О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам осуществления валютных операций в Республике Казахстан и представления отчетности страховыми (перестраховочными) организациями Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Басқа 1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шілдесі № 93 Қаулыға қосымша Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында: мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылардан оның ішінде шетел валютасында қайта сақтандыру қызметтерімен байланысты валюталық операциялар бойынша Ұлттық Банкке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19927 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің есеп беру тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 қаулысына 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта сақтандыру қызметі туралы есепті ұсынады.»; 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «19. Резидент-заңды тұлғалар (уәкілетті банктерді қоспағанда) шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір уәкілетті банктен бір жұмыс күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын елу мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомаға сатып алады. Шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға шетел валютасын шетел банктеріндегі өзінің шоттарына аудару, шетел валютасындағы өтеусіз ақша аударымдары, сондай-ақ шетел валютасын уәкілетті банктердегі өзінің шоттарына есепке алу және (немесе) аудару жатады. 20. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) елу мың АҚШ долларынан баламасы асатын сомада ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімді ресімдеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетеді, сондай-ақ өтінімге валюталық шарттың көшірмесі мен шотты не орындау үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынатын төлемге арналған өзге құжатты қоса береді. Бұл ретте резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімге уәкілетті банкке оны сатып алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәлімделген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, осы валютаны кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұлттық валютаға сату нұсқауын қоса береді. Қағидалардың осы тармағына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетел валютасындағы міндеттемелерді орындаумен байланысты емес мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді. Егер валюталық шартқа есептік нөмірді алу талабы қолданылатын болса, онда есептік нөмір тағайындау туралы белгімен немесе тіркеу куәлігінің көшірмесімен, немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесімен бірге валюталық шарттың көшірмесі ұсынылады. Уәкілетті ұйымдардың уәкілетті банктен ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған қолданыстағы лицензия және оған қолданыстағы қосымшаның (қолданыстағы қосымшалардың) негізінде жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын: «20-1. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) осы резидент-заңды тұлға өзінің акционерлері, құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірісті немесе оның бір бөлігін төлеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде уәкілетті банкке Қағидалардың 20-тармағында көзделген нұсқауды ұсыну талап етілмейді. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 20-тармағына сәйкес міндеттемелерді орындау қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде басталатын шарт сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын алынған сыртқы қарыздар және шығарылым проспектісіне сәйкес номиналдық сомасы бір жүз миллион АҚШ доллары баламасынан асатын шетел валютасында шығарылған облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті алдындағы шетел валютасындағы міндеттемелерін өтеу мақсатына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған кезде резидент-заңды тұлға тиісті шетел валютасында жекелеген банктік шотты ашуға өтінішті, уәкілетті банкке сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын шетел валютасындағы жеке шотқа есепке алу нұсқауын, уәкілетті банкке сатып алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде оны мәлімдеген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, кейінгі үш жұмыс күні ішінде осы валютаны ұлттық валютаға сату нұсқауын, сондай-ақ міндеттемелерді орындау сомасы мен мерзімін растайтын құжаттарды (кредиттік шартты және төлем кестесін, өзге құжаттарды) қоса береді. Уәкілетті банк резидент-заңды тұлға сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын жекелеген банктік шотқа есепке алады және оны резидент-заңды тұлға мәлімделген мақсатқа қана пайдалануын қамтамасыз етеді.»; 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «21. Резидент-заңды тұлғаның (уәкілетті банкті қоспағанда) елу мың АҚШ долларынан астам баламасындағы сомаға ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімін орындау кезінде уәкілетті банк өтінімде көрсетілген қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын валюталық шартпен және шотпен не шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын растайтын өзге төлем құжатымен, сондай-ақ осы валюталық шарт негізінде Қағидаларға сәйкес бұрын жүзеге асырылған ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу туралы қолда бар мәліметтерімен салыстырып тексерді. Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма қол ақшасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы валюталық шарт сомасынан асып кетуіне жол берілмейді. Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма қол ашасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы резидент-заңды тұлғаның өтінімдері және (немесе) басқа уәкілетті банктердің осы валюталық шарттың шеңберінде жүзеге асырылған шетел валютасын сатып алу ақпараты негізінде есептеледі. 