Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения первому заместителю, заместителям акима города Шымкент, руководителю аппарата акима города Шымкент, акимам Абайского, Аль-Фарабийского, Енбекшинского, Каратауского районов города Шымкент и его описания Күшін жойған
Басқа 0
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары;
Тармақша 2
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарының, орынбасарларының, қала әкімінің аппарат басшысының, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №330 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5 болып тіркелген, «Шымкент келбеті» газетінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Е.Әлімқұловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына,
қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының
Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне
қызметтік куәлікті беру қағидалары
Шымкент қаласы
әкімдігінің 2020 жылғы
12 тамызы
№ 473 қаулысына
1-қосымша
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына,
қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының
Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне
қызметтік куәлікті беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік саяси қызметшінің, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Қызметтік куәлік осы қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес.
Тармақ 4
4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
Тармақ 5
5. Қызметтік куәлік қала әкімінің орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына және аудан әкімдеріне - қала әкімінің қолы қойылып беріледі.
Тармақ 6
6. Қызметтік куәлік мемлекеттік саяси қызметшіге, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.
Мемлекеттік саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысаны бойынша қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі - есепке алу журналы).
Тармақ 7
7. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы персоналды басқару қызметінің сейфінде сақталады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік саяси қызметшілерге, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкері қайтарып алады.
Тармақ 9
9. Персоналды басқару қызметі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.
Тармақ 10
10. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару қызметінің басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды және жоғалған қызметтік куәліктің жарамсыздығы туралы тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.
Тармақ 12
12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің, қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша персоналды басқару қызметі белгіленген тәртіпте қызметтік тергеп-тексеру жүргізу қажеттілігін қарастырады.
Тармақ 13
13. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне тапсырады.
Қызметтік куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.
Тармақ 14. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына,
қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының
Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне
қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы
14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші
орынбасарына, орынбасарларына,
қала әкімінің аппарат басшысына,
Шымкент қаласының Абай,
Әл-Фараби, Еңбекші және
Қаратау аудандары әкімдеріне
қызметтік куәлікті беру
қағидаларына қосымша
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына,
қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының
Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне
қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы
№
Қызметтік куәліктің нөмірі
Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)
Атқаратын лауазымы
Қызметтік куәліктің берілген күні
Алғаны жөнінде жеке қолы
Қызметтік куәлікті тапсырған күні
Ескертпе
Ескертпе: Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп персоналды басқару қызметі басшысының қолымен және мөрімен расталады.
Басқа 28. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына,
қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының
Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне
қызметтік куәлігінің сипаттамасы
Шымкент қаласы
әкімдігінің 2020 жылғы
12 тамызы
№ 473 қаулысына
2-қосымша
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына,
қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының
Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне
қызметтік куәлігінің сипаттамасы
Тармақ 1
1. Қызметтік куәлік мұқабасы күрең қызыл түсті былғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалады (ашып көрсетілген түрінде көлемі 19 см х 6,5 см).
Тармақ 2
2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ» типографиялық қаріппен жазба мемлекеттік тілде орындалған.
Тармақ 3
3. Куәліктің ішкі жағында ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде әкімдіктің атауы (мемлекеттік және орыс тілдерінде), одан төмен мәтіннен көк түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар орналасқан. Төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік саяси қызметшілердің, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы, мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі (екі жыл мерзімге беріледі).
Тармақ 4
4. Сол жағында: 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісінше қала әкімінің қолымен және елтаңбалы мөрімен расталған мемлекеттік тілдегі мәтін.
Тармақ 5
5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, төменгі жағында көкшіл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс тіліндегі мәтін көрсетіледі.