Об утверждении паспортов бюджетных программ администратора программ - Мангистауский областной маслихат Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағдарламалар әкімшісі - Маңғыстау облыстық мәслихатының бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - шешімнің қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты Маңғыстау облыстық әділет департаментінің 10.01.2005 № 2/46 хатымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын, мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған бағдарламалар әкімшісі - Маңғыстау облыстық мәслихатының бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін (1, 2 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың хатшысы (Б.А.Чельпеков) белгіленген мерзімінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебін тоқсан сайын облыстық қаржы басқармасына табыс етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қасабековке жүктелсін.
Басқа 4
қосымша 1 Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 желтоқсанда N 241 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облыстық мәслихаты Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ПАСПОРТ 2003 жылға жергілікті деңгейдегі әкімшілік шығындар (бюджеттік бағдарламалардың атауы)
Тармақ 1
1. Бағасы - 12713 мың теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негіздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеудегі біртұтас жүйе туралы" N» № 575 Жарлығы 2001 жылғы 25 наурыз; Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы"»N 357-1(өзгерістерімен) Заңы 1999 жылғы 01 сәуір; Қазақстан Республикасының "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы"»N 362-II Заңы 2002 жылғы 12 желтоқсан; Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" N 453 Заңы 1999 жылғы 23 шілде; "Қазақстан Республикасыныдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»N 148-II Заңы 2001 жылғы 23 қаңтар; Облыс Мәслихатының«"2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы"»N 23/233 Шешімі 2002 жылғы 20 желтоқсан.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көздері: Облыстық бюджет.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламалардың мақсаты: Жүктелген міндеттерді барынша тиімді орындауға жету үшін облыстық мәслихат пен оның аппаратының қызметін қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламалардың міндеттері: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын ескере отырып, тауар алу (жұмыс пен қызмет) жөніндегі орындалған жұмыстардың актісі бойынша жоспарланған шығындарды қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық мәслихат аппаратын ұстау.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шараларының жоспары: № Бағдарламалардыңкоды Бағдарлама ның бөлімшесі- нің атауы Бағдарламаның атауы (бағдарла-маның бө- лімшелері) Іске асырылушы бағдарламаның (бағдарлама бөлімшелерінің) іс-шаралары Іске асыру мерзі-мі Жауапты орындау- шылар 1 02 03 Жергілікті органдардың аппараттары Штаттық саны 8 бірлік болатын аппаратты ұстау, оның ішінде 4 бірлік - мемлекеттік қызметкер, 1 бірлік мәслихат хатшысы - депутат. Коммуналдық қызмет, байланыс қызметі, көлік жалдау және басқа қызмет көрсетушілермен келісім жасау. "Маңғыстау" және"Местное время" газеттерінде шешімдер мен басқа құжаттарды жариялау. Жоспарға сәйкес облыстық мәслихат сессияларын өткізу. Жабдықтар алуға бөлінген қаржының өз мақсатында жұмсалуын бақылау Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Аппарат басшысы - Ғ.Карин -//- -//- Хатшы басшысы - Ғ.Карин -//-
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуынан күтілетін нәтижелер: Әкімшіге жүктелген міндеттердің сапалы әрі дер кезінде орындалуы, облыстық мәслихат жұмысының жандандырылуы.
Басқа 12
қосымша 2 Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 желтоқсанда N 241 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облыстық мәслихаты Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ПАСПОРТ Мәслихат аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайту (бюджеттік бағдарламалардың атауы) 2003 жылға
Тармақ 1
1. Бағасы - 700 мың теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негіздері: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы 321-11 Заңын ; Облыстық мәслихаттың«"2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 23/233 Шешімі 2002 жылғы 20 желтоқсан.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көздері: Облыстық бюджет.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Облыстық мәслихат аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайту.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламалар міндеттері: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жабдықтар сатып алуға конкурс өткізу.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру жоспары: № Бағдарлама коды Кішібағдарлама коды Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы Бағдарлама (кіші бағдарламаларды) іске асыру іс-шаралары Іске асыру мерзі-мі Жауап-ты орын- даушы-лар 1 2 3 4 5 6 7 1 31 00 Облыстық мәcлихат аппаратының материалдық техникалық базасын нығайту 1 дана шағын АТС-ын және 1 дана тоңазытқыш сатып алуға баға ұсыныстары бойынша конкурс өткізу Ақпан, сәуір Хатшы-Б.Чельпеков
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуынан күтілетін нәтижелер: Аппарат базасын нығайту, бағдарлама әкімшісі - облыстық мәслихатқа жүктеген функцияларды сапалы және уақытылы орындауға мүмкіндік береді.