Об утверждении Правил предоставления водных объектов в обособленное или совместное пользование на конкурсной основе Күшін жойған
Басқа 0
Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің
37-бабы 1-тармағының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 8. Су объектілерін конкурстық негізде
оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 30 шілдесі
№ 178 Бұйрықпен
бекітілген
Су объектілерін конкурстық негізде
оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Су объектілерін конкурстық негізде оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабы
1-тармағының 7-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және су объектілерін конкурстық негізде оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Оқшау немесе бірлесіп пайдалануға су объектілері немесе олардың бір бөлігі (бұдан әрі – су объектілері) беріледі.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғаларға су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру үшін су объектісін пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғалар аумағында су объектісі орналасқан ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органына су пайдаланудың мақсаттары мен мерзімдері қысқаша баяндала отырып, тиісті негіздемемен, су объектісінің орналасқан жерін көрсете отырып, өтініш жолдайды.
Су объектісі 2 және одан да көп аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында орналасқан жағдайда су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру үшін су объектісін пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғалар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органына өтініш жолдайды.
Тармақ 5
5. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы өтініш түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде су объектінің аумақтық қатыстылығы бойынша Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияға (бұдан әрі – Инспекция) сұрау салады.
Тармақ 6
6. Инспекция 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарастырады және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсынысты келіседі, оны пайдаланудың баламалы нұсқалары туралы келісуді жібереді.
Тармақ 7
7. Конкурсқа Инспекция қорытындысы бойынша оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру орынды деп танылған су объектілері ұсынылады.
Тарау 2. 2-бөлім. Су объектілерін конкурстық негізде
оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібі
2-бөлім. Су объектілерін конкурстық негізде
оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібі
Тармақ 8
8. Жеке және заңды тұлғаларға су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары береді. Конкурсты ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – конкурс ұйымдастырушы) ұйымдастырады және өткізеді.
Тармақ 9
9. Конкурс ұйымдастырушы:
құрамына мүдделі мемлекеттік және жергілікті өкілеттік органдардың, бассейндік инспекциялардың өкілдерін, сондай-ақ келісім бойынша үкіметтік емес ұйымдардың және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің коғамдастықтарының (одақтарының) өкілдерін, сондай-ақ аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдерін енгізе отырып, конкурстық комиссия құрады.
Аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалы болмаған жағдайда, комиссия құрамына облыстың өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілі енгізіледі;
конкурс өткізілгенге дейін бір ай бұрын республикалық немесе облыстық маңызы бар мерзімді баспа басылымына және өзінің интернет-ресурсында алда болатын конкурс туралы хабарлама орналастырады.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы болып конкурс ұйымдастырушы басшысы орынбасарларының бірі тағайындалады. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, бірақ бес адамнан кем емес болуы тиіс. Конкурс ұйымдастырушының дауыс беру құқығы жоқ өкілі конкурстық комиссияның хатшысы болып табылады.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі барлық құжаттаманы жүргізеді.
Тармақ 11
11. Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурс ұйымдастырушының атауын және орналасқан жерін;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына өзінің сәйкес келетінін растау үшін конкурсқа қатысушы ұсынатын құжаттардың тізбесі;
Тармақша 3
3) конкурстық құжаттаманы алу орнын, мерзімін және тәсілдерін;
Тармақша 4
4) конкурстық өтінімдерімен конверттерді ашу орнын және уақытын;
Тармақша 5
5) су объектісі орналасқан жердің карта-схемасын, алаңын, жалпы жай-күйін қамтыған, конкурсқа қойылатын су объектісі туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) белгіленген су сервитуттары туралы ақпаратты.
Егер су сервитуттары белгіленбеген жағдайда, мүдделі жеке немесе заңды тұлғалармен олардың шекарасын анықтау қажеттілігі туралы талап:
Тармақша 1
1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;
Тармақша 2
2) малды суару және айдау;
Тармақша 3
3) балық шаруашылығын жүргізу;
Тармақша 4
4) су объектілерін паром, қайық және басқа да шағын көлемді кемелерге арналған су жолдары ретінде пайдалану мақсатында көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Конкурс ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысу үшін өтінім жолдайды.
