Об областном смотре народного творчества и днях культуры городов и районов области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық көркемөнерпаздар байқауын және қалалармен, аудандардың мәдениет күндерін өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.12.2004 № А-1/332 қаулысымен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес көркемөнерпаз халық творчествосын одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі қаулы етті:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы наурыз-сәуір айлары арасында «Өнерді қолдау - Отанды қолдау» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауы өткізілсін.
Тармақ 2
2. Жоғарыда көрсетілген байқау аясында Ақмола облысы қалалар мен аудандардың мәдениет күндері өткізілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері мәдениет күндерін ұйымдастыру мен өткізу бойынша тиісті шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) «Өнерді қолдау - Отанды қолдау» атты көркемөнерпаздар байқауын өткізу ережесі (қосымша 1)
Тармақша 2
2) «Өнерді қолдау - Отанды қолдау» атты көркемөнерпаздар байқауын өткізу жөніндегі ұйымдастыру алқасының құрамы (қосымша 2)
Тармақша 3
3) «Өнерді қолдау - Отанды қолдау» атты көркемөнерпаздар байқауының қазылар құрамы (қосымша 3)
Тармақша 4
4) Ақмола облысы қалалар мен аудандардың аймақтық мәдениет күндерін өткізу кестесі (қосымша 4)
Тармақ 5
5. Облыстық мәдениет басқармасы облыстық көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы жөнінде ақпаратты Ақмола облыстық әкім аппаратына 2003 жылы 01.06. күні тапсырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ж.Жалмағамбетоваға жүктелсін.
Басқа 11
1 қосымша Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына «06» 01 2003 ж. № а-1/1 Ақмола облысының «Өнерді қолдау – Отанды қолдау» атты көркемөнерпаздар байқауының ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Бұл «Өнерді қолдау - Отанды қолдау» көркемөнерпаздар байқауының ережесі ауылдық халық шығармашылығында жаңа көркемөнерпаздар ұжымдарын құрып және оны одан әрі жандандыру мақсатымен жасалып отыр.
Тармақ 2
2. Байқаудың құрылтайшысы - Ақмола облыстық әкімдігі.
Тармақ 3
3. Байқаудың ұйымдастырушылары облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығы
Тарау 2. 2. Байқаудың негізгі міндеттері
2. Байқаудың негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. «Өнерді қолдау - Отанды қолдау» көркемөнерпаздар байқауының негізгі міндеттері болып саналады:
Тармақша 1
1) Ең үздік ауылдық клубтар мен мәдениет үйлері жұмысының озық тәжірибесін енгізу, жинақтау, жақсарту; осылардың негізінде қала мен аудандардың аймақтық мәдениет күндері өткізіледі.
Тармақша 2
2) Музыкалық аспаптар, киімдер сатып алу және репертуарды толықтыру үшін жергілікті жерлерде дер кезінде көмек көрсету.
Тармақша 3
3) Орындау шеберлігін жетілдіру үшін ұжымдар базасында жанрлар бойынша мамандар тартып шебер-класс өткізу.
Тармақша 4
4) Шығармашылық ұжымға тарту барлық жас санаты бойынша тұрғындарға жеткізілу.
Тармақша 5
5) Қолданбалы өнерші - кәсіпшілер көрмесін өткізуде қала, аудан мүмкіншілігін толық мөлшерде көрсету.
Тармақша 6
6) Қалалық және аудандық мәдениет бөлімдеріне жергілікті жерлерде әкімшілік тәртіппен «Ауылды жандандырайық» атты қайырымдылық акциясын өткізу және қолдау.
Тармақша 7
7) Ауыл мәдениет мекемелерін өңдеу және көркейту, ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу.
Тарау 3. 3. Байқауды өткізу шарты
3. Байқауды өткізу шарты
Тармақ 5
5. Облыстық байқау аясында ауылдық клубтар мен мәдениет үйлері негізінде қала мен аудан күндерін келісімді әкімдіктің қаулысымен бекітілген кестеге сәйкес Ақмола облысы көркемөнерпаздар байқауын өткізу ұсынылады.
Тармақ 6
6. Шығармашылық бағдарламада болуға тиіс: Гала-концерт; Қайырымдылық акция және тұсаукесер; Қолданбалы және бейнелеу өнері шеберлерінің көрмесі
Тармақ 7
7. Бағалау өлшемі: Жоғары орындау шеберлігі; Репертуарлық сәйкестігі; Орындалатын репертуардың сапалық сахналық үндестігі; Жергілікті аймақтық орындау мақамын игеру және этнографиялық алғашқы бастамасына киімнің сәйкестігі; Бағдарламаны киімдеу, ойдағыдай дыбыс және саздық шешім; Қала және аудандар мәдениет күндерін өткізу шығармашылық бағдарламасының сауатты режиссурасы; Соңғы 3 жыл ішінде ауылдық мәдениет ошақтарының материалдық базасының даму қарқыны.
Тармақ 8
8. Байқау қорытындысы. Конкурстық негізде атақ пен ақшалай сыйлық келесі номинациялар бойынша тағайындалады: Жанрлар ішінде ең үздік көркемөнерпаздар ұжымы: хореография, вокал-хор өнері, театр өнері, аспап жанры, фольклор; Ең үздік көркемөнерпаз, әсем-қолданбалы және бейнелеу өнер халық шебері; Ең үздік жас дарын; Ең үздік ауыл клубы; Мәдениет күндерін өткізудің ең жақсы бағдарламасы;
Тармақ 9
9. Осы номинациялар бойынша ұжымдар мен орындаушыларға «Халық көркем шығармашылық саласында еңбек сіңіргені үшін Ақмола облысы әкімі сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, дипломдар, ақшалай сыйлық және шағын түрдегі «Жандану» ескерткіш мүсіні тапсырылады.
Тармақ 10
10. Жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша қала немесе аудандығына қарамастан бірінші үш орын және бас жүлде тапсырылады.
Тармақ 11
11. Ен үздік өнерпаздар республикалық халық шығармашылық байқауына жіберіледі.
Тарау 4. 4. Қаржыландыру
4. Қаржыландыру
Тармақ 12
12. Бағдарламаны әзірлеу, іссапарлық шығыс, концерт өтетін орынды, жәрмеңке өтетін жерлерді көркемдік безендіру және қайырымдылық акцияларын өткізу қала, аудан қаражаты есебінен жасалады.
Тармақ 13
13. Көкшетау қаласында болатын гала-концертке қатысушылардың, қазылар алқасы мүшелерінің іс сапарлық шығыны, көлік шығысы, Лауреат дипломдарымен марапаттау, сыйақылар облыстық бюджет есебінен жасалады.
Басқа 36
2 қосымша Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына «06» 01 2003 ж. № а-1/1 Ақмола облысы қалалар мен аудандарының аймақтық мәдениет күндері аясында өткізілетін көркемөнерпаздар байқауы жөніндегі ұйым алқасының құрамы 1. Жалмағамбетова Светлана Жақиянқызы - облыс әкімінің орынбасары, ұйымдастыру алқасының төрайымы 2. Сейітжанова Нүрикамал Сейітжанқызы - облыстық мәдениет басқармасының бастығы, ұйымдастыру алқасы төрайымының орынбасары 3. Дмитриенко Елена Александровна - облыстық білім басқармасының бастығы 4. Савицкий Дмитрий Емельянович - облыстық қаржы басқармасының бастығы 5. Ахметов Қанат Ахметұлы - облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы 6. Байдәулетова Күләш Аханқызы - ішкі саясат департаментінің директоры 7. Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары 8. Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы - ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы 9. Әбдіхалық Жомарт - «Арка ажары» газетінің бас редакторы 10. Косянюк Валентина Викторовна - «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы 11. Шураев Арман Төлегенұлы - облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы
Басқа 37
3 қосымша Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына «06» 01 2003 ж. № а-1/1 Ақмола облысы қалалар мен аудандарының аймақтық мәдениет күндері аясында өткізілетін көркемөнерпаздар байқауы жөніндегі қазылар алқасының құрамы 1. Кәкенов Базарбай Мұхамеджанұлы облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, қазылар алқасының төрағасы 2. Біләлова Күміс Әбдібекқызы - облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры 3. Базаров Тұрлығожа Базарұлы - облыстық филармонияның қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижеры (келісімді) 4. Ісмұрзинова Асылтас Балапайқызы - Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы, хор дирижеры (келісімді) 5. Тілеулина Мәдина Бекетқызы - балетмейстер, «Көкшетау» халықтық би ансамблінің Жетекшісі (келісімді) 6. Бектасов Шағбан Темірболатұлы - облыстық ескерткіштерді қорғау инспекциясының бас маманы 7. Кочетова Галина Леонидовна - «Көкшетау» мәдениет Сарайының көркемдік Жетекшісі (келісімді)
Басқа 38
4 қосымша Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына «06» 01 2003 ж. № а-1/1 Облыстық халық творчествосы байқауының аясында Ақмола облысы аудандары мен қалаларының аймақтық мәдениет күндерін өткізу кестесі № Аудан атауы Өткізілетін орны Өткізілу күні 1. Есіл Жақсы Жарқайың Есіл аудандық мәдениет үйі 1-2 наурыз 2. Зеренді Сандықтау Атбасар Зеренді аудандық мәдениет үйі 15-16 наурыз 3. Щучье Көкшетау қаласы Еңбекшілдер Көкшетау қаласы 28-29 наурыз 4. Бұланды Ақкөл Шортанды Ақкөл қаласы 5-6 сәуір 5. Целиноград Аршалы Целиноград аудандық мәдениет үйі 12-13 сәуір 6. Қорғалжын Егіндікөл Астрахан Қорғалжын аудандық мәдениет үйі 19-20 сәуір 7. Ерейментау Степногорск қаласы Ерейментау қаласы 26-27 сәуір 8. Гала-концерт Барлық аудандар (үздік номерлер) Көкшетау қаласы 31 сәуір 1 мамыр 9. Солтүстік Қазақстан облысы Көкшетау қаласы 3 мамыр 10. Қостанай облысы Көкшетау қаласы 4 мамыр