Қолданыстағы ред. 27.12.2002

Аудандық бюджеттің резервтік қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы от 27.12.2002 г. № 155 (Аудандық бюджеттің резервтік қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы)

0

Аудандық бюджеттің резервтік қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 17.06.2005 № 185 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі №357-І Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған аудандық бюджеттің резервтік қаражатын пайдаланудың Ережесі бекітілсін.

2

2. Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы №138 "Аудандық бюджеттің резервтік қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" Қаулысының күші жойылсын.

3. Аудандық бюджеттің резервтік қаражатын пайдаланудың ЕРЕЖЕСІ

Аудандық әкімдігінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 155 қаулысымен бекітілген
Аудандық бюджеттің резервтік қаражатын пайдаланудың
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже аудандық бюджеттің резервтік қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібін белгілейді.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Аудандық бюджеттің резерві - тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте қаралған және аудан әкімдігінің қаулысымен көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін бөлінген қаражат.
Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылына кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар.
Аудандық бюджеттің міндеттемелерін өтеу үшін аудандық бюджеттің резервінің құрамындағы қаражат - аудандық бюджеттің резервінің құрамында көзделетін және аудандық бюджеттің міндеттемелерін өтеу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне немесе сот шешімдері бойынша ауданның атқарушы органдарына бөлінетін қаражат.
Аудандық бюджеттің резерв қаражатын алушы - аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі немесе ауданның әкімі.

2

2. Аудандық бюджеттің резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мына шаралар жатады:

1

1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға мыналар енеді:
төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге материалдық көмектер көрсету;
зардап шеккендер үшін уақытша тұруға, тамақтандыруға орындар дайындау және ұстау;
шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету;
қажетті жағдайда қосымша шығыстар тізімін аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарап жасайды және ол аудан әкімінің шешімімен бекітіледі;

2

2) сот шешімдері бойынша атқарушы органдардың міндеттемелерін, сондай-ақ облыстық қаржы басқармасы алдындағы аудандық бюджеттің міндеттемелерін өтеу;

3

3) Аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалған басқа да болжанбаған шығыстар.

2. 2. Аудандық бюджеттің резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі

2. Аудандық бюджеттің резерв қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі

3

3. Аудандық бюджеттің резервінен қаражат бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаражат жылына арналған аудандық бюджеттің шығыстары мен несиелендіруі құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшер шегінде жүзеге асырылады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.

4

4. Аудандық бюджеттің резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Тәртіпте және аудан әкімдігінің резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында қаралмаған мұқтаждарға пайдалануға болмайды.

5

5. Аудандық бюджеттің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар ескеріледі:

1

1) аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;

2

2) үстіміздегі жылы аудандық бюджеттің резерв қаржысында пайда болған қажеттілік және сот шешімдері арқылы атқарушы органдардың міндеттемесін өтеу жағдайын қоспағанда алушының өткендегі міндеттемелеріне байланысты емес жағдайлар.

3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу

6

6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аудандық бюджеттің резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарайды.

7

7. Негіздемелік материалдарды берудің тәртібін және олардың тізбесін аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия айқындайды.

8

8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған кезде аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын заңдарда белгіленген тәртіппен аудан әкімдігіне енгізеді.

9

9. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудандық бюджеттің резерв қаражатының есебінен қаржыландырылады.

4. 4. Соттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу

4. Соттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу

10

10. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда аудандық бюджеттің резерві есебінен қамтамасыз етіледі.

11

11. Аудандық бюджеттің міндеттемелерін өтеуге аудандық бюджеттің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын Заңдарда белгіленген тәртіппен аудандық қаржы бөлімі дайындайды.

12

12. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге аудандық бюджеттің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын Заңдарда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган дайындайды.

5. 5. Басқа болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу

5. Басқа болжанбаған шығыстарға қаражат бөлу

13

13. Аудандық бюджеттің резервінен болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері аудандық қаржы бөліміне тиісті негіздемелерімен және есептемелерімен қаржы бөлу туралы өтініш тапсырады.

14

14. Аудандық қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде аудандық бюджеттің резервінен қаржы бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

15

15. Өтініштерді қарау кезінде ағымдағы қаржы жылында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға қаржыны тиімді бөлу мақсатында ағымдағы әр тоқсанда аудандық бюджеттің резервінен болжанбаған шығыстарға арналып бөлінетін қаржы сомасы жергілікті бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да болжанбаған шығыстарға арналып қаралған қаржының 25% аспауы тиіс. Соның өзінде аудандық бюджеттің резервінен осы мақсатқа қаржы бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы есепке алынады.

16

16. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініші оңды шешім алған жағдайда басқа да болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың сол әкімшісі заңнамаларында белгіленген тәртіппен әзірлейді.

17

17. Аудан әкімінің өтініші оңды шешім алған жағдайда басқа да болжанбаған шығыстарға қаржы бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын аудандық қаржы бөлімі заңнамаларда белгіленген тәртіппен әзірлейді.

6. 6. Бақылау және есептілік

6. Бақылау және есептілік

18

18. Аудандық бюджеттің резервінен бөлінген қаражатты алушылар есеп беруі керек.

19

19. Аудандық қаржы бөлімі аудан әкімдігіне ай сайын аудандық бюджеттің резерві қаражатының пайдаланылуы және қалдықтары туралы ақпарат береді.

20

20. Аудандық бюджеттің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы үшін алушы Қазақстан Республикасының Заңдарында қаралған тәртіппен жауап береді.

21

21. Аудандық бюджеттің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.