Об использовании специализированных мест для проведения мирных собраний Күшін жойған
Басқа 0
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ордабасы аудандық маслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы №44/1 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5065 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 22 мамырда «Ордабасы оттары» газетінде және 2019 жылғы 22 мамырында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін келесі арнайы орындар айқындалсын:
Тармақша 1
1) Темірлан ауылының «Қажымұқан» атындағы стадион.
Тармақ 3
3. Ордабасы ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Темірлан ауылының: А.Мұсаев және Жепаев көшелерінің қиылысынан бастап, Жепаев көшесінің бойымен Жепаев және Қазыбек би көшелерінің қиылысына дейінгі аралық бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 5
5. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 6
6. «Ордабасы ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы ауданының мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11. Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Ордабасы ауданының
мәслихатының 2020 жылғы
____ маусымдағы № _____
шеміміне 1-қосымша
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Ордабасы ауданының мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін
арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
№
п/п
Арнайы орын атауы
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
Шекті толу нормалары
1.
«Қажымұқан» атындағы стадион
көше жарығы;
электр энергиясын қосу нүктесі;
бейнебақылау және бейнежазба камералары;
автотұрақ орны
(1 кіру, 1 шығу).
150
адам
Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/ өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;
периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
осы Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай – ақ көлік құралдарын пайдалануға;
БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
А.Мұсаев және Жепаев көшелерінің қиылысынан бастап, Жепаев көшесінің бойымен Жепаев және Қазыбек би көшелерінің қиылысына дейінгі шеру бағытымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;
ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.
Басқа 12. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес
аумақтардың шекаралары
Ордабасы ауданының
мәслихатының 2020 жылғы
____ маусымдағы № _____
шеміміне 2-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес
аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:
Тармақ 1
1. жаппай жерлеу орындарында;
Тармақ 2
2. теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
Тармақ 3
3. мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;
Тармақ 5
5. қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
Тармақ 6
6. магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.