Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қаражал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдесі № 421 шешіміне 1 қосымша Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар негізінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына уәкілетті орган әлеуметтік көмекті жүзеге асырады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі–уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 3
3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 4
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 5
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 6
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 7
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
Тармақша 8
8) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 9
9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
Тармақша 10
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 11
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай және заттай нысанда Бөліммен көрсетілетін көмек түсініледі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы»" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек келесі атаулы күндер мен мерекелерде бір уақытта көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - Ауғанстан Республикасының аумағында ұрыс қимылдары кезеңінде қатысқан тұлғаларға;
Тармақша 2
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға; төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде кәмелетке толған соң орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын балалар, оқу орындарын бітіргенге дейін (бірақ олар жиырма үш жасына жеткенге дейін);
Тармақша 3
3) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні – 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне; 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
Тармақша 4
4) 9 мамыр – Жеңіс күні – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне;
Тармақша 5
5) 6 шілде – Астана күні – 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға; Қаражал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;
Тармақша 6
6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға; әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтарға (онкологиялық аурулармен ауыратындар және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратындар);
Тармақша 7
7) 1 қазан – Қарттар күні – 70 және одан жоғары жастағы адамдарға;
Тармақша 8
8) 25 қазан - Республика күні - бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдаға және жеті жасқа дейінгі, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға;
Тармақша 9
9) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған, саяси қуғын-сүргін құрбаны мәртебесін алған ақталған азаматтарға.
Тармақ 8
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың жергілікті атқарушы органы бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 9
9. Азаматтарды өмірлік қиын жағдайдағы тұлғалардың санатына жатқызу үшін түпкілікті негіздемелердің тізбесі мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босау, пробация қызметінің есебінде тұру;
Тармақша 2
2) жетімдік;
Тармақша 3
3) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; Туберкулез ауруымен және қатерлі ісікпен ауыратын адамдарға стационарлық емдеуден кейін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді;
Тармақша 4
4) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
Тармақша 5
5) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі. Әлеуметтік көмек азаматқа (отбасына) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты ай ішінде табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан оларға не олардың мүлкіне зиян келтірген жағдайда - тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне табыстарды қоспағанда 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдайға тап болған жағдайда мұқтаждар қатарына жатқызу үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
Тармақша 2
2) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері кірісті ескере отырып 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.
Тармақ 11
11. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар әлеуметтік көмекке бір ай мерзімде жүгіне алады.
Тармақ 12
12. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 13
13. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың жергілікті атқарушы органының келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленеді.
Тармақ 14
14. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі
3. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі
Тармақ 15
15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент әкіміне мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Тармақша 2
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат. Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Тармақ 17
Тармақ 18
18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекті жеке шотқа аудару үшін, өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымынан немесе екінші деңгейдегі банктен ашылған жеке шотын ұсынады.
Тармақ 19
19. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент әкімі бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
Тармақ 20
20. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бектілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент әкіміне жiбередi. Кент әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 21
21. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
Тармақ 22
22. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 23
23. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент әкімінен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 24
24. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
Тармақ 25
25. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Осы Қағидалардың 21 және 22 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету, не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 26
26. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
Тармақ 27
27. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
Тармақша 1
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған жағдайларда жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
Тармақ 29
29. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
Тармақша 4
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады. Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 30
30. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
Тарау 5. 5. Қорытынды ереже
5. Қорытынды ереже
Тармақ 31
31. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды бөлім «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Басқа 1. Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1-қосымша Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
Басқа 2. Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 2-қосымша Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
Басқа 3. Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 3-қосымша Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
Басқа 1. Қаражал қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі
Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдесі № 421 шешіміне 2 қосымша Қаражал қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі
Тармақ 1
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының №216 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2593 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 18 (690) «Қазыналы өңір» газетінде, 2014 жылы 11 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 2
2. Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы XXXXIX сессиясының №420 «Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХXVІІІ сессиясының №216 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3752 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 7 мамырда № 20 (799) «Қазыналы өңір» газетінде жариялаған) шешімі.
Тармақ 3
3. Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы ІІ сессиясының №19 «Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХXVІІІ сессиясының №216 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3840 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 11 маусымда № 25 (804) «Қазыналы өңір» газетінде, 2016 жылғы 17 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялаған) шешімі.
Тармақ 4
4. Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 шілдедегі ІV сессиясының №38 «Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХXVІІІ сессиясының №216 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3940 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 27 тамызда № 36 (815) «Қазыналы өңір» газетінде, 2016 жылғы 2 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялаған) шешімі.
Тармақ 5
5. Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі XVI сессиясының №147 «Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХXVІІІ сессиясының №216 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4404 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жариялаған) шешімі.
Тармақ 6
6. Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 ақпандағы XХХХІІI сессиясының №363 «Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХXVІІІ сессиясының №216 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5705 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жариялаған) шешімі.
Тармақ 7
7. Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 6 мамырдағы XХХХVI сессиясының №390 «Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХXVІІІ сессиясының №216 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5839 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жариялаған) шешімі.