22. Резидент-заңды тұлға (уәкілетті банкті қоспағанда) қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынған бұрын ресімделген өтінімге Қағидалардың 20-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес ресімделген қосымша өтінімді уәкілетті банкке ұсынған кезде Қағидалардың 20-1 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты мақсаттарға пайдалануға рұқсат беріледі. Резидент-заңды (уәкілетті банкті қоспағанда) тұлға валюталық шарт бойынша шетел валютасындағы міндеттемелерін орындау мақсатында Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бұрын сатып алған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа уәкілетті банктегі өзінің шотына аударған кезде уәкілетті банк ақшаны аудара отырып бірмезгілде басқа уәкілетті банкке бұдан әрі валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бұрын сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасы туралы ақпаратты жолдайды. 23. Уәкілетті банк резидент-заңды тұлғаның (уәкілетті банкті қоспағанда) Қағидалардың 19, 20, 20-1 және 22-тармақтарына сәйкес ресімделген ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға өтінімін, сондай-ақ егер: резидент-заңды тұлғаның өтінімі және (немесе) басқа уәкілетті банктердің шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылғаны туралы ақпараты негізінде есептелген бір валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы осындай валюталық шарттың және шоттың не төлемге арналған өзге құжаттың сомасынан асып кетсе; бір резидент-заңды тұлға бір уәкілетті банк арқылы резидент-заңды тұлғаның өтінімі негізінде есептелген шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір жұмыс күніндегі ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кетсе, орындауға қабылдамайды.»; 1-қосымша Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «34. Уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 (он сегізіне) (қоса алғанда) дейін Ұлттық Банктің орталық аппаратына Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген, сомасы 50 000 (елу мың) АҚШ доллары баламасына тең немесе одан асатын валюталық операцияларды қамтитын валюталық операциялар туралы есепті, сондай-ақ сомасына қарамастан, клиенттің тапсырмасы бойынша шетел валютасын сатып алу және сату туралы ақпаратты ұсынады.»; 9-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
Тармақ 4
Басқа 1.1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесіне 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына 1-қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған № _______ бұзушылық бойынша карточка Әкімшілік деректер нысанының индексі: KN1 Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезең: ________ жылғы ________ айға Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күніне дейінгі мерзімде Жол ко­ды Ақ­па­рат тү­рі Бұ­зу­шы­лық бой­ын­ша ақ­па­рат 10 Банк кли­ен­тi бой­ын­ша ақ­па­рат: 11 ата­уы (заң­ды тұ­лға­лар неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың фи­ли­ал­да­ры (өкіл­дік­те­рі) үшiн), аты-жө­ні (же­ке тұ­лға­лар үшiн) 12 БСН (заң­ды тұ­лға­лар неме­се заң­ды тұ­лға­лар­дың фи­ли­ал­да­ры (өкіл­дік­те­рі) үшiн) 13 ЖСН (же­ке тұ­лға­лар үшiн) 14 кли­ент бел­гі­сі: 1 – заң­ды тұл­ға, 2 – же­ке тұл­ға, 3 – заң­ды тұл­ға­ның фи­ли­а­лы (өкіл­ді­гі) 15 тұ­рақ­ты тұ­ра­тын (ор­на­лас­қан) же­рі 16 об­лыс ко­ды 20 Ва­лю­та­лық опе­ра­ция бой­ын­ша ақ­па­рат: 21 кү­ні 22 со­ма­сы 23 ва­лю­та­сы 30 Бұ­зу­шы­лық жөнiн­де­гi ақ­па­рат: 31 түрi 32 бұ­зу­шы­лық­тың си­па­ты 33 ва­лю­та­лық шар­ттың нө­мі­рі (бос орын­сыз көр­се­ті­ле­ді) 34 ва­лю­та­лық шар­ттың кү­ні (ЖЖ­ЖЖ/АА/КК фор­ма­тын­да) 35 есеп­тік нө­мі­рі (бар бол­са) 36 ва­лю­та­лық шарт бой­ын­ша өзге ақ­па­рат (бар бол­са) 37 бұ­зу­шы­лық бой­ын­ша қо­сым­ша мә­лі­мет­тер Атауы ____________________ Мекенжайы ______________________________ Телефоны __________________________________________________________ Электрондық поштаның мекенжайы____________________________________ Орындаушы ______________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам ______________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20 ____ жылғы «____» _____________
Басқа 1.2
«Бұзушылық бойынша карточка» нысанына қосымша
Тарау 1
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Бұзушылық бойынша карточка» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді.
Тарау 2
Тармақ 3
3. Ақпарат Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда ұсынылады.
Тармақ 4
4. Коды 11-жолда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның немесе заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Коды 16-жолда ҚР МС 11-2009 «Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес облыс кодының бастапқы 2 цифры көрсетiледi.
Тармақ 6
6. Коды 21, 22, 23-жолдар құжаттар немесе ақпарат беру мерзiмдерi бұзылған жағдайлар үшін толтырылмайды.
Тармақ 7
7. Коды 21-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып валюталық операция жүргiзiлген күн көрсетiледi.
Тармақ 8
8. Коды 22-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операцияның сомасы операция валютасының мың бiрлiгiмен көрсетiледi.
Тармақ 9
9. Коды 23-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюта кодының ҚР ҰС 07 ISO 4217-2012 «Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар» Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес әріппен берілген белгісі көрсетiледi.
Тармақ 10
10. Коды 31-жолда мәтіндік және (немесе) сандық форматтағы бұзушылықтың түрi көрсетiледi.
Тармақ 11
11. Коды 32-жолда бұзушылықтың қысқаша сипаты мәтiндiк форматта келтiрiледi.
Тармақ 12
12. Коды 34, 35, 36-жолдар валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюталық шарт болған кезде толтырылады.
