Об утверждении Правил проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Есеп комитетінің Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдесі № 6-НҚ нормативтік қаулысына 1-қосымша Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (ИНТОСАИ) ISSAI 100 – 400 халықаралық стандарттарының қолайлы ережелері ескеріле отырып әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – Тексеру комиссиялары) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру, сыртқы мемлекеттік аудитті жоспарлау, жүргізу, оның қорытындылары бойынша құжаттарды ресімдеу, қаржылық бақылауды жүзеге асыру, сыртқы мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қорытындысында берілген ұсынымдардың және Нұсқамалардың орындалуын мониторингілеуді және бақылауды ұйымдастыру, аудиторлық іс-шара нәтижелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілу және мемлекеттік аудит материалдарын есепке алу тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аудит қорытындыларын қайта қарау – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары өздері жүргізген аудит нәтижелері бойынша қалыптастырған дәлелдемелердің анықтығын және тұжырымдардың, қорытындылар мен ұсынымдардың негізділігін растау мақсатында Жоғары аудиторлық палатаның аудит қорытындыларын қайта бағалауды, тексеруді және талдауды (қарауды) жүргізу процесі;
Тармақша 2
2) аудиторлық рәсімдер – аудиторлық іс-шара барысында оны жүргізу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын, аудиторлық іс-шара мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті іс-қимылдар;
Тармақша 3
3) аудиторлық іс-шара – мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша аудиторлық есептер мен аудиторлық қорытындыларды дайындауға, жүргізуге, ресімдеуге бағытталған іс-қимылдар кешені;
Тармақша 4
4) Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – цифрлық жүйе) – аудиторлық және сараптамалық-талдамалық қызметтің цифрлық процестерінің интеграциясына арналған Жоғары аудиторлық палатаның цифрлық жүйесі;
Тармақша 5
5) жүйелі кемшіліктер – кешенді, қайталанатын немесе тұрақты сипаттағы және мемлекеттік басқару жүйесі мен экономика салаларында бұзушылықтардың және/немесе проблемалардың туындау тәуекелдеріне жағдай жасайтын нормативтік және ұйымдық рәсімдердің (тетіктердің), ұйым құрылымының болмауы не болмаса сәйкес келмеуі;
Тармақша 6
6) қаулы – сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қорытындыны бекітетін құжаты;
Тармақша 7
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдары – мемлекеттік аудитті жүргізу үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша жасалған құжаттар және қоса берілетін аудиторлық дәлелдемелер;
Тармақша 8
8) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері);
Тармақша 9
9) мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру – сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды жүргізу кезінде немесе олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау стандарттарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сапа бақылауы шеңберінде тексеру рәсімі;
Тармақша 10
10) мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау – мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де уәкілетті лауазымды адамдары мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде жасайтын құжаттардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі мәніне тексеру және (немесе) талдау;
Тармақша 11
11) мемлекеттік аудиторлардың аудиторлық тапсырмалары (бұдан әрі – Аудиторлық тапсырмалар) – әрбір мемлекеттік аудитордың орындауы үшін міндетті, мемлекеттік аудитті жүргізу бағдарламасында (бұдан әрі – Аудит бағдарламасы) көзделген мәселелерге (немесе көрсеткіштерге) сәйкес келетін және мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит мақсатына қол жеткізуге бағытталған тапсырмалар айқындалған құжат;
Тармақша 12
12) нұсқама – анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жіберілетін, орындау үшін міндетті сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының актісі;
Тармақша 13
13) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары – Жоғары аудиторлық палата, Тексеру комиссиялары;
Тармақша 14
14) тапсырма – аудиторлық іс-шараны жүргізуге және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы шешімдерінің орындалуын тексеруге құқық беретін ресми құжат, «Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркей отырып, қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді;
Тармақша 15
15) цифрлық жүйенің «Мемлекеттік аудит объектісінің кабинеті» модулі (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектісінің цифрлық жүйесі) – мемлекеттік аудит объектісінің цифрлық жүйеге қашықтан қол жеткізуі.
Тармақ 4
4. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мемлекеттік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерін пайдаланудың айқындығын, тиімділігін, жауаптылығын арттыруға бағытталған.
Тармақ 5
5. Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу Заңмен, Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарымен, Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарымен және осы Қағидалармен регламенттелген.
Тармақ 6
6. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Заңда белгіленген құзыретке сәйкес тиімділік аудиті, сәйкестік аудиті және қаржылық есептілік аудиті типтері бойынша аудиторлық іс-шараларды жүргізуі көзделген. Мемлекеттік аудиттің типтері бойынша аудиторлық іс-шараларды жүргізудің ерекшеліктері Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13647 болып тіркелген) Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың тиісті рәсімдік стандарттарымен (бұдан әрі – Рәсімдік стандарттар) айқындалады.
Тармақ 7
7. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қызметінің барлық кезеңдері, мемлекеттік аудиторлардың барлық қызметі, соның ішінде мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша берілген материалдар (қорытындылар) сапа бақылауына жатады. Сапа бақылауы Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген 750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13647 болып тіркелген, бұдан әрі – 750. Рәсімдік стандарт) көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары өзара, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен жүргізетін бірлескен және қатар тексерулерді жоспарлау және жүргізу тәртібі Есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бұйрығымен бірлесіп бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12577 болып тіркелген, бұдан әрі – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидалары) регламенттелген.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру
2-тарау. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру
Тармақ 1. 1-параграф. Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру
1-параграф. Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру
Тармақ 9
9. Мемлекеттік аудит Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі) негізінде жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру Заңның 18-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жоғары аудиторлық палатаның және Тексеру комиссияларының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі цифрлық жүйеде қалыптастырылады.
Тармақ 12
12. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру кезінде:
Тармақша 1
1) мыналар: Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмалары; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелер; жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асыратын мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін бағалау нәтижелері; әлеуметтік-экономикалық дамудың, соның ішінде мемлекеттік басқару және экономика салалары бөлінісіндегі статистикалық деректер қарауға және есепке алуға жатады;
Тармақша 2
2) мыналар: кезекті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатаның есептерін қарау қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының ұсынымдары; кезекті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы және Тексеру комиссияларының есептерін қарау нәтижелері бойынша берілген тиісті мәслихаттардың ұсынымдары; құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың ұсыныстары (ақпараты); шет елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарының бірлескен және қатар аудиторлық іс-шаралар жүргізу бойынша, сондай-ақ тексеру комиссияларының бірлескен (қатар) аудитті жүзеге асыру бойынша ұсыныстары; мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары; бюджет қаражаты мен активтердің қалыптастырылуы және жұмсалуы, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы барысындағы бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу нәтижелері Тізбеге қосудың орындылығы тұрғысынан талданады.
Тармақ 13
13. Аудиторлық іс-шараның бағытын таңдау мынадай өлшемшарттарға: аудиторлық іс-шара бағытының Заңда белгіленген құзыреттерге сәйкестігі; бюджет қаражаты мен активтерді қалыптастыру және (немесе) пайдалану кезінде, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері қызметінде әлеуетті түрде теріс нәтижелерге әкеп соғуы мүмкін тәуекелдердің болуы; бюджет қаражаты мен активтердің жұмсалуының басым бағыттарына сәйкес жоспарланатын жылғы бюджеттің аудитпен қамтылуына; аралық іске асыру қорытындылары бойынша немесе Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды аяқтау кезеңінде бюджет қаражаты мен активтер есебінен объектілерді пайдалануға енгізуде олардың күшін жоюға қою тиімділігіне бағалау жүргізу қажеттілігіне негізделеді. Мемлекеттік аудит объектілерін іріктеу кезінде бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, тәуекелдердің жоғары және орта топтарына жатқызылған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына басымдық беру керек.
Тармақ 14
14. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырудың ішкі тәртібі Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін келісу және бекіту тәртібі
2-параграф. Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін келісу және бекіту тәртібі
Тармақ 15
15. Жоғары аудиторлық палата осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің алдын ала жобасын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 25 қазанына дейін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – Уәкілетті орган) және тексеру комиссияларына жібереді.
Тармақ 16
16. Жоғары аудиторлық палата жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 қарашасына дейін тексеру комиссияларымен және жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 10 қарашасына дейін Уәкілетті органмен хаттама жасай отырып, мемлекеттік аудит объектілерін және мемлекеттік аудитпен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтердің болжамды көлемін келіседі, бірлескен, қатар тексеру жүргізу мәселелерін пысықтайды.
Тармақ 17
17. Жоғары аудиторлық палата жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 қарашасына дейін Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің түпкілікті жобасын Уәкілетті органға және тексеру комиссияларына жібереді.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің келісілген жобасы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейін Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралады және мақұлданады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін келісудің және бекітудің ішкі тәртібі Жоғары аудиторлық палатаның регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Тексеру комиссияларының Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін келісу және бекіту тәртібі
3-параграф. Тексеру комиссияларының Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін келісу және бекіту тәртібі
Тармақ 20
20. Тексеру комиссиясы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 10 қарашасына дейін Жоғары аудиторлық палата және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асыратын бірлескен, қатар тексерулерді Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасына енгізу үшін оларды жүргізу мәселелерін келіседі.
Тармақ 21
21. Тексеру комиссиясы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің алдын ала жобасын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 5 желтоқсанына дейін Жоғары аудиторлық палатаға және Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің келісілген жобасы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін Тексеру комиссиясының отырысында қаралады және мақұлданады.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін келісудің және бекітудің ішкі тәртібі Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу, Тізбені мүдделі органдарға жіберу және оны орналастыру
4-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу, Тізбені мүдделі органдарға жіберу және оны орналастыру
Тармақ 24
24. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін бекіту туралы бұйрықтар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) оларды электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАЖ) арқылы және (немесе) жазбаша түрде поштамен мыналарға: Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы бұйрықты Уәкілетті органға, тексеру комиссияларына, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға; Тексеру комиссияларының Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін бекіту туралы бұйрықтарды Жоғары аудиторлық палатаға, Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбелеріне өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы бұйрықтар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды ЭҚАЖ арқылы және (немесе) жазбаша түрде поштамен мыналарға: Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ Уәкілетті органға және тексеру комиссияларына; Тексеру комиссияларының Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаға және Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жіберу жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) бекітілген және өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Интернет-ресурсына орналастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Аудиторлық іс-шаралардың қайталануын болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит органдарының объектілері тізбелерінің өзгерістеріне: Жоғары аудиторлық палата Уәкілетті орган және тексеру комиссиялары объектілерінің тізбелеріне қатысты; Тексеру комиссиялары Жоғары аудиторлық палата және Уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелері объектілерінің тізбелеріне қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
Тармақ 28
28. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде көзделген тәртіппен отырыстарды өткізу күндері айқындалады.
Тармақ 29
29. Есепті кезеңнің қорытындылары бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасына Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің іске асырылуы туралы ақпарат ұсынылады.
Тармақ 30
30. Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары және Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бастамасы Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу үшін негіздер болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салулары, тиісті мәслихаттардың шешімдері және Тексеру комиссиясы төрағасының бастамасы Тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу үшін негіздер болып табылады. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары объектілерінің тізбесіне осы Қағидалардың 52, 81-тармақтарында көзделген негіздер бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) мүшесінің аудиторлық іс-шараны жүргізуге өтінімі (бұдан әрі – Өтінім) ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау және оны жүргізу
3-тарау. Жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау және оны жүргізу 1-бөлім. Жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау
Тармақ 32
32. Аудиторлық іс-шараны жүргізуге дайындық оның бастапқы кезеңі болып табылады, онда:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит тобын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу;
Тармақша 3
3) тексеруді тағайындау туралы актілер болып табылатын Аудит бағдарламасын, Аудиторлық тапсырмаларды, аудиторлық іс-шараны, бірлескен және қатар тексерулерді жүргізуге тапсырманы (бұдан әрі – Тапсырма) жасау жүзеге асырылады.
Тармақ 32-1
32-1. Электрондық мемлекеттік аудит Заңның 1-бабына сәйкес мыналар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит объектісінің цифрлық жүйесінің өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуі және оның толыққанды жұмыс істеуі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит тобының мемлекеттік аудит объектісінің цифрлық жүйесін пайдалану жөніндегі техникалық оқумен қамтамасыз етілуі;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 32-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген техникалық параметрлер сақталған жағдайда мемлекеттік аудит тобына қашықтан қол жеткізу режимінде жұмыс істеу мүмкіндігін беру ескеріле отырып, цифрлық технологияларды қолдану арқылы қашықтан жүзеге асырылады. Мемлекеттік аудитті электрондық түрде жүргізу кезінде мемлекеттік аудит материалдарын жіберу және алу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы цифрлық технологиялар қолданыла отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Жеке мемлекеттік аудит жүргізуге дайындық тиісті Рәсімдік стандартқа сәйкес мемлекеттік аудиттің типіне қарай жүзеге асырылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Мемлекеттік аудит тобын қалыптастыру
1-параграф. Мемлекеттік аудит тобын қалыптастыру
Тармақ 34
34. Аудиторлық іс-шараны жүргізуге тікелей басшылықты Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты мүшесі өзіне бекітілген жұмыс бағыты бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Мемлекеттік аудит тобы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес топ мүшелерінің мемлекеттік аудит объектілерімен мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша талаптар ескеріле отырып, мемлекеттік аудит объектілеріне алдын ала зерделеу жүргізу басталғанға дейін қалыптастырылады.
Тармақ 36
36. Мемлекеттік аудит тобын қалыптастыру Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары өз өкілеттіктері шегінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында, Заңның 18-бабының 8-тармағына сәйкес сарапшыларды тарта алады. Сарапшыларды тарту Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) 600. Мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу
2-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу
Тармақ 38
38. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеуді мемлекеттік аудит тобының барлық қатысушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, мемлекеттік аудит объектісіне бармай, олардың қызметі туралы мемлекеттік аудиттің типін, тексеру түрі мен мемлекеттік аудит объектілерін, аудиторлық іс-шарамен қамтылатын қаражат және активтер көлемін, мемлекеттік аудит жүргізу мерзімдерін нақтылауға, мемлекеттік аудит мәселелерін айқындауға, соның ішінде қаражаттың жұмсалуы туралы мәліметтерде және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 110-бабына сәйкес жүргізілген ағымдағы бақылау нәтижелерінде көзделген деректерді өзекті етуге қажетті ақпаратты жинау және талдау жолымен жүргізіледі.
Тармақ 39
39. Мемлекеттік аудит объектісі туралы ақпаратты талдау негізінде алдын ала зерделеу барысында мемлекеттік аудиттің типіне қарай мыналар:
Тармақша 1
1) өңірлік және (немесе) елдік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың жай-күйін талдау жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) Заңның 4-бабында көзделген базалық көрсеткіштер айқындалады;
Тармақша 3
3) аудит типтеріне қарай тиісті рәсімдік стандарттарда және әдіснамалық құжаттарда көзделген арнайы көрсеткіштер айқындалады;
Тармақша 4
4) тәуекелдер – тексерілетін саладағы бюджет қаражаты мен активтердің қалыптастырылуына және пайдаланылуына немесе мемлекеттік аудит объектісінің қаржылық-шаруашылық қызметіне теріс әсер ететін, салдарынан бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктер болуы мүмкін қандай да бір факторлардың (іс-қимылдың немесе оқиғалардың) болуы бағаланады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі ішкі бақылаудың тиімділік дәрежесі зерделенеді;
Тармақша 6
6) аудиторлық іріктемені негіздеу (қажет болған жағдайда маңыздылық деңгейін айқындау) және аудиторлық тәуекелді бағалау жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Алдын ала зерделеу сатысында аудиторлық іс-шараның мақсаттары, мәселелері мен өлшемшарттары қалыптастырылады. Алдын ала зерделеу сатысында мемлекеттік аудит тобы тұжырымдаған тиімділік аудитінің өлшемшарттары Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған хатпен аудит объектісіне талқылау үшін жіберіледі.
Тармақ 41
41. Тиімділік аудитінің аудиторлық іс-шарасы шеңберінде тиімділіктің базалық және арнайы өлшемшарттарының тізбесі (бұдан әрі – Өлшемшарттар тізбесі) қалыптастырылады.
Тармақ 42
42. Мәнділіктің деңгейін, мемлекеттік аудит үшін анағұрлым маңызды секторларды (салаларды), мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін және ішкі бақылау жүйесін бағалауды, аудит жүргізу әдістерін айқындаудың тәртібі аудит типтеріне қарай тиісті рәсімдік стандарттардың және әдіснамалық құжаттардың негізінде мемлекеттік аудиттің типіне байланысты айқындалады.
Тармақ 43
43. Мемлекеттік аудит тобы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін алдын ала зерделеуді Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мерзімдерде жүргізеді.
Тармақ 44
44. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделетін Алдын ала зерделеуге тапсырманың болуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын аудиторлық іс-шаралар бойынша алдын ала зерделеу жүргізу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 45
45. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ресімделетін алдын ала зерделеу жүргізу туралы хабарлама мемлекеттік аудит объектісіне оны жүргізудің басталатын күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Мемлекеттік аудит объектісіне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер, құжаттама, ақпарат және материалдар (дәлелдемелер) ұсыну туралы талап (бұдан әрі – Құжаттар ұсыну туралы талап) жіберіледі.
Тармақ 46
46. Мемлекеттік аудит тобы аудиторлық іс-шараға дайындық кезеңі барысында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін алдын ала зерделеу үшін ақпарат көздеріне талдау жүргізеді;
Тармақша 2
2) қолжетімді көздерден, Бірыңғай дерекқордан ақпарат жинауды және Заңның 21-бабына сәйкес мемлекеттік аудит объектілеріне, лауазымды, жеке және заңды тұлғаларға Құжаттар ұсыну туралы талапты жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 47
47. Мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеу кезінде мемлекеттік аудит тобы:
Тармақша 1
1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды және бюджет қаражатын, оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, нысаналы трансферттер, бюджеттік инвестицияларды, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына және Мемлекеттік аудит туралы заңға сәйкес жүргізілетін аудит нәтижелерін;
Тармақша 2
2) Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) жоспарланған мемлекеттік аудитімен сәйкес келетін мемлекеттік аудитпен қамтылатын мақсаты, кезеңі бойынша мемлекеттік аудит органдарының аудиторлық іс-шараларды (тексеру немесе бақылау) жүргізу мәселелерін міндетті түрде қарайды.
Тармақ 48
48. Алдын ала зерделеу кезінде қарастыруға жататын құжаттар мен ақпарат тізбесі аудит типтеріне қарай тиісті рәсімдік стандарттарда және әдіснамалық құжаттарда айқындалады.
Тармақ 49
49. Егер алдын ала зерделеу сатысында мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит органының аудиторлық іс-шарамен қамтылатын мақсаты, кезеңі бойынша Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шарасымен сәйкес келетін мемлекеттік аудитті жүргізу фактісі анықталса, онда Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит тобы мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімін жүргізеді. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген 700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 50
50. Басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері танылған жағдайда аудиторлық іс-шара жүргізілмейді немесе мемлекеттік аудит көлемдері қысқара отырып жүргізіледі. Тану нәтижелері Аудит бағдарламасын және Аудиторлық тапсырмаларды қалыптастыру кезінде ескеріледі.
Тармақ 51
51. Қолда бар және мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу қорытындысы бойынша алынған деректерге жүргізілген зерделеу мен талдауға сәйкес:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау), тәуекелдерді бағалау және аудиторлық іріктеу нәтижелері ескеріле отырып, мемлекеттік аудиттің типіне, тексерудің түріне және мемлекеттік аудит объектілеріне, мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражаттың, активтердің көлеміне, кезеңіне нақтылау жүргізіледі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит объектілері – мемлекеттік аудиторлардың арасында, бірлескен және қатар тексеру жүргізілген кезде мемлекеттік органдар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары арасында бөлінеді;
Тармақша 3
3) үстеме тексеру объектілері айқындалады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудит тобының құрамы нақтыланады (аудит тобы мүшелерінің мемлекеттік аудит объектілерімен үлестестігіне жүргізілген талдауды ескере отырып);
Тармақша 5
5) мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылатын ассистенттер, сарапшылар және мемлекеттік аудиттің соларға тапсырылуы жоспарланатын нақты мәселелері айқындалады;
Тармақша 6
6) режимдік объектілерде мемлекеттік аудит жүргізілген жағдайларда рұқсат алу мәселелері пысықталады;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік аудит объектісі басшысының (келісімімен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылатын лауазымды адам) міндеттерін атқару жөніндегі талапқа қосу мақсатында аудиторлық іс-шараны жүзеге асыру үшін құжаттардың және ақпараттың тізбесі жасалады;
Тармақша 8
8) жоспарланған мемлекеттік аудитті жүргізуге қажетті ақпарат көздері айқындалады;
Тармақша 9
9) аудит тобы мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің нәтижелері туралы ақпаратты осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.
Тармақ 52
52. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу мыналарды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит органдары мемлекеттік аудит жүргізген және олардың нәтижелерін таныған;
Тармақша 2
2) құқық қорғау органдары және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдары құқық белгілеуші, соның ішінде бастапқы құжаттарды алып қойған;
Тармақша 3
3) мемлекеттік аудиттің жоспарланған күніне құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары тексерулер жүргізген немесе жоспарланған аудиторлық іс-шараның мақсаты, бюджеттік бағдарламалары және кезеңі бойынша басқа мемлекеттік аудит органдары жоспардан тыс аудит жүргізген;
Тармақша 4
4) аудит объектісін басқарудың басқа уәкілетті органының қарамағына берген не әкімшілік-аумақтық өзгеріс кезінде;
Тармақша 5
5) жүргізілетін аудиторлық іс-шараның мерзімдері және көлемі өзгерген кезде;
Тармақша 6
6) осы Қағидалардың 51-тармағының 1), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тиісті негіздемелермен бірге Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасы Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 3. 3-параграф. Аудит бағдарламасын, Аудиторлық тапсырмаларды және Тапсырмаларды жасау
3-параграф. Аудит бағдарламасын, Аудиторлық тапсырмаларды және Тапсырмаларды жасау
Тармақ 53
53. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) ескеріле отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің негізінде мемлекеттік аудит тобы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аудит бағдарламасын, осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аудиторлық тапсырмаларды, мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша Сараптамалық қорытындыны (тану рәсімі жүргізілген жағдайда) жасайды.
Тармақ 54
54. Аудит бағдарламасы аудиторлық іс-шара туралы жалпы ақпараттан, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісі бойынша аудиторлық іс-шараның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған аудит көрсеткіштерінен және мәселелерінен тұрады.
Тармақ 55
55. Аудит бағдарламасының мәселелері аудиторлық іс-шараның қойылған мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған болуы тиіс.
Тармақ 56
56. Аудит бағдарламасында және Тапсырмада аудиторлық іс-шараның мақсаты Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мемлекеттік аудиттің тақырыбына (аудиторлық іс-шараның атауына) және типіне сүйене отырып айқындалады.
Тармақ 57
57. Тиімділік аудиті бірнеше мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілген жағдайда, мемлекеттік аудит типі аталған обьектідегі мемлекеттік аудиттің мақсатына қарай әрбір мемлекеттік аудит объектісі бойынша көрсетіледі.
Тармақ 58
58. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманың болуы аудиторлық іс-шара жүргізу үшін негіз болып табылады. Әрбір мемлекеттік аудит объектісіне жеке Тапсырма ресімделеді.
Тармақ 59
59. Аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырма және Үстеме (бірлескен, қатар) тексеруді жүргізуге тапсырма осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 60
60. Сапа бақылауын жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты мүшесі) сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшеге) Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындыны және тану жүргізілген материалдарды (тану рәсімі жүргізілген жағдайда) тіркей отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің нәтижелері туралы ақпаратты;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі болған жағдайда, қызметтік жазбаның жобасын;
Тармақша 3
3) Аудит бағдарламасының жобасын;
Тармақша 4
4) Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес жасалған аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасын ұсынады.
Тармақ 61
61. Сапа бақылауы Заңның 24-бабына сәйкес 750. Рәсімдік стандартында және оны қолдану жөніндегі Әдіснамалық басшылықта айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 62
62. Аудиторлық іс-шараға (негізгі кезеңге) шыққанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен Аудит бағдарламасын бекіту және Аудиторлық тапсырмалар мен Тапсырмаға қол қою жүзеге асырылады. Тексеру комиссиясы мүшесінің аудиторлық іс-шараны жүргізуге тікелей қатысуына жол беріледі. Тексеру комиссиясы мүшесінің аудиторлық іс-шараны жүргізуге, мемлекеттік аудитті жоспарлау сатысында және аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында құжаттарға қол қою және бекіту рәсіміне қатысуы Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 63
63. Осы Қағидалардың 62-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеу Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 64
64. Тіркелген Тапсырмаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган бір мезгілде хабардар етіле отырып, жаңа Тапсырма қабылданады.
Тармақ 65. 2-бөлім. Жеке мемлекеттік аудит жүргізу
65. Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының келісімі бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шара жүргізу туралы хабарламаны дайындайды және Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қол қоюымен тікелей мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізудің (үстеме тексеруді қоспағанда) негізгі кезеңі басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік аудит объектісіне жібереді. 2-бөлім. Жеке мемлекеттік аудит жүргізу
Тармақ 1. 1-параграф. Аудиторлық іс-шараны жүргізудің ұйымдастырушылық негіздері
1-параграф. Аудиторлық іс-шараны жүргізудің ұйымдастырушылық негіздері
Тармақ 66
66. Аудиторлық іс-шараны жүргізу басталмас бұрын мемлекеттік аудит объектісінің басшысына:
Тармақша 1
1) Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырма;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдардың мемлекеттік лауазымын және лауазымдық өкілеттіктерін растайтын сәйкестендіру карталары немесе олардың жеке басын куәландыратын құжаттар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамада белгіленген жағдайларда, режимді объектілерде болуға арналған рұқсаты;
Тармақша 4
4) тәуелсіз сарапшылар тартылған жағдайда, тартылған (тәуелсіз) сарапшылардың жеке куәліктері көрсетіледі.
Тармақ 67
67. Аудиторлық іс-шараны Тапсырмада көрсетілген адамдар ғана жүзеге асырады.
Тармақ 68
68. Аудиторлық іс-шара жүргізудің басталған кезі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамына (адамдарына) Тапсырманың көрсетілген күні болып табылады.
Тармақ 69
69. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысына немесе келісімімен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылып жатқан лауазымды адамға Тапсырма көрсетілген күннен бастап екінші күннен кешіктірілмей, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі немесе мемлекеттік аудитор қол қойған, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік аудит объектісі басшысының (келісімімен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылып жатқан лауазымды адамның) міндеттерін атқару жөніндегі талап беріледі.
Тармақ 70
70. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талап аудит объектісінің Кеңсесі арқылы электрондық құжат айналымының цифрлық жүйесі, пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе қолма-қол жеткізіледі, мұнда оның бірінші данасы мемлекеттік аудит объектісінің Кеңсесінде, ал қабылданғаны туралы белгісі бар екінші данасы мемлекеттік аудиторда қалады және Аудиторлық есептің жобасына қоса тіркеледі. Мемлекеттік аудит объектісі Тапсырмада көрсетілген мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімі ішінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негіздемелер мен растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Жоғары аудиторлық палатаға (Тексеру комиссиясына) Аудиторлық қорытындыда қамтылған мәліметтерге қол жеткізуді шектеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 71
71. Аудиторлық іс-шараны жүзеге асыру барысында қосымша құжаттарды, материалдарды, ақпараттарды алу үшін мемлекеттік аудит объектісіне осы Қағидалардың 69 және 70-тармақтарына сәйкес ресімделетін мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі қосымша талап жіберіледі. Үстеме тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік аудит объектісіне осы Қағидалардың 69 және 70-тармақтарына сәйкес ресімделетін басшының міндеттерін атқару жөнінде қосымша талап қоюға жол беріледі.
Тармақ 72
72. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тартқан жағдайда және (немесе) аудиторлық іс-шараны жүргізуге кедергі келтірген кезде, сондай-ақ талап етілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік аудитор екінші күннен кешіктірмей осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тарту фактісі бойынша акті және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) негізінде және онда көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
Тармақ 73
73. Осы Қағидалардың 72-тармағында көзделген жағдайда, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі жазбаша, электрондық пошта (факс), пошта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол бір жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне осы фактілер туралы хабарлайды, ол осыларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 74
74. Аудиторлық іс-шараны тоқтата тұру Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Төрағасының бастамасы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит объектісі мемлекеттік аудитті жүргізуге кедергі келтіретін мән-жайларды жоймаған кезде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың келіп түскен сұрау салулары негізінде;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 108-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит нәтижелері қайта тексерілген жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 75
75. Аудиторлық іс-шараны тоқтата тұру туралы шешім мемлекеттік аудит объектісін, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Төрағасының бұйрығы түрінде шығарылады. Аудиторлық іс-шара қайта басталған кезде жаңа Тапсырма жазылып беріледі.
Тармақ 76
76. Заңның 38-бабының 1-тармағында көзделген мүдделер қақтығысы болған жағдайда, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) мүшелеріне, сондай-ақ өзге де жұмыскерлерге аудиторлық іс-шараларды жүргізуге және (немесе) сүйемелдеуге байланысты лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Мүдделер қақтығысын реттеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаларға сәйкес қабылданатын, мүдделер қақтығысын болғызбауға және шешуге, ол бойынша Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) мен Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) жұмыскерлері үшін өзара қолайлы шешімдер қабылдауға бағытталған шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысын реттеу тәсілдері: жұмыскердің аудиторлық іс-шараға, мүдделер қақтығысының ықпалындағы немесе ықпал етуі мүмкін мәселелер бойынша талқылауға және шешімдерді қабылдау процесіне қатысудан өз еркімен бас тартуы немесе оның шеттетілуі (тұрақты немесе уақытша); Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) мүдделерімен қақтығыс тудырып отырған өзінің жеке мүддесінен қызметкердің бас тартуы. Мүдделер қақтығысын шешу тәсілдерінің келтірілген тізбесі толық болып табылмайды.
Тармақ 77
77. Аудиторлық іс-шараны жүргізу мемлекеттік аудит объектісінің жұмыс режиміне және күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ оның қызметіне кедергі келтірмеуі тиіс.
Тармақ 78
78. Мемлекеттік аудит объектісінің ақпараттық стендінде немесе жұмыскерлерінің баршасына көрінетіндей жерде Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) жұмыскерлерінің мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық іс-шара жүргізіп жатқаны туралы ақпарат, сондай-ақ осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) сенім телефоны туралы хабарландыру орналастырылады.
Тармақ 79
79. Егер мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит органының аудиторлық іс-шарамен қамтылатын Аудит бағдарламасында көрсетілген мақсат, кезең және мәселелер бойынша жүргізілетін аудиторлық іс-шарамен сәйкес келетін мемлекеттік аудит жүргізу фактісі анықталса, онда мемлекеттік аудиторлар Заңның 19-бабында және Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімін жүргізеді.
Тармақ 80
80. Мемлекеттік аудит органы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері танылмаған жағдайда, мемлекеттік аудиттің аталған объектілеріндегі аудиторлық іс-шара Аудит бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 81
81. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері танылып, мемлекеттік аудиттің көлемі өзгерген кезде Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне, Аудит бағдарламасына және Аудиторлық тапсырмаларға өзгерістер енгізіледі.
Тармақ 82
82. Құқық қорғау органдары және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік аудит объектісіндегі құжаттарды алып қойған, сарапшылар мемлекеттік аудит жүргізуден бас тартқан, мемлекеттік аудит нәтижелерін таныған, мемлекеттік аудитор, аудиторлық топтың мүшесі еңбекке қабілетсіздігіне байланысты ұзақ уақыт болмаған жағдайларда Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі немесе Тапсырмаға қол қойған лауазымды адам тіркелген Тапсырманың күшін жоюға келісім берген мемлекеттік аудит тобы жетекшісінің, мемлекеттік аудитті жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты бөлімше басшыларының қолы болған кезде, оның оң жақ жоғарғы бұрышына қойылатын «Тапсырманың күші жойылды» деген мәтіні бар мөртаңбаға өзінің қолын қою арқылы растай отырып Тапсырманың күшін жояды. Тапсырманың артқы бетінде (мөртаңбаның бедері деңгейінде) оның күшін жоюдың себептері және осындай шешімнің қабылданған күні көрсетіледі.
Тармақ 83
83. Егер мемлекеттік аудитор Тапсырмада көрсетілген мерзімдерге дейін аудиторлық іс-шараны аяқтаса, онда мемлекеттік аудитор Аудиторлық тапсырмаларда бекітілген мемлекеттік аудит мәселелері бойынша оның нәтижелері туралы қол қойылған ақпаратты аудит тобының жетекшісіне, ал ол болмаған жағдайда мемлекеттік аудит объектісінде болған мемлекеттік аудиторға ұсынады, ол аудиторлық есепке қосымша және оның нәтижелерін аудиторлық есепке қосу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 84
84. Аудиторлық іс-шара барысында Аудит бағдарламасымен қамтылмаған, бірақ толық зерделеуге қажетті мәселелер туындаған жағдайда, мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит тобы жетекшісінің және аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының келісімі бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесін жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 85
85. Аудит бағдарламасында қамтылмаған мәселелер бойынша аудиторлық іс-шара жүргізудің орындылығы танылған жағдайда, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі Аудит бағдарламасына толықтырулар енгізе отырып, мемлекеттік аудиторға тиісті тапсырма береді. Мемлекеттік аудит объектісі Аудит бағдарламасында қамтылмаған мәселелер бойынша материалдарды аудиторлық іс-шараны жүзеге асыратын мемлекеттік аудитор жіберген Құжаттарды ұсыну туралы талаптың негізінде ұсынады.
Тармақ 86
86. Мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімін ұзарту қажет болған, соның ішінде осы Қағидалардың 79 және 85-тармақтарында көзделген жағдайларда, Өтінімге тиісті өзгерістер енгізіле отырып, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасы жоспарлауға және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелері (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшелер) басшыларының келісімімен Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің жазбаша өтінішхаты бойынша ол аяқталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын мерзімін ұзартады. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі ұзартылған кезде Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараны ұзарту туралы тапсырмаға (Актіге) қол қояды.
Тармақ 86-1
86-1. Аудиторлық іс-шараның жалпы мерзімін өзгертпей, мемлекеттік аудит объектілерінің бірінде аудит жүргізу мерзімін ұзарту қажет болған кезде (осы Қағидалардың 79 және 85-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда) мерзімді ұзарту туралы шешімді оның аяқталуына дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшелер) және жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшыларымен келісу бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының жазбаша өтінішхаты негізінде Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі Аудит бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізе отырып қабылдайды.
Тармақ 87
87. Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында Аудит бағдарламасына және Аудиторлық тапсырмаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен осы Қағидалардың 51, 52, 81-85-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 87-1
87-1. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне аудиторлық іс-шараны жүргізу мерзімдерін оның негізгі кезеңінде ұзарту мақсатында өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмалары болған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайының, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың сұрау салуларына, олардың құқық белгілейтін құжаттарды алып қоюына, мемлекеттік аудит нәтижелерін тануға, аудит объектісін басқа уәкілетті басқару органының қарамағына беруге не әкімшілік-аумақтық өзгеріске негізделген Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 88
88. Аудиторлық іс-шараны жүзеге асыру кезінде аудиторлық іс-шараның қойылған мақсатына және мәселелеріне сәйкес аудиторлық дәлелдемелерді қалыптастыру үшін қажетті, соның ішінде үшінші тұлғалардан алынған нақты деректерді жинау, талдау жүргізіледі. Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында жиналған аудиторлық дәлелдемелер мемлекеттік аудит объектісінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің негіздемесі болып табылады.
Тармақ 89
89. Мемлекеттік аудиторлар мен ассистенттер (мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған сарапшылар) іс жүзінде тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жекелеген жұмыс түрлерін (көлемдерін), соның ішінде субсидиялар, гранттар, нысаналы салымдар, қарыздар, кредиттер есебінен сатып алынғандарды орындау мәнінің анықтығын растау және (немесе) осыған байланысты аудиторлық дәлелдемелер жинау үшін мемлекеттік аудит объектісінің басшысы уәкілеттік берген адаммен бірге аудиторлық іріктеумен қамтылған барлық позициялар бойынша аудиторлық рәсімдерді қолдану негізінде бақылау өлшемін, тексеріп қарауды (бұдан әрі – бақылау өлшемі (тексеріп қарау) жүргізеді. Мемлекеттік аудит объектісінің басшылығы тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің (мердігердің) өкілдерінің, субсидиялар, гранттар, нысаналы салымдар, қарыздар, кредиттер алушылардың және қатысы бар адамдардың толыққанды бақылау өлшемін (тексеріп қарауды) жүргізуге қажетті бақылау-өлшеу аспаптарымен қатысуын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы жазбаша нысанда бақылау өлшемін (тексеріп қарауды) жүргізу басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын хабардар етіледі.
Тармақ 90
90. Бақылау өлшемінің (тексеріп қараудың) қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау өлшемі (тексеріп қарау) актісі екі данада ресімделіп, оған аяқталған күні қол қойылады. Қол қойылған актінің бір данасы мемлекеттік аудиторда қалдырылады, ал екінші данасы – мемлекеттік аудит объектісіне беріледі. Бақылау өлшемінің (тексеріп қараудың) нәтижелерін мемлекеттік аудитор негізгі мемлекеттік аудит объектісінде жасалатын Аудиторлық есепте міндетті түрде көрсетеді.
Тармақ 91
91. Мемлекеттік аудит объектісінің (тапсырыс берушінің) және (немесе) өнім берушінің (мердігердің) өкілдері тарапынан бақылау өлшемі (тексеріп қарау) актісіне қол қоюдан бас тартылған жағдайда, қол қоюдан бас тартылғаны жөнінде белгі қойылады. Жүргізілген бақылау өлшемінің нәтижелерін растайтын тиісті негіздер (аудиторлық дәлелдемелер) болған жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі (тапсырыс беруші) және (немесе) өнім беруші (мердігер) тарапынан бақылау өлшемі (тексеріп қарау) актісіне қол қоюдан бас тарту өлшем (тексеріп қарау) нәтижелерін Аудиторлық есепке енгізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Тармақ 2. 2-параграф. Аудиторлық есептерді жасау және ресімдеу
2-параграф. Аудиторлық есептерді жасау және ресімдеу
Тармақ 92
92. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит жүргізілген объектілердің әрқайсысына осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес қатаң есептілік бланкісінде мыналар ресімделеді:
Тармақша 1
1) аудиторлық есеп – осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараны тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, белгілі бір уақыт кезеңі үшін жүргізілген тиімділік аудитінің және (немесе) сәйкестік аудитінің нәтижелерін қамтитын құжат;
Тармақша 2
2) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп – осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараны тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, қаржылық есептіліктің анықтығы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша нысанда білдірілген пікірді қамтитын құжат.
Тармақ 93
93. Аудиторлық есеп Аудит бағдарламасындағы мәселелердің тізбесіне сәйкес жасалады. Есептердің мазмұны жүйеленген және қайталануды болдырмауы тиіс, қысқа, қисынды және қабылдау үшін жеңіл болуы тиіс.
Тармақ 94
94. Анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктер Аудиторлық есептегі жазбалардың анықтығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларының деректемелеріне қажетті сілтемелер көрсетіле отырып, объективті және дәл сипатталады. Анықталған бұзушылықтар ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптары, тармақтары мен тармақшалары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің оларды іске асыру үшін қабылдаған актілері көрсетіле отырып сипатталады. Егер талдамалық сипаттағы мәселелерді қоспағанда, аудиторлық іс-шара мәселесі бойынша бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктер анықталмаса, мемлекеттік аудитор:
Тармақша 1
1) Аудиторлық есепте Аудит бағдарламасының мәселесі бойынша қысқаша ақпаратты, анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтардың болмағандығын көрсетеді;
Тармақша 2
2) Аудиторлық есепке мемлекеттік аудит (тексеру) жүргізілген құжаттардың деректемелерін көрсете отырып, олардың тізбесін қоса береді.
Тармақ 95
95. Бұзушылықтың әрбір фактісі, сондай-ақ анықталған жүйелі кемшіліктер бұзушылықтың сипаты мен түрі, соның ішінде Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы 21 қарашадағы № 15-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышында көзделгендері сипаттала отырып, реттік тәртіппен нөмірленеді және жеке тармақпен (1-тармақ, 2-тармақ және тағы басқалар) тіркеледі. Бұзушылықтар сипаттамасында бұзушылықтарды растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Аудиторлық есепте бұзушылықтарға жол берілуі мүмкін жағдайларды тудыратын жүйелі кемшіліктер олардың туындау себептері көрсетіле отырып көрсетіледі.
Тармақ 96
96. Аудиторлық есептің жобасына (Аудиторлық есепке) оның ажырамас бөлігі болып табылатын мынадай аудиторлық дәлелдемелер қоса беріледі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талап;
Тармақша 2
2) аудит нысанасы бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат, соның ішінде проблемалық мәселелер мен жүйелі кемшіліктер (алдын ала зерделеу кезеңінде қамтылмаған қосымша фактілер анықталған жағдайда);
Тармақша 3
3) мемлекеттік аудиторлар қол қойған және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша жасалған аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында анықталған жүйелі кемшіліктер бойынша 1-кесте (бар болса) (бұдан әрі – Жүйелі кемшіліктер бойынша 1-кесте) және аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында анықталған кемшіліктер бойынша 2-кесте (бар болса) (бұдан әрі – Кемшіліктер бойынша 2-кесте);
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудиторлар қол қойған және осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімі (бұдан әрі – Тізілім);
Тармақша 5
5) құжаттардың, кестелердің төлнұсқалары немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ болған жағдайда, бұзушылық фактілерін көрсететін анықтамалар, фотосуреттер;
Тармақша 6
6) функционалдық және лауазымдық міндеттеріне сүйене отырып, жол берілген бұзушылықтар бойынша адамдардың жазбаша түсініктемелері;
Тармақша 7
7) бақылау өлшемдері (тексеріп қараулар) актілері (соның ішінде негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу нәтижелерінің актілері (олар жасалған жағдайда);
Тармақша 8
8) зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері, аудиторлық іс-шараның нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда);
Тармақша 9
9) сарапшылардың қорытындылары (тартылған жағдайда);
Тармақша 10
10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануы тұрғысынан халық арасында сауалнама жүргізу нәтижелері (болған жағдайда);
Тармақша 11
11) ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (көшірмелері) (аудиторлық іс-шара барысында қаражат өтелген (қалпына келтірілген) жағдайда): төлем тапсырмалары (төлеуге арналған шоттар, түбіртектер, чектер); ведомостер, ордерлер, нарядтар; орындалған жұмыстардың, тауарларды жеткізудің және көрсетілген қызметтердің актілері;
Тармақша 12
12) талдамалық материалдар және мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктер фактісін растайтын материалдар;
Тармақша 13
13) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігіне мемлекеттік аудит нәтижелерін тану рәсімінің қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындылар (тану рәсімі жүргізілген жағдайда);
Тармақша 14
14) аудит объектісінің осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында ұсынылған ақпарат пен құжаттардың толықтығы мен анықтығы туралы ұсыным-хаты;
Тармақша 15
15) өзара есеп айырысу бойынша салыстырып тексеру актілері қоса беріледі.
Тармақ 97
97. Осы Қағидалардың 96-тармағының 1), 3), 4), 6), 7), 9), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар аудиторлық дәлелдемелерді қоспағанда, осы Қағидалардың 96-тармағында көрсетілген құжаттарды цифрлық форматта (егер жинау жалпыға қолжетімді көздерден не ресми цифрлық жүйелер арқылы жүзеге асырылған жағдайда) ұсынылады.
Тармақ 98
98. Аудиторлық есепке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті лауазымды адамдардың қолымен, мемлекеттік аудит объектісінің мөрімен және мөртабанымен (болған жағдайда) расталады. Аудиторлық есепте қосымшаларының реттік нөмірі, әрбір қосымша бойынша жеке-жеке парақ саны көрсетіле отырып, оларға сілтеме жасалады.
Тармақ 99
99. Аудиторлық есепке тиісті құжаттармен расталмаған фактілерді, тұжырымдарды енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 100
100. Аудиторлық есепте жазылып, Аудиторлық есепте соларға сілтеме жасалған бұзушылықтарды растайтын құжаттардың болмауы, сондай-ақ оларды толықтыру мүмкіндігінің болмауы оларды Аудиторлық қорытындыға қоспауға негіз болып табылады.
Тармақ 101
101. Мемлекеттік аудит объектісінің тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілген қызметтерге ақы төлеуінің негізділігін растайтын құжаттар мемлекеттік аудит объектісінде болмаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар, міндеттер орындалмағанда немесе тиісінше орындалмағанда, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудиторларға олардың сұрау салуы бойынша тиісті жазбаша түсініктемелер береді.
Тармақ 102
102. Аудиторлық есептің жобасын аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасайды және оған қол қояды.
Тармақ 103
103. Мемлекеттік аудиторлар қол қойған Аудиторлық есептің жобасы, Тізілім, кесте және қосымшалар (болған жағдайда) мемлекеттік аудит объектісіндегі аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламенттерінде айқындалған тәртіппен оларға жіберіледі.
Тармақ 104
104. Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер), жүйелі кемшіліктер кестелері және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша сапа бақылауы рәсімі және заң сараптамасы 750. Рәсімдік стандартта, осы стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі. Аудиторлық есептердің жобалары (аудиторлық есептер), жүйелі кемшіліктер кестелерінің және оларға қоса берілген Тізілімдер бойынша сапа бақылауы рәсімін сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше), заң сараптамасын - құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады. Аудиторлық есептің жобасына бұзушылықтардың қосымша фактілерін енгізген және (немесе) бұзушылықтар фактілерін алып тастаған кезде сапаны бақылау рәсімі және заң сараптамасы осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 105
105. Сапа бақылауы және заң сараптамасының нәтижелері бойынша аудиторлық есепке аудиторлық іс-шара жүргізген мемлекеттік аудитор екі данада қол қояды, олардың біреуі Жоғары аудиторлық палатада (Тексеру комиссиясында) қалады, екінші данасы Жоғары аудиторлық палатаның (тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.
Тармақ 106
106. Аудиторлық іс-шараның нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісінің басшылығы Заңның 37-бабын ескере отырып, Аудиторлық есепке жазбаша қарсылықтарын қол қойылған Аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісіне жіберілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына ұсынады.
Тармақ 107
107. Аудиторлық есепке қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектісінің атына дәлелді жауап Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдер көрсетіле отырып, жіберіледі. Мемлекеттік аудит объектісінің аудиторлық есепке ұсынған түсіндірмелері оларға жауап дайындаусыз назарға алынады.
Тармақ 108
108. Мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру мынадай:
Тармақша 1
1) аудит мәселелері бойынша негізделген шағым келіп түскен;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезіндегі мүдделер қақтығысы;
Тармақша 3
3) аудиторлық іс-шараның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін Аудит бағдарламасының мәселелері толық ашылмаған;
Тармақша 4
4) аудиторлық есептің жобасында (аудиторлық есепте) көрсетпеген (белгілемеген) бұзушылық және жүйелі кемшілік фактілері анықталған жағдайларда Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Төрағасының атына мемлекеттік аудит жүргізуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелер (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) басшыларымен келісіліп, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясы) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған қызметтік жазба негізінде жүзеге асырылады. Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Төрағасының шешімі бойынша мемлекеттік аудит объектісінде қайта тексеру осы Қағидалардың 1-бөлімінің 3-параграфында және 2-бөлімде айқындалған тәртіппен тағайындалады.
Тармақ 108-1
Тармақ 108-2
Тармақ 3. 3-параграф. Аудиторлық қорытындыларды, Нұсқамаларды жасау және ресімдеу
3-параграф. Аудиторлық қорытындыларды, Нұсқамаларды жасау және ресімдеу
Тармақ 109
109. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы жүргізген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша Аудиторлық қорытынды ресімделеді, ол Аудиторлық есептердің негізінде жасалатын, тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын және Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) қаулысымен бекітілетін құжат болып табылады.
Тармақ 110
110. Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше аудит жетекшісімен және тобымен, тартылған сарапшылармен бірлесіп, Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің жетекшілік етуімен (Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі) Аудиторлық есептер жобаларының заң сараптамасының нәтижелері бойынша шығарылған заң қорытындысын, жергілікті жерге барып аудиторлық іс-шараны қайта тексеру (ол жүргізілген жағдайда) нәтижелерін ескере отырып, қол қойылған Аудиторлық есеп соңғы мемлекеттік аудит объектісіне жіберілгеннен кейін, Аудиторлық қорытындының, Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелі кемшіліктердің жиынтық кестесінің (бұдан әрі – Жиынтық кесте), Мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жиынтық тізілімінің (бұдан әрі – Жиынтық тізілім) және Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін Нұсқаманың жобаларын дайындайды.
Тармақ 111
111. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі (Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит тобының жетекшісі) Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Қаулының және Нұсқаманың жобаларын сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімшелерге) жібереді. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Жиынтық кестенің, Нұсқаманың және Қаулының жобалары бойынша сапа бақылауы және заң сараптамасы 750 Рәсімдік стандартта және осы стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 112
112. Аудиторлық қорытындының (оған (оларға) қатысты бөлігінде), нұсқаманың, Жиынтық кестенің және Жиынтық тізілімнің жобалары сапа бақылауы рәсімі жүргізілгеннен кейін Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылып, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік аудит объектісіне және мүдделі тараптарға қарау үшін жіберіледі. Мемлекеттік аудит объектісі және мүдделі тараптар Аудиторлық қорытындының (оған (оларға) қатысты бөлігінде), Нұсқаманың, Жиынтық кестенің және Жиынтық тізілімнің жобаларымен келіспеген жағдайда, Жоғары аудиторлық палатаға (Тексеру комиссиясына) жазбаша қарсылықтарын оларды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады. Аудиторлық қорытындының (оған (оларға) қатысты бөлігінде), Нұсқаманың, Жиынтық кестенің және Жиынтық тізілімнің жобаларына қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектісінің атына әрбір факт бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдер көрсетіле отырып, дәлелді жауап жіберіледі. Аудиторлық есепке бұрын жіберілген қарсылықтарды қайталайтын, жиынтық кесте мен жиынтық тізілімге қатысты қарсылықтар қарауға жатпайды. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобалары сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісіледі және Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылып, мемлекеттік аудит объектісіне Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысына дайындалу мақсатында Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Аудиторлық қорытынды, Нұсқама, Жиынтық кесте және Жиынтық тізілім жобаларының жасалуының сапасын және толықтығын өз құзыреті шегінде оларға қол қоятын барлық адам қамтамасыз етеді. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Қаулы мен Нұсқаманың жобалары мемлекеттік аудит объектілері және мүдделі тараптар қарсылықтарының қаралуын ескере отырып, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысына шығарылады.
Тармақ 112-1
112-1. Осы Қағидалардың 45, 51, 53, 58, 60, 62, 65, 69, 70, 71, 72, 85, 87, 90, 91, 92, 93, 104, 105, 106, 109, 110, 111 және 112-тармақтарында көзделген құжаттама цифрлық жүйеде қалыптастырылады.
Тармақ 113
113. Аудиторлық қорытынды кіріспе, негізгі (талдамалық), қорытынды бөліктерден тұрады және осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 114
114. Жиынтық тізілім осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және Аудиторлық қорытындыға қосымша болып табылады.
Тармақ 115
115. Аудиторлық қорытындының қорытынды бөлігінде мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар көрсетіледі.
Тармақ 116
116. Аудиторлық есепте көрсетілген және құжаттармен, сапа бақылауымен расталған бұзушылықтардың, жүйелі кемшіліктердің анықталған фактілері Жиынтық тізілімде және Жиынтық кестеде көрсетіледі.
Тармақ 117
117. Аудиторлық қорытындыда Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы, соның ішінде:
Тармақша 1
1) қаржылық бұзушылықтар;
Тармақша 2
2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану;
Тармақша 3
3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау;
Тармақша 4
4) ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда сомалары көрсетіледі. Рәсімдік бұзушылықтар және жүйелі кемшіліктер бойынша олардың саны көрсетіледі.
Тармақ 118
118. Аудиторлық қорытындыға мемлекеттік аудит объектісінің осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қаралмаған қарсылықтары бар бұзушылық фактілерін енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 119
119. Аудиторлық қорытынды Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Нұсқамасының жобасын дайындау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 120
120. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Нұсқамасы құқықтық актілер туралы заңнамада белгіленген деректемелерді қамтиды.
Тармақ 121
121. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары қаралады. Аудиторлық қорытынды, Нұсқама Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің ақпаратын және мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің баяндамаларын тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданады. Аудиторлық қорытындының жобасына құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша келіспеушіліктер болған кезде Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысында мемлекеттік аудит жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелер (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) басшыларының ақпараты тыңдалады.
Тармақ 122
122. Егер аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысы барысында мемлекеттік аудит объектісі Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Нұсқамасы жобасының тапсырмалық тармақтарын орындау мерзімдерін ауыстыруға не өзге де түзетулерге бастама жасаса, отырыс хаттамасында бастамашы, негіз және қабылданған шешім көрсетіледі. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Нұсқамасы жобасын түзету тапсырмалық тармақтарды басқа мүдделі тараптарға қайта бағыттауға қатысты болған жағдайда, оларға Нұсқаманың жобасын жіберу және оны қарау Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысынан кейін осы Қағидалардың 112-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 123
123. Құпия сипаттағы аудиторлық іс-шаралар бойынша отырыстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып өткізіледі.
Тармақ 124
124. Мемлекеттік органдармен жүргізілген бірлескен аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Аудиторлық қорытынды мен Нұсқамалар Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысында осы органның өкілдерінің қатысуымен ақпаратты талқылағаннан кейін қабылданады.
Тармақ 125
125. Аудиторлық қорытынды Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 126
126. Қаулы мыналарды:
Тармақша 1
1) жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша дайындалған Аудиторлық қорытындыны бекіту туралы шешімді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және (немесе) астананың, (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органына және (немесе) тиісті мәслихатқа, консультативтік-кеңесші органға Аудиторлық қорытындыны немесе одан үзіндіні беру туралы шешімді;
Тармақша 3
3) Заңның 5-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына және осы Қағидалардың 160-тармағына сәйкес материалдарды құқық қорғау органдарына жіберу туралы шешімді;
Тармақша 4
4) Нұсқамаларды жіберу туралы шешімді қамтиды.
Тармақ 127
127. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қойған Аудиторлық қорытындыны және Жиынтық тізілімді немесе Аудиторлық қорытындыдан және Жиынтық тізілімнен алынған үзінді көшірме қоса беріліп, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына жіберілген Нұсқамалар көрсетілген мерзімдерде қаралуы тиіс.
Тармақ 128
128. Қаулылар мен Аудиторлық қорытындыларды толық көлемінде мыналарға: Жоғары аудиторлық палата - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және құқық қорғау органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына; Тексеру комиссиялары - астананың, (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органына, тиісті мәслихатқа және құқық қорғау органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберуі мүмкін.
Тармақ 129
129. Заңға сәйкес, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Аудиторлық қорытынды бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға электрондық ақпараттық есепке алу құжаты – талон-хабарламаны ұсынады.
Тармақ 4. 4-параграф. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асыру
4-параграф. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асыру
Тармақ 129-1
129-1. Жоғары аудиторлық палата Заңның 12-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қарайды.
Тармақ 129-2
129-2. Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша мемлекеттік аудит қорытындыларын қайта қарау мынадай негіздер:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезіндегі мүдделер қақтығысы;
Тармақша 2
2) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бастамалары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 129-3
129-3. Осы Қағидалардың 129-1 және 129-2-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша аудит қорытындыларын қайта қарау туралы мәселені қарау нәтижелері бойынша Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Жоғары аудиторлық палата Төрағасының атына мемлекеттік аудит қорытындыларын қайта қарау туралы қызметтік жазбаны дайындайтын Жоғары аудиторлық палата аппаратының жауапты құрылымдық бөлімшесін айқындайды.
Тармақ 129-4
129-4. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы аудит қорытындыларын қайта қарау жөнінде шешім қабылдаған жағдайда, Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне Жоғары аудиторлық палатаның регламентінде белгіленген тәртіппен өзгеріс енгізіледі. Аудит қорытындыларын қайта қарау үшін мемлекеттік аудит тобын қалыптастыру Жоғары аудиторлық палатаның регламентінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 129-5
129-5. Аудит қорытындыларын қайта қарау мемлекеттік аудит типіне байланысты мемлекеттік аудиттің тиісті рәсімдік стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 129-6
129-6. Мемлекеттік аудит объектісіне шықпай (қашықтан) аудит қорытындыларын қайта қарау осы Қағидалардың 32-1-тармағына сәйкес электрондық тәсілмен жүргізіледі.
Тармақ 129-7
129-7. Мемлекеттік аудиторлар деректерді жинауды:
Тармақша 1
1) құжаттарды сұрау және алу: объект қажетті құжаттарды (қаржылық есептілік, бастапқы құжаттар, есепке алу тіркелімдері және т. б.) қауіпсіз арналар арқылы жүктейді;
Тармақша 2
2) есеп жүйелерімен интеграция: мүмкін болса – деректерді жүктеп алу үшін ERP жүйелеріне, бухгалтерлік бағдарламаларға (мысалы, 1С, SAP және т.б.) қосылу;
Тармақша 3
3) ауытқулар мен тәуекелдерді сәйкестендіру: бухгалтерлік жазбаларды, салық декларацияларын талдау, қалдықтарды салыстыру, ауытқуларды анықтау;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудит объектісімен өзара іс-қимыл жасау (түсіндірмелерді, қосымша құжаттарды немесе растауларды онлайн режимінде сұрау) арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 129-8
129-8. Мемлекеттік аудит объектісіне шыға отырып, аудит қорытындыларын қайта қарау осы Қағидалардың 2-бөлімінің 1-параграфында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 129-9
129-9. Сәйкестік және тиімділік типтері бойынша аудит қорытындыларын қайта қарау мынадай көрсеткіштер:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттарына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) Аудит бағдарламасында көзделген қосымша сұрақтарды ескере отырып, сұрақтардың объективтілігі, толық қамтылуы және ашып көрсетілуі (қосымша сұрақтарды ескере отырып, сұрақтардың отыз пайыздан астамы);
Тармақша 3
3) аудиторлық іріктеменің негіздемелері мен нәтижелерінің болмауы;
Тармақша 4
4) аудиторлық дәлелдемелердің негізділігі, толықтығы және анықтығы (екі және одан да көп фактілер бойынша);
Тармақша 5
5) мемлекеттік аудитті жүргізу барысында анықталмаған және аудиторлық есепте көрсетілмеген бұзушылықтар фактілерін анықтау, бұзушылықтарды тіркеу жөніндегі талаптарды сақтамау (екі және одан да көп фактілер бойынша);
Тармақша 6
6) анықталған бұзушылықтарды жіктеудің дұрыстығы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 129-10
129-10. Жоғары аудиторлық палата осы Қағидалардың 129-9-тармағында көзделген көрсеткіштерге сәйкес келмеуін анықтаған кезде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сәйкестігі немесе тиімділігі аудитінің типі бойынша мемлекеттік аудит органдары аудитінің қорытындылары (аудиторлық есеп және/немесе аудиторлық қорытынды) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес келмейді деп есептеледі.
Тармақ 129-11
129-11. Қаржылық есептілік типі бойынша аудит қорытындыларын қайта қарау рәсімі мынадай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттарына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша пікір білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін компоненттерді қаржылық есептілік аудитімен қамтудың жеткілікті болуы;
Тармақша 3
3) операциялардың белгілі бір класы, шоттар мен ашып көрсетулер сальдосы үшін бекіту деңгейінде елеулі бұрмаланулар тәуекелдерін бағалау;
Тармақша 4
4) аудиторлық іріктеменің негіздемелері мен нәтижелерінің болмауы;
Тармақша 5
5) аудиторлық дәлелдемелердің толықтығы мен анықтығы (екі және одан да көп фактілер бойынша);
Тармақша 6
6) анықталған бұзушылықтарды жіктеудің дұрыстығы;
Тармақша 7
7) қаржылық есептілік бойынша айтылған пікірдің негізділігі.
Тармақ 129-12
129-12. Жоғары аудиторлық палата осы Қағидалардың 129-11-тармағында көзделген көрсеткіштерге сәйкес келмеуін анықтаған кезде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қаржылық есептілігінің типі бойынша мемлекеттік аудит органдары аудитінің қорытындылары (аудиторлық есеп және/немесе аудиторлық қорытынды) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес келмейді деп танылады.
Тармақ 129-13
129-13. Жоғары аудиторлық палатаның Аудиторлық есепті және Аудиторлық қорытындыны, Нұсқаманы жасауы және ресімдеуі осы Қағидалардың 2-бөлімінің 2 және 3-параграфтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Аудит қорытындыларын қайта қарау нәтижелерін ресімдеу кезінде Қағидаларда айқындалған Жоғары аудиторлық палатаның Аудиторлық есебі нысанынан мынадай бөлімдерді толтыру алып тасталады: мемлекеттік аудиттің типі, алдыңғы мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер. Жоғары аудиторлық палатаның Аудиторлық қорытындысында аудит нысанасының жай-күйіне қысқаша талдау көрсетіледі (аудиттелетін саланың орнына), мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау көрсетілмейді.
Тармақ 129-14
129-14. Қаржылық есептілік типі бойынша аудит қорытындыларын қайта қарау кезінде пікір Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген 300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен білдіріледі.
Тармақ 129-15
129-15. Аудит қорытындыларын қайта қарау нәтижелері бойынша жасалған Аудиторлық қорытынды мен Нұсқама мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мен мүдделі тараптардың қаралған қарсылықтары ескеріле отырып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысына шығарылады.
Тармақ 129-16
129-16. Жоғары аудиторлық палатаның отырысы Жоғары аудиторлық палатаның регламентінде айқындалған тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 129-17
129-17. Аудит қорытындыларын қайта қарау жөніндегі аудиторлық есепке қарсылық (шағым), Жоғары аудиторлық палатаның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне (оның ішінде әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану (бұдан әрі – Қарсылық) Заңның 5-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында, 37-бабында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 92-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 129-18
129-18. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бюджет қаражатын мақсатынан тыс және (немесе) негізсіз пайдаланудың анықталған фактілеріне байланысты құқықтық актілеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 129-19
129-19. Аудит қорытындыларын қайта қарауға жауапты құрылымдық бөлімше талдауға және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімшеге аудит қорытындыларын қайта қарау туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 129-20
129-20. Талдауға және есептілікке жауапты құрылымдық бөлімше Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген 900. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы ұсынылатын ақпарат шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне аудит қорытындыларын қайта қарау туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 129-21
129-21. Аудит қорытындыларын қайта қарау туралы ақпарат аудиторлық іс-шараның материалдарына қоса тіркеледі және аудит қорытындыларын қайта қарау материалдарын есепке алу Жоғары аудиторлық палатаның регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 129-22. 3-бөлім. Жоғары аудиторлық палатаның жоғары мемлекеттік аудит органдарымен жүргізетін үстеме тексеруін, сондай-ақ бірлескен және қатар тексерулерін жүргізудің ерекшеліктері
129-22. Жоғары аудиторлық палата Төрағасының шешімі бойынша аудит қорытындыларын қайта қарау нәтижелері құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, интернет-ресурста орналастырылады. 3-бөлім. Жоғары аудиторлық палатаның жоғары мемлекеттік аудит органдарымен жүргізетін үстеме тексеруін, сондай-ақ бірлескен және қатар тексерулерін жүргізудің ерекшеліктері
Тармақ 1. 1-параграф. Үстеме тексеруді жүзеге асыру
1-параграф. Үстеме тексеруді жүзеге асыру
Тармақ 130
130. Мемлекеттік аудиттің негізгі объектілерінің қызметін алдын ала зерделеу барысында үстеме тексерудің ықтимал объектілері айқындалып, Аудит бағдарламасына енгізіледі. Егер аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында үстеме тексеру жүргізу үшін негіздер туындаса, онда осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес кейін Тізбеге өзгерістер енгізіле отырып, Аудит бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізіледі.
Тармақ 131
131. Үстеме тексеру жүргізу үшін әрбір мемлекеттік аудит объектісіне осы Қағидалардың 59-тармағында көзделген нысан бойынша үстеме тексеру жүргізуге жеке Тапсырма ресімделеді және қажет болған жағдайда осы Қағидалардың 69-тармағына сәйкес Талап ұсынылады.
Тармақ 132
132. Үстеме тексеру нәтижелерін ресімдеу кезінде Аудиторлық есептің нысанынан мынадай бөлімдер: мемлекеттік аудит типі, алдыңғы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы мәліметтер алып тасталады.
Тармақ 133
133. Үстеме тексеруді жүргізген мемлекеттік аудиторлар және тартылған сарапшылар Аудиторлық есепті екі данада жасайды және оларға қол қояды. Аудиторлық есептің бірінші данасы үстеме тексеру аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидалардың 103-тармағына сәйкес Жоғары аудиторлық палатаға (Тексеру комиссиясына) жіберіледі, ол бойынша Заңның 24-бабына сәйкес сапа бақылауы рәсімі жүргізіледі. Аудиторлық есептің екінші данасы үстеме тексеру аяқталған күні мемлекеттік аудит объектісінің кіріс хат-хабарларды есепке алу жүйесінде тіркеледі не хабарламамен пошта арқылы жіберіледі.
Тармақ 134
134. Үстеме тексеру жүргізілген жағдайда, мемлекеттік аудитор оның нәтижелерін негізгі мемлекеттік аудит объектісінде жасалатын Аудиторлық есепте міндетті түрде көрсетеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Жоғары аудиторлық палатаның елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен жүргізетін бірлескен және қатар тексерулерін жүзеге асыру
2-параграф. Жоғары аудиторлық палатаның елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен жүргізетін бірлескен және қатар тексерулерін жүзеге асыру
Тармақ 135
135. Елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен бірлескен немесе қатар тексерулеріне Жоғары аудиторлық палатаның қатысуының құқықтық негізі Бақылаудың басшылық қағидаттарының Лима декларациясы, Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (ИНТОСАИ), Еуропа жоғары аудит органдары ұйымының (ЕУРОСАИ), Азия жоғары аудит органдары ұйымының (АЗОСАИ), Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары аудит органдары ұйымының (ЭКОСАИ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің, Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО) туралы шарттың, елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен Жоғары аудиторлық палатаның ынтымақтастық туралы келісімдері шеңберінде қабылданған шешімдер, Заң және осы Қағидалар болып табылады.
Тармақ 136
136. Елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен бірлескен және қатар тексеру іс-шаралары Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру кезеңінде көзделеді.
Тармақ 137
137. Жоғары аудиторлық палата бірлескен тексеруді елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен бірге тексерудің ортақ тақырыбы, Бағдарламасы бойынша және келісілген мерзімдерде екіжақты немесе көпжақты негізде жүргізеді.
Тармақ 138
138. Жоғары аудиторлық палата қатар тексеруді елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен бірге кейіннен оның нәтижелерімен алмаса отырып, келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері бойынша өзара келісім шеңберінде дербес жүргізеді.
Тармақ 139
139. Елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен бірлескен немесе қатар тексеру республикалық бюджет қаражатының, қатысушы елдердің аумағында орналасқан жекелеген объектілерді бірлескен үлестік қаржыландыруға бағытталатын бюджеттік инвестициялардың пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит кезінде және Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттары мен келісімдерінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 140
140. Бірлескен немесе қатар тексеруді жүргізу үшін мемлекеттік аудитті жүргізуге, сыртқы байланыстарды үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімшелер Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылық етуімен тексеру жүргізу басталғанға дейін екі ай бұрын елдердің жоғары мемлекеттік аудитінің бір немесе бірнеше органымен ақпарат алмасу жөнінде жұмыстар жүргізеді, онда:
Тармақша 1
1) тексерудің мақсаты, міндеттері мен мәселелері;
Тармақша 2
2) тексеру объектілері;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізу мерзімдері;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізуге жауапты адамдар;
Тармақша 5
5) ұлттық заңнамада, ынтымақтастық туралы келісімдерде айқындалған функциялары мен аудиторлық өкілеттіктеріне сүйене отырып, әрбір жоғары мемлекеттік аудит органының қатысу шарттары мен мәселелері;
Тармақша 6
6) жоғары мемлекеттік аудит органдарының тексеру жүргізуге байланысты жұмыстарды қаржыландыру бөлігіндегі міндеттемелері;
Тармақша 7
7) ақпарат алмасу және тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі, соның ішінде қорытынды құжаттың нысаны;
Тармақша 8
8) аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша шешімдерді дайындау мен қабылдау тәртібі;
Тармақша 9
9) аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын мониторингілеу (бақылау) тәртібі айқындалады.
Тармақ 141
141. Сыртқы байланыстарды үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылық етуімен ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органымен ақпарат алмасқаннан кейін бірлескен (қатар) тексеруді жүргізу туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) және Тексеру бағдарламасының жобаларын дайындау жөнінде жұмыстар жүргізеді.
Тармақ 142
142. Тексеру бағдарламасының жобасы сапа бақылауынан өткеннен кейін сыртқы байланыстарды үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, тексеру жүргізу басталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, Келісімнің және Тексеру бағдарламасының жобаларын ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органына келісуге жібереді. Келісу барысында Келісімге және Тексеру бағдарламасына, қажет болған жағдайда, түзетулер енгізіледі.
Тармақ 143
143. Ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органымен келісілген Келісім және Бағдарлама жобаларына Жоғары аудиторлық палатаның жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауын жүргізуге, сыртқы байланыстарды үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойып, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қол қоюға енгізіледі. Келісім және Бірлескен тексерудің бағдарламасы тексеру басталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей, ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органына бекіту үшін жіберіледі.
Тармақ 144
144. Бірлескен тексеру тобының құрамына кіретін Жоғары аудиторлық палатаның жұмыскерлері өздері болған елдің аумағында тексеру жүргізу кезінде, болған елінің мемлекеттік аудит жүргізу заңнамасын, қағидаларын, сондай-ақ бекітілген Келісімді және Бірлескен тексеру бағдарламасын басшылыққа алуға міндетті.
Тармақ 145
145. Бірлескен (қатар) тексеруді сапалы жүргізу мақсатында Жоғары аудиторлық палатаның тексеруге жауапты мүшесі ынтымақтасып отырған елдің жоғары мемлекеттік аудит органымен Жоғары аудиторлық палатаның өзара іс-қимылын:
Тармақша 1
1) бірлескен (қатар) тексеруді жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер талқыланатын кеңестер;
Тармақша 2
2) консультациялар;
Тармақша 3
3) әдістемелік және талдамалық құжаттар, ақпарат алмасу түрінде ұйымдастырады.
Тармақ 146
146. Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен тексеру жүргізілген кезде Аудиторлық есеп Жоғары аудиторлық палатаның бланкісінде тексеру объектісі үшін бір данасы ескеріле отырып, бірлескен тексеруге қатысып отырған елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарының санына тең даналарының саны бойынша ресімделеді. Аудиторлық есепке тексеруді жүргізген жұмыскерлер қол қойған, Жүйелі кемшіліктердің тізбесі, бірлескен немесе қатар тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімі қоса беріледі.
Тармақ 147
147. Қатар тексеруді жүргізу кезінде Аудиторлық есептер қатар тексеруге қатысушы жоғары мемлекеттік аудит органдарының ұлттық заңнамасына сәйкес жасалады.
Тармақ 148
148. Қатар немесе бірлескен тексерудің нәтижелері бойынша осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес Аудиторлық қорытынды жасалады.
Тармақ 149
149. Қатар немесе бірлескен тексерудің қорытындылары туралы Жоғары аудиторлық палатаның Аудиторлық қорытындысы, егер Келісімде өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 3-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралады және қабылданады.
Тармақ 150
150. Қатар тексеруге қатысушы елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдары оның нәтижелері бойынша қабылданған, бекітілген Аудиторлық есептердің көшірмелерімен алмасады.
Тармақ 151
151. Бірлескен (қатар) тексеруді жүргізу туралы келісімде жүргізілген бірлескен (қатар) тексерудің қорытындысы бойынша бірлескен қорытынды құжатты дайындау көзделуі мүмкін.
Тармақ 152
152. Келісімді іске асыру үшін, қажет болған жағдайда, жоғары мемлекеттік аудит органдарының жүргізген бірлескен (қатар) тексеруінің нәтижелері бойынша олардың бірлескен отырыстар өткізуі, бірлескен шешімдер қабылдауы көзделеді.
Тарау 4. 4-тарау. Қаржылық бақылау
4-тарау. Қаржылық бақылау
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 153
153. Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Қаржылық бақылаудың ден қою шаралары Заңның 5-бабының 2-тармағында белгіленген.
Тармақ 154
154. Қаржылық бақылаудың ден қою шаралары:
Тармақша 1
1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы Нұсқама шығару;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған кезде материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудит объектісі нұсқаманы орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына беру прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік аудит объектісі, мүдделерін аудиторлық іс-шаралар қозғаған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағым жасаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына беру дауларды реттеудің апелляциялық және (немесе) сот тәртібі сақталғаннан кейін прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтіру және Нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қоюды ұсыну болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама
2-параграф. Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама
Тармақ 155
155. Осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Нұсқамалары оларда көрсетілген мерзімдерде қаралатын Аудиторлық қорытындыны немесе Аудиторлық қорытындыдан үзінді көшірмені қоса бере отырып, мемлекеттік аудит объектілеріне, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және лауазымды адамдарға жіберіледі.
Тармақ 156
156. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының жауаптылығы ӘҚБтК-де көзделген.
Тармақ 3. 3-параграф. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау
3-параграф. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау
Тармақ 157
157. Егер мемлекеттік аудит объектісінің басшысы Мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару және (немесе) құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптарда көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін Заңның 21-бабында көзделген міндеттерін орындамаса, мемлекеттік аудитор анықталған күні, ал әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайларын және жеке тұлғаның жеке басын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ӘҚтК-нің 462-бабының негізінде ӘҚтК-нің 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, оның жобасы ӘҚтК-де белгіленген мерзімдер шегінде оны ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі.
Тармақ 158
158. Осы Қағидалардың 160-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ӘҚтК-де белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Тармақ 159
159. Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссияларының мемлекеттік аудиторлары ӘҚтК-нің 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды ӘҚтК-ге сәйкес толтырады және әкімшілік жазалар қолданады. Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссияларының мемлекеттік аудиторлары ӘҚтК-нің 234-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ӘҚтК-ге сәйкес жасайды.
Тармақ 4. 4-параграф. Құқық қорғау органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға материалдар беру
4-параграф. Құқық қорғау органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға материалдар беру
Тармақ 160
160. Мемлекеттік аудит объектілері Нұсқамаларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына прокуратура органдары арқылы беріледі. Мемлекеттік аудит объектісі, мүдделерін аудиторлық іс-шаралар қозғаған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де адамдар, сондай-ақ мүдделерін сот тәртібімен аудиторлық іс-шаралар қозғаған адамдары бар мемлекеттік аудит объектісі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағым жасаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына беру дауларды реттеудің сот тәртібі сақталғаннан кейін прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады. Нұсқаманың тиісінше орындалмауы деп оның белгіленген мерзімдерде толық орындалмауы не уақтылы орындалмауы түсініледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға материалдар ӘҚтК-де көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері анықталған жағдайда беріледі, бұл ретте процестік шешімді қарау және қабылдау әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың құзыретіне жатады. Мемлекеттік аудиторлар құқық қорғау органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға беру үшін құқық бұзушылықтарға жол берген адамдардан жазбаша түсініктемелер және анықталған құқық бұзушылықтың белгілерін растайтын, лауазымды адамдардың қолымен немесе ұйымның мөрімен расталған құжаттардың төлнұсқаларының көшірмелерін (бұдан әрі – құжаттар тізбесі) жасауды талап етеді:
Тармақша 1
1) бұзушылық фактісін тікелей растайтын құжаттар: қаулылар мен Нұсқамалар, олардың орындалуы бойынша жауаптар; мемлекеттік аудит объектісі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағымданған жағдайларда, аудит қорытындыларына шағымдану жөніндегі құжаттарды қоса бере отырып, соттардың шешімдері; бұзушылық фактілерін көрсететін және аудиторлық есептің ажырамас бөлігі болып табылатын фотоматериалдар; жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың, бақылау өлшемдерінің (тексеріп қараулардың) және тағы басқаларының) актілері; сараптаманың және мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың қорытындылары (жүргізілген жағдайларда); функционалдық және лауазымдық міндеттеріне сүйене отырып, адамдардың жазбаша түсініктемелері (не түсініктеме беруден бас тарту туралы акті), олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; бұзушылық фактісін тікелей растайтын өзге де құжаттар;
Тармақша 2
2) операция немесе әрекет фактісін қамтитын құжаттар немесе олардың көшірмелері, соның ішінде шешімдер: орындалған жұмыс актілері (тауарларды қабылдау-тапсыру, қызметтерді көрсету, есептен шығару, жою актілері); мемлекеттік сатып алу туралы бұйрықтар, хаттамалар және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың шешімдері; шарттар; операция немесе әрекет фактілері қамтылған өзге де құжаттар немесе олардың көшірмелері;
Тармақша 3
3) ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері: төлем тапсырмалары (төлеуге арналған шоттар, түбіртектер, чектер); ведомостер, ордерлер, нарядтар;
Тармақша 4
4) лауазымды адамдардың өкілеттіктерін растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері: жарғылар, ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар; анықталған бұзушылықтарға қатысы бар лауазымды адамдарды тағайындау (жұмыстан босату) туралы бұйрықтар;
Тармақша 5
5) мемлекетке, мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды тұлғалардың мүдделеріне келтірілген залалдың сомасын растайтын құжаттар: анықтамалар, кестелер, диаграммалар; есептеулер; төлем фактісін растайтын өзге де құжаттар немесе олардың көшірмелері.
Тармақ 161
161. Жоғары аудиторлық палатаның материалдарды құқық қорғау органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына беруі Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 41, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 1, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 37 бірлескен бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 34165 болып тіркелген) Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Тексеру комиссияларының материалдарды құқық қорғау органдарына беруі тексеру комиссиялары мен құқық қорғау органдары бекіткен бірлескен бұйрықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қою
5-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қою
Тармақ 162
162. Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) сотқа талап қоюды Нұсқамалардың, соның ішінде бюджетке өтеудің, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтірудің қажеттігін қамтитын тапсырмалық тармақтары көрсетілген мерзімдерде орындалмаған және орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешім болмаған кезде жүзеге асырады.
Тармақ 163
163. Сотқа талап қою шеңберінде Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) ішкі жұмыс тәртібі Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 164
164. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) басшылығы айқындаған құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жұмыскерлері және тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларының келісімі бойынша, аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудитор сот процесіне тікелей қатысады.
Тарау 5. 5-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдардың, Нұсқамаларының орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыру
5-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдардың, Нұсқамаларының орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыру
Тармақ 1. 1-параграф. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды, Нұсқамаларын бақылауға қою және олардың орындалуын мониторингілеу
1-параграф. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды, Нұсқамаларын бақылауға қою және олардың орындалуын мониторингілеу
Тармақ 165
165. Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды, Нұсқамаларды бақылауға қоюдың ішкі тәртібі Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 166
166. Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды қараудың нәтижелері туралы және Нұсқамаларды орындау туралы ақпаратты мемлекеттік аудит объектісі және оларда көрсетілген мүдделі адамдар растайтын құжаттарымен бірге тиісті құжаттарда көрсетілген мерзімдерде Жоғары аудиторлық палатаға (Тексеру комиссиясына) жібереді.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекеттік аудит объектісінің Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамасының тармақтарын орындауын талдау
2-параграф. Мемлекеттік аудит объектісінің Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамасының тармақтарын орындауын талдау
Тармақ 167
167. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдардың және міндетті түрде орындау үшін жіберілген Нұсқамалардың орындалуына жауапты Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) мүшесімен бірлесіп, тұрақты және жүйелі негізде мыналардың:
Тармақша 1
1) аудит объектілерінің Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды қарауының, соның ішінде қарау нәтижелері туралы ақпараттың және олардың қаралғанын растайтын құжаттардың және шешімдер қабылдаудың;
Тармақша 2
2) Нұсқамалардың тапсырмалық тармақтарын орындаудың, соның ішінде аудит объектісі және мүдделі адамдар жіберетін Нұсқамаларды орындау нәтижелері туралы ақпараттың және растайтын құжаттардың уақтылылығы мен толықтығын бақылау мен талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 168
168. Үкіметтің Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды орындауы туралы ақпаратты оларды орындауға жауапты мемлекеттік орган (квазимемлекеттік сектор субъектісі) бақылаудан алу не оларды орындау мерзімдерін ұзарту туралы мәселені қарау үшін Жоғары аудиторлық палатаға жібереді.
Тармақ 169
169. Бақылау:
Тармақша 1
1) Аудиторлық қорытындыда (соның ішінде бірлескен) қамтылған ұсынымдардың және Нұсқамалар тармақтарының орындалуының толықтығы және анықтығы, растайтын құжаттардың болуы;
Тармақша 2
2) Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқамалар тармақтарының орындалу мерзімдерін ұзарту туралы ұсыныстар енгізудің негізділігі;
Тармақша 3
3) бақылаудан алудың негізділігі тұрғысынан жүргізіледі.
Тармақ 170
170. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамаларының (Қаулыларының) тармақтарын бақылаудан алу үшін:
Тармақша 1
1) толық және сапалы орындалуы;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның таратылуы (соның ішінде соттың банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда), жеке тұлғаның қайтыс болуы;
Тармақша 3
3) лауазымды адамның және/немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуы;
Тармақша 4
4) заңды күшіне енген сот шешімімен өтелуге (қалпына келтірілуге) жататын фактілердің немесе сомалардың көлемдерінің расталмауы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ескіру мерзімінің өтуі;
Тармақша 6
6) заңдастыру (рақымшылық жасау) актісін қабылдау, сондай-ақ олардың негізінде Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) қаражатты өтеу (қалпына келтіру) туралы тұжырым жасаған фактілерді заңдастыратын заңнаманы өзгерту;
Тармақша 7
7) жойылмайтын құқықтық және әкімшілік кедергілердің салдарынан ұсынымдар мен тапсырмаларды орындаудың мүмкін еместігі (заңнаманы өзгерту, тиісті жоғары тұрған уәкілетті органдардың шешім қабылдауы);
Тармақша 8
8) сарапшылардың, мамандардың бұзушылық фактілерінің жоқтығы туралы тиісті қорытындыларының болуы (қылмыстық және әкімшілік іс жүргізу шеңберінде);
Тармақша 9
9) тапсырмаларды (ұсынымдарды) дайындау үшін негіз болған анықталған бұзушылықты (әрекетті (әрекетсіздікті) қылмыстық сипаттан арылтатын заңнаманың өзгеруі;
Тармақша 10
10) бұрын жіберілген тапсырмалардың (ұсынымдардың) өзектілігіне әсер ететін ұйымдастырушылық өзгерістер (қайта құру);
Тармақша 11
11) талап қою арызын қанағаттандыру туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 241-бабына сәйкес атқару құжатының аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындалуға жіберілгенін растайтын тиісті құжаттың болуы негіз болып табылады.
Тармақ 171
171. Мемлекеттік аудит объектісінен және өзге де мүдделі тұлғалардан ұсынымдар мен (немесе) Нұсқама тармақтарын орындау мерзімдерін ұзарту туралы ұсыныстар болмаған кезде олардың орындалу мерзімдерін ұзарту туралы шешімді Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасы жойылатын бұзушылықтардың ауқымы мен сипаты туралы негізделген ақпаратты ескере отырып белгілейді.
Тармақ 172
172. Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың, Қаулылардың тармақтарын бақылаудан алуды, олардың орындалу мерзімдерін ұзартуды ұйымдастырудың ішкі тәртібі Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентіне сәйкес жүзеге асырылады. Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың, Қаулылардың тармақтарын бақылаудан алу, орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешімді Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасы қабылдайды.
Тармақ 173
173. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасы шешім қабылдаған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған хатпен мемлекеттік аудит объектісін Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдардың және (немесе) Нұсқама тармақтарының, Қаулылардың бақылаудан алынғаны не олардың орындалуы жалғасатындығы туралы хабардар етеді. Аудиторлық қорытындыда қамтылған Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы хабарламаны алғаннан кейін ұсынымдардың орындалуына жауапты мемлекеттік орган (квазимемлекеттік сектор субъектісі) атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына жібереді. Мемлекеттік аудит объектісінің атына Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және (немесе) Нұсқаманың тармақтарын, Тексеру комиссиясы қаулыларын бақылаудан алу не олардың орындалу мерзімін ұзарту туралы ақпаратты жіберу олардың регламенттерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 174
174. Қажет болған жағдайда, Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқаманың, Қаулылардың тармақтарының орындалу барысы туралы мәселені талқылау мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдарының ақпаратын тыңдау үшін оларды шақыра отырып, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысына шығарылады, оны қараудың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.
Тармақ 3. 3-параграф. Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) шешімдерінің орындалуын тексеру
3-параграф. Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) шешімдерінің орындалуын тексеру
Тармақ 175
175. Тексеру жүргізу туралы шешімді Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасы қабылдайды.
Тармақ 176
176. Тексеру мынадай тәсілдердің біреуі арқылы жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне енгізе отырып, аудит объектісіне шығу арқылы Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалар тармақтарын орындаудың толықтығы мен анықтығына бақылау жүргізу;
Тармақша 2
2) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы осы объектіде жүргізетін (жоспарлаған) аудиторлық іс-шара бағдарламасына тексеру жүргізу мәселелерін қосу.
Тармақ 177
177. Тексеру жүргізу осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) шешімдерінің орындалуын мониторингілеуге және бақылауға жауапты Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) мүшесінің тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 178
178. Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) шешімдерінің орындалуын тексеру үшін мемлекеттік аудит тобының құрамына мемлекеттік аудиторлар, ал қажет болған кезде сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жұмыскерлері кіреді.
Тармақ 179
179. Тексеру жүргізу нәтижелері бойынша оны жүргізген адам (адамдар) растайтын құжаттарды (қарау, тексеріп қарау актісі, фото-бейнематериалдар, жүргізілген жағдайда, жүргізілген пікіртерім нәтижелері, болған жағдайда тиісті уәкілетті органдардың, ұйымдардың сараптамалық қорытындылары және т.б.) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) шешімдерінің орындалуын тексеру актісін (бұдан әрі – Тексеру актісі) жасайды. Тексеру актісі Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) бланкісінде екі данада (бірінші данасы – Жоғары аудиторлық палатаға (Тексеру комиссиясына), екінші данасы – мемлекеттік аудит объектісіне) ресімделеді.
Тармақ 180
180. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) Төрағасы тексеру нәтижелері бойынша қызметтік жазбаның негізінде Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) шешімдерін толық бақылаудан алу не жекелеген тармақтарын орындауды жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 181
181. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясы) мүшесі Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Төрағасының қарарын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) шешімінің толық бақылаудан алынғаны немесе оны орындаудың жалғасатыны туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 4. 4-параграф. Мемлекеттік аудит объектісі ақпарат ұсынбаған, Нұсқама тармақтарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда шаралар қабылдау
4-параграф. Мемлекеттік аудит объектісі ақпарат ұсынбаған, Нұсқама тармақтарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда шаралар қабылдау
Тармақ 182
182. Мемлекеттік аудит объектісі Нұсқамалар тармақтарының орындалуы жөніндегі ақпаратты тиісті мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі Нұсқама тармақтарының орындалу мерзіміне дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын мемлекеттік аудит объектісіне ЭҚАЖ (болған жағдайда) арқылы және (немесе) қағаз түрінде поштамен ӘҚтК-нің 462-бабында көзделген әкімшілік жауаптылық туралы ескерту жібереді.
Тармақ 183
183. Мемлекеттік аудит объектісінің ақпаратты ұсынбауы, Нұсқаманың тармақтарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы жөнінде шаралар қабылдауды ұйымдастырудың ішкі тәртібі Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентімен айқындалады.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 1. 1-параграф. Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету
1-параграф. Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету
Тармақ 184
184. Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін қарау жөнінде отырыс өткізу қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) интернет-ресурсына тиісті баспасөз релизі және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттен қаражатың, мемлекеттік активтердің жұмсалуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы ақпарат орналастырылады.
Тармақ 185
185. Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін қарау бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) алдағы отырысы туралы анонс Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) интернет-ресурсына оны өткізгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады.
Тармақ 186
186. Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін қарау бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілгеннен кейін жұртшылықпен байланысқа жауапты құрылымдық бөлімше қажет болған жағдайда, қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) Төрағасының келісімімен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) лауазымды адамдарының сөз сөйлеуін ұйымдастырады.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекеттік аудит материалдарын (құжаттарын) есепке алу және сақтау
2-параграф. Мемлекеттік аудит материалдарын (құжаттарын) есепке алу және сақтау
Тармақ 187
187. Мемлекеттік аудит материалдарын (құжаттарын), оның ішінде мемлекеттік аудит объектісі электрондық форматта ұсынған қосымша құжаттаманы, мәліметтерді, ақпаратты және материалдарды (аудиторлық файлды) есепке алу және сақтау Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 1-қосымша Мемлекеттік аудит объектілерінің ___ жылға арналған тізбесі Р/с№ Мем. аудит объектісі Мем. аудиттің типі Тексерудің түрі Аудиторлық іс-шараның қысқаша атауы Аудиторлық іс-шара бойынша мерзімдер (тоқсандарға бөліне отырып көрсетіледі) дайындық негізгі негізгі 1 2 3 4 5 6 7 8 1. ... Кестенің жалғасы Мем. аудитпен қамтылатын бюджет қаражатының және активтердің жоспарланған сомалары бойынша болжам, жылдар бөлінісінде (млн. теңге) Мем. аудитор(лар)дың ассистент(тер)ін, басқа да сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын, Уәкілетті органды, сарапшылар мен мемлекеттік емес аудиторларды тарту бойынша ақпарат қаржыландыру көзі (бюджет, активтер) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды бюджеттік бағдарламаның, кіші бағдарламаның нөмірі 20__ 20__ 20___ жыл Барлығы 9 10 11 12 13 14 15 16 Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы: мем. аудит – мемлекеттік аудит млн. теңге – миллион теңге мем. аудитор – мемлекеттік аудитор
Басқа 2
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 2-қосымша Аудиторлық іс-шараны жүргізуге өтінім Мем. аудит объ­ек­ті­сі (-ле­рі) Мем. аудит­тің ти­пі Тек­се­ру­дің тү­рі Ауди­тор­лық іс-ша­ра­ның қы­сқа­ша ата­уы Тәу­е­кел то­бы (жоғ., орт., төм.) Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­сі­нің ко­ды* ББ, БКБ №, ак­тив­тер 1 2 3 4 5 6 7 Аббревиатуралардың толық жазылуы: мем. аудит – мемлекеттік аудит жоғ. – жоғары орт. – орташа төм. – төмен ББ – бюджеттік бағдарлама мем. аудитор – мемлекеттік аудитор БКБ – бюджеттік кіші бағдарлама
Басқа 3. Алдын ала зерделеуге ТАПСЫРМА
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан Алдын ала зерделеуге ТАПСЫРМА «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ____-бабына және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиясы) мемлекеттік аудит объектілерінің _____ жылға арналған тізбесіне сәйкес _________________________________________ (алдын ала зерделеу жүргізу тапсырылған Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскер(лер)інің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және лауазымы көрсетіледі) ____________________________________________________________________ Мемлекеттік аудит объектісі (мемлекеттік аудит объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері, жеке сәйкестендiру нөмiрі, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі) _______________________________________________________________ (алдын ала зерделеудің мәні көрсетіледі) ________________________________ алдын ала зерделеу жүргізу тапсырылады. Алдын ала зерделеудің мақсаты ____________________________________ Алдын ала зерделеу кезеңі ________________________________________ Алдын ала зерделеу мерзімдері: _________ ___________________ аралығы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мүшесі _______________________________________________ (тапсырмаға қол қоюға уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және қолы) Ескертпе: Алдын ала зерделеуге тапсырманы (бұдан әрі – Тапсырма) жасау. Тапсырма мынадай деректерді: нөмірі мен берілген күнін; Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) алдын ала зерделеу жүргізуге жауапты мүшесінің аты-жөні мен тегін, оның қолын не оның міндетін атқарушы адамның деректерін, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының мөрін қамтиды.
Басқа 4
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан Алдын ала зерделеуді (аудиторлық іс-шараны, тексеруді) жүргізу туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиясының) мемлекеттік аудит объектілерінің ______ жылға арналған тізбесіне сәйкес ____________________ аралығында (ұзақтығы көрсетіледі) _________________ _________________________________________________ (мақсаты көрсетіледі) алдын ала зерделеу (аудиторлық іс-шара, тексеру) жүргізіледі. Сіздерден: 1) алдын ала зерделеу (аудиторлық іс-шара, тексеру) жүргізуге және жауапты лауазымды адамдарды белгілеуге жәрдем көрсетулеріңізді; 2) оны жүргізуге кедергі келтірмеулеріңізді және барлық сұратылған ақпаратпен қамтамасыз етулеріңізді; 3) қажетті жағдай жасауларыңызды, дайындық жұмыстарын жүзеге асырып, жұмыскерлерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етулеріңізді*; 4) аудиторлық іс-шараның өлшемшарттарын талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мүшесі _______________________________________________ (аты-жөні, тегі) Ескертпе: Алдын ала зерделеу (аудиторлық іс-шара, тексеру) жүргізу туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) ресми бланкісінде ресімделеді. * 3) тармақша хабарламада аудиторлық іс-шараны, тексеруді жүргізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын аудиторлық іс-шаралар бойынша мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу жүргізген жағдайда көрсетіледі. Аудиторлық іс-шараны, тексеруді жүргізу туралы хабарламаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) әдеп жөніндегі уәкілінің сенім телефоны туралы ақпарат міндетті түрде қоса беріледі.
Басқа 5
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 5-қосымша Мәліметтерді, құжаттамаларды, ақпаратты және материалдарды (дәлелдемелерді) ұсыну туралы талап _______________________________________________________________ мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиясының) мемлекеттік аудит объектілерінің ____ жылға арналған тізбесіне сәйкес ___________________ аралығында (мемлекеттік аудиттің ұзақтығы көрсетіледі) ____________________________________________________________________ (объектінің атауы, аудиторлық іс-шараның мақсаты көрсетіледі) аудиторлық іс-шара жүргізу көзделген. Осыған байланысты, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес ___________________________________________________________________ (қажетті мәлімет және мәселелердің үлгі тізбесіне сәйкес құжаттама тізбесі көрсетіледі) туралы ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ұсынуларыңызды сұраймыз. Сұратылған ақпарат және құжаттардың көшірмелері __________________ (құжаттаманы ұсынудың күні көрсетіледі) қарай қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық поштамен ұсынылсын. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау, атап айтқанда, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызметі туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді ұсынудан бас тарту, шынайы емес ақпарат ұсыну, аудитті жүзеге асыруға өзге де кедергілер келтіру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасай отырып, ӘҚтК-нің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Басқа 6
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 6-қосымша Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпарат 1. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу барысында ___________________________________________________________ (мемлекеттік аудит объектілерінің атауы) ____________________________________________________________________ (аудиторлық іс-шараның мақсаты көрсетіледі) жүргізуге маңызы бар мынадай құжаттар зерделенді. 1)_____________________________________________________________ (зерделенген құжаттардың, есептердің және басқа да ақпараттың, соның ішінде қаржыландырудың бекітілген сомаларының тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінуі мен игерілуін жылдар бөлінісінде көрсете отырып, мемлекеттік аудит объектісінен талап ету бойынша алынғандарының тізбесі көрсетіледі) 2)_____________________________________________________________ (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу, мемлекеттік аудит органдарының аудиторлық іс-шарасының (тексеру немесе бақылау) нәтижелері (болған жағдайда) 3)_____________________________________________________________ (тиімділік аудиті өлшемшарттарын мемлекеттік аудит объектісіне жіберу туралы ақпарат (деректемелері бар шығыс хаттар)) 4) аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, өңірлік және (немесе) елдік бөліністегі әлеуметтік-экономикалық дамудың жай-күйін талдау ____________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына бағалау жүргізілген жағдайда оларды іске асыруға арналған жоспарлы шығыстар көздер бөлінісінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес бекітілген сомалар, жылдар бөлінісінде нақты бөлінген және игерілген сомалар, жылдар бөлінісінде нақтыланған, түзетілген және игерілген қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламалар мен активтер, кезеңдер бөлінісінде жоспарланғандар қатарынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының қол жеткізілген нысаналы индикаторларының, нәтижелер көрсеткіштерінің саны көрсетіледі, қол жеткізілмеген жағдайда себептері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалған/орындалмаған іс-шараларының саны көрсетіледі, орындалмаған жағдайда себептері көрсетіледі; бұзушылықтар және/немесе жүйелі кемшіліктер фактілері анықталған жағдайда оларды өтпелі нөмірлеу жолымен тіркеу талап етіледі, ғылыми және талдамалық зерттеулер жүргізілген жағдайда оларды практикалық тұрғыдан пайдалану нәтижелері талдамалық құралдарды қолдана отырып көрсетіледі). 5) _____________________________________________________ (аудит объектілерінің саны болмашы болған жағдайда мемлекеттік аудит объектілерін таңдау өлшемшарттарының сипаттамасы және негіздемесі қолданылмайды) 6) ______________________________________________________ (аудиторлық іріктемені негіздеу (қажет болған жағдайда маңыздылық деңгейін айқындау) және аудиторлық тәуекелді бағалау) 7) _________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік аудиторларының (Тексеру комиссиясының) (мемлекеттік аудиторлар ассистенттерінің) үлестестік тізілімін аудит тобы мүшелерінің мемлекеттік аудит объектілерімен үлестестігі тұрғысынан талдау жасау. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жұмыскерлерінің үлестестік тізілімін жүргізу Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.) 2. Мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеудің және жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша мыналарды ұсынамыз: 2.1. Аудит бағдарламасына мыналар енгізілсін: 1) аудиторлық іс-шарамен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтердің көлемі ______________________________________________________________ (тексерілетін жылдар және бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде аудиторлық іріктеудің қорытындылары бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражат пен активтер көлемі көрсетіледі) 2) мемлекеттік аудит объектілері және оларды мемлекеттік аудиторлар (тартылған жағдайда мемлекеттік аудитордың ассистенті) арасында бөлу, соның ішінде бірлескен және қатар тексеру жүргізілген кезде, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының арасында бөлу _____________________________________________________________ 3) зерделенген мемлекеттік аудит объектілеріне қатысты қолданылатын мемлекеттік аудиттің типі мен тексерудің түрі _____________________________________________________________ 4) тиімділік аудитін немесе сәйкестік аудитін жүргізу кезіндегі көрсеткіштер және көрсеткіштердің әрбіреуіне мәселелер _____________________________________________________________ 2.2. Аудиторлық іс-шарадан мынадай _______________________________ негіздер бойынша (тиісті негіздер, аудиторлық іріктеудің нәтижелері көрсетіледі)__________________________________________________________ (мемлекеттік аудит объектісінің атауы) мемлекеттік аудит объектісі алынып тасталсын. 2.3. Аудиторлық іс-шаралар жүргізу мерзімі мынадай __________________ _______________________________________________ негіздер бойынша қайта қаралсын (ұлғайтылсын/қысқартылсын). 2.4. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (*Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген 700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) көзделген мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру мүмкіндігіне жол беріледі) ______________________________________________________________ 2.5. Мемлекеттік аудит тобы мүшелерінің аудит объектілерімен мүдделер қақтығысын талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит тобының мынадай құрамы ұсынылады:__________________________________________________ (мүдделер қақтығысының болуы немесе болмауы расталады) Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі __________________________________________________ (қолы, аты-жөні, тегі) Мемлекеттік аудит тобына қатысушылар __________________________________________________ (қолы, аты-жөні, тегі) Ескертпе: 2.2, 2.3-тармақтар қажет болған жағдайда толтырылады.
Басқа 7
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 7-қосымша нысан «Бекітемін» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияның) мүшесі Т.А.Ә. (қолы) 20__ жылғы «___» ________ АУДИТ БАҒДАРЛАМАСЫ I. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ 1. Аудиторлық іс-шараның атауы: _______________________________________________________________ 2. Аудиторлық іс-шараның мақсаты: _______________________________________________________________ 3. Мемлекеттік аудиттің типі, тексеру түрі: _______________________________________________________________ 4. Мемлекеттік аудиттің мәні: _______________________________________________________________ 5. Аудиторлық іс-шарамен қамтылатын қаражат және (немесе) активтер көлемі: _______________________________________________________________ 6. Аудиторлық іс-шарамен қамтылатын кезең: _______________________________________________________________ 7. Аудиторлық іс-шараны жүргізу мерзімдері: _______________________________________________________________ 8. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: топ жетекшісі, мемлекеттік аудиторлар (ассистенттер), сарапшылар: 9. Мемлекеттік аудиттің объектілері: Р/с № Мемлекеттік аудит объектісінің атауы Мемлекеттік аудит объектісінің орналасқан жері (облыс/қала) 1 2 3 II. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ОБЪЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША АУДИТТІҢ (бірлескен, қатар тексерудің) КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ Мемлекеттік аудит объектісінің атауы _______________________________________________________________ Мемлекеттік аудит объектісіндегі мемлекеттік аудиттің мақсаты _______________________________________________________________ Мемлекеттік аудиттің типі, тексерудің түрі _______________________________________________________________ Мемлекеттік аудитпен қамтылатын кезең _______________________________________________________________ Мемлекеттік аудит жүргізудің жалпы мерзімі (күндер саны) № п/п Қаражаттың және (немесе) активтердің көлемі* Мемлекеттік аудит көрсеткіштері (өлшемшарттар) Аудиторлық іс-шараның мәселелері жыд бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарлама активтер соммасы Кесте бойынша: 1-бағанда – рет санының нөмірі; 2-бағанда – бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың жылдар бойынша бөлінісінде қаражаттың, сондай-ақ активтердің (жылдар бойынша) көлемі; 3-бағанда – мемлекеттік аудиттің көрсеткіштері (өлшемшарттары); 4-бағанда – аудиторлық іс-шараның мәселелері; III. НОРМАТИВТІК-ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі Мемлекеттік аудиторлар (сарапшылар, ассистенттер) Ескертпе: * мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін қамту көлемін көздемейтін, соның ішінде республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына аудит жүргізуге, республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомасын қайтаруға, салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне, талдамалық іс-шараға бағытталған аудиторлық іс-шараларды қоспағанда. Мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасын (бұдан әрі – Аудит бағдарламасы) жасау. «I. Жалпы ақпарат» бөлімінде: 1. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның атауы. 2. Аудиторлық іс-шараның мақсаты. Жоспарланған мемлекеттік аудиттің тақырыбына және типіне қарай мақсаты ретінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 12-бабының 1, 2, 3-тармақтарында көзделген бағыттар көрсетіледі. 3. Мемлекеттік аудиттің типі, тексерудің түрі. Жүргізілетін мемлекеттік аудиттің тиісті типі көрсетіледі: сәйкестік, қаржылық есептілік, тиімділік. Тексеру жүргізілген жағдайда оның түрі көрсетіледі. Үстеме тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік аудиттің типі көрсетілмейді. 4. Мемлекеттік аудиттің мәні. Оларға қатысты мемлекеттік аудит жүргізу жүзеге асырылатын экономикалық құбылыстар, процестер, оқиғалар, құжаттар. 5. Аудиторлық іс-шарамен қамтылатын қаражат және (немесе) активтер көлемі. Жүргізілетін аудиторлық іс-шара (бірлескен, қатар тексеру) шеңберінде аудиторлық іс-шарамен (бірлескен, қатар тексеру) қамтылуға жататын қаражаттың және (немесе) активтердің жалпы көлемі көрсетіледі. 6. Аудиторлық іс-шарамен қамтылатын кезең. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің аудиторлық іс-шарамен (бірлескен, қатар тексерумен) қамтылатын кезеңі (күндері, айлары, жылдары) көрсетіледі. 7. Аудиторлық іс-шараны жүргізу мерзімдері. Аудиторлық іс-шараны жүргізудің басталған және аяқталған күндері көрсетіледі. 8. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: топ жетекшісі, мемлекеттік аудиторлар (ассистенттер), сарапшылар. Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) жұмыскерлерінің, мемлекеттік аудиторлардың және ассистенттердің, мемлекеттік органдар мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар жұмыскерлерінің және сарапшылардың (олар тартылған жағдайда) тегі, аты-жөні, лауазымы көрсетіледі. 9. Мемлекеттік аудит объектілері: 1-бағанда – рет санының нөмірі; 2-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің атауы; 3-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің орналасқан жері (облыс/қала). «II. Мемлекеттік аудит объектілері бойынша аудиттің (бірлескен, қатар тексерудің) көрсеткіштері мен мәселелері» бөлімінде: 1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы. Мемлекеттік аудит объектісінің реттік нөмірі, атауы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік аудит объектісіндегі мемлекеттік аудиттің мақсаты. Аудиторлық іс-шараның (бірлескен, қатар тексерудің) мәселелеріне сүйене отырып, аталған мемлекеттік аудит объектісіндегі мемлекеттік аудиттің мақсаты көрсетіледі. 3. Мемлекеттік аудиттің типі, тексерудің түрі. Аталған мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілетін мемлекеттік аудиттің тиісті типі: сәйкестік, қаржылық есептілік, тиімділік аудиті көрсетіледі. Тексеру жүргізілген жағдайда, оның түрі көрсетіледі. Үстеме тексеру жүргізілген кезде мемлекеттік аудиттің типі көрсетілмейді. 4. Мемлекеттік аудитпен қамтылатын кезең. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің аудиторлық іс-шарамен (бірлескен, қатар тексерумен) қамтылатын кезеңі (күндері, айлары, жылдары) көрсетіледі. 5. Мемлекеттік аудит жүргізудің жалпы мерзімі (күндер саны). Аталған мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық іс-шараны (бірлескен, қатар тексеруді) жүргізудің басталған және аяқталған күні көрсетіледі. Кесте бойынша: 1-бағанда – рет санының нөмірі; 2-бағанда – бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың жылдар бойынша бөлінісінде қаражаттың, сондай-ақ активтердің (жылдар бойынша) көлемі; 3-бағанда – мемлекеттік аудиттің көрсеткіштері (өлшемшарттары); 4-бағанда – аудиторлық іс-шараның мәселелері. «ІІІ. Нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету» бөлімінде: Аудиторлық іс-шара (бірлескен, қатар тексеру) барысында пайдаланылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарының және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) әдіснамалық құжаттарының тізбесі көрсетіледі.
Басқа 7-1
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 7-1-қосымша нысан Аудиторлық тапсырмалар Мемлекеттік аудитор (ассистент, сарапшы*): _______________________________________________________________ (аты-жөні, тегі, лауазымы) Аудиторлық іс-шараның (тексерудің) атауы: _______________________________________________________________ Аудиторлық іс-шараның (тексерудің) мерзімі: ____ күнтізбелік күн № п/п Ауди­тор­лық іс-ша­ра­мен (тек­се­ру­мен) қам­ты­ла­тын ке­зең (жыл, жар­ты­жыл­дық, ай­лар) Іс­са­пар­дың марш­ру­ты мен мер­зі­мі Аудит (тек­се­ру) мә­се­ле­ле­рі (аудит бағ­дар­ла­ма­сы­нан) Ауди­тор­лық және тал­да­ма­лық рә­сім­дер Ауди­тор­лық және тал­да­ма­лық рә­сім­дер­ді жүр­гі­зу мер­зім­де­рі ба­ста­лу кү­ні аяқ­та­лу кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 1) Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі (аудит бағ­дар­ла­ма­сы­нан) 1. 1) 2) … 2) Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі (аудит бағ­дар­ла­ма­сы­нан) 1) 2) Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы _____________________________________________ (Қолы, аты-жөні, тегі) Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі ____________________________________________ (Қолы, аты-жөні, тегі) Мемлекеттік аудитор (ассистент, сарапшы) _______________________________________________ (Қолы, аты-жөні, тегі) Ескертпе: *сарапшының (мемлекеттік органдар мен аудиторлық ұйымдардың мамандары және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тарапынан тиісті бейін бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге тартылатын басқа да заңды, жеке тұлғалар) аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі.
Басқа 8. Аудиторлық іс-шара жүргізуге ТАПСЫРМА (Тексеруді/қайта тексеруді тағайындау туралы акт)
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 8-қосымша нысан Аудиторлық іс-шара жүргізуге ТАПСЫРМА (Тексеруді/қайта тексеруді тағайындау туралы акт) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ________-бабына және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиясының) Мемлекеттік аудит объектілерінің 20__ жылға арналған тізбесіне сәйкес____________________________________ Мемлекеттік аудит объектісі (мемлекеттік аудит объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері, жеке сәйкестендiру нөмiрі, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі) _______________________________________________________________ _____________________________________________________________ мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара (үстеме, бірлескен, қатар тексеру) жүргізу тапсырылады. Мемлекеттік аудиттің типі _______________________________________________________ Тексерудің түрі _____________________________________________________ Аудиторлық іс-шарамен (тексерумен/қайта тексерумен) қамтылатын тексерілетін кезең _____________________________________________________ Аудиторлық іс-шара (тексеру/қайта тексеру) жүргізудің мерзімдері: ________ _________ аралығы. Аудиторлық іс-шараны (тексеруді/қайта тексеруді) жүзеге асыратын лауазымды адамдар _______________________________________________________ (аудиторлық іс-шара (тексеру/қайта тексеру) жүргізу тапсырылған Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскер(лер)інің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және лауазымы көрсетіледі) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мүшесі ______________________________________________________ (тапсырмаға қол қоюға уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және қолы) Ескертпе: Аудиторлық іс-шара (тексеру/қайта тексеру) жүргізуге тапсырманы (бұдан әрі – Тапсырма) жасау. Тапсырма мынадай деректерді: нөмірі мен берілген күнін; аудиторлық іс-шара (тексеру/қайта тексеру) жүргізу тапсырылған Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскер(-лер)інің, мемлекеттік аудитор(-лар)дың және ассистент(-тер)дің атын, әкесінің атын (болған жағдайда), тегін және лауазымын, аудиторлық іс-шара (тексеру/қайта тексеру) жүргізуге тартылған мемлекеттік органдар мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар жұмыскерлерінің және (немесе) сарапшылардың атын, әкесінің атын (болған жағдайда), тегін; Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты мүшесінің аты-жөні мен тегін, оның қолын не оның міндетін атқарушы адамның деректерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мөрін қамтиды.
Басқа 9
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 9-қосымша нысан Аудиторлық іс-шараны ұзарту туралы ТАПСЫРМА (акт) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының _____-бабына және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиясының) Мемлекеттік аудит объектілерінің 20__ жылға арналған тізбесіне сәйкес _________________________________________ Мемлекеттік аудит объектісі (мемлекеттік аудит объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері, жеке сәйкестендiру нөмiрі, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі) ____________________________________________________ мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара (үстеме, бірлескен, қатар тексеру) жүргізу тапсырылады. Аудиторлық іс-шара (тексеру) жүргізудің мерзімдері): _____ ________ аралығы. Аудиторлық іс-шараның (тексерудің) мерзімі _______ жылғы «___» ____ бастап, _______ жылғы «___» ____ дейін ұзартылды. Аудиторлық іс-шараны (тексеруді/қайта тексеруді) жүзеге асыратын лауазымды адамдар _______________________________________________________________ (мерзімді ұзартуды ескере отырып, аудиторлық іс-шараны (тексеруді/қайта тексеруді) жүргізу тапсырылған Жоғары аудиторлық палата (Тексеру комиссиясы) жұмыскерінің (жұмыскерлерінің) атын, әкесінің атын (болған жағдайда), тегін және лауазымын көрсету қажет). Тапсырмаларға қол қоюға уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және қолы _____________________________________________ (қолы, аты-жөні, тегі) QR
Басқа 10
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 10- қосымша нысан күні, айы, жылы Мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (министрліктің, агенттіктің аппарат басшысына) _______________________ (аты-жөні, тегі) Мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талап 1. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 21-бабына, 37-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы: 1) мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органының жұмыскерлерiн жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге; 2) мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органының жұмыскерлерiн мемлекеттiк аудитті жүзеге асыру үшiн сұратылып отырған барлық қажеттi ақпаратпен:_______________________________________ (басшысының немесе бас бухгалтерінің қолы қойылған қажетті құжаттар мен ақпараттың тізбесі көрсетіледі) ___________ ___________ дейін қамтамасыз етуге; (күні көрсетіледі) 3) мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органы жұмыскерлерiнiң ақпараттық және есептік жүйелерге кіруін қамтамасыз етуге; 4) мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органы жұмыскерлерiнiң iс- әрекеттерiне, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары аудит объектісіне бару арқылы аудиторлық іс-шараның барысын қадағалауды жүзеге асырған кезде олардың іс-әрекеттеріне араласпауға және мемлекеттік аудит жүргiзуге кедергi келтiрмеуге; 5) аудиторлық іс-шараның нәтижелерімен келіспеген кезде қол қойылған Аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісіне жіберілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (Тексеру комиссиясына) Аудиторлық есепке жазбаша қарсылықтарын ұсынуға; 6) аудиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары барысында мүдделері қозғалған өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етуге; 7) кәсiпкерлiк субъектiлерi және аудиторлық іс-шаралар барысында мүдделері қозғалған өзге де тұлғалар анықталған бұзушылықтармен келiспеген жағдайда олардан келiп түскен қарсылықтарды мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдарына жiберуге міндетті. 2. Мемлекеттік аудит туралы заңның 21-бабы негізінде мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауда аудит жүргiзуге жiберуден бас тарту, қажеттi құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түрiндегi кедергi келтiру, аудитті жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтіру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) 462-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ӘҚтК-нің 803-бабына сәйкес хаттаманы жасай отырып әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады. Мемлекеттік аудит туралы заңның 37-бабының 2-тармағына сәйкес аудит объектісінің басшысы барлық бухгалтерлік және бастапқы құжаттардың толықтығы мен анықтығы, сондай-ақ аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында ұсынылған барлық ақпараттың толықтығы мен анықтығы үшін жауапты болады. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскері _______________________________________________________________ (лауазымы, аты-жөні, тегі, қолы) Ескертпе: Талаптың бірінші данасы Аудиторлық есептің бланкісінде ресімделеді.
Басқа 11
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 11-қосымша нысан Мемлекеттік аудит объектісіне жіберуден бас тарту фактісі бойынша акті ___________ қаласы 20__жылғы «__» _________ «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 36-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясының) Мемлекеттік аудит объектілерінің ____ жылға арналған тізбесіне сәйкеc_____________________________________ ____________________________________________________________________ (тексерілетін органның, мекеменің, ұйымның атауы) _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ (аудиторлық іс-шараның атауы) аудиторлық іс-шара жүргізіледі. Тексерілетін объектінің лауазымды адамы ___________________________ _______________________________________________________________ (лауазымы, аты-жөні және тегі) _______________________________________________________________ ((Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскерінің лауазымы, аты-жөні және тегі) Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманы (тексеруді тағайындау туралы актін) көрсеткеніне қарамастан, оларды тексерілетін объектіге ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (тексерілетін органның, мекеменің, ұйымның атауы) жіберуден бас тартты. Бұл Мемлекеттік аудит туралы заңның 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын және 37-бабының 2-тармағын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адамдардың жауапты болуына әкеп соғады. Осы Акт екі данада жасалды, оның бірі ____________________________________________________________________ (органның немесе ұйымның атауы) басшысына (лауазымды адамына) _______________________________________________________________ (лауазымы, аты-жөні, тегі) тапсырылды Қолдары: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясы) атынан _______________________________________________________________ (лауазымы, аты-жөні, тегі, қолы) Актінің бір данасын алдым _______________________________________________________________ (лауазымы, аты-жөні және тегі, қолы, қол қоюдан бас тарқан кезде – алудан бас тартты деп көрсетіледі).
Басқа 12
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 12-қосымша нысан (Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының логотипі көрсетіледі) _______________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының әдеп жөніндегі уәкілінің телефоны көрсетіледі) Сіздер мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде жол берілген қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттер және олардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтамауы фактілері туралы хабарлай алатын (Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Тексеру комиссиясының) сенім телефоны Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары логотиптерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының логотипі 2.Тексеру комиссияларының логотиптері
Басқа 13. Бақылау өлшемі (тексеріп қарау) АКТІСІ
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 13-қосымша нысан Бақылау өлшемі (тексеріп қарау) АКТІСІ _____________________________ ___________________________ (жасалған орны) (жасалған күні) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) мүшесінің 20__жылғы ______________________________________ тапсырмасына сәйкес жүргізілген _______________________________________ (аудиторлық іс-шараның, тексерудің атауы) мемлекеттік аудит барысында ________________________________ (мемлекеттік аудит объектiсінiң атауы) объектісінде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскер(лер)i (сарапшы, маман) ____________________________________________________________________ (мемлекеттік аудитордың және аудитке тартылған сарапшылардың, мамандардың аты-жөндерi, тектері, лауазымдары көрсетіледі) ________________________________________ (мемлекеттік аудит объектісінің, тапсырыс берушінің, мердігердің және тағы басқаның өкілдерінің аты-жөндері, тектері, лауазымдары көрсетіледі) өкiлдердің қатысуымен __________________ ____________________________________________________________________ (объекті және бақылау өлшемі (тексеріп қарау) мәні көрсетіледі) анықтығын растау мақсатында бақылау өлшемі (тексеріп қарау) жүзеге асырылып, нәтижесінде ________________________________________________ (бақылау өлшемінің (тексеріп қараудың) нәтижелері көрсетіледі) анықталды. Актіге қосымша _______________________________ (тексеріп қарауға байланысты түсіндірме, фото және басқа да материалдар) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскер(лер)і (аудитке тартылған сарапшы, маман): _______________________________________________________________ (лауазымы) (қолы, аты-жөнi, тегі) Мемлекеттік аудит объектісінің, тапсырыс берушінің, мердігердің және тағы басқаның өкілдері: _______________________________________________________________ (лауазымы) (қолы, аты-жөнi, тегі) _______________________________________________________________ (лауазымы) (қолы, аты-жөнi, тегі) Актінің жасалған даналарының саны: _______________________________________________________________ (адресат көрсетіледі)
Басқа 14
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 14-қосымша нысан
Басқа 15. Аудиторлық есептің үлгілік нысаны
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 15-қосымша нысан Аудиторлық есептің үлгілік нысаны ___________________ (жасалған орны) 20__жылғы «____» _____ № _______ I. Кіріспе бөлік 1.1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы: _______________________________________________________________ 1.2. Аудиторлық іс-шараның атауы: _______________________________________________________________ 1.3. Мемлекеттік аудит объектісіндегі мемлекеттік аудиттің мақсаты: _______________________________________________________________ 1.4. Мемлекетті аудиттің мәні: _______________________________________________________________ 1.5. Аудиттің типі, тексерудің түрі: _______________________________________________________________ (үстеме, бірлескен немесе қатар тексеру жүргізу кезінде толтырылады) 1.6. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: _______________________________________________________________ 1.7. ____ «__» _____ №____ мемлекеттік аудит (тексеру) жүргізуге тапсырма 1.8. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: _______________________________________________________________ 1.9. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі: ____________ __________ аралығы 1.10. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары: _______ ____________________________________________________________________ 1.11. Үстеме тексеру жүргізілген объектілердің тізбесі: ____________________________________________________________________ (жүргізілген кезде көрсетіледі) 1.12. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы қысқаша мәліметтер: ____________________________________________________________________ II. Негізгі бөлік 2.1. Аудит бағдарламасын ашу: 2.1.1. Аудит бағдарламасындағы ___________ мәселенің атауы:______________ Аудит бағдарламасының мәселесін талдау, соның ішінде жүйелі кемшіліктерге, бюджет қаражатын және активтерді мақсатынан тыс пайдалануға, тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға, нәтижелерге қол жеткізбеуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің жіберіп алынған пайдасы мен экономикалық шығындарын бағалауды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі өзге де проблемалық мәселелер бойынша бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау: 2.1.2. Сарапшылардың сараптамалық қорытындыларының қысқаша қорытындылары (ескертулер, бұзушылықтар): ____________________________________________________________________ (оларды тартқан жағдайда) 2.1.3. Үстеме тексерудің қысқаша нәтижелері: _________________________________________________ (ол жүргізілген кезде) III. Қорытынды бөлік 3.1. Мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы тұжырымдар: * 3.1.1. Мыналарға: - мемлекеттік органдарға; - квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиімділік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудит мәніне байланысты қойылған мақсаттарға, міндеттерге, функцияларға және өкілеттіктерге, бағыттарға (аудит объектісінің ережесіне, жарғысына сәйкес) қол жеткізуге негізгі** мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ықпалын бағалау ** есептегі негізгі объект – қызметі экономика саласының (секторының), өңірдің саясатын және даму нәтижелерін ең жоғары дәрежеде айқындайтын мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі. 3.2. Мемлекеттік аудит жүргізудегі кедергілер:______________________ 3.3. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар (соның ішінде мемлекеттік аудит объектісі одан әрі бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктерді болдырмау мақсатында қабылдайтын шаралар): ____________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскер(-лер)і: ________________________________________________________ (лауазымы, қолы, аты-жөні, тегі) Аудиторлық есеп _______________________ данада (саны) жасалды * Мемлекеттік аудит типіне байланысты Мемлекеттік аудит бағдарламасында тиісті мәселе болған жағдайда ашып жазылады. ** есептегі негізгі объект – қызметі экономика саласының (секторының), өңірдің саясатын және даму нәтижелерін ең жоғары дәрежеде айқындайтын мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі. 📌 Ескертпе. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етеді. Аудит объектісі мүдделі тұлғалардың ұстанымын (қарысылықтарын) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жібереді. IV. Қосымшалар: 1) мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін орындау туралы талап; 2) саладағы ағымдағы жағдай, оның ішінде саланың проблемалық мәселелері мен жүйелі кемшіліктері (алдын ала зерделеу кезеңінде қамтылмаған қосымша фактілер анықталған жағдайда); 3) мемлекеттік аудиторлар қол қойған және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша жасалған аудиторлық іс-шара жүргізу барысында анықталған жүйелі кемшіліктер бойынша 1-кесте (болған жағдайда) (бұдан әрі – Жүйелі кемшіліктер бойынша 1-кесте) және аудиторлық іс-шара жүргізу барысында анықталған кемшіліктер бойынша 2-кесте (болған жағдайда) (бұдан әрі – Кемшіліктер бойынша 2-кесте); 4) мемлекеттік аудиторлар қол қойған және Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімі (бұдан әрі – Тізілім); 5) аудиторлық дәлелдемелер: құжаттардың төлнұсқалары немесе белгіленген тәртіппен расталған көшірмелері, кестелер, сондай-ақ қажет болған жағдайда бұзушылық фактілерін көрсететін анықтамалар, фотосуреттер; функционалдық және лауазымдық міндеттеріне сүйене отырып, жол берілген бұзушылықтарға қатысы бар адамдардың жазбаша түсініктемелері; бақылау өлшемдерінің (қарап-тексерулердің) актілері (соның ішінде негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу нәтижелерінің актілері (оларды жасау кезінде); зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері, аудиторлық іс-шараның нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда); сарапшылардың қорытындылары (тартылған жағдайда); мемлекеттік қызметтерді алушылардың қанағаттануы тұрғысынан халық арасында сауалнама жүргізу нәтижелері (қажет болған жағдайда); ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (көшірмелері) (аудиторлық іс-шара барысында қаражат өтелген (қалпына келтірілген) жағдайда): төлем тапсырмалары (төлеуге арналған шоттар, түбіртектер, чектер; ведомостар, ордерлер, нарядтар; орындалған жұмыстар, тауарларды жеткізу және көрсетілген қызметтер актілері; талдамалық материалдар және мемлекеттік аудит объектісінің қызметінде бұзушылық және жүйелі кемшілік фактісін растайтын материалдар; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігіне мемлекеттік аудит нәтижелерін танымау қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындылар (тану рәсімі жүргізілген жағдайда); аудит объектісінің осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында ұсынылған ақпарат пен құжаттардың толықтығы мен анықтығы туралы ұсыну хаты; өзара есеп айырысу бойынша салыстыру актілері. Мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор органдарының ресми ақпараттық жүйелерінен алынған құжаттарда штрих код немесе өзге де тану белгілері болған жағдайда олар куәландырылмайды. Аудиторлық есепке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері белгіленген тәртіппен уәкілетті лауазымды адамдардың қолтаңбаларымен, мемлекеттік аудит объектісінің мөрімен немесе мөртабанымен куәландырылады. Аудиторлық есепте қосымшаларының реттік санының нөмірі көрсетіле отырып, оларға сілтеме, әрбір қосымша бойынша бөлек парақтар саны көрсетіледі. Ескертпе. Аудиторлық есептің жоғары бөлігінде оның жасалған орны (қаланың, басқа да елді мекеннің (ауыл, кент және тағы басқаларының) атауы), Аудиторлық есептің жасалған күні, Аудиторлық есеп данасының нөмірі көрсетіледі (№ 1 дана – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) үшін, № 2 дана – мемлекеттік аудит объектісі үшін жасалады. Бірлескен тексеру кезінде № 1 дана – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) үшін, № 2 дана – бірлескен тексеруге қатысушы мемлекеттік орган үшін, № 3 дана – мемлекеттік аудит объектісі үшін жасалады). Аудиторлық есепте мынадай деректер көрсетіледі: Аудиторлық есептің кіріспе бөлігінің 1-бөлімінде мыналар қысқаша сипатталады: 1.1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы - мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы, БСН көрсетіледі. 1.2. Аудиторлық іс-шараның атауы –Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның толық атауы көрсетіледі. 1.3 Мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілетін мемлекеттік аудиттің мақсаты – Аудит бағдарламасының мәселелеріне сүйене отырып, аталған объектіде жүргізілетін мемлекеттік аудиттің мақсаты көрсетіледі. 1.4. Мемлекеттік аудиттің мәні – жүргізілетін мемлекеттік аудиттің, бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) активтердің мәні көрсетіледі. 1.5. Аудиттің типі, тексерудің түрі – аталған мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілетін аудиттің тиісті типі және түрі көрсетіледі: үстеме, бірлескен немесе қатар. 1.6. Мемлекеттік аудит тобының құрамы – мемлекеттік аудитті жүргізген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскерінің, мемлекеттік органдардың мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың жұмыскерлерінің және мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған сарапшылардың аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі. 1.7. Мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырма (Тексеру тағайындау туралы акт) – Тапсырманың күні және нөмірі, Тапсырмаға қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі. 1.8. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең – мемлекеттік аудит объектісі қызметінің іс жүзінде тексерілген кезеңі көрсетіледі (қажет болған жағдайда бюджеттік бағдарламаларды немесе мәселелерді көрсете отырып, («қажет болған жағдайда басқа да кезеңдер» деген сөздерді көрсетпей) жылдары, айлары және Аудит жоспарына және бағдарламасына сәйкес келеді). 1.9. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі – аталған мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудитті жүргізудің басталған және аяқталған күні көрсетіледі. 1.10. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары – мемлекеттік аудит объектісінің рұқсатымен мемлекеттік аудит жүзеге асырылған мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының аты-жөні, тегі (болған жағдайда), сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде жұмыс істеген және құжаттарға қол қою құқығы болған лауазымды адамдарының аты-жөні, тегі көрсетіледі. 1.11. Үстеме тексеруге ұшыраған объектілердің тізбесі – үстеме тексеруге ұшыраған мемлекеттік аудит объектісінің (лерінің) толық атауы көрсетіледі 1.12. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы қысқаша мәліметтер – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жүргізетін мемлекеттік аудит мәселелерімен сәйкес келетін басқа мемлекеттік бақылау органдары, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары бұрын қамтыған мәселелер бойынша ғана қысқаша мәліметтер, мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) бақылауда тұрған Аудиторлық қорытындылары (Нұсқамалары) бойынша орындалу мерзімі өткен тапсырмалық тармақтар бойынша шаралар көрсетіледі. Егер мұндайлар болмаса олардың жоқ екенін көрсету қажет. Аудиторлық есептің негізгі бөлігінің 2-бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі: 2.1. Аудит бағдарламасын ашып көрсету – мемлекеттік аудиттің мақсатына қол жеткізілгенін растау үшін жеткілікті жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері сипатталады . Аудит бағдарламасының мәселелеріне жауаптар тіркеледі, бұл ретте Аудит бағдарламасының әрбір мәселесінің атауы көрсетіледі. Аудит бағдарламасының мәселелеріне жауаптар дәл, объективті және қысқаша баяндалады, тұжырымдардың нақтылығын, баяндалған материалдың логикалық және хронологиялық реттілігін сақтау қажет. Құжаттармен расталмаған түрлі болжамдар мен мәліметтерді енгізуге жол берілмейді. Бағдарлама мәселесін ашу Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен байланыстыруды бағалай отырып, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатының, мемлекет активтерінің негізділігі мен пайдаланылуын талдауды ескере отырып жүзеге асырылады. Жүйелі кемшіліктерге, бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға, нәтижелерге қол жеткізбеуге байланысты бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі өзге де проблемалық мәселелер бойынша осы талдауды жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мәселелерді ескере отырып жүргізіледі. Мемлекеттік аудит объектісінің жіберіп алынған пайдасы мен экономикалық шығындарын бағалау бюджетке қаражат толық түспеген, бюджет атқарылмаған, бюджет қаражаты мақсатынан тыс пайдаланылған, бюджет қаражаты мен активтер тиімсіз пайдаланылған, бюджет қаражаты мен активтер жоғалған, мемлекеттік меншік жоғалған, бюджет қаражаты мен активтердің артық шығыстары, бюджет кірістерінің тікелей және ықтимал (бағалау) шығындары, бюджет және өзге де заңнаманың сақталмауы, өндірістің төмен рентабельділігі және өндірілген өнімнің, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоғары өзіндік құны, шығыстардың нәтижелі болмауы кезінде жүргізіледі. Аудиторлық есепте жүргізілген үстеме тексерудің (негізгі объектінің бұзушылықтар тізіліміне енгізілмейтін үстеме тексерудің аудиторлық есебіне сәйкес нөмірленген бұзушылықтардың тармақтары ғана), бақылау өлшемдерінің (қарап тексерулердің) қысқаша нәтижелері көрсетіледі, сондай-ақ бұзушылық фактілері, жүйелі кемшіліктер (проблемалар), соның ішінде мемлекеттік аудит объектісі болып табылмайтын басқа да мемлекеттік органдар бөлетін бюджеттік бағдарламаның қаражатын пайдалану кезінде жасалған себептер мен салдарларды көрсете отырып жазылады. Мемлекеттік аудиттің мәселелері бойынша бұзушылықтар, кемшіліктер және жүйелі кемшіліктер (проблемалар) анықталса, әрбір факт жалғаспалы тәртіппен нөмірленеді және бұзушылықтың, жүйелі кемшіліктің (проблеманың) сипаты мен түрін көрсете отырып, жеке тармақпен (1-тармақ, 2-тармақ және т.б.) тіркеледі. Бұзушылықтар бойынша ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме көрсетіледі және тиісті бұзушылыққа дәлел болатын құжаттар көрсетіледі. Бұзушылыққа, жүйелі кемшілікке (проблемаға) әкеп соққан себеп-салдарлық байланыстар талданады. Аудит бағдарламасының мәселесі бойынша бұзушылықтар, жүйелі кемшіліктер (проблемалар) анықталмаса, онда қысқаша ақпарат келтіріледі және мынадай жазба жасалады «Бағдарламаның (атауы) мәселесі тексерілді. Бұзушылықтар, жүйелі кемшіліктер (проблемалар) анықталған жоқ.». Аудиторлық есепке тексеру жүргізілген құжаттардың деректемелері көрсетіле отырып, олардың тізбесі қоса беріледі. Аудит бағдарламасының мәселелерін қарау шеңберінде мемлекеттік аудиторлар қажет болған кезде аудит объектісінің жіберіп алған пайдаларына және шығындарына бағалау жүргізеді, сарапшылар тартқан жағдайда, Аудиторлық есепте олардың қорытындыларының қысқаша нәтижелерін сипаттайды. Аудиторлық есептің Қорытынды бөлігінің 3-бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі: 3.1. Аудит объектісінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша жалпы тұжырымдарда объект қызметінің, мемлекеттік аудиттің көрсеткіштеріне (өлшемшарттарына) сәйкес Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру тиімділігіне баға беріледі. Мемлекеттік аудиттің көрсеткіштерін (өлшемшарттарын) сипаттау кезінде аудит объектісіне баға беруге сәйкес олардың толық атаулары көрсетіледі. Аудиторлық есепте аудит объектісінің ағымдағы жағдайына, сондай-ақ оның қызметінің мемлекеттік басқару саласының және (немесе) экономика саласының дамуына тигізетін әсеріне талдау жасалады және баға беріледі. 3.2. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскерлеріне мемлекеттік аудит жүргізуге кедергі жасау фактілері туралы мәліметтер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскері әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы хаттама жасаған жағдайда, оның нөмірі және күні көрсетіледі (хаттама мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит объектісіне жіберуден бас тартқан кезде, мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе анық емес, объективті емес және (немесе) толық емес ақпаратты, материалдарды және өзге де мәліметтерді ұсынған кезде толтырылады). 3.3. Мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі (соның ішінде мемлекеттік аудит объектісі одан әрі бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктерді болдырмау мақсатында қабылдайтын шаралар (салықтарды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды қосымша есептеу, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындауы, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарына қабылданған тәртіптік жаза шаралары және басқалар). Шаралар қабылданбаған жағдайда, олардың жоқ екенін көрсету қажет. Аудиторлық есепке қосымшаларда Қағидалардың 157-тармағында көзделген аудиторлық дәлелдемелер қоса беріледі. 4. Мемлекеттік аудитті жүргізген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскерлерінің қолдары. Аудиторлық есептің соңғы бетінде адресатты және бланк нөмірін көрсете отырып, Аудиторлық есептің екі данада (Аудиторлық есептің № 1 данасы – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (Тексеру комиссиясына), Аудиторлық есеп бланкісінің №__; № 2 дана – мемлекеттік аудит объектісіне, бланк № __) жасалғаны туралы жазба жасалады. Екінші парақтан бастап аудиторлық есептің барлық беттеріне мемлекеттік аудит жүргізген мемлекеттік аудиторлар қол қояды. Мемлекеттік аудит объектісінде бірыңғай топ бірлескен тексеру жүргізген кезде Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясының) бланкісінде үш данада ресімделеді, оның бірінші данасы – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (Тексеру комиссиясына), екінші данасы – бірлескен тексеруге қатысушы мемлекеттік органға, үшінші данасы – мемлекеттік аудит объектісіне беріледі.
Басқа 16
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 16-қосымша Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелі кемшіліктер бойынша 1-КЕСТЕ (Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелі кемшіліктер бойынша 1-ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕ) Р/с№ Жыл Мемлекеттік аудит объектісінің атауы Жүйелі кемшіліктердің сипаттамасы (соның ішінде жүйелі кемшіліктердің болуының теріс салдары) Ұсынылып отырған тапсырманың редакциясы (болған жағдайда) 1 2 3 4 5 Ескертпе: Аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелі кемшіліктер бойынша 1-кестені құру. 1-бағанда – реттік сан нөмірі көрсетіледі; 2-бағанда – жүйелі кемшіліктердің анықталған жылы көрсетіледі; 3-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің атауы; 4-бағанда – аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелі кемшіліктердің сипаттамасы, соның ішінде жүйелі кемшіліктердің болуының теріс салдарын көрсету; 5-бағанда – жүйелі кемшілікті шешу үшін ұсынылатын (болған жағдайда) тапсырманың (ұсынымның) редакциясы. Аудиторлық іс-шара барысында анықталған кемшіліктер бойынша 2-КЕСТЕ (Аудиторлық іс-шара барысында анықталған кемшіліктер бойынша 2-ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕ) Р/с№ Жыл Мемлекеттік аудит объектісінің атауы Кемшіліктердің сипаттамасы (соның ішінде кемшіліктердің болуынан туындайтын тәуекелдер немесе теріс салдар ) Ұсынылып отырған тапсырманың редакциясы (болған жағдайда) 1 2 3 4 5 1 2 Жиыны (оның ішінде мемлекеттік аудитке қатысқан адамдар бөлінісінде): 1 2 Барлығы (оның ішінде мемлекеттік аудитке қатысқан адамдар бөлінісінде): 1 2 Ескертпе: Жүйелі кемшіліктер көрсетілмейтін, аудиторлық іс-шара барысында анықталған кемшіліктер бойынша 2-кестені құру. 1-бағанда – реттік сан нөмірі көрсетіледі; 2-бағанда – кемшіліктердің анықталған жылы көрсетіледі; 3-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің атауы; 4-бағанда – аудиторлық іс-шара барысында анықталған кемшіліктердің сипаттамасы, соның ішінде кемшіліктердің болуынан туындайтын тәуекелдер немесе теріс салдар; 5-бағанда – кемшілікті шешу үшін ұсынылатын (болған жағдайда) тапсырманың (ұсынымның) редакциясы. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мемлекеттік аудитті жүргізген жұмыскерлері ____________________________________________________ (қолы, аты-жөні, тегі) * Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мен қатысушылары аудиторлық іс-шара барысында анықталған жүйелі кемшіліктер бойынша 1-жиынтық кестеге және аудиторлық іс-шара барысында анықталған кемшіліктер бойынша 2-жиынтық кестеге қол қояды.
Басқа 17
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 17-қосымша Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың ТІЗІЛІМІ (Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМІ) 1) қаражат бюджетке түскен кезде (мың теңге) Р/с№ Жыл Мем. аудит объектісінің атауы Мем. аудит объектісінің БСН-і ББС бойынша бюджетке түсетін түсімдер коды Бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы барлығы оның ішінде түсуге жататыны мем. аудит барысында түскені 1 2 3 4 5 6 7 8 1. Жиыны (с.і. мем. аудитке қатысқан адамдар бөлінісінде): 1 Т.А.Ә. 2 Т.А.Ә. Жиыны Кестенің жалғасы Бюджеттің тікелей (жанама) шығындары (болған жағдайда) Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда) Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-нің баптарына сілтемесімен) 9 10 11 12 Бұзушылық ретінде… 2) бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде (мың теңге) № р/с Жыл Мем. аудит объ­ек­ті­сі­нің ата­уы Мем.аудит объ­ек­ті­сі­нің БСН-і ББ/БКБ ко­ды Мем­ле­кет­тік аудит­пен қам­ты­л­ған қа­ра­жат кө­ле­мі* Анық­тал­ған қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар­дың жал­пы со­ма­сы Бар­лы­ғы оның ішін­де РБ және ҰҚ-дан бе­рі­ле­тін ны­са­на­лы транс­ферт­тер есе­бі­нен Со­ның ішін­де: Бар­лы­ғы оның ішін­де РБ және ҰҚ-дан бе­рі­ле­тін транс­ферт­тер есе­бі­нен оның ішін­де қал­пы­на кел­ті­ру­ге жа­та­тын оның ішін­де өте­у­ге ти­іс­ті қар­жы­лан­ды­ру жос­па­рын­да азай­ты­лу­ға жа­та­ты­ны Бюд­жет қа­ра­жа­ты ак­тив­тер бар­лы­ғы оның ішін­де аудит ба­ры­сын­да қал­пы­на кел­ті­рі­л­ге­ні бар­лы­ғы оның ішін­де аудит ба­ры­сын­да өтел­ге­ні бар­лы­ғы оның ішін­де аудит ба­ры­сын­да өтел­ге­ні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 1. Жиы­ны (с.і. мем. аудит­ке қа­тыс­қан адам­дар бө­лі­ні­сін­де): 1 Т.А.Ә. 2 Т.А.Ә. Бар­лы­ғы, оның ішін­де : РБ** ЖБ** кестенің жалғасы Тиімсіз жоспарлау Тиімсіз пайдалану Ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде заңнаманы бұзу Бұзушылық фактісін сипаттай отырып, НҚА-ның бұзылған ережелері Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда) Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-нің баптарына сілтемесімен) 18 19 20 21 22 23 24 * бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің қамтылу көлемін көздемейтін аудиторлық іс-шараларды қоспағанда. ** жергілікті бюджетке аудит жүргізу кезінде немесе Ұлттық қордан берілетін трансферттерге аудит жүргізу барысында толтырылады. 3) тармақшасы «қаржылық есептіліктің бұрмалануы, қаржылық есептілікті аудит жүргізу кезінде анықталған (мың теңге) № р/с Жыл Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­сі­нің ко­ды Мем. аудит объ­ек­ті­сі­нің ата­уы ББ/БКБ ко­ды*** Мем. аудит объ­ек­ті­сі­нің ата­уы Мем.аудит объ­ек­ті­сі­нің БСН-і Қар­жы­лық бұ­зу­шы­лық­тар бо­лып та­бы­ла­тын қар­жы­лық есеп­ті­лік­тің бел­гі­лен­ген бұр­ма­ла­нуы Бар­лы­ғы оның ішін­де РБ және ҰҚ-дан бе­рі­ле­тін транс­ферт­тер есе­бі­нен* Оның ішін­де қал­пы­на кел­ті­ру­ге жа­та­ты­ны қал­пы­на кел­ті­ріл­ді өте­у­ге жа­та­ты­ны өтел­ді 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 1 Жиы­ны (с.і. мем. аудит­ке қа­тыс­қан адам­дар бө­лі­ні­сін­де): 1 Т.А.Ә. 2 Т.А.Ә. Жиы­ны, оның ішін­де: РБ** ЖБ** кестенің жалғасы Рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануы Қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының жалпы сомасы Бұзушылық фактісінің сипаттамасы, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме, Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы Көлемі Жалпы сомасы оның ішінде РБ және ҰҚ-дан берілетін трансферттер есебінен** Барлығы (8-баған + 15-баған) оның ішінде РБ және ҰҚ-дан берілетін трансферттер есебінен (9-баған + 16 -баған) ** 14 15 16 17 18 19 ** жергілікті бюджетке аудит жүргізу кезінде немесе Ұлттық қордан берілетін трансферттерге аудит жүргізу барысында толтырылады ***тексеру комиссиялары толтырады 4) мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі, соның ішінде оның міндеттері мен функцияларын іске асырумен байланысты заңнаманың рәсімдік бұзушылықтары № р/с Жыл Мем. аудит объ­ек­ті­сі­нің ата­уы Мем.аудит объ­ек­ті­сі­нің БСН-і ББ/БКБ ко­ды **** Рә­сім­дік бұ­зу­шы­лық­тар­дың бар­лы­ғы оның ішін­де бюд­жет қа­ра­жа­тын пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі бюд­жет заң­на­ма­сы­ның бұ­зу­шы­лық­та­ры бух­гал­тер­лік есеп­ті жүр­гі­зу және қар­жы­лық есеп­ті­лік­ті жа­сау ке­зін­де заң­на­ма­ны бұ­зу­шы­лық­тар құ­ры­лыс және қа­ла құ­ры­лы­сы са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ны бұ­зу­шы­лық­тар мем­ле­кет­тік са­тып алу са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ны бұ­зу­шы­лық­тар өзге де са­ла­лық заң­на­ма­ны бұ­зу­шы­лық­тар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 Жиы­ны (с.і. мем. аудит­ке қа­тыс­қан адам­дар бө­лі­ні­сін­де): 1 Т.А.Ә. 2 Т.А.Ә. Жиы­ны: кестенің жалғасы Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)*** Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-нің баптарына сілтемемен) *** 12 13 14 *** Аудиторлық қорытындыға қоса берілетін Анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімінде 13, 14-бағандар толтырылмайды. **** «ББ/БКБ коды» бағаны бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша рәсімдік бұзушылықтар анықталған кезде толтырылады. Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) мемлекеттік аудитті жүргізген жұмыскерлері _____________ _______________________ (қолы, аты-жөні, тегі) ***** Мемлекеттік аудитті жүргізген аудит тобының жетекшісі мен қатысушылары Аудиторлық қорытындыға қоса берілетін Анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізіліміне қол қояды. Ескертпе: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізілімін (Жиынтық тізілімін) толтыру. Анықталған бұзушылықтар тізілімі әрбір мемлекеттік аудит объектісінде толтырылып, Аудиторлық есепке қоса беріледі. Анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімі сапа бақылауы қорытындысын ескере отырып мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары қаралғаннан кейін Аудиторлық қорытындыға қоса беріледі. Анықталған бұзушылықтар тізілімі (Жиынтық тізілімі) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 15-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышына (бұдан әрі – Сыныптауыш) сәйкес жасалады. 1-бөлім. Қаражат бюджетке түскен кезде (мың теңге): «Р/с №» деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік санының нөмірлері (1, 2, 3 және т.б.) көрсетіледі; «Жыл» деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі; «Мемлекеттік аудит объектісінің атауы» деген 3-бағанда – мемлекеттік кірістер органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ салықтық емес төлемдер бойынша уәкілетті органдар көрсетіледі; «Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і» деген 4-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі; «ББС бойынша бюджетке түсетін түсімдер коды» деген 5-бағанда – Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі – ББС) сәйкес бюджет түсімдерінің коды көрсетіледі; «Бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы» деген 6-бағанда – түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы, соның ішінде «оның ішінде түсуге жататыны» деген 7-бағанда – бюджетке түсуге жататын бұзушылық сомасы, «оның ішінде мем. аудит барысында түскені» деген 8-бағанда – мемлекеттік аудит барысында түскен бұзушылық сомасы көрсетіледі; «Бюджеттің тікелей (жанама) шығындары» деген 9-бағанда – салықтық және кедендік әкімшілендірудің белгіленген тәртібін сақтаған жағдайда есепке жатқызылуы мүмкін бюджетке толық түспеген түсімдердің сомалары көрсетіледі; «Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау» деген 10-бағанда – бұзушылықтар фактісін қысқаша нысанда сипаттай отырып, НҚА-ның бұзылған ережелері көрсетіледі. «Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)» деген 11-бағанда – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтар сыныптауышының тармағы көрсетіледі; «Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-нің баптарына сілтеме жасай отырып)» деген 12-бағанда – әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар ӘҚтК-нің баптарына сілтемемен «...бұза отырып» деп көрсетіледі»; «Жиыны» деген жолда – мемлекеттік аудит объектілерінің бөлінісінде тізілім (жиынтық тізілім) деректері көрсетіледі (1-жол+...). 2-бөлім. Бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде (мың теңге): «№ р/с» деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік санының нөмірлері (1, 2, 3 және тағы басқалар) көрсетіледі; «Жыл» деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамту кезеңі көрсетіледі; «Мемлекеттік аудит объектісінің атауы» деген 3-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің Аудит бағдарламасында көзделген толық атауы көрсетіледі; «Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і» деген 4-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі; «ББ/БКБ коды» деген 5-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік кіші бағдарламалар мен бағдарламалардың коды мен атауы көрсетіледі; «Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі*» деген 6-бағанда – мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражат көлемі, бұл ретте мемлекеттік аудитпен қамтылған есепті кезеңде енгізілген түзетулер мен нақтылауларды ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар бойынша, соның ішінде: «Барлығы» бағанында – мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі, сомасы (7-б.+8-б.+9-б.); «оның ішінде РБ және ҰҚ-дан берілетін нысаналы трансферттер есебінен» деген 7-бағанда – республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілген нысаналы трансферттердің қамтылған сомасы; «оның ішінде бюджет қаражаты» деген 8-бағанда – бюджет қаражатының қамтылған сомасы; «оның ішінде активтер» деген 9-бағанда – мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор активтерінің қамтылған сомасы; «Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы, барлығы (12-б.+14-б.+16-б.)» деген 10-бағанда – анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы көрсетіледі, соның ішінде: «оның ішінде РБ және ҰҚ-дан берілетін нысаналы трансферттер есебінен» деген 11-бағанда – республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілген трансферттерді пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтардың сомасы көрсетіледі; «қалпына келтіруге жататын, барлығы» деген 12-бағанда – мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша қалпына келтіруге жататын сома көрсетіледі; «оның ішінде аудит барысында қалпына келтірілгені» деген 13-бағанда – мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша қалпына келтіруге жататын сома көрсетіледі; «оның ішінде өтеуге тиісті», барлығы деген 14-бағанда – мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша өтелуге жататын сома көрсетіледі; «оның ішінде мемлекеттік аудит барысында өтелгені» деген 15-бағанда – мемлекеттік аудит барысында өтелген қаржылық бұзушылықтар сомасы көрсетіледі; «қаржыландыру жоспарында азайтылуға тиіс, барлығы» деген 16-бағанда – қаржыландыру жоспарында азайтылуға жататын жалпы сома көрсетіледі; «оның ішінде аудит барысында өтелгені» деген 17-бағанда – қаржыландыру жоспарында азайтылуға жататын қаражаттың ішінен мемлекеттік аудит барысында өтелген қаржылық бұзушылықтар сомасы көрсетіледі; «Тиімсіз жоспарлау» деген 18-бағанда – анықталған тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы көрсетіледі; «Тиімсіз пайдалану» деген 19-бағанда – анықталған тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының, мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерінің сомасы көрсетіледі; «Ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда» деген 20-бағанда – анықталған ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайданың жалпы сомасы көрсетіледі; «Бухгалтерлік есеп жүргізу кезіндегі заңнама бұзушылықтары» деген 21-бағанда – бухгалтерлік есеп жүргізу кезінде анықталған заңнама бұзушылықтарының сомасы көрсетіледі; «Бұзушылық фактісі сипатталған НҚА-ның бұзылған ережелері» деген 22-бағанда – нормативтік құқықтық актілердің бұзылған ережелері бұзушылық фактісінің қысқаша сипаттамасымен бірге: «... бұза отырып» деп көрсетіледі; «Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)» деген 23-бағанда – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы көрсетіледі; «Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-нің баптарына сілтеме жасай отырып)» деген 24-бағанда – әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар ӘҚтК-нің баптарына сілтеме жасай отырып көрсетіледі; «Жиыны» жолында – мемлекеттік аудит объектілері бөлінісіндегі тізілімнің (жиынтық тізілімнің) деректері көрсетіледі (1-жол +...); «Жиыны, оның ішінде» (РБ**+ЖБ**) жолында – мемлекеттік аудит объектілері бойынша (1-жол + …) тізілімнің (жиынтық тізілімнің) деректері көрсетіледі. «РБ **» жолында – республикалық бюджет пен Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен мемлекеттік аудит объектілері бойынша тізілімнің (жиынтық тізілімнің) деректері көрсетіледі. «ЖБ**» жолында – жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік аудит объектілері бойынша тізілімнің (жиынтық тізілімнің) деректері көрсетіледі. 3-бөлім. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде анықталған қаржылық есептіліктің бұрмалануы (мың теңге) ** «№р/с» деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік санының нөмірлері (1, 2, 3 және т.б.) көрсетіледі; «Жыл» деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі; «Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды» деген 3-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі; «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы» деген 4-бағанда – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган көрсетіледі; «ББ/БКБ коды***» деген 5-бағанда – бюджеттік бағдарлама мен кіші бағдарламаның коды көрсетіледі; «Мемлекеттік аудит объектісінің атауы» деген 6-бағанда – Аудит бағдарламасында көзделген мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы көрсетіледі; «Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і» деген 7-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі; «Қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануы» деген 8-бағанда – қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының сомасы көрсетіледі, соның ішінде: «Барлығы» бағанында – қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының жалпы сомасы (10-бағ.+ 11-бағ.+ 12-бағ.+ 13-бағ.); «оның ішінде РБ және ҰҚ трансферттері есебінен» деген 9-бағанда – республикалық бюджет пен Ұлттық қор трансферттерін пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтардың сомасы көрсетіледі; «оның ішінде қалпына келтірілуге тиіс» деген 10-бағанда – мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қалпына келтірілуге тиіс сома көрсетіледі; «оның ішінде қалпына келтірілгені» деген 11-бағанда – мемлекеттік аудит барысында қалпына келтірілген сома; «оның ішінде өтелуге жататыны» деген 12-бағанда – мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша өтелуге жататын сома; «оның ішінде өтелгені» деген 13-бағанда – мемлекеттік аудит барысында өтелген сома көрсетіледі; «Рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмаланулары» деген 14-бағанда, соның ішінде «Саны» бағанында – рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының саны көрсетіледі; «Жалпы сомасы» деген 15-бағанда – рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының жалпы сомасы көрсетіледі; «соның ішінде РБ және ҰҚ-дан берілетін трансферттер есебінен**» деген 16-бағанда – республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін трансферттерді пайдалану кезіндегі рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің бұрмалануларының жалпы сомасы көрсетіледі; «Қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының жалпы сомасы, барлығы (8-бағ.+15-бағ.)» деген 17-бағанда – қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің анықталған бұрмалануларының жалпы сомасы көрсетіледі; «соның ішінде РБ және ҰҚ-дан берілетін трансферттер есебінен (9-бағ.+16-бағ.)» деген 18-бағанда – республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін трансферттерді пайдалану кезіндегі қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің бұрмалануларының жалпы сомасы көрсетіледі; «Бұзушылық фактісінің сипаттамасы, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме, Сыныптауыштың тармағы» деген 19-бағанда – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын Бұзушылықтар сыныптауышының тармағына сілтеме жасай отырып және бұзушылық фактісін қысқаша сипаттай отырып, нормативтік құқықтық актілердің бұзылған ережелері: «... бұза отырып» деп көрсетіледі; «Жиыны» жолында – мемлекеттік аудит объектілері бөлінісіндегі тізілімнің (жиынтық тізілімнің) деректері көрсетіледі (1-жол +...); «Жиыны, оның ішінде» (РБ**+ЖБ**) жолында – мемлекеттік аудит объектілері бойынша (1-жол + …) тізілімнің (жиынтық тізілімнің) деректері көрсетіледі. «РБ**» жолында – республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен мемлекеттік аудит объектілері бойынша тізілімнің (жиынтық тізілімнің) деректері көрсетіледі. «ЖБ**» жолында – жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік аудит объектілері бойынша тізілімнің (жиынтық тізілімнің) деректері көрсетіледі. 4-бөлім. Мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі, соның ішінде оның міндеттері мен функцияларын іске асырумен байланысты заңнаманың рәсімдік бұзушылықтары «№ р/с» деген 1-бағанда – мемлекеттік аудит объектілерінің реттік санының нөмірлері (1, 2, 3 және т.б.) көрсетіледі; «Жыл» деген 2-бағанда – есепті кезеңдер көрсетіле отырып, мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі; «Мемлекеттік аудит объектісінің атауы» деген 3-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің Аудит бағдарламасында көзделген толық атауы көрсетіледі; «Мемлекеттік аудит объектісінің БСН-і» деген 4-бағанда – мемлекеттік аудит объектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі; «ББ/БКБ коды» деген 5-бағанда – ББС-ға сәйкес бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың кодтары көрсетіледі; «Рәсімдік бұзушылықтардың жалпы саны» деген 6-бағанда – жүргізілетін мемлекеттік аудит барысында анықталған рәсімдік бұзушылықтардың саны көрсетіледі, оның ішінде: «бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет заңнамасының бұзылуы» деген 7-бағанда – бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасының рәсімдік бұзушылықтарының саны көрсетіледі; «Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнама бұзушылықтары» деген 8-бағанда – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі заңнаманың рәсімдік бұзушылықтарының саны көрсетіледі; «Құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнама бұзушылықтары» деген 9-бағанда – құрылыс және қала құрылысы саласындағы заңнаманың рәсімдік бұзушылықтарының саны көрсетіледі; «Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама бұзушылықтары» деген 10-бағанда – мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың рәсімдік бұзушылықтарының саны көрсетіледі; «Өзге де салалық заңнама бұзушылықтары» деген 11-бағанда – өзге де салалық заңнаманың рәсімдік бұзушылықтарының саны көрсетіледі; «Бұзушылық фактісін сипаттау, НҚА-ның бұзылған ережелеріне сілтеме жасау» деген 12-бағанда – қысқаша нысанда бұзылған құқық нормаларының тармағына сілтеме жасай отырып бұзушылық фактісі сипатталады; «Бұзушылықтар сыныптауышының тармағы (болған жағдайда)» деген 13-бағанда – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышының тармағы көрсетіледі. «Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар (ӘҚтК-нің баптарына сілтеме жасай отырып)» деген 14-бағанда – әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар анықталған бұзушылықтар ӘҚтК-нің баптарына сілтеме жасай отырып көрсетіледі; «Жиыны» деген жолда – мемлекеттік аудит объектілерінің бөлінісінде тізілім (жиынтық тізілім) деректері көрсетіледі (1-жол+...).
Басқа 18. Ұсыным-хат (аудит объектісінің ресми бланкісінде жасалады)
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 18-қосымша нысан Ұсыным-хат (аудит объектісінің ресми бланкісінде жасалады) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі ______________________ Бұл ұсыным-хат Сіз жүргізіп отырған __________________________________ (аудиторлық іс-шараның атауы көрсетіледі) аудитке байланысты жіберіледі. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 37-бабына сәйкес мен, басшы ретінде (аудит объектісінің атауы) өз жауапкершілігімді мойындаймын және барлық бухгалтерлік және бастапқы құжаттардың толықтығы мен анықтығын, сондай-ақ аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында ұсынылған барлық ақпараттың толықтығы мен анықтығын растаймын. Бұдан басқа, осымен «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 37-бабының 2-тармағында көзделген барлық міндеттемелердің орындалуын растаймын. Қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді беруден бас тартқаны, анық емес ақпарат бергені, аудитті жүзеге асыруға өзге де кедергі келтіргені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық туралы ескертілді. Мемлекеттік аудит объектісінің жетекшісі.
Басқа 19
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 19-қосымша нысан Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есептің үлгілік нысаны ___________________ (жасалған орны) 1. Аудиторлық іс-шараның атауы _________________________________________________________ 2. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудиторлардың сертификаттарының нөмірлерін көрсете отырып): _________________________________________________________ 3. "_____" _______ №_____ Мемлекеттік аудит (тексеру) жүргізуге тапсырма 4. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі: ________- _________ аралығы 5. Аудит объектісі (-лері) 6. Аудиттің мәні Аудит тобы мынадай нысандарды: - 20__ жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланс; - 20__ жылғы қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп; - 20__ жылғы ақша қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс), - 20__ жылғы таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп; - қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаны қамтитын, қоса беріліп отырған қаржылық есептілікке (шоғырландырылған қаржылық есептілікке) аудит жүргізді. 7. Қаржылық есептіліктің дайындығы үшін аудит объектісі басшылығының жауаптылығы Аудит объектісінің басшылығы (бірінші және екінші қол қою құқығына сәйкес қаржылық есептілікке қол қойған адамдардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және лауазымының атауы көрсетіледі) қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасына сәйкес дайындау мен ұсыну және жосықсыз әрекеттерден немесе қателіктен туындаған елеулі бұрмалауларды қамтымайтын қаржылық есептілікті дайындауға қажеттілер ретінде айқындалған ішкі бақылау құралдары үшін жауапты болады. 8. Мемлекеттік аудитордың жауаптылығы Біз өзіміз жүргізген аудит негізінде қаржылық есептіліктің анықтығы туралы білдірген пікіріміз үшін жауап береміз. Біз аудитті Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргіздік, бұл қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша рәсімдік стандарттың талаптарын орындауды білдіреді. Осы стандарт аудитті қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулардың қамтылмағандығына орынды сенімді болатындай етіп жүргізуді талап етеді. Аудит қаржылық есептіліктегі сандық көрсеткіштерді және ондағы ақпараттың ашып көрсетілуін растайтын аудиторлық дәлелдемелер алуға бағытталған аудиторлық рәсімдер жүргізуді қамтыды. Аудиторлық рәсімдерді таңдау жосықсыз әрекеттер немесе қателіктер салдарынан жол берілген елеулі бұрмалаулар тәуекелін бағалауға негізделген біздің пайымдамамыздың мәні болып табылады. Осы тәуекелді бағалау барысында біз тиісті аудиторлық рәсімдерді таңдау мақсатында қаржылық есептілікті жасауды және оның анықтығын қамтамасыз ететін ішкі бақылау жүйесін қарастырдық. Сонымен қатар, аудит қолданылатын есеп саясатының тиісінше сипатын және аудит субъектісінің басшылығы алған бағалау көрсеткіштерінің негізділігін, сондай-ақ жалпы қаржылық есептіліктің ұсынылуын бағалауды қамтыды. Біз аудит барысында алынған аудиторлық дәлелдемелер жеткілікті және тиісінше болып табылады деп санаймыз, бұл қаржылық есептіліктің анықтығы туралы пікір білдіруге негіз болады. 9. Пікір (оң, ескертпесі бар) білдіруге немесе пікір білдіруден бас тартуға негіз. 10. Пікір (Оң пікір кезінде) Біздің пікірімізше, қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) 20__ жылғы _________ жағдай бойынша қаржылық жағдайды, 20______ жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін және ақша қаражатының қозғалысын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес бүкіл елеулі аспектілерде анық көрсетеді. (Ескертпесі бар пікір кезінде) Біздің пікірімізше, қаржылық есептілікке ескертпесі бар пікір білдіруге негіздемені қамтитын тармақта жазылған мән-жайлардың әсерін қоспағанда, қаржылық есептілік 20__ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржылық жағдайды, 20__ жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін және ақша қаражатының қозғалысын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес бүкіл елеулі аспектілерде анық көрсетеді. (Пікір білдіруден бас тартқан кезде) Пікір білдіруден бас тартуға негіздемені қамтитын тармақта жазылған мән-жайлардың маңыздылығы салдарынан бізде пікір білдіруге негіздемені қамтамасыз ететін жеткілікті тиісінше аудиторлық дәлелдемелер алу мүмкіндігі болмады, және сәйкесінше, біз қаржылық есептіліктің анықтығы туралы пікір білдірмейміз. 11. Түсіндірме параграф Қаржылық есептіліктің анықтығы туралы пікірді өзгертпей, біз қаржылық есептілікке түсіндірмеде жазылған мынадай ақпаратқа назар аударамыз: ____________________________________________________________________. 12. Назар аударуды талап ететін өзге де мәселелер Қаржылық есептіліктің анықтығы туралы пікірді өзгертпей, біз мынадай ақпаратқа назар аударамыз: _______________________________________________________________. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскер(лер)і: _______________________________________________________________ (лауазымы, қолы, аты-жөні, тегі) Аудиторлық есеп _____________________ данада жасалды (саны) 📌 Ескертпе. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы удиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етеді. Аудит объектісі мүдделі тұлғалардың ұстанымын (қарысылықтарын) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жібереді. Ескертпе. Аудиторлық есептің жоғарғы бөлігінде оның жасалған жері (қаланың, басқа елді мекеннің (ауыл, кент және т.б.) атауы), Аудиторлық есептің жасалған күні, Аудиторлық есеп данасының нөмірі (№1 дана - Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) үшін, № 2 дана – мемлекеттік аудит объектісі үшін жасалады. Аудиторлық есепте мынадай деректер көрсетіледі: 1. Аудиторлық іс-шараның атауы – тиісті жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның толық атауы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік аудит тобының құрамы – мемлекеттік аудитті жүргізген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскерінің, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған мемлекеттік органдар мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар жұмыскерлерінің және сарапшылардың аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі. 3. Мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырма (Тексеру тағайындау туралы акт) – Тапсырманың күні мен нөмірі, Тапсырмаға қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, тегі, лауазымы көрсетіледі. 4. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі – аталған мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізудің басталған және аяқталған күні көрсетіледі (Аудит бағдарламасына сәйкес келеді). 5. Аудит объектісі – мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы деректер (БСН (ЖСН) көрсетіледі. 6. Аудиттің мәні – жүргізілетін мемлекеттік аудиттің мәні көрсетіледі. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде мән ретінде есепті күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілік нысандары әрекет етеді. 7. Аудит объектісі басшылығының қаржылық есептілікті дайындаудағы жауаптылығы – рәсімдік стандартқа сәйкес қаржылық есептілікті дайындауға жауапты және функционалдық және лауазымдық міндеттеріне қарай қол қою құқығы берілген адамдарды аудара отырып, қаржылық есептілікті жасау үшін аудит объектісінің жауаптылығы көрсетіледі. 8. Мемлекеттік аудитордың жауаптылығы – осы тармақта қаржылық есептілік бойынша айтылған пікір үшін мемлекеттік аудитордың жауаптылығы көрсетіледі. Тармақтың мазмұны стандартты болып табылады және түзетуге жатпайды. 9. Пікір білдіру (оң, ескертпемен) немесе пікір білдіруден бас тарту үшін негіз – осы тармақ бойынша мынадай ақпарат көрсетілуге тиіс: оң пікір болған жағдайда – аудит барысында қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаушылықтар анықталмағанын көрсету; пікірін ескертпемен білдірген жағдайда – қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануларын дәйекті түрде (қаржылық есептілік нысандары мен баптар тәртібімен) көрсету. Бұрмалаудың әрбір фактісі толассыз тәртіппен нөмірленеді және бұрмалаудың сипаты мен түрін сипаттай отырып, жеке тармақпен белгіленеді. Бұрмалаулар бойынша ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтемелер көрсетіледі және дәлелдеме ретінде қызмет ететін құжаттар көрсетіледі; пікір білдіруден бас тартқан жағдайда – нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, негіздеме, мемлекеттік аудитордың қаржылық есептілік бойынша пікір білдіруден бас тартуының себептері; қолданылатын есеп саясатының тиісті сипатын бағалау нәтижелері. 10. Пікір – белгіленген бұрмалаулардың көлемі мен сипатына байланысты ұсынылған үш стандартты пікір нысандарының біріне сәйкес қаржылық есептіліктің сенімділігі туралы пікір білдіріледі. 11. Түсіндірме параграф – 300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес, егер мемлекеттік аудитор өзінің кәсіби пайымдауы бойынша пайдаланушылардың қаржылық есептілікті түсінуі үшін іргелі болып табылатындай аса маңызды, қаржылық есептілікте ұсынылған немесе ашылған мәселеге пайдаланушылардың назарын аудару қажет деп есептесе, онда мемлекеттік аудитор түсіндірме параграфты қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулар болмайтындығына жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдеме алған жағдайда аудиторлық есепке (қорытындыға) енгізуі тиіс. Мұндай мәселе болмаған жағдайда, бұл тармақ аудиторлық есепке енгізілмейді. 12. Назар аударуды талап ететін өзге де мәселелер – 300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес, егер мемлекеттік аудитор өзінің кәсіби пайымдауы бойынша аудитті пайдаланушылардың мемлекеттік аудитордың міндеттерін немесе аудиторлық есепті (қорытындыны) түсіну үшін маңызды болып табылатын қаржылық есептілікте берілгендерден немесе ашып көрсетілгендерден басқа қандай да бір мәселе туралы хабарлау қажет деп есептесе, онда мемлекеттік аудитор мұндай мәселені аудиторлық есепте (қорытындыда) ұсынуы тиіс. Мұндай мәселе болмаған жағдайда, бұл тармақ аудиторлық есепке енгізілмейді. Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы: Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты және т.б. – және тағы басқа БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
Басқа 20
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 20-қосымша нысан Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) Төрағасына ___________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда) АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ I. Кіріспе бөлік 1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: _______________________________________________________________ 1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: _________________________________ 1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: ______________________________ 1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: _________________________ II. Негізгі (талдамалық) бөлік 2.1. Аудит нысанасы бойынша жағдайдың қысқаша талдауы _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________________ (болған жағдайда) III. Қорытынды бөлік 3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар _______________________________________________________________ 3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар _______________________________________________________________ 3.4. Қосымша: (__ парақ) ____________________________________ Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мүшесі _______________________________________________________________ Аты-жөні, тегі Аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы _______________________________________________________________ Аты-жөні, тегі Аудит тобының жетекшісі ______________________________________ Аты-жөні, тегі Аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудиторлар _______________________________________________________________ Аты-жөні, тегі Келісілді: Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) басшысы _______________________________________________________________ Аты-жөні, тегі Құқықтық қамтамасыз етуді жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (Тексеру комиссиясының регламентімен айқындалған құрылымдық бөлімше) басшысы _______________________________________________________________ Аты-жөні, тегі Ескертпе: Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Аудиторлық қорытынды (бұдан әрі – Аудиторлық қорытынды) жасау. I. Аудиторлық қорытындының кіріспе бөлігінде мынадай деректер көрсетіледі: 1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы. Mемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көрсетілген аудиторлық іс-шараның атауы көрсетіледі. 1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты. Бекітілген Аудит бағдарламасына сәйкес мемлекеттік аудиттің мақсаты көрсетіледі. 1.3. Мемлекеттік аудит объектілері. Мемлекеттік аудит объектілерінің атауы, соның ішінде үстеме тексеру объектілері көрсетіледі. 1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең көрсетіледі. II. Аудиторлық қорытындының негізгі (талдамалық) бөлігі мыналарды қамтиды: 2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау. Аудиттің мәні немесе негізгі аудит объектісі қызметінің мәні болып табылатын саланы жиынтық талдау қысқаша нысанда ұсынылады. Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштеріне жинақталған талдау ұсынылады. Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері бойынша мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің жай-күйіне қысқаша талдау да ұсынылады. 2.2. Аудиторлық іс-шаралардың негізгі нәтижелері. Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады: 1) қаржылық бұзушылықтар; 2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану; 3) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау; 4) рәсімдік бұзушылықтар (саны көрсетіледі). Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануларының жалпы сомасы көрсетіледі. 2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау. Мемлекеттік аудиттің негізгі объектісі қызметінің салаға, өңірге немесе тұтастай елге әсер етуін бағалаудың қысқаша нәтижесі ұсынылады. Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша аталған бөлім толтырылмайды. III. Аудиторлық қорытындының қорытынды бөлігі мынадай бөлімдерді қамтиды: 3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар. Бұл бөлімде есептелген (толық есептелген) қаржылық есептіліктің түзетілген қателіктерінің сомасы, салықтар, айыппұлдар, өсімпұлдар туралы, бюджетке түсімдер енгізудің қамтамасыз етілгені және негізсіз пайдаланылған қаражаттың өтелгені, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерін орындағаны, мемлекеттік аудит объектісінің бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары туралы, мемлекеттік аудитті жүзеге асыру процесінде және мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырыс өткізілгенге дейін мемлекеттік аудит объектісінің бұзушылықтарды жоюына қатысты басқа да ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік аудит материалдарын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға беру туралы мәліметтер мен оларды қараудың нәтижелері (болған жағдайда) көрсетіледі.. 3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар. Жүргізілген мемлекеттік аудит мәселелері бойынша мемлекеттік аудит объектілері қызметінің нәтижелерін жалпы бағалау көрсетіледі. Мемлекеттік аудит бағыттарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, мемлекеттік аудит типі мен объектісіне, тексеру түріне қарай бюджеттің атқарылуын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын, ұлттық жобалардың және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау, республикалық бюджеттен түсетін түсімдердің сомасын қайтара отырып, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет қаражатын, оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) қызметін бағалау, акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқару және бюджеттен тыс қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдалануы көрсетіледі. Анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктердің себептері, сондай-ақ олар әкеп соқтыруы мүмкін салдар. Тұжырымдар дәлелді болуы керек, ал ұсыныстар олардан қисынды түрде орындалуы керек. Қаржылық есептілік аудитінің іс-шаралары бойынша қаржылық есептіліктің түзетілмеген бұрмалануларының жалпы сомасы, сондай-ақ қаржылық есептілік бойынша айтылған пікір көрсетіледі. 3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің тұжырымдармен негізделген және анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған ұсынымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) отырысында аудиторлық іс-шараның қорытындыларын қарау туралы оның пікірі көрсетіледі). Бөлімде: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, уәкілетті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, басқа да консультативтік-кеңесші органдарға нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсынымдар; 2) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) нормативтік құқықтық актілерді (Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы, соның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы) жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметті ұйымдастыруға және зерделенген аудит бағытында немесе мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты ұсынымдары; 3) мемлекеттік аудит объектісі басшылығының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында және отырыс өткізілгенге дейін жасаған іс-әрекеттерін назарға алу туралы ұсыныстар көрсетіледі. 3.4. Қосымшалар. Аудиторлық қорытындыға мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімі, анықталған жүйелі кемшіліктер бойынша жиынтық кесте (болған жағдайда) міндетті түрде қоса беріледі. Жекелеген бұзушылықтарды неғұрлым толығырақ ашу үшін негізгі (талдамалық) бөлік қосымшалармен (кестелер, есептеулер, таратып жазулар) толықтырылады. Қосымшалар Аудиторлық қорытындының негізгі мәтінімен бірге біртұтас бүтінді құрайды.
Басқа 21
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 21-қосымша ________________________ Нұсқама жіберіліп отырған органның, ұйымның атауы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясының) НҰСҚАМАСЫ №_________ _________________ (органның орналасқан жері) 20__ жылғы «___»_______ Нұсқаманың тақырыбы Айқындаушы бөлік __________________________________________ Тапсырмалық тармақтар_________________________________________ «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектісі нұсқамалардың орындалуы туралы ақпаратты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген мерзімдерде жіберуге міндетті. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамаларын орындамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес жауапты болады. Ескертпе: Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) нұсқамасын (бұдан әрі – Нұсқама) жасау. Нұсқамада анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық шараларын қабылдау және Нұсқаманың орындалғаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (Тексеру комиссиясына) белгіленген мерзімдерде ұсыну туралы талап көрсетіледі. Нұсқама мемлекеттік аудит объектісіне (басқа да мүдделі адамдарға):
Тармақша 1
1) қаржыландыру жоспарында негізсіз пайдаланылған және (немесе) мақсатынан тыс пайдаланылған бюджет қаражатын қалпына келтіру және (немесе) өтеу және (немесе) азайту туралы не оларды есеп бойынша қалпына келтіру, бюджет заңнамасы қағидатын бұза отырып пайдаланылған бюджет қаражатын, соның ішінде мақсатынан тыс пайдаланылған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару, заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыру туралы;
Тармақша 2
2) бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, өнім берушілердің тауарларды жеткізуін (жұмыстарды орындауын және қызметтерді көрсетуін), басқа да шарттық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ басқа да шараларды қабылдау туралы;
Тармақша 3
3) Нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына онда белгіленген мерзімде ұсыну туралы талаптарды қамтиды. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі Нұсқама жобасын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) отырысында талқылау үшін Аудиторлық қорытындының жобасымен бірге енгізеді. Нұсқамаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мүшесі қол қояды және мемлекеттік аудит объектісінің, ұйымдар мен лауазымды адамдардың мекенжайына оған (оларға) қатысты бөлігінде жіберіледі. Әрбір адресатқа жеке-жеке нұсқама жіберіледі. Нұсқама Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) бланкісінде ресімделеді. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мүшесі _________________( қолы, аты-жөні, тегі)
Басқа 22
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 22-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) шешімдерінің орындалуына тексеру жүргізуге ТАПСЫРМА «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ___ -бабына және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясының) Мемлекеттік аудит объектілерінің 20__ жылға арналған тізбесіне сәйкес ____________________________________________________________________ (тексеру жүргізу тапсырылған Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) жұмыскер(-лер)інің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және лауазымы көрсетіледі) ____________________________________________________________________ (мемлекеттік аудит объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері, жеке сәйкестендiру нөмiрі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, басшысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетіледі). __________________ №___ Нұсқама тармағында (тармақтарында) көзделген ұсынымның(-дардың) орындалу толықтығы мен анықтығына тексеру жүргізу тапсырылады. Тексеру жүргізу мерзімдері: ______- _______ аралығы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) мүшесі _______________________________________________________________ (қолы, аты-жөні, тегі)
Басқа 23. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) шешімдерінің орындалуын тексеру АКТІСІ
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына 23-қосымша нысан Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) шешімдерінің орындалуын тексеру АКТІСІ __________________ (жасалған орны) 20___жылғы «____»_________ №_______
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы: ____________________________
Тармақ 2
2. Оларға қатысты орындалуына тексеру жүргізілетін ұсынымдар, шешімдер шығарылған аудиторлық қорытынды, Нұсқама _______________________________________________________________
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: _____________________________
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (Тексеру комиссиясы) шешімдерінің орындалуына тексеру жүргізуге «____» №_____ тапсырма
Тармақ 5
5. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы ұсынымдарының атауы _______________________________________________________________
Тармақ 6
6. Ұсынымдардың орындалуын тексеру нәтижелері ___________________ _______________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (Тексеру комиссиясының) жұмыскер(-лер)і: _______________________________________________________________ (лауазымы, қолы, аты-жөні, тегі)
Басқа 2. Күші жойылды деп танылуға жататын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының тізбесі
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдесі № 6-НҚ нормативтік қаулысына 2-қосымша Күші жойылды деп танылуға жататын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысы, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12557 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 қаңтарда жарияланған ).
Тармақ 2
2. «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 13-НҚ нормативтік қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14369 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 қарашада жарияланған).
Тармақ 3
3. «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 13-НҚ нормативтік қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17129 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).