О некоторых вопросах проведения научной антикоррупционной экспертизы проектов нормативных правовых актов Күшін жойған
Басқа 0
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі
№451 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының
10 және 14-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге арналған бойынша сарапшыларды конкурстық іріктеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) Үйлестіруші мен сарапшы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жасалатын үлгілік шарттың нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін
сарапшыларды конкурстық іріктеу
қағидалары
Қазақстан Республикасы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2020 жылғы 12 тамызы
№ 255 бұйрығына 1-қосымша
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін
сарапшыларды конкурстық іріктеу
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды конкурстық іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары) 10-тармағына сәйкес әзірленді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды конкурстық іріктеу тәртібі айқындалады.
Тармақ 2
2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды конкурстық іріктеу
(бұдан әрі – конкурстық іріктеу) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес анықталатын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіруді жүзеге асыратын ғылыми мекеме немесе жоғары оқу орны (бұдан әрі – үйлестіруші) ұйымдастырады және өткізеді.
Тармақ 3
3. Конкурстық іріктеуге қатысуға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 11-тармағымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.
Тармақ 4
4. Конкурстық іріктеуден өткен сарапшылардың кандидатуралары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – ұйымдастырушы) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылар тізіліміне (бұдан әрі – сарапшылар тізілімі) қосу үшін жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурстық комиссияны құру
2-тарау. Конкурстық комиссияны құру
Тармақ 5
5. Үйлестірушінің басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен конкурстық іріктеуді жүргізу үшін Конкурстық комиссия құрылады, Конкурстық комиссияның хатшысы айқындалады.
Тармақ 6
6. Конкурстық комиссия ол конкурсқа қатысушылардың ұсынған құжаттарын қарап, тестілеуді жүргізетін және сарапшылар тізіліміне қосу үшін үміткерлермен әңгімелесу өткізетін және сарапшыларды іріктеуді жүзеге асыратын алқалық орган болып табылады.
Тармақ 7
7. Конкурстық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері Конкурстық комиссияның мүшелері болып табылады. Конкурстық комиссияның мүшелері Конкурстық комиссияның жұмысына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, бірақ кемінде бес адам.
Тармақ 8
8. Конкурстық комиссияның құрамы үйлестірушінің, ұйымдастырушының және қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) өкілдерінен құрылады.
Тармақ 9
9. Конкурстық комиссияның хатшысы үйлестірушінің қызметкері болып табылады, ол Конкурстық комиссияның жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 10
10. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық іріктеуге қатысушы тұлға кіре алмайды.
Тарау 3. 3- тарау. Конкурстық іріктеудің кезеңдері
3- тарау. Конкурстық іріктеудің кезеңдері
Тармақ 11
11. Конкурс бірқатар тізбектік кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыруды үйлестірушінің және ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялау;
Тармақша 2
2) конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау;
Тармақша 3
3) конкурстық комиссияның конкурстық іріктеуге қатысушылар құжаттарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 11-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін қарау;
Тармақша 4
4) сарапшылар тізіліміне қосу үшін үміткерлерге тестілеу өткізу;
Тармақша 5
5) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін үміткерлермен әңгімелесу.
Тармақ 12
12. Конкурстық іріктеуге қатысушылар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін қажетті құжаттарды берген тұлғалар болып табылады.
Тармақ 13
13. Сарапшылар тізіліміне қосу үшін үміткерлер (бұдан әрі – үміткерлер) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 11-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін және конкурстық іріктеудің келесі кезеңдеріне жіберілген конкурстық іріктеуге қатысушылар болып табылады.
Тармақ 14
14. Үміткерлер конкурстық іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен өткен жағдайда, конкурстық іріктеудің келесі кезеңдеріне (тестілеу өткізу, әңгімелесу) жіберіледі.
Тармақ 15
15. Конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылады:
Тармақша 1
1) конкурстық іріктеуді өткізетін үйлестірушінің орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген атауы;
Тармақша 2
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 11-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын негізгі өлшемшарттар;
Тармақша 3
3) құжатты қабылдау конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі.
