Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына және 2020 жылғы 21 шілдедегі Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының №06-16/1761 хаттамасына сәйкес, Орал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Неусыпов көшесі бойындағы өзі ағынды кәріздік коллектордағы апатқа және қала тұрғындарына ауыз су жетпеу мәселесіне байланысты Орал қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайдың салдарын жою басшысы болып Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Мүлкәй тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы (Ж.Дуйсенгалиев) зардап шеккен объектілерді тексеру жүргізсін.
Тармақ 4
4. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы (И.Джазыкбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.