Об утверждении Правил и размеров оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Бескарагайского района Қолданыста
Басқа 0
Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары және мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5. Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және
жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына
бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы
төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің
Қағидасы мен мөлшері
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай аудандық мәслихатының
2026 жылғы 16 маусымдағы
№ 42/3-VIII шешіміне
қосымша
Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және
жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына
бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы
төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің
Қағидасы мен мөлшері
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды (бұдан әрі -мамандар).
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ағымдағы шот-банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоты шартының негізінде ашатын банк шоты;
Тармақша 2
2) Коммуналдық қызметтер-тұрудың (болудың) қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін тұтынушыға сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты жоюды, лифттерге қызмет көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырылады (бұдан әрі - ММ).
Тарау 2. 2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық
қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау
көрсету тәртібі мен мөлшері
2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық
қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау
көрсету тәртібі мен мөлшері
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізімі негізінде (ары қарай – тізім), ақшалай нысанда «Қазпошта» акционерлік қоғамы аумақтық бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржылық операцияларды