Хабарландыруға ұйымдастырушы бекітетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар қоса беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Конкурстық іріктеуге қатысушылардың
құжаттарын қарау тәртібі
4-тарау. Конкурстық іріктеуге қатысушылардың
құжаттарын қарау тәртібі
Тармақ 16
16. Конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдауға жауапты үйлестірушінің құрылымдық бөлімшесіне мынадай құжаттарды береді:
Тармақша 1
1) телефон нөмерлерін және электрондық пошта мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, үйлестірушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына еркін нысанда жазылған өтінішті;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін);
Тармақша 3
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін);
Тармақша 4
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау рәсімінен өткенін немесе танылуын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) (нотариалды куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда салыстыру үшін);
Тармақша 5
5) болған жағдайда ғылыми дәрежені растайтын құжаттың көшірмесін (нотариалды куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін).
Тармақ 17
17. Конкурстық іріктеуге қатысушылар осы Қағидалардың 16-тармағында тізбеленген құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қолма-қол, поштамен немесе хабарландыруда көрсетілген үйлестірушінің электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады.
Тармақ 18
18. Конкурстық комиссия конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қарауды құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 11-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін қарайды.
Тармақ 20
20. Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық іріктеу кезеңдерінен өтуге рұқсат беру туралы шешім қабылдайды не рұқсат беруден дәлелді түрде бас тартады.
Үміткердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 11-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес болмауы рұқсат беруден бас тартудың негізі болып табылады.
Тармақ 21
21. Құжаттардың толық пакетін немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынбау үйлестірушінің оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 22
22. Конкурстық комиссия хатшысы тестілеуден және әңгімелесуден өткізу графиктерін, сондай-ақ тестілуге және әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімдерін әзірлеп, оларды үйлестірушінің интернет-ресурсында орналастырады.
Тарау 5. 5-тарау. Үміткерлерді тестілеу тәртібі
5-тарау. Үміткерлерді тестілеу тәртібі
Тармақ 23
23. Конкурстық комиссия хатшысы тестілеуге жіберілген үміткерлерді осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген Конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және тестілеу өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, тестілеуді өткізу күні туралы хабардар етеді.
Үміткерлерді хабардар ету телефон бойынша және/немесе үміткерлердің электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарын электрондық поштамен берген үміткерлер осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында тізбеленген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариалды куәландырылған көшірмелерін тестілеу басталуға бір сағаттан кешіктірмей, салыстырып-тексеру үшін ұсынады.
Осы Қағидалардың 16-тармағында тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары не нотариалды куәландырылған көшірмелері белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде, үміткер тестілеуге жіберілмейді.
Тармақ 25
25. Үміткер «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары, ұйымдастырушы бекітетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды білу тұрғысынан тестілеуден өтеді.
Тармақ 26
26. Тестілеуге арналған сұрақтар үйлестірушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі және жария етуге жатпайды.
Тармақ 27
27. Үміткерлерді тестілеу 1 (бір) сағат ішінде жазбаша немесе электрондық түрде өткізіледі және 40 (қырық) сұрақтан тұрады. Үміткерлер үшін тестілеудің шекті мәні, кемінде, 30 (отыз) жауапты құрайды.
Тестілеу нәтижесі тестілеу өткізілген күні шығарылады.
Тарау 6. 6-тарау. Әңгімелесу өткізу тәртібі
6-тарау. Әңгімелесу өткізу тәртібі
Тармақ 28
28. Тестілеуден сәтті өткен үміткерлермен әңгімелесу тестілеу қорытындылары шығарғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
Тармақ 29
29. Конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген үміткерлерді тестілеу өткеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және әңгімелесу өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, әңгімелесу өткізілетін күн туралы хабардар етеді.
Үміткерлерді хабардар ету телефон бойынша және/немесе үміткерлердің электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны үйлестірушінің интернет-ресурсында орналастырылатын графикке сәйкес, үйлестірушімен бекітілген орында, оның ішінде бейне-конференция байланысы қолданыла отырып өтіледі.
Тармақ 31
31. Конкурстық комиссия хатшысы әңгімелесу алдында үміткерлерді алдағы әңгімелесу рәсімін өткізу тәртібімен таныстырады.
Тармақ 32
32. Әңгімелесу процесінде үміткерге кәсіби сұрақтар, сондай-ақ ахуалдық тапсырмалар беріледі.
Тармақ 33
33. Үмтікерлердің жауаптарының бағалары бес баллдық межелік бойынша жүргізіледі және үміткерлермен әңгімелесу парағына енгізіледі.
Тармақ 34
34. Әңгімелесу әрбір үміткермен жеке өткізіледі және техникалық жазу құралдары арқылы үміткерге ескертіле отырып тіркеледі.
Тармақ 35
35. Конкурстық комиссия үміткерлерді берген құжаттары, тестілеудің нәтижелерi және жауаптардың сапасы негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан сарапшылар тізіліміне ұсыну үшін үміткерлерді iрiктеудi жүзеге асырады.
Үміткерлермен әңгімелесу барысы хаттамада көрсетіліп, Конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қолдар қояды.
Тармақ 36
36. Конкурстық комиссияның шешімі үміткердің қатысуынсыз, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) үміткерді сарапшылар тізіліміне қосу үшін ұсыну;
Тармақша 2
2) үміткерге сарапшылар тізіліміне қосудан бас тарту.
Тармақ 37
37. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды деп саналады.
Тармақ 38
38. Конкурстық комиссия құрамына қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда, үміткер оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 39
39. Сарапшылар тізіліміне қосу үшін ұсынылған сарапшыларға үміткерлер тізімі үйлестірушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 40
40. Конкурстық комиссияның шешiмiне сот тәртібімен шағым келтірілуі мүмкін.
Басқа 2. Үйлестіруші мен сарапшы арасында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жасалатын
үлгілік шарт
Қазақстан Республикасы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасының
2020 жылғы 12 тамызы
№ 255 бұйрығына 2-қосымша
Нысан
Үйлестіруші мен сарапшы арасында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жасалатын
үлгілік шарт
________________________
(елді мекеннің атауы)
20__ жылғы «___» ________
Бұдан әрi Үйлестіруші деп аталатын, ___________________________ негiзiнде
әрекет ететiн ______________________ атынан
_______________________________________________________________,
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіруді жүзеге
асыратын ғылыми мекеменің немесе жоғары оқу орнының атауы)
бiр тараптан және бұдан әрi Сарапшы деп аталатын, ________________ берген
________________ №___________ ________________________, екiншi тараптан,
(жеке басын куәландыратын құжат) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
бұдан әрi Тараптар деп атала отырып, төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.
Тарау 1. 1. Шарттың мәнi
1. Шарттың мәнi
Тармақ 1
1. Сарапшы Үйлестірушінің тапсырмасы бойынша осы Шарттың талаптарына сәйкес қорытындыларды бере отырып, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Үйлестіруші осы Шарт бойынша Сарапшы өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда, осы Шарттың талаптарымен нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Көрсетілетін қызметтердің нәтижесін уақтылы қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Үйлестіруші әзірлеуші ұсынған нормативтік құқықтық актінің жобасына аталған жобаны және басқа да құжаттарды қоса бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қажеттігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жолдау (тапсыру) арқылы Сарапшыға тапсырма береді.
Тармақ 3
3. Нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Көрсетілетін қызмет нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасы бойынша Үйлестірушінің хабарламасында белгіленген мерзімнен кешіктірілмей көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелері
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелері
Тармақ 4
4. Сарапшы:
Тармақша 1
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жеке жүргізуге, Көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын, объективтілігін, біліктілігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) осы Шартта көзделген Көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың талаптарына сәйкес осы Шарттың мерзімі мен талаптарына сай көрсетуге;
Тармақша 3
3) Үйлестіруші белгілеген мерзімде ұсынылған нормативтік құқықтық актінің жобасын жұмысқа қабылдау туралы не өзінің бас тарту себептерін, оның ішінде осы жобаны дайындауға тікелей қатысқандығын көрсете отырып, өздігінен бас тарту туралы оған хабарлама жолдауға;
Тармақша 4
4) Қызметтерді көрсетумен байланысты өзіне белгілі болған Үйлестірушінің құжаттары мен мәліметтерінің сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) Үйлестірушіні оның талап етуі бойынша Қызметтерді көрсету барысы туралы хабардар етуге;
Тармақша 6
6) осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін оған Үйлестіруші берген мүлік пен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) осы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда, өзінің міндеттемелерін толық көлемде тиісінше орындамауы нәтижесінде туындаған барлық шығындарды Үйлестірушіге өтеуге;
Тармақша 8
8) Үйлестірушінің талап етуі бойынша Көрсетілген қызметтер туралы есепті ұсынуға;
Тармақша 9
9) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы берілгеннен кейін, нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеушінің оның ұсынымдарымен келісуіне немесе келіспеуіне қарамастан, ол қабылданғанға дейін барлық кезеңде сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қолма-қол, электрондық пошта немесе ақпараттық жүйе (болған жағдайда) арқылы қазақ немесе орыс тілінде беруді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 5
5. Сарапшының:
Тармақша 1
1) Үйлестірушіден осы Шарттың талаптарына сәйкес Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді талап етуге;
Тармақша 2
2) туындаған мәселелер бойынша Үйлестірушіден түсіндірмелер және Қызметтер көрсету үшін қажетті қосымша мәліметтер алуға;
Тармақша 3
3) Көрсетілетін қызметтерді, оны сапалы және толық көлемде орындаған жағдайда, мерзімінен бұрын көрсетуге құқығы бар.
Тармақ 6
6. Үйлестіруші:
Тармақша 1
1) Сарапшыға нормативтік құқықтық актілер жобаларын және егер Сарапшы тапсырма алған жағдайда, оған қоса берілетін материалдарды ұсынуға;
Тармақша 2
2) Үйлестіруші анықтаған кемшіліктер жойылған жағдайда, нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Сарапшы көрсеткен қызметтерді қабылдауға;
Тармақша 3
3) Сарапшы көрсеткен қызметтерге ақыны осы Шартта көзделген тәртіппен төлеуге;
Тармақша 4
4) нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауға тікелей қатысқан Сарапшыға аталған жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жібермеуге міндетті.
Тармақ 7
7. Үйлестірушінің:
Тармақша 1
1) Сарапшы көрсететін қызметтердің барысы мен сапасын кез келген уақытта тексеруге;
Тармақша 2
2) Көрсетілген қызметтердің нәтижесінде орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық сауаттылық бөлігінде кемшіліктер анықталған жағдайда, Көрсетілген қызметтерді қабылдамауға және кемшіліктер байқалған күннен бастап ____ жұмыс күні ішінде Көрсетілген қызметтерде анықталған кемшіліктерді жою туралы Сарапшыға хабарлама жолдауға;
Тармақша 3
3) Сарапшы Үйлестірушінің ескертулермен келіспеген жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасын оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүргізу үшін басқа Сарапшыға жолдауға;
Тармақша 4
4) осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін Сарапшыға ұсынымдар беруге;
Тармақша 5
5) Қызметтер көрсету процесін бақылауға;
Тармақша 6
6) осы Шарттың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы бар.
Тармақ 8
8. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында Көрсетілген қызметтер бойынша Сарапшы жасаған зияткерлік қызметінің нәтижелерінің барлығына меншік құқығы Үйлестірушіге тиесілі болады деп уағдаласты.
