Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Аягозскому району Күшін жойған
Басқа 0
Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген) Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10 %, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты айқындалсын:
Тармақша 1
1) облыс, аудан әкімдіктеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін:
білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлер;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;
мәдениет және спорт ұйымдарының бейінді қызметкерлері;
Тармақша 2
2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:
«мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар»;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен награтталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен награтталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар.
Тармақ 2
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.