«Сырым ауданның құрметті азаматы» атағы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 16.01.2004 № 3-12 шешімімен.
Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
«Сырым ауданның құрметті азаматы» атағы туралы от 08.01.2003 г. № 29-3 («Сырым ауданның құрметті азаматы» атағы туралы)
1. "Сырым ауданның құрметті азаматы" атағы тағайындалсын.
2. "Сырым ауданның құрметті азаматы" атағы туралы Ереже бекітілсін (жалғанды).
3. Құрметті атаққа байланысты ұйымдастыру-техникалық шығындарды қаржыландыруды аудандық бюджетте қарастыру аудандық қаржы бөліміне тапсырылсын.
Сырым аудандық мәслихаттың
2003 жылғы 8 қаңтардағы
№ 29-3 шешімімен бекітілген
"Сырым ауданның құрметті азаматы" атағы туралы
ЕРЕЖЕ
"Сырым ауданның құрметті азаматы" атағын беру көп жыл еңбек сіңірген азаматтардың жемісті қызметтерін, олардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан жеке үлестерін, қабілеттері мен таланттарын және белсенділіктерін қоғамдық тұрғыда бағалау болып табылады.
Құрметті атақ моральдық ынталандырудың бірден-бір маңызды кепілі бола отырып, азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділіктерін арттыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы олардың күш жігерлерін көтермелеуге, жастар арасында патриотизмді шындау, халықтар достығын нығайту мүмкіндіктерін туғызуға арналған.
1 бөлімі. Негізгі ережелер
1. "Сырым ауданның құрметті азаматы" атағын аудандық мәслихат
тағайындайды.
2. Атақ Қазақстан азаматтарына, соның ішінде Сырым ауданы аумағында тұрмайтын азаматтарға да:
1) ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуында;
2) жаратылыстану, техникалық және қоғамдық ғылымдардың басты бағыттары бойынша іргелі зерттеу жүргізуде және ауданның ғылыми-техникалық өрлеуі жолында жоғары тиімді жаңа техника мен технологияларды өндіріске енгізуде;
3) кәзіргі кезеңге және аймақтың тарихына байланысты өнерде, әдебиетте, сәулет пен журналистикада жоғары дәрежелі көркем шығарма шығаруда;
4) аудан халықтарының мәдениеттерін дамытуда, қоғамдық келісімді бекіндіруде;
5) балаларды, оқушылар мен студент жастарды оқытуда, оларды азаматтыққа, адамгершілікке және дене салауаттылығына тәрбиелеуде жаңа өзгерістер әзірлеп, нақты жүзеге асыруда;
6) халықтың денсаулығын сақтауда, қоршаған табиғи ортаны сауықтыруда, ауданда дене мәдениеті мен спортты дамытуда, спортта көрнекті жетістіктерге жетуде;
7) халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған қайырымдылық қызметте, Сырым ауданындағы тарихи және мәдени мұраларды сақтауда ерекше сіңірген еңбектері мен елеулі нәтижеге қол жеткізгені үшін белгіленген тәртіпте беріледі.
3. Атақ адам өлгеннен кейін де берілуі мүмкін.
4. Құрметті атаққа ие болған тұлғаға куәлік, және лента табыс етіледі және оның есімі ауданның Құрметті азаматтары кітабына енгізіледі.
5. Адамның өлгеннен кейін марапатталуы жағдайында куәлік пен лента оның жақын туысқандарына, ал олардың болмауы жағдайында аудандық өлкетану мұражайына сақтауға беріледі.
Туысқандарының тілегімен куәлік пен лента аудандық өлкетану мұражайында сақтауға берілуі мүмкін.
6. Куәліктің, лента мен Құрметті азаматтар кітабының үлгілері жарияланымдық шығармашылық конкурс өткізу негізінде аудан әкімшілігінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясында бекітіледі. Куәліктерді, ленталарды және Құрметті азаматтар кітабын дайындап шығаруды аудан әкімшілігі қамтамасыз етеді.
7. Сырым ауданның құрметті азаматы есімін мәңгі есте сақтау мақсатында жұртшылықтың ұсынысы бойынша оның есімі Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте мектептер мен ауылдардың көшелеріне берілуі мүмкін.
2 бөлімі. "Сырым ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсынысын жасау тәртібі
8. Атақты беру үшін кандидатураларды кәсіпорындар мен мекемелерді қоғамдық бірлестіктердің басшыларының, сайлау құқығына ие тұрғындардың кемінде жартысын құрайтын елді мекендер азаматтары жиындарының ұсыныстары бойынша ауылдық округ әкімдері немесе аудандық мәслихат депутаттарының кемінде үштен бір бөлігі санын қамтитын депутаттар тобы қарайды және ұсынады.
9. Ұсынылған кандидатураға өндірістік, шығармашылық, ағартушылық, қоғамдық немесе қайырымдылық қызметтегі нақты сіңірген еңбегі, атқарылған жұмысының тиімділігі мен сапасы жөнінде мәлімет, алған наградалары көрсетілген мінездеме берілуі тиіс.
10. Ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттарының тобы аудан әкімі жанындағы марапаттау комиссиясына және аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына алдын ала қарау үшін 1 ай мерзімнен кешіктірмей мінездеме, көлемі 3х4 және 6х9 мөлшерлі 2 фотосурет қоса тіркелген атақ беру ұсынысын жолдауы қажет.
11. Марапаттау комиссиясының және аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қорытындысы ескерілген аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат пен әкімшіліктің біріккен мәжілісі атақ беру туралы бірлескен шешім қабылдайды.
12. "Сырым ауданның құрметті азаматы" атағы аудандық мәслихаттың сессиясында беріледі.
3 бөлімі. Куәлік пен өңірге тағылатын белгіні табыс ету тәртібі
13. Куәлік пен лентаны аудан әкімі аудан мәслихат сессиясы мәжілісі кезеңінде немесе басқа да қоғамдық маңызды шараларда салтанатты түрде және кең жариялылықта иелеріне табыс етеді.
14. Бұл Ережеге аудандық мәслихаттың регламентінде белгіленген тәртіпке сай өзгертулер мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.