Об утверждении паспортов бюджетных программ администратора программ - Мангистауское областное управление по чрезвычайным ситуациям Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағдарламалар әкімшісі - Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бюджеттік бағдарламасының паспорттарын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қаулының қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты Маңғыстау облыстық әділет департаментінің 10.01.2005 № 2/46 хатымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын, мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 Қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған бағдарлама әкімшісі - Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бюджеттік бағдарламасының паспорты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (Қ.С.Хайрушев) тоқсан сайын белгіленген мерзімде өзінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебін тоқсан сайын облыстық қаржы басқармасына табыс етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсін.
Басқа 4
қосымша Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 256 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 2003 жылға арналған жергілікті деңгейдегі мобилизациялық жұмыс іс-шараларының (бюджеттік бағдарламалардың атауы) ПАСПОРТЫ
Тармақ 1
1. Құны - 16640 мың теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негіздері: Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының құрылымын жетілдіру туралы" N 2541 1995 жылдың 19 қазанындағы жарлығы ; Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы 1999 жылдың 2 сәуірінде бекіткен Мемлекеттік мекеменің Ережесі; Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылдың 16 мамырындағы N 321-11 Заңы ; Облыс Мәслихатының«"2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы"»N 23/233 Шешімі 2002 жылғы 20 желтоқсан.
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көздері: Облыстық бюджет.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламалардың мақсаты: Жергілікті деңгейдегі мобилизациялық жұмысқа сай іс-шаралары.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламалардың міндеттері (кіші бағдарлама): қосымша басқару пунктінің ұсталымы; құлақтандыру қызметінің ұсталымы; ұзақ сақтау қоймасының ұсталымы; мобилизациялық жұмысқа сай іс-шараларын қамтамасыздандыру; облыстық радиотармағын ұйымдастыру; облыс аймағын сейсмологиялық аудандастыруға бағытталатын шаралар.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шараларының жоспары: № Бағдарламалардыңкоды Бағдарлама ның бөлімшесі- нің атауы Бағдарламаның атауы (бағдарла-маның бө- лімшелері) Іске асырылушы бағдарламаның (бағдарлама бөлімшелерінің) іс-шаралары Іске асыру мерзімі Жауапты орындау- шылар 1 2 31 00 Жергілікті деңгейдегі мобилизациялық жұмыс жөніндегі іс-шаралар Оларға жүктелген міндеттерін орындау үшін штат бойынша бекітілген 4 оперативтік кезекші- лер бірлігі бар қосымша басқару пунктісінің күтімі Құлақтандыру қызметінің ұсталымы: - құлақтандыру тобының үш операторын жалақы төлемімен және оған қосылатын есептемесімен ұстау үшін байланысқа келісім шартын жасау ұзақ сақтау қоймасының ұсталымы: - коммуналдық қызметтер, эл.энергиясы, жылу, ғимараттың күтімі және басқа қызметтер үшін келісім шартын жасау Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстың аудандары мен қалаларына барып облыс кәсіпорындарының жағдайын тексеру шараларын жүргізу Облыстық радиотармақ ұйымдастыру,істен шыққан телефон кабелін ауыстыру: -негізгі құралдар алуға және басқа қызметтерге келісім шартын жасау Жыл бойына Үнемі Үнемі Үнемі Үнемі Қаржы бөлімі Байланыс және құлақтан-дыру бөлімі Қаржы бөлімі Мемлек-к инспекц. бастығы Байланыс және құлақтан-дыру бөлімі
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуынан күтілетін нәтижелер:
Тармақ 1
1. Бюджеттік қаражатты оңтайлы пайдалану, бюджеттік қаражатты толық игеру, несиелік қарызды болдырмау, қаражатты мақсаттан тыс пайдалануға жол бермеу.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жергілікті деңгейдегі мобилизациялық жұмыс шараларын дер кезінде өткізу.
Тармақ 3
3. төтенше жағдайлардың болған жағдайда халықты және облыс кәсіпорындарын дер кезінде құлақтандыру.
Тармақ 4
4. Ұзақ сақтау қоймаларының мүлігінің бүлінбеуін қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Облыстық радиотораптың уақытында ұйымдастырылуы.
Тармақ 6
6. Облыс аймағын сейсмологиялық аудандастыруға бағытталған шараларды дер кезінде жүзеге асыру.