О составе районной комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом и об утверждении положения о комиссии Қолданыста
Басқа 0
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның құрамы туралы және комиссия туралы ережені бекіту туралы
ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне салынсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Меңдіқара ауданы әкімінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 86 «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешімі жойылсын.
Басқа 4. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
күрес жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Меңдіқара ауданы әкімінің
2002 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 93 шешіміне
қосымша
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
күрес жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Киселев - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Александр Тимофеевич
Синегубова - әкім аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің
Алла Александровна бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Войтович - Меңдіқара мәдениет бөлімінің меңгерушісі
Лариса Николаевна
Қамзин - Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Ермұрат Базекенұлы
Садуақасова - аудандық білім бөлімінің меңгерушісі
Лидия Танашқызы
Серменов - Жыланды» кеден күзетінің бастығы (келісім бойынша)
Дархан Тұрсынғалиұлы
Шаймерденова - орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша)
Күлжауһар Салыққызы
Басқа 5. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
күрес жөніндегі аудандық комиссия туралы
Ереже
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Меңдіқара ауданы әкімінің
2002 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 93 шешімімен бекітілген
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
күрес жөніндегі аудандық комиссия туралы
Ереже
Комиссия қызметінің негізгі мақсаты Мемлекеттік стратегияның және Меңдіқара ауданының аумағында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің аумақтық бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған, қоғамдық бірліктерді, әкімге бағынышты мемлекеттік органдар және ұйымдардың қызметін, аудан әкіміне берілген қолданыстағы заңнаманы, өкілеттілікті пайдаланатын, үйлестіретін, Кеңестік-мәжілістік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамаға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясына және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі Стратегия және Бағдарлама), Қостанай облыстық мәслихатының 2002 жылғы 16 тамыздағы N 221 шешімімен бекітілген, Қостанай облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті аумақтық бағдарламасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзырының мәселелері жөнінде аудан аумағында міндетті күші бар, қаралатын сұрақтардың сипаты мен мазмұнына қарай әкім шешімі немесе өкімімен немесе комиссия хаттамасымен рәсімделетін ұсыныстар әзірлейді, қорытынды береді.
Тармақ 4
4. Комиссия қызметін материалдық-техникалық, қаржылық қамсыздандыру жергілікті бюджет қаражаты есебіне жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Комиссия Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары болып саналатын Төрағадан, хатшы және комиссия мүшелерінен құралады. Лауазымдары бойынша комиссия мүшелері орталық аудандық аурухананың, аудандық білім бөлімінің, аудандық мәдениет бөлімінің, аудандық ішкі істер бөлімінің, «Жыланды» кеден күзетінің басшылары болып саналады.
Тарау 2. 2. Комиссия ұйымдастыру
2. Комиссия ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Комиссияның төрағасы мен мүшелері аудан Әкімімен тағайындалады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз құрамында кіші комиссиялар, кеңестер және т.б. құра алады.
Тармақ 3
3. Ұжымдық негізде комиссия жұмысы жарияланып жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз жұмысын нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің аумақтық бағдарламасымен қарастырылған, Ережеде және іс-шаралардың негізгі тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органдардын қызметімен үйлестіреді.
Тармақ 5
5. Комиссия өзінің кезекті отырыстарын тоқсанда бір рет өткізеді.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссия қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оған басшылық жасайды, комиссия мүшелері мен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары орындау үшін міндетті нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында нұсқаулықтар береді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар мен комиссия құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде азаматтармен қарым-қатынас жасайды;
Тармақша 3
3) комиссия қызметіне есеп береді;
Тармақша 4
4) осы ережеде қарастырылған өзге өкілдіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) әкімият құзыретіне қарайтын мәселелерді комиссия қарағанда кеңестік дауыс беруге құқығы бар;
Тармақша 2
2) комиссия қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіруге құқылы, ол ауызша немесе жазбаша түрде, комиссия Төрағасына және аудан әкіміне жеткізіледі;
Тармақша 3
3) комиссия Төрағасының тапсырмаларын орындауға міндетті;
Тармақша 4
4) комиссия Төрағасының шешімімен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан стратегияны, Қазақстан Республикасың бағдарламаларын және аудандық бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері жөнінде қажетті мәліметтер талап етуге құқылы;
Тармақша 5
5) Төрағаның тапсырмасы бойынша басшы органдардың кеңестері мен отырыстарына қатысады.
Тарау 3. 3. Негізгі міндеттері мен функциялары
3. Негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 8
8. Комиссия:
Тармақша 1
1) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің аудандық бағдарламасын мәслихатқа әрі қарай бекіту үшін аудан әкіміне әзірлейді және жібереді;
Тармақша 2
2) аудандық бағдарламаның тиісті және уақытында орындалуын, сондай-ақ жалпы мемлекеттік стратегия мен Қазақстан Республикасың бағдарламасында қарастырылған іс-шараларды Меңдіқара ауданының аумағында жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Меңдіқара ауданының аумағында есеңгірететін құралдардық және психотропты заттардың заңсыз таралуына байланысты қылмыстық жағдайын, динамикасын, құрылымы мен деңгейін талдайды және нашақорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізеді, соның ішінде есеңгірететін құралдар мен психотропты заттардың қиянатын төмендетуге байланысты;
Тармақша 4
4) есеңгірететін құралдар мен психотропты заттармен байланысты құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жөніндегі шаралардың кешенді жүйесін әзірлеуге, ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 5
5) құқық қорғау органдарымен бірлесіп нашақорлық құралдар мен психотропты заттарды заңсыз дайындау, тарату және қолдануды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ орталық аудандық ауруханада есепке қойылған нашақорлыққа бағынышты адамдарды сауықтыру мәселелерін шешуге себепші болады;
Тармақша 6
6) халық, бірінші кезекте кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлыққа қарсы идеология жүйесін жүзеге асыруды жасау мақсатында қолданыстағы мәдениет және адамгершілікті қалыптастыру саласында бұқаралық ақпарат құралдарымен, денсаулық сақтау, мәдениет, білім органдарымен қарым-қатынас жасайды.
Тармақ 9
9. Комиссия құқылы:
Тармақша 1
1) стратегияны және Қазақстан Республикасың Бағдарламасын жүзеге асыру туралы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, лауазымды адамдардан өз құзыреті шеңберінде ақпаратты сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қатысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметі мен ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізуге;
Тармақша 3
3) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында ең өзекті және кең қоғамдық резонанс алған мәселелерді әкімнің, аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізуге;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының баяндамалары мен есептерін тыңдауға;
Тармақша 5
5) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша Қостанай облысы әкімінің аппаратына ұсыныстар енгізуге.
Тармақ 10
10. Комиссия міндетті:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнама функцияларына сәйкес, олардың құзыретіне кіретін, ол үйлестіретін мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асырғанда дербестік сақтауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) өз қызметі туралы, Меңдіқара ауданында нашақорлық хал-ахуал жағдайы және оны жақсарту жөніндегі қабылданған шаралар туралы әкім мен мәслихат алдында есеп беруге.