Тармақ 13
13. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды комиссия хатшысы өтінімдерді тіркеу журналына енгізу арқылы жүргізеді (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысы соңғы бетін қолдарымен және мөрмен бекітіледі) және конкурстық өтінімді ашу уақытына дейін бір күнтізбелік күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 14
14. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасы бойынша хаттаманы ресімдеу жолымен конкурс хабарландыруында көрсетілген мәліметтерге өзгерістер енгізеді.
Енгізілген өзгерістер конкурстық құжаттама алған конкурсқа қатысушыларға 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарланады, бұл ретте конкурстық өтінімдер беру мерзімі 7 (жеті) жұмыс күніне ұзартылады.
Тармақ 15
15. Конкурсқа қатысушылар конкурс туралы хабарландыру шыққан кейін конкурс ұйымдастырушыға осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарына сәйкес, бір данада конкурстық өтінімді бір данада ұсынады.
Тармақ 16
16. Конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімді тігілген түрде, беттерін нөмірлеп, соңғы бетін қолдарымен және мөрмен (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғалардан басқа) растап ұсынады және:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға еркін нысандағы өтінішті;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалар үшін – жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесін;
Тармақша 4
4) жеке тұлғалар үшін – жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмелерін;
Тармақша 5
5) мыналар:
Кодекстің 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес тиісті облыстың жергілікті өкілді органдары белгілеген шарттарда ортақ су пайдалану қағидаларын сақтау туралы;
су қорғаудың іс-шараларын жүзеге асыру;
оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілетін су объектілерінде жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілерінің су қорғау аймақтарының аумақтарында шаруашылық және өзге де қызметтің белгіленген режимін сақтау;
су сервитутын белгілеу жөніндегі міндеттемелерді қамтиды.
Тармақша 6
6) желімделген конвертте жоспарланған инвестицияның қысқаша негіздемесімен су объектіні пайдалануға қатысты конкурсқа қатысушының ниеті білдіріледі.
Тармақ 17
17. Конкурсқа қатысуға белгілгенген мерзім аяқталғаннан кейін берілген конкурстық өтінім салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және қалған конкурстық өтінімдермен бірге сақталады, өтініш жасалған жағдайда, осындай конкурстық өтінімді берген конкурсқа қатысушыға қайтарылады.
Тармақ 18
18. Конкурсқа қатысушы конкурсты өткізу басталғанға дейін су объектісі туралы материалдармен таныса алады.
Тармақ 19
19. Конкурстық комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылардың ұсынған құжаттарын қарап біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер бойынша ескертпелерді жазып алдын ала конкурсқа жіберу хаттамасын рәсімдейді.
Конкурстық өтінімдерді қарау барысында конкурстық комиссия қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау жібереді.
Тармақ 20
20. Алдын ала жіберу хаттамасының көшірмесін 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында орналастырады және конкурсқа қатысушыларға жолдайды.
Тармақ 21
21. Конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында хаттама көшірмесін жариялаған уақыттан бастап конкурсқа қатысушыларға кемшіліктерді жою үшін 3 (үш) жұмыс күні беріледі. Кемшіліктерді жоймаған жағдайда қатысушы конкурстан шығарылады.
Тармақ 22
22. Конкурстық комиссия конкурстық ұйымдастырушы белгілеген жерде және уақытта жоспарланған инвестицияның қысқаша негіздемесімен, су объектісін пайдалануға қатысты конкурсқа қатысушылардың өтініштерімен конверттер ашылады. Конверттерді ашу процедуралары жазбаны тоқтатпай бейне фиксациямен жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушы конверттерді ашу кезінде қатысады.
Тармақ 23
23. Конверттерді ашу нәтижелері отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері мен хатшысы қол қойған конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі. Ашу хаттамасын конкурстық комиссияның хатшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырады.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімді қарастыру барысында конкурсқа қатысушылардан олардың конкурстық ұсыныстары бойынша түсініктеме сұратуы мүмкін.
Тармақ 24
24. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру қорытындыларының және су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануды жүргізудің ең үздік шарттарын ұсыну негізінде айқындайды.
Комиссияның шешімі конкурстық комиссияның отырысына оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде ашық дауыс беру арқылы конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің болмауына растаушы құжат болған кезде дәлелді себептер бойынша ғана жол беріледі.
Тармақ 25
25. Конкурстық орта болмаған жағдайда (бір үміткердің болуы), конкурстың жалғыз қатысушысы егер ол конкурсқа қатысушыларға қойылатын барлық талапты сақтаса, конкурс жеңімпазы болып танылады.
Тармақ 26
26. Өткізілген конкурс қорытындылары конкурстық өтінім салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күнтізбелік күн ішінде отырысқа қатысушы конкурс комиссиясының мүшелері қол қоятын конкурстық комиссияның хаттамасы түрінде шығарылады, оның көшірмесі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысушыларға жіберіледі.
Өткізілген конкурстың қорытындылары конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 27
27. Конкурстық комиссияның хаттамасы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 28
28. Су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімнің негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы мен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарттың үлгі нысаны негізінде конкурс жеңімпазы арасында су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.
Егер конкурс жеңімпазы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімі қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде шартқа қол қоймаса, онда ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес конкурс жеңімпазынан кейін конкурстық өтінімі басымдау деп танылған конкурсқа қатысушыға су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 29
29. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Тармақша 1
1) су объектісін пайдаланудың мәлімделген мақсаттарына сәйкес материалдық-техникалық базаның болуы;
Тармақша 2
2) қаржыландыру көздері мен көлемдерін көрсетіп, үш және одан көп жылдар бойынша даму жоспары (су қорғау іс-шараларын жүргізуді, су объектісін ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектілерін көріктендіру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда);
Тармақша 3
3) төлем қабілетін растайтын құжаттар:
конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы қол қойылған және мөр басылған банктің немесе банк филиалының анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте беріледі;
соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;
конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күнінен бір ай бұрын берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені, не салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы.
Тармақ 30
30. Конкурсқа қатысушы су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға алғаннан кейін бассейндік инспекциялармен келісім бойынша Кодекстің 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес тиісті облыстың жергілікті өкілді органдары белгілеген ортақ су пайдалану ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 31
31. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары осы Қағиданың
2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқшау немесе бірлесіп пайдалануға ұсынылған су объектілерінің тізбесін жасау арқылы есеп жүргізеді және жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей Инспекцияға аталған деректерді ұсынады (оқшау немесе бірлесіп пайдалануға су объектісін беру туралы шарттың көшірмесі).
Басқа 61. Су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға
беру туралы шарттың үлгілік нысаны
Су объектілерін оқшау немесе
бірлесіп пайдалануға конкурстық
негізде беру қағидаларына
1-қосымша
Су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға
беру туралы шарттың үлгілік нысаны
______________________ «___» ___________ ____ жыл
(орналасқан жері)
______________________________________________негізінде әрекет ететін
Әрі қарай Жергілікті атқарушы орган деп аталатын______________________________
(конкурс ұйымдастырушының толық атауы)
атынан___________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))
бір тараптан және_______________________________негізінде әрекет ететін
(Жарғы, Ереже және басқалары)
бұдан әрі Су пайдаланушы деп аталатын____________________________
(су пайдаланушының – конкурс жеңімпазының толық атауы)
атынан___________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))
екінші тараптан,___________________________________________________
(су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалану құқығын беру туралы шешімнің нөмірі мен күні)
негізінде су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалану туралы осы шартты
(бұдан әрі – шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал Су пайдаланушы қолдануға қабылдайды
_________________________________________________________________
(су объектісінің немесе оның бөлігінің атауы)
__________________________________________________________________
(су объектісін немесе оның бөлігін мәлімдеген конкурстық өтінімге сәйкес пайдалану мақсаты)
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 2
2. Белгіленген су сервитуттары болмаған жағдайда шартта Су пайдаланушыға мынадай талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) су сервитуттарының шекараларын:
құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрырғыларды қолданбай су алу;
суат және малды айдау;
балық шаруашылығын жүргізу;
су объектілерін сал, қайық пен басқа да шағын көлемді кемелер үшін су жолдары ретінде пайдалану үшін аңықтау бойынша;
Тармақша 2
2) осы жұмысты орындау және олардың нәтижелерін Атқарушы органға беру мерзімі туралы.
Тармақ 3
3. Суды пайдаланушы конкурстық құжаттамада мәлімдеген іс-шараларды іске асыру жоспары шартқа қосымшада көрсетіледі. Жоспарда іс-шараларды іске асыру мерзімдері мен оны аяқтау нысанын көрсету тиіс.