Басқа 2. Валюталық операциялар туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесіне 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына 2-қосымша Нысан Валюталық операциялар туралы мәліметтер Уәкілетті банктің коды _____________ Төлем құжатының нөмірі _____________ Күні __________________ Жол­дың ко­ды Ақ­па­рат тү­рі Ақ­па­рат 01 Ва­лю­та­лық опе­ра­ци­я­ның ко­ды 02 Тө­лем бел­гі­сі (ақ­ша ауда­ры­мы) («1» – іш­кі кор­по­ра­тив­тік ақ­ша ауда­ры­мы; «0» - өзге тө­лем (ақ­ша ауда­ры­мы) 10 Тө­лем құ­жа­тын­да көр­се­ті­л­ген тө­лем және (неме­се) ақ­ша ауда­ры­мы­ның жө­нел­ту­ші­сі және бе­не­фи­ци­а­ры ту­ра­лы ақ­па­рат 11 Жө­нел­ту­ші ре­зи­дент­ті­лі­гі елі­нің ко­ды 12 Бе­не­фи­ци­ар ре­зи­дент­ті­лі­гі елі­нің ко­ды 20 Ва­лю­та­лық шарт ту­ра­лы ақ­па­рат: 21 Шар­ттың нө­мі­рі (ата­уы, бар бол­са) 22 Шар­ттың кү­ні 23 Шар­ттың есеп­тік нө­мі­рі (бар бол­са) 24 Ва­лю­та­лық шарт бой­ын­ша өзге ақ­па­рат (бар бол­са) 30 Ва­лю­та­лық шарт бой­ын­ша ақ­ша жө­нел­ту­ші ту­ра­лы ақ­па­рат (тө­лем құ­жа­тын­да көр­се­ті­л­ген ақ­ша жө­нел­ту­ші­мен сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да тол­ты­ры­ла­ды) 31 Ре­зи­дент­ті­лік бел­гі­сі 32 Же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Заң­ды тұл­ға­ның, оның фи­ли­а­лы­ның (өкіл­ді­гі­нің) ата­уы 33 ЖСН неме­се БСН (бар бол­са) 34 Эко­но­ми­ка сек­то­ры­ның ко­ды 35 Ре­зи­дент­ті­лік елі­нің ко­ды 40 Ва­лю­та­лық шарт бой­ын­ша ақ­ша алушы ту­ра­лы ақ­па­рат (тө­лем құ­жа­тын­да көр­се­ті­л­ген бе­не­фи­ци­ар­мен сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да тол­ты­ры­ла­ды) 41 Ре­зи­дент­ті­лік бел­гі­сі 42 Же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Заң­ды тұл­ға­ның, оның фи­ли­а­лы­ның (өкіл­ді­гі­нің) ата­уы 43 ЖСН неме­се БСН (бар бол­са) 44 Эко­но­ми­ка сек­то­ры­ның ко­ды 45 Ре­зи­дент­ті­лік елі­нің ко­ды
Басқа 2.1. «Валюталық операция туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Валюталық операция туралы мәліметтер» нысанына қосымша «Валюталық операция туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Валюталық операция туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 2 шілдедегі Заңының 5-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысан тиісті төлем құжатына қосымша ретінде толтырылады.
Тарау 2
Тармақ 4
4. 01, 02, 11, 12-жолдарды резидент-клиенттер мен бейрезиденттер толтырады. 21, 22, 23, 24, 31, 32, 33, 34, 35, 41, 42, 43, 44, 45-жолдарды тек резиденттер толтырады.
Тармақ 5
5. 01-жол Түсіндірмеге қосымша болып табылатын валюталық операциялар кодының кестесіне сәйкес толтырылады.
Тармақ 6
6. 11, 12, 35, 45-жолдарда «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» 06 ИСО 3166.1 - 2013 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіне сәйкес резиденттілік елінің екі мәнді коды көрсетіледі. Резиденттілік елі – заңды тұлғаны, заңы тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу елі немесе жеке тұлғаның тұрақты тұру елі (азаматтық немесе Қазақтан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылған құқық негізінде).
Тармақ 7
7. 31, 34, 41, 44-жолдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.
Басқа 2.2. Валюталық операциялар кодтары
«Валюталық операция туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге қосымша Кесте Валюталық операциялар кодтары Ва­лю­та­лық опе­ра­ци­я­лар код­та­ры Опе­ра­ци­я­лар­дың ата­уы
Тармақ 1
1. Банк­тік шот­тар­ды қол­да­на оты­рып жүр­гі­зі­ле­тін опе­ра­ци­я­лар 11. Сырт­қы са­уда-сат­тық опе­ра­ци­я­ла­ры (та­у­ар­лар, жұ­мыстар, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер), оның ішін­де ко­мис­си­я­лар және элек­трон­дық ақ­ша­ны са­тып алу/өтеу шар­тта­ры бой­ын­ша 11.1 та­у­ар­лар үшін тө­лем­дер: 1111 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лі­не­тін та­у­ар­лар үшін тө­лем­дер; 1112 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан әке­ті­ле­тін та­у­ар­лар үшін тө­лем­дер; 1113 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да және олар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс әкет­пей са­тып алын­ған неме­се са­ты­л­ған та­у­ар­лар үшін тө­лем­дер; 1114 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс және олар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әкел­мей са­тып алын­ған неме­се са­ты­л­ған та­у­ар­лар үшін тө­лем­дер; 11.2 жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер үшін тө­лем­дер: 1121 бей­ре­зи­дент­тің ре­зи­дент­ке орын­да­ған жұ­мыста­ры неме­се көр­сет­кен қыз­мет­те­рі үшін тө­лем­дер; 1122 ре­зи­дент­тің бей­ре­зи­дент­ке