Об утверждении Правил оказания социальных выплат отдельным категориям граждан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2005.02.24 № 3С-14/11 шешімімен 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 148-II Қазақтан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 11, 14-тармақшаларына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "2002 жылға жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер ережелерін" қосымша бойынша бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бұл шешім 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақмола облысының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден кейін өз күшіне енгізілсін.
Тармақ 3
3. Бұл шешімнің іс-әрекеті 2002 жылдың 1 қаңтарынан табылған құқықтық қатынастарға тарайды.
Басқа 4
Степногорск қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешіміне қосымша N С-23/8 Жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Бұл жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер ережелері(әрі қарай Ереже) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдер тәртібінің ұйымдастыруын реттейді.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдау үшін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"және "Бюджеттік жүйе туралы" Заңдары құқықтық негізі болып табылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік төлемдерді алуға құқық
2. Әлеуметтік төлемдерді алуға құқық
Тармақ 3
3. Әлеуметтік төлемдерді келесі санатты азаматтардың құқығы бар:
Тармақша 1
1) жалғыз тұратын зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) жұмыссыздар;
Тармақша 3
3) мүгедектер;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балалары бар, көпбалалы отбасылар;
Тармақша 5
5) аурудың ұзақ мерзімімен емделетін аурулар.
Тармақ 4
4. Жоғарыдағы айтылған санатты азаматтарға әлеуметтік төлемдердің келесі түрлері көрсетіледі:
Тармақша 1
1) емделуге, дәрігерлік-консультативтік комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысымен аурулардың тізімі бойынша емделудің жол ақысын төлеу;
Тармақша 2
2) өрттен, апаттан, басқа төтенше жағдайдан зақымданғандарға;
Тармақша 3
3) басқа ойда болмаған оқиғаларда.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру
3. Әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін қалалық мәслихаттың депутаттары, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері, білім және денсаулық сақтау бөлімдері, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері құрамында қалалық комиссия құрылған. Комиссияның жиналыстары әлеуметтік саласын басқаратын әкімнің орынбасарымен өткізіледі.
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Көмек сұраған жанұяның (азаматтың) тұрмыс жағдайларының зерттеуін өткізу;
Тармақша 2
2) Азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем көрсету өтініштерін қарастыру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері және оны тағайындау тәртібі
4. Жеке санатты азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері және оны тағайындау тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлемдер жанұяның (азаматтың) 1 мүшесіне жылына 1 рет ақшалай нысанда беріледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлемнің мөлшері әрбір нақты жағдайда қалалық комиссияның қорытындысы бойынша анықталады.
Тармақ 9
9. Жанұя (азамат) қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әлеуметтік төлемді тағайындау жөніндегі өтінішпен барады. Өтінішке келесі құжаттар қосымша болып келеді:
Тармақша 1
1) жанұяның құрамы туралы мәлімет;
Тармақша 2
2) шұғыл емделудің қажеттілігі туралы ДКК анықтамасы, емделудің жол ақысы, өмірге қауіп-қатерлі ауруларға қымбат тұратын дәрі-дәрмектерді алу;
Тармақша 3
3) алушының санатын растайтын (мүгедек, жұмыссыз және т.б) мәлімет;
Тармақша 4
4) жанұяның барлық мүшелерінің тоқсанда табатын табысы, тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысы.
Тармақ 10
10. Жеке санатты азаматтарға әлеуметтік төлемдер еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен тағайынданған сомалар өтініш берушінің дербес шотына аудару тәсілімен өндіріледі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік төлемдер келесі мөлшерде төленеді:
Тармақша 1
1) емделуге, емделудің жол ақысын төлеуге (ДКК қорытындысы бойынша ауруға байланысты) 25 есеп айлық көрсеткішінен астам емес;
Тармақша 2
2) өрт, апат, басқа төтенше жағдайларда шығындардың есебі бойынша, бірақ 10 мың теңгеден астам емес.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік төлемнің қаржыландыру көздері
5. Әлеуметтік төлемнің қаржыландыру көздері
Тармақ 12
12. Әлеуметтік төлемдердің қаржыландыру шығыстары қалалық бюджетте осыған көзделген қаржылардың шетінен төленеді.
Тарау 6. 6. Төлемдерді беру бойынша бақылау
6. Төлемдерді беру бойынша бақылау
Тармақ 13
13. Әлеуметтік төлемдерді беру және оны дұрыс тағайындау бойынша бақылау қалалық бюджетті орындау шектеуінің бақылауында өткізіледі.