Тармақ 4
4. Суды пайдаланушы:
Тармақша 1
1) мыналарға:
Қазақстан Республикасының су заңнамасында көзделген шарттар мен талаптарды сақтай отырып, су объектiлерiн берiлген мақсаттарында пайдалануға;
өз қалауы бойынша өзіне тиеслі су объектілерін пайдалану құқығын жүзеге асыруға, бұл ретте басқа тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылуына, су объектісіне және қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермей;
су шаруашылығы қызметін жүзеге асыру үшін су объектілерінің жай-күйі туралы ақпарат алуға;
берілетін судың сапасы мен мөлшерін тексеруге;
су пайдалануға өз құқықтарын қорғауға;
белгiленген су беру лимитi мен режимiне сәйкес құқықтардың, соның iшiнде су алу құқықтарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтетуге үшін;
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы заң актілерінде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақша 2
2) мыналарға:
су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар қабылдауға;
су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтірілуіне жол бермеуге;
белгiленген су пайдалану лимиттерін, рұқсат етілген көлемдері мен режимдерiн сақтауға;
басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;
судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарын пайдалануды есепке алуға, су шаруашылығы құрылыстарының су тарту, су жіберу мен сарқынды және коллекторлық суларды ағызу құрылыстарын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға;
су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;
арнайы су пайдалануға рұқсатта белгiленген су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгiленген мерзiмде толық көлемiнде орындауға;
белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;
жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеу;
су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ су объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы төленуiн жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 5
5. Су пайдаланушы осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін толығымен де, бір бөлігін де біреуге бермейді.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы орган:
Тармақша 1
1) Суды пайдаланушыға су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімнің куәландырылған көшірмесін береді;
Тармақша 2
2) осы шарттың талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
Тармақ 7
7. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 8
8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде су пайдаланушы жергілікті атқарушы органға мұндай мән-жайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер жергілікті атқарушы органнан өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Су пайдаланушы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады.
Тармақ 9
9. Еңсерілмес күш мән-жайлары тоқтағаннан кейін тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды дереу қайта бастайды.
Тарау 4. 4. Қорытынды ереже
4. Қорытынды ереже
Тармақ 10
10. Осы шартқа екі жақ тараптар қол қойған күннен бастап ол күшіне енеді және 20___жылғы « » дейін қолданыста болады.
Тармақ 11
11. Осы шарт мынадай:
Тармақша 1
1) Суды пайдаланушының қызметі тоқтатылған;
Тармақша 2
2) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңнама талаптарының жүйелі түрде бұзылған;
Тармақша 3
3) мемлекеттің қауіпсіздігін және қорғанысын, халықтың денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны, тарихи-мәдени мұраны, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су тапшылығы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде су пайдалану құқығы шектелген жағдайларда бұзылуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша жасалса және қол қоюға уәкілетті тараптардың өкілдері қол қойса және мөрмен бекітілсе (заңды тұлғалар үшін) ғана күші бар деп есептеледі.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы орган және Су пайдаланушы шарт бойынша араларында туындаған немесе олармен байланысты барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процессінде шешу үшін барлық күштерін салуға тиіс.
Тармақ 14
14. Осы шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуге тиіс.
Тармақ 15
15. Осы шарт бірдей заңдық күші бар мемлекеттік және орыс тілінде екі данада жасалды.
Тарау 5. 5. Тараптардың деректемелері
5. Тараптардың деректемелері
«Жергілікті атқарушы орган»
___________________________________________
(атауы)
______________________________________________
(почта, телеграф мекенжайы)
______________________________________________
( банктік деректемелер, жеке сәйкестендіру коды, Банктің толық атауы, Банктің немесе оның филиалдарының мекенжайы)
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса))
______________________________________________
(қолы, мөрі)
«Су пайдаланушы»
____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның мекенжайы)
____________________________________________
(жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер, жеке сәйкестендіру коды, банктің толық атауы, банктің немесе оның филиалдарының мекенжайы)
____________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
____________________________________________
(қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын тұлғалардан басқа))
Басқа 91. Оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерінің тізбесі
Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру қағидаларына
2-қосымша
Оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерінің тізбесі
№
Су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалану құқығы берілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
Су объектісінің атауы
Су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалану мақсаты
Су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалану құқығын беру туралы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шешімінің нөмірі және күні
Су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарттың нөмірі және қолдану мерзімі
1
2
3
4
5
6