі
филиалының басқармашысы
Жұмалиева Светлана Айдарбекқызы - аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Идашев Берік Төлегенұлы - аудандық пошта байланысы
торабының бастығы