Тарау 3. 3. Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу шарттары
3. Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу шарттары
Тармақ 9
9. Нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Көрсетілетін қызметтердің құны Агенттікпен келісім бойынша Үйлестіруші белгілейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу құнын анықтау тәртібіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 10
10. Үйлестіруші Сарапшы дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын келіскеннен кейін, ____ жұмыс күні ішінде Тараптар Көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды. Тараптар бір ай ішінде Көрсетілген қызметтер актісін жасауға және оған қол қоюға құқылы. Үйлестіруші мен Агенттік арасында Көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылғаннан кейін, Қызметтер көрсетілген болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Үйлестіруші Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді Агенттік Үйлестірушінің есеп шотына ақша қаражатын аударған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Тармақ 12
12. Үйлестіруші бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ табыс салығын Сарапшының пайдасына ұстап қалады.
Тармақ 13
13. Қызметтер көрсету кезінде Сарапшы келтірген өзге де шығыстарды Үйлестіруші өтемейді.
Тарау 4. 4. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу тәртібі
4. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу тәртібі
Тармақ 14
14. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тараптарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
Тармақ 15
15. Тараптарға осы Шарт талаптарын орындамағаны үшін, егер ол
форс-мажор жағдайының нәтижесі болып табылса, жауапкершілік жүктелмейді.
Осы Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипаттағы жағдайды білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, алайда әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар және басқасы.
Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Сарапшы Үйлестірушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жолдайды. Егер Үйлестірушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Сарапшы Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты орынды болса, соншалық орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажор жағдайларына байланысты емес балама тәсілдерін іздестіруді жүргізеді.
Тармақ 16
16. Сарапшыға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысында жазылған нормативтік құқықтық акт жобасының сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларын жою бойынша дайындаған ұсынымдардың негізділігі үшін жауапкершілік жүктеледі.
Тармақ 17
17. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
Тармақ 18
18. Келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралуға жатады.
Тарау 5. 5. Шарттың қолданылу мерзімі және оны тоқтату негіздері
5. Шарттың қолданылу мерзімі және оны тоқтату негіздері
Тармақ 19
19. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы «__» _______ дейін, ал Тараптардың міндеттемелері бөлігінде оларды толық орындағанға дейін қолданылады.
Тармақ 20
20. Осы Шарт Тараптардың екіжақты келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Осы Шартты бұзуды талап ететін Тарап өзінің ниеті туралы екінші Тарапты Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
Тармақ 21
21. Шартты Сарапшының бастамасы бойынша бұзған кезде Сарапшы Қызметтерді көрсету процесінде жұмсалған өз шығындарын, сондай-ақ Көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді талап етуге құқылы емес.
Тармақ 22
22. Үйлестіруші осы Шартты келесі жағдайларда:
Тармақша 1
1) Сарапшының Қызметтерді көрсетуден дәлелсіз себептермен 2 (екі) және одан көп рет бас тартқанда;
Тармақша 2
2) Үйлестірушінің хабарламасында белгіленген Қызметтер көрсету мерзімі өтіп кеткен күннен бастап екі жұмыс күнінен астам мерзімге Қызметтер көрсету мерзімін өткізіп алғанда;
Тармақша 3
3) әзірлеушілер үш ай ішінде дайындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындыларында Сарапшының барлық ұсынымдарының 2/3-сінен астамын қабылдамаған жағдайда;
Тармақша 4
4) Сарапшы біліктілігінің жеткіліксіздігі, біліксіздігі нәтижесінде өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмағанда;
Тармақша 5
5) Сарапшы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының
11-тармағымен белгіленген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тармақ 23
23. Осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес анықталады.
Тармақ 24
24. Осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Сарапшы бұзылған күнге нақты шығындар үшін ғана ақы төлеуді талап етуге құқылы және осы Шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде артық төленген соманы Үйлестірушіге қайтарады.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 25
25. Осы Шартқа енгізілетін барлық толықтырулар мен өзгерістер жазбаша жасалады, екі Тарап қолдарын қояды және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 26
26. Осы Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде екі данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалған.
Тарау 7. 7. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары
7. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары
Үйлестіруші
_______________________
Сарапшы
________________________