Об утверждении Правил деятельности журналиста (представителя средства массовой информации), присутствующего на мирных собраниях, форм отличительных знаков журналиста Күшін жойған
Басқа 0
Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабы 13-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Журналистің айырым белгілерінің нысандары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2020 жылғы 14 тамызы
№ 279 Бұйрығына
1-қосымша
Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкiлi) қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабы 13-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкiлi) (бұдан әрі – журналист) қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Журналист бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтарға ие болады және міндеттерді мойнына алады.
Тарау 2. 2-тарау. Бейбіт жиналыстарда болатын журналист қызметінің тәртібі
2-тарау. Бейбіт жиналыстарда болатын журналист қызметінің тәртібі
Тармақ 3
3. Бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін жүзеге асыру кезінде журналистің өзімен бірге журналист куәлігі болады, сондай-ақ ол Заңның 4-3-бабының 13-4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша бір немесе бірнеше айырым белгілерін тағуды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Журналистің кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін (сұхбат жүргізу, брифингтер) жергілікті атқарушы орган мынадай жағдайларда журналистерді Бұқаралық ақпарат құралдарының жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды:
Тармақша 1
1) егер «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 және 12-баптарына сәйкес ресімделген бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламада немесе келісуді алу туралы өтініште мәлімделген бейбіт жиналысқа қатысушылардың болжамды саны 200 адамнан асса;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарының жергілікті атқарушы органға жіберетін сұрау салуы бойынша.
Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуы бейбіт жиналыс өткізілетін күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде журналистердің санын көрсете отырып, еркін нысанда жіберіледі.
Тармақ 5
5. Жедел баспасөз орталығы мынадай шарттарға сәйкес келетін орын (аумақ) болып табылады:
Тармақша 1
1) лентамен шектеу;
Тармақша 2
2) фото-, бейнетүсірілім жасау және сұхбат алу үшін жеткілікті түрде көрінуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел ден қою арқылы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Журналист бейбіт жиналыстарда бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарламалар мен материалдарды жинау, оларды өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін Жедел баспасөз орталығының орнында (аумағында) да, одан тыс жерлерде де жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Журналисттерді Жедел баспасөз орталығына алып бару, журналистерге бейбіт жиналыстың ұйымдастырушылары мен қатысушыларынан сұхбат, комментарийлер алуға жәрдемдесу, журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты өткізу уақытында өз өкілінің қатысуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Журналистерге олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Басқа 2. Журналистің айырым белгілерінің нысандары
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2020 жылғы 14 тамызы
№ 279 Бұйрығына
2-қосымша
Журналистің айырым белгілерінің нысандары
Кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма журналистің айырым белгілерінің нысандары болып табылады. Көрсетілген айырым белгілерін тағып жүру кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 1
1. Кеудеше:
Сипаттамасы:
Тармақша 1
1) түсі — ашық көк;
Тармақша 2
2) кеудешенің алдында және арқасында көлденең бойынша ені кемінде 20 миллиметр жарық шағылыстыратын екі жолақ тігіледі.
Кеудешенің алдыңғы және артқы жағында жарық шағылыстыратын жолақтардың үстіне «PRESS» деген жазу орналасады.
Жазудың өлшемі: «PRESS» - әріптің биіктігі алдыңғы бөлігінде кемінде 40 миллиметр, арқасында – кемінде 60 миллиметр, әріптің ені кемінде 50 миллиметр, қарптің қалыңдығы кемінде 12 миллиметр. Жазу латын әріптерімен жазылады, күміс түсті жарық шағылыстыратын матадан «Arial» қарпімен жасалады.
Кеудешенің нысаны - 1-сурет.
1-сурет
Тармақ 2
2. Жеңдегі таңғыш:
Сипаттамасы:
Тармақша 1
1) түсі - қанық сары;
Тармақша 2
2) ортасында «PRESS» деген жазу орналасады.
Жазудың өлшемі: «PRESS» - әріптің биіктігі кемінде 40 миллиметр, әріптің ені кемінде 30 миллиметр, қарптің қалыңдығы кемінде 12 миллиметр.
Жазу латын әріптерімен жазылады, қара түсті «Arial» қарпімен жасалады.
Жеңдегі таңғыштың нысаны - 2-сурет.
2-сурет
Тармақ 3
3. Жапсырма:
Сипаттамасы:
Тармақша 1
1) жапсырма - ені кемінде 280 миллиметр, биіктігі кемінде 100 миллиметр тікбұрыш нысанында болады;
Тармақша 2
2) реңінің түсі – көк;
Тармақша 3
3) ортасында «PRESS» деген жазу орналасады.
Жазудың өлшемі: «PRESS» - әріптің биіктігі кемінде 40 миллиметр, әріптің ені кемінде 30 миллиметр, қарптің қалыңдығы кемінде 12 миллиметр.
Жазу латын әріптерімен жазылады, күміс түсті жарық шағылыстыратын матадан «Arial» қарпімен жасалады.
Жапсырманың нысаны – 3-сурет.
3-сурет