орын­да­ған жұ­мыста­ры неме­се көр­сет­кен қыз­мет­те­рі үшін тө­лем­дер; 1123 ре­зи­дент­тің ре­зи­дент­ке орын­да­ған жұ­мыста­ры неме­се көр­сет­кен қыз­мет­те­рі үшін тө­лем­дер; 1124 бей­ре­зи­дент­тің бей­ре­зи­дент­ке орын­да­ған жұ­мыста­ры неме­се көр­сет­кен қыз­мет­те­рі үшін тө­лем­дер 11.3 элек­трон­дық ақ­ша­лар­мен опе­ра­ци­я­лар 1131 эми­тен­ті ре­зи­дент бо­лып та­бы­ла­тын элек­трон­дық ақ­ша­лар­ды қол­да­на оты­рып жүр­гі­зі­ле­тін опе­ра­ци­я­лар 1132 эми­тен­ті бей­ре­зи­дент бо­лып та­бы­ла­тын элек­трон­дық ақ­ша­лар­ды қол­да­на оты­рып жүр­гі­зі­ле­тін опе­ра­ци­я­лар 11.4 өзге тө­лем­дер: 1141 та­у­ар­лар­ды жет­кі­зу, жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер­ді көр­се­ту шар­тта­ры бой­ын­ша іле­с­пе тө­лем­дер 1142 қа­те есеп­ке жа­зы­л­ған со­ма­лар­ды, ұсы­ныл­ма­ған та­у­ар­лар, көр­се­тіл­ме­ген қыз­мет­тер, орын­дал­ма­ған жұ­мыстар үшін тө­лем­дер­ді қай­та­ру 1143 та­у­ар­лар­ды жет­кізу­ге, жұ­мыстар­ды орын­да­у­ға, қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге шар­ттар бой­ын­ша өзге тө­лем­дер 12. Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті, бас­қа жаб­дық­ты және кө­лік құ­рал­да­рын (са­тып алу және са­ту­дан бас­қа), өн­ді­ріл­ме­ген қар­жы­лық емес ак­тив­тер­ді, зи­ят­кер­лік мен­шік ны­сан­да­рын, ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­ді қол­да­на оты­рып жүр­гі­зі­л­ген опе­ра­ци­я­лар 12.1. тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на үле­стік қа­ты­су­ды, зи­ят­кер­лік мен­шік ны­сан­да­ры­на то­лы­ғы­мен ай­ы­рық­ша құқық­ты қо­са ал­ған­да, мен­шік құқы­ғын ие­ле­ну 1211 жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке те­ңе­сті­рі­л­ген мү­лік­ті, өн­ді­ріл­ме­ген қар­жы­лық емес ак­тив­тер­ді (жер, оның қой­на­уы) қо­с­па­ған­да, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке мен­шік құқы­ғын ие­ле­ну 1212 жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке те­ңе­сті­рі­л­ген мү­лік­ке мен­шік құқы­ғын ие­ле­ну 1213 зи­ят­кер­лік мен­шік ны­сан­да­ры­на то­лы­ғы­мен ай­ы­рық­ша құқық­ты ие­ле­ну 1214 өзге ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­ге мен­шік құқы­ғын ие­ле­ну 12.2. ағым­да­ғы жал­дау (жер қой­на­уын пай­да­ла­ну құқы­ғын қо­са ал­ған­да), ай­ы­рық­ша құқық­ты іші­на­ра ие­ле­ну 1221 жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке те­ңе­сті­рі­л­ген мү­лік­ті, өн­ді­ріл­ме­ген қар­жы­лық емес ак­тив­тер­ді (жер, оның қой­на­уы) қо­с­па­ған­да, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті жал­дау 1222 жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке те­ңе­сті­рі­л­ген мү­лік­ті жал­дау 1223 жаб­дық­ты және кө­лік құ­рал­да­рын жал­дау 1224 зи­ят­кер­лік мен­шік ны­сан­да­ры­на іші­на­ра ай­ы­рық­ша құқық­ты ие­ле­ну 1225 өзге ма­те­ри­ал­дық еме­се ак­тив­тер­ді пай­да­лан­ға­ны үшін ли­цен­зи­я­лық және өзге тө­лем­дер 12.3. қар­жы ли­зин­гі неме­се кей­ін­нен са­тып алу­мен жал­дау 1231 жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке те­ңе­сті­рі­л­ген мү­лік­ті қо­с­па­ған­да, кей­ін­нен са­тып алу­мен жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті жал­дау 1232 жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке те­ңе­сті­рі­л­ген мү­лік­тің қар­жы­лық ли­зин­гі 1233 жаб­дық­тың және кө­лік құ­рал­да­ры­ның қар­жы­лық ли­зин­гі 12.4. өзге тө­лем­дер 1241 өзге тө­лем­дер: іле­с­пе тө­лем­дер (ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар, тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы, ко­мис­си­я­лар), қа­те есеп­ке жа­зы­л­ған со­ма­лар­ды қай­та­ру және жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті, бас­қа жаб­дық­ты және кө­лік құ­рал­да­рын (са­тып алу және са­ту­дан бас­қа), өн­ді­ріл­ме­ген қар­жы­лық емес ак­тив­тер­ді, зи­ят­кер­лік мен­шік ны­сан­да­рын, ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­ді қол­да­на оты­рып жүр­гі­зі­л­ген опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша бас­қа да тө­лем­дер 13. Қар­жы құ­рал­да­ры­мен опе­ра­ци­я­лар 13.1. қары­здар, ка­пи­тал­ға қа­ты­су құ­рал­да­ры, ба­ға­лы қа­ға­з­дар, туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры 1311 қар­жы құ­рал­да­ры бой­ын­ша тө­лем­дер: қары­здар (бе­ру және өтеу), ка­пи­тал­ға қа­ты­су құ­рал­да­ры (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ды қа­лып­та­сты­ру, са­тып алу, са­ту), ба­ға­лы қа­ға­з­дар (са­тып алу, са­ту, өтеу) және олар бой­ын­ша кі­рі­стер­ді тө­леу (сый­а­қы, ди­ви­денд­тер, бө­лін­ген пай­да) 1312 туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры бой­ын­ша тө­лем­дер және олар бой­ын­ша кі­рі­стер­ді тө­леу 13.2. бро­кер­лік қыз­мет көр­се­ту, порт­фель­ді ин­ве­сти­ци­я­лық бас­қа­ру (егер қар­жы құ­ра­лын анық­тау мүм­кін­ді­гі бол­ма­са) шар­тта­ры­ның шең­бе­рін­де 1321 бро­кер­мен, бас­қа­ру­шы ком­па­ния - ре­зи­дент­пен жа­сал­ған шар­ттар бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар 1322 бро­кер­мен, бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­мен, бей­ре­зи­дент - ин­ве­сти­ци­я­лық банк­пен жа­сал­ған шар­ттар бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар 13.3. мү­лік­ті се­нім­гер­лік бас­қа­ру, тра­с­ті­лер 1331 ре­зи­дент-се­нім­гер­лік бас­қа­ру­шы­мен жа­сал­ған шар­ттар бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар 1332 бей­ре­зи­дент-се­нім­гер­лік бас­қа­ру­шы­мен жа­сал­ған шар­ттар бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар 13.4. бір­лес­кен қыз­мет қа­ты­су­шы­сы­ның мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­уы (1, 2-бө­лім­дер­ге ен­гі­зі­л­ген опе­ра­ци­я­лар­ды қо­с­па­ған­да) 1341 бір­лес­кен қыз­мет­ті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жү­зе­ге асы­ру­ды көз­дей­тін шар­ттар бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар 1342 бір­лес­кен қыз­мет­ті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жү­зе­ге асы­ру­ды көз­дей­тін шар­ттар бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар 13.5. өзге тө­лем­дер 1351 өзге тө­лем­дер: іле­с­пе тө­лем­дер (ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар, тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы, ко­мис­си­я­лар), қа­те есеп­ке жа­зы­л­ған со­ма­лар­ды қай­та­ру және қар­жы құ­рал­да­рын, элек­трон­дық ақ­ша­лар­ды қол­да­на оты­рып жүр­гі­зі­л­ген опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша, бро­кер­лік қыз­мет көр­се­ту, порт­фель­ді ин­ве­сти­ци­я­лық бас­қа­ру, се­нім­гер­лік бас­қа­ру, траст, бір­лес­кен қыз­мет шар­тта­ры бой­ын­ша бас­қа да тө­лем­дер 14. Мен­шік шот­та­ры және са­уда-сат­тық емес опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша тө­лем­дер және (неме­се) ақ­ша ауда­рым­да­ры 14.1. мен­шік шот­та­ры бой­ын­ша 1411 бас­қа ре­зи­дент-банк­те­гі мен­шік шот­қа (мен­шік шот­тан) ақ­ша ауда­ру 1412 ше­тел­дік банк­те­гі мен­шік шот­тан (мен­шік шот­қа) ақ­ша ауда­ру 1413 ре­зи­дент-банк­те­гі шот­тан қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сын алу 1414 ре­зи­дент-банк­те­гі шот­ты тол­ты­ру үшін қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сын са­лу 1415 1419 кодын­да көз­дел­ген опе­ра­ци­я­ны қо­с­па­ған­да, банк­тің кли­ент­тен ұлт­тық ва­лю­та­ға ше­тел ва­лю­та­сын са­тып алуы 1416 банк­тің кли­ент­ке ұлт­тық ва­лю­та­ға ше­тел ва­лю­та­сын са­туы 1417 банк­тің кли­ент­тен (кли­ент­ке) ше­тел ва­лю­та­сын бас­қа ше­тел ва­лю­та­сы­на са­тып алуы (са­туы) 1418 өзге ва­лю­та­лық құн­ды­лық­тар­ды са­тып алу/са­ту 1419 кли­ент­тің бұ­рын са­тып ал­ған және бел­гі­лен­ген мер­зім­де пай­да­лан­ба­ған ше­тел ва­лю­та­сын са­туы 14.2. үшін­ші тұ­лға­лар­дың (мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың, бас­қа ұй­ым­дар мен же­ке тұ­лға­лар­дың) пай­да­сы­на тө­лем­дер және (неме­се) ақ­ша ауда­рым­да­ры 1421 өте­у­сіз ауда­рым­дар, өте­у­сіз қар­жы­лық кө­мек, мү­ше­лік жар­на­лар және үшін­ші тұ­лға­лар­дың пай­да­сы­на бас­қа да тө­лем­дер және (неме­се) ақ­ша ауда­рым­да­ры 1422 ре­зи­дент-банк­те үшін­ші тұл­ға­ның шо­тын тол­ты­ру үшін қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сын ен­гі­зу 1423 тө­лем кар­та­ла­рын қол­да­на оты­рып жүр­гі­зі­л­ген тө­лем­дер (егер опе­ра­ция бас­қа­ша жік­тел­ме­се) 1424 баж­дар, са­лық­тар, ай­ып­пұл­дар, сот ше­шім­де­рін және бас­қа­лар­ды тө­леу 1425 зей­не­та­қы, жа­ла­қы, іс­са­пар шы­ғын­да­рын тө­леу 1426 банк­тік шот­тар бой­ын­ша сый­а­қы және ко­мис­си­я­лар 14.3. іле­с­пе тө­лем­дер 1431 өзге тө­лем­дер: іле­с­пе тө­лем­дер (ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар, тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы, ко­мис­си­я­лар), қа­те ауда­ры­л­ған со­ма­лар­ды қай­та­ру және 14.1, 14.2-бө­лім­дер­ге ен­гі­зіл­ме­ген бас­қа да опе­ра­ци­я­лар
Тармақ 2
