Об утверждении Правил организации санаторно - курортного лечения участников и инвалидов Великой Отечественной войны Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II ҚРЗ Заңына , Маңғыстау облыстық мәслихатының "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 23/233 шешіміне сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Баужанова) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін емдеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Ж.С.Сәрсенқұлов) облыстық бюджет қаражаты есебінен осы мақсатқа арналған шығындарды мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиға жүктелсін.
Басқа 5
Қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
2003 жылғы 29 қаңтарда N 4
қаулысымен бекітілген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін
санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыру
Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11-ҚРЗ Заңына , Маңғыстау облыстық мәслихатының "2003 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 23/233 шешіміне сәйкес жасалған және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыру облыс көлеміндегі санаторий-профилакторийге жолдама бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Санаториялық-курорттық жолдама облыста тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бөлінеді.
Тармақ 3
3. Санаториялық-курорттық жолдамаларды сатып алу облыстық бюджеттік қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыруға қаражат жыл сайын облыстық мәслихаттың алдағы жылға арналған облыстық бюджет жөніндегі шешімімен көзделеді.
Тармақ 5
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастырушы уәкілетті орган болып облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі- уәкілетті орган) саналады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы N 321-11 ҚРЗ Заңына сәйкес санаториялық-курорттық емдеуді жүргізу үшін санаторий-профилакторийді конкурс өткізу жолымен уәкілетті орган белгілейді.
Тарау 2. 2. Санаториялық-курорттық жолдама беру тәртібі
2. Санаториялық-курорттық жолдама беру тәртібі
Тармақ 7
7. Санаториялық-курорттық жолдама алу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) Өтініші;
Тармақша 2
2) жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) тұратын жерін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) медициналық мекемеден санаториялық-курорттық емделу қажеттігі жөнінде мөрмен куәландырылған анықтама.
Тармақ 8
8. Өтініштерді тіркеуді тапсырылған құжаттар негізінде уәкілетті орган жүргізеді.
Тармақ 9
9. Санаторий-профилакторийге жолдама медициналық мекеменің қорытындысы негізінде және тізімдегі кезегіне сәйкес, басқа адамның көмегін және күтімін қажет етпейтін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне беріледі.
Тармақ 10
10. Ардагерлердің өз өтініші бойынша жолдама беруді басқа уақытқа ауыстыруға болады. Жолдаманы алып тұрып, әртүрлі себептермен (қайтыс болуы, науқастанып қалуы, жол жүруі, таға да басқа) пайдалана алмаған жағдайда, жолдама уәкілетті органның ардагерлер мен мүгедектерге қызмет көрсету бөліміне қайтарылады және кезекте тұрған басқа ардагерге беріледі.
Тармақ 11
11. Жолдамаға уәкілетті орган бастығының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.
Тарау 3. 3. Санаториялық-курорттық жолдама алуға
жұмсалатын шығынды қаржыландыру
3. Санаториялық-курорттық жолдама алуға
жұмсалатын шығынды қаржыландыру
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінен түскен өтініштердің есебіне сәйкес қажетті қаржыны бөлу туралы әр айдың 5-жұлдызына дейін санаториялық-курорттық жолдама алу үшін облыстық қаржы басқармасына сұраныс түсіреді.
Тармақ 13
13. Осы сұраныстың негізінде және қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық қаржы басқармасы ағымдағы айдың 10-жұлдызына дейін 258.51.00.149 бюджеттік классификациясы коды бойынша уәкілетті органның есепшотына санаториялық-курорттық жолдама алу үшін қаржы аударады.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган бұл қаржыны санаториялық-курорттық жолдама алу үшін санаторий-профилакторийдің есепшотына аударады. Уәкілетті органның қызметкері сенім хат арқылы санаторий-профилакторийден жолдамаларды алып, ардагерлерге бергенге дейін арнаулы сейфте сақтайды.
Тармақ 15
15. Пайдаланбаған санаториялық-курорттық жолдаманың орнына ақшалай өтемақы төленбейді.
Тарау 4. 4. Есепке алу және есеп беруді жүргізу
4. Есепке алу және есеп беруді жүргізу
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган ай сайын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін санаториялық-курорттық емдеуді ұйымдастыру жөніндегі есебін жүргізіп, әр айдың 9-жұлдызынан кешіктірмей облыстық қаржы басқармасына тапсырады.
Тарау 5. 5. Бақылау
5. Бақылау
Тармақ 17
17. Санаториялық-курорттық емдеуге бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізуді облыстық қаржы басқармасы жүзеге асырады.