Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений кандидатам в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан для встреч с избирателями Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесулер өткізу орындарын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орын-жайлар шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес берілсін.
Тармақ 3
3. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 841 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 104-1155 қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1107 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 маусымда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдесі № 01-1495 қаулысына 1-қосымша Р/с № Орналастыру орны Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы бойынша 1. Қажымұқан және А. Петров көшелерінің қиылысы («Орбита» сауда үйі ауданы) Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы бойынша 2. Ш. Уәлиханов көшесі мен Абай даңғылының қиылысы («Жаннұр» сауда үйінің ауданы) Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы бойынша 3. Мәңгілік Ел даңғылы мен Д. Қонаев көшесінің қиылысы Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы бойынша 4. Бейбітшілік көшесі, № 9 үйдің ауданы («Sine Tempore» сауда үйі ауданы)
Басқа 2
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдесі № 01-1495 қаулысына 2-қосымша Р/с № Орын-жайдың орналасқан жері Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы бойынша 1. Қ. Сәтбаев көшесі, № 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, акт залы Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы бойынша 2. А. Бараев көшесі, № 9/2, «Тұран Астана» колледжі, акт залы Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы бойынша 3. Қабанбай батыр даңғылы, № 53, Қазақстандық Триатлон Федерациясы, мәжіліс залы Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы бойынша 4. Бейбітшілік көшесі, № 11, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты, мәжіліс залы