2. Банк­тік шот­тар­ды қол­дан­бай жүр­гі­зі­л­ген опе­ра­ци­я­лар 21. Кли­ент­тер­ден ва­лю­та­лық құн­ды­лық­тар­ды са­тып алу (қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сын қо­с­па­ған­да) 2101 чек­тер, век­сель­дер және бас­қа тө­лем құ­жат­та­рын са­тып алу 2102 та­зар­ты­л­ған ал­тын­нан жа­сал­ған өл­ше­уіш құй­ма­лар­ды және бас­қа да ва­лю­та­лық құн­ды­лық­тар­ды са­тып алу 22. Кли­ент­тер­ге ва­лю­та­лық құн­ды­лық­тар­ды са­ту (қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сын қо­с­па­ған­да) 2201 чек­тер, век­сель­дер және бас­қа тө­лем құ­жат­та­рын са­ту 2202 та­зар­ты­л­ған ал­тын­нан жа­сал­ған өл­ше­уіш құй­ма­лар­ды және бас­қа да ва­лю­та­лық құн­ды­лық­тар­ды са­ту 23. Шот ашпай жүр­гі­зі­ле­тін тө­лем­дер және (неме­се) ақ­ша ауда­рым­да­ры 2301 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да­ғы тө­лем және (неме­се) ақ­ша ауда­ры­мы 2302 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жі­бе­рі­л­ген неме­се ше­тел­ден алын­ған тө­лем және (неме­се) ақ­ша ауда­ры­мы
Басқа 3. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесіне 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысына 9-қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп Әкімшілік деректер нысанының индексі: ПР-9 Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезең: ____ жылғы _______ ай Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 (он сегізінші) күніне дейін (қоса алғанда) Уәкілетті банктің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________________________________________________
Тармақ 1
1. Ва­лю­та­лық шар­ттың де­ректе­ме­ле­рі Ва­лю­та­лық шар­ттың нө­мі­рі Ва­лю­та­лық шар­ттың кү­ні Ва­лю­та­лық шар­ттың есеп­тік нө­мі­рі 1.1 1.2 1.3 кестенің жалғасы
Тармақ 2
2. Тө­лем құ­жа­ты бой­ын­ша ақ­ша жө­нел­ту­ші Ата­уы неме­се те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) БСН, же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бұ­дан әрі - ЖСН) Ел­дің ко­ды Ре­зи­дент­ті­лік бел­гі­сі Эко­но­ми­ка сек­то­ры­ның ко­ды 2.1 2.2 2.3 2.4 2.5 кестенің жалғасы
Тармақ 3
3. Тө­лем құ­жа­ты бой­ын­ша бе­не­фи­ци­ар Ата­уы неме­се те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) БСН, ЖСН Ел­дің ко­ды Ре­зи­дент­ті­лік бел­гі­сі Эко­но­ми­ка сек­то­ры­ның ко­ды 3.1 3.2 3.3 3.4 3.5 кестенің жалғасы
Тармақ 4
4. Ва­лю­та­лық опе­ра­ция ту­ра­лы ақ­па­рат Кү­ні Ва­лю­та­лық опе­ра­ци­я­ның ко­ды Тө­лем бел­гі­леу ко­ды (ТБК) Ва­лю­та­ның мың бір­лік­пен со­ма­сы Тө­лем ва­лю­та­сы­ның ко­ды Тө­лем бел­гі­сі Ақ­ша ауда­ры­мы­ның іш­кі­кор­по­ра­тив­тік бел­гі­сі Ақ­ша шы­ға­ру­ға бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­ның бел­гі­сі 4.1 4.2 4.3 4.4 4.5 4.6 4.7 4.8 кестенің жалғасы
Тармақ 5
5. Ва­лю­та­лық опе­ра­ция бой­ын­ша контр­агент­тің ұй­ы­мы (банк) ту­ра­лы ақ­па­рат Ұй­ым­ның (банк­тің) сәй­кестен­ді­ру ко­ды (БСК) Ата­уы Ел­дің ко­ды 5.1 5.2 5.3 кестенің жалғасы
Тармақ 6
6. Ва­лю­та­лық шарт бой­ын­ша ақ­ша жө­нел­ту­ші Ата­уы неме­се те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) БСН, ЖСН Ел­дің ко­ды Ре­зи­дент­ті­лік бел­гі­сі Эко­но­ми­ка сек­то­ры­ның ко­ды 6.1 6.2 6.3 6.4 6.5 кестенің жалғасы
Тармақ 7
7. Ва­лю­та­лық шарт бой­ын­ша ақ­ша алушы Ата­уы неме­се те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) БСН, ЖСН Ел­дің ко­ды Ре­зи­дент­ті­лік бел­гі­сі Эко­но­ми­ка сек­то­ры­ның ко­ды 7.1 7.2 7.3 7.4 7.5 кестенің жалғасы
Тармақ 8
8. Ес­керт­пе Атауы ______________________ Мекенжайы ____________________ Телефоны __________________________________________________ Электрондық поштаның мекенжайы ___________________________ Орындаушы ________________________________ _____________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам ___________________________________________ ______________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «___» _____________
Басқа 3.1. Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – ПР – 9, кезеңділігі – ай сайын)
«Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп» нысанына қосымша Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – ПР – 9, кезеңділігі – ай сайын)
Тарау 1
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды уәкілетті банк ай сайын ұсынады және өзі жүргізген валюталық операциялар, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша сомасы 50 000 (елу мың) АҚШ долларына баламасы тең немесе одан асатын валюталық операциялар туралы ақпаратты, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша сомасына қарамастан шетел валютасын сатып алу және сату туралы ақпаратты қамтиды.
Тармақ 4
4. Нысанға басшы немесе бас бухгалтер және орындаушы тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, қол қояды.
Тарау 2
Тармақ 5
5. Нысан, клиенттің тапсырмасы бойынша сомасына қарамастан есепке енгізілетін шетел валютасын сатып алу және сату бойынша валюталық операцияларды қоспағанда, есепті кезеңде сомасы 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттары долларына баламасы тең немесе одан асатын валюталық операциялар бойынша ақпаратты қамтиды.
Тармақ 6
6. Нысанға «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының, оның аумағында жасалатын валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасын айырбастау пунктері арқылы сатып алу (сату) бойынша ақпарат кірмейді.
Тармақ 7
7. Валюталық операциялар Нысанда: клиенттердің тапсырмалары бойынша (оның ішінде төлем карточкаларын қолдана отырып жүзеге асырылған) төлемдер және (немесе) ақша аударымдары – клиенттің уәкілетті банктегі банктік шотына ақша есептеу (клиенттің уәкілетті банктегі банктік шотынан ақша есептен шығару) күні; уәкілетті банктің меншікті төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша – уәкілетті банктің корреспонденттік шотына ақша есептеу (уәкілетті банктің корреспонденттік шотынан ақша есептен шығару) күні; басқа валюталық операциялар бойынша – операциялар жасау күні көрсетіледі. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақпаратты уәкілетті банк резиденттен немесе бейрезиденттен осындай төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты алуына қарай түзетеді.
Тармақ 8
8. Нысанның 1, 6 және 7-бөліктері валюталық шарт негізінде валюталық операциялар жүргізілген жағдайда толтырылады.
Тармақ 9
9. Нысанның 1-бөлігінде валюталық шарттың деректемелері көрсетіледі. 1.3-баған валюталық шартқа есептік нөмір берілсе толтырылады.
Тармақ 10
10. Нысанның 2 және 3-бөліктерінде төлем құжатына сәйкес ақша жөнелтуші және бенефициар туралы ақпарат көрсетіледі. 2.3, 3.3-бағандарда ақша жөнелтушінің, бенефициардың тіркелген елінің (заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін) немесе тұрақты тұратын елінің (Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген азаматтығы немесе құқығы негізінде жеке тұлға үшін) «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары» ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес екі әріптік коды толтырылады. 2.4, 2.5, 3.4, 3.5-бағандар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары) сәйкес толтырылады. Жеке тұлғаның банктік шотына үшінші тұлға қолма-қол ақша енгізген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттан қолма-қол ақша салған (алған) кезде Нысанның 2 және 3 бөліктерінде шоттың иесі туралы ақпарат толтырылады. Жеке тұлғаның банктік шотына үшінші тұлға қолма-қол ақша салғанда 2-бөлігінде ақша енгізетін тұлға туралы, 3-бөлігінде шоттың иесі туралы ақпарат толтырылады. Уәкілетті банк шетел валютасын, чектерді, вексельдерді, басқа төлем құжаттарын немесе өзге валюталық құндылықтарды сатқан кезде Нысанның 2-бөлігінде уәкілетті банк туралы, Нысанның 3-бөлігінде сатып алушы клиент туралы ақпарат көрсетіледі. Уәкілетті банк шетел валютасын, чектерді, вексельдерді, басқа төлем құжаттарын немесе өзге валюталық құндылықтарды сатып алған кезде Нысанның 2-бөлігінде сатушы клиент туралы ақпарат, Нысанның 3-бөлігінде уәкілетті банк туралы ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 4-бөлігінде валюталық операция туралы ақпарат көрсетіледі. 4.2-баған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес толтырылады. 4.3-баған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады. 4.5-бағанда «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес валюталардың үш таңбалы әріптік коды көрсетіледі. 4.6-бағанда «01» – жөнелтілген төлемдер немесе ақша аударымдары, уәкілетті банктің қолма-қол шетел валютасын алуы немесе шетел валютасын сатуы бойынша операциялары, чектер, вексельдер, басқа да төлем құжаттары немесе өзге валюталық құндылықтар үшін, «02» – кіріс төлемдер немесе ақша аударымдары, уәкілетті банктің қолма-қол шетел валютасын есептеуі немесе шетел валютасын сатып алуы бойынша операциялары, чектер, вексельдер, басқа төлем құжаттары немесе өзге валюталық құндылықтар үшін көрсетіледі. 4.7-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелері немесе бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жүзеге асырылса «1» белгісі, қалған жағдайларда «0» белгісі көрсетіледі. 4.8-баған Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай түрде толтырылады: «1» – тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттен резиденттің уәкілетті банктеріндегі банктік шотына алуға жататын ақша аударымын жүзеге асыру көзделмесе, бейрезиденттің резидентке (уәкілетті банкті қоспағанда) ақша ұсынуы көзделетін қаржылай қарыз; «2» – тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттен резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шотына алуға жататын ақша аударымын жүзеге асыру көзделмесе, резидентте (уәкілетті банкті қоспағанда) бейрезидентке ақша қайтару бойынша талаптардың туындауы көзделетін қаржылай қарыз; «3» – резиденттің қаржылай қарыз мәнін пайдаланғаны үшін сыйақы төлемей 720 (жеті жүз жиырма) күннен астам мерзімге үлестес тұлға болып табылмайтын бейрезидентке ақша ұсынуы көзделетін қаржылай қарыз; «4» – егер тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттің экспортқа ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап 720 (жеті жүз жиырма) күннен асса экспорт бойынша операциялар; «5» – егер тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттің импорт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда бейрезиденттің ақша қайтару бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі (аванстық төлем немесе толық алдын ала ақы) импортқа ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап 720 (жеті жүз жиырма) күннен асса импортқа ақы төлеу бойынша операциялар; «0» – қалған жағдайларда. «5» белгісі бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі деп бейрезидент тауар жеткізілмеген (қызметтер көрсетілмеген, жұмыстар орындалмаған) жағдайда ақшаны (аванстық төлемді немесе толық ақыны) қайтару бойынша міндеттемелердің мерзімі түсініледі. Егер валюталық шарт талаптарында тауар жеткізілмеген (қызметтер көрсетілмеген, жұмыстар орындалмаған) жағдайда ақшаны қайтару үшін бөлек мерзім көзделмесе, онда міндеттемелерді орындау мерзімі деп тауарды жеткізу (қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау) мерзімі түсініледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 5-бөлігінде валюталық операциялар бойынша контрагенттің ұйымы (банк) - төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін ақша жөнелтуші ұйым (банк), жөнелтілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін бенефициар ұйым (банк) туралы ақпарат көрсетіледі. Банкішілік валюталық операциялар бойынша есеп беретін уәкілетті банк туралы ақпарат көрсетіледі. Негізінде төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілетін құжаттарда ақша жөнелтуші ұйым (банк) туралы ақпарат болмаған кезде 5-бөлік толтырылмайды. 5.3-бағанда ақша жөнелтуші ұйым (банк) немесе бенефициар елінің «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары» ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес екі әріптік коды толтырылады. Банкішілік валюталық операциялар үшін «KZ» коды көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 6 және 7-бөліктерінде валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші немесе ақша алушы туралы мәліметтер көрсетіледі. Егер валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші (алушы) төлем құжаты бойынша ақша жөнелтушімен (бенефициармен) сәйкес келетін болса, онда 6 (7) - бөлікте Нысанның 2 (3) - бөлігіне ұқсас ақпарат толтырылады. 6.3. және 7.3-бағандарда валюталық шарт бойынша ақша жөнелтушінің немесе алушының тіркелген елінің (заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін) немесе тұрақты тұратын елінің (Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген азаматтығы немесе құқығы негізінде жеке тұлға үшін) «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары» ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес екі әріптік коды толтырылады. 6.4, 6.5, 7.4, 7.5-бағандар Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.
Тармақ 14
14. Нысанның 8-бөлігінде Нысанның 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-бөліктерінде енгізілмеген қосымша ақпарат: инвестициялау объектісі, бағалы қағаздардың эмитенті, жылжымайтын мүлік объектісінің елі, төлемнің ерекше талаптары туралы ақпарат, валюталық заңнама бойынша жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шотына ақша есептеу күні көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нақтылайтын ақпараттың Нысанның 8-бөлігінде болмауы бұзушылық болып табылмайды. Нысанға белгіленген шекті мәннен аз сомадағы валюталық операцияларды енгізу бұзушылық болып табылмайды.
Тармақ 16
16. Есепті кезең үшін ақпарат болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.
Тармақ 17
17. Нысанға түзетулер өзгерістер, толықтырулар) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 34-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.
Басқа 4. 2-кесте. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшерін ұлғайту сомасы
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесіне 4-қосымша 2-кесте. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшерін ұлғайту сомасы
Басқа 5. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесіне 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан