Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Ұлытау ауданының төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 17 шілдедегі №4 хаттамасы негізінде, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Авариялық жағдайдың туындау қауіпіне байланысты, адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін, Ұлытау ауданы, Қарсақпай кенті, Сәтбаев көшесіндегі №73 үйде жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Сәрсембайұлы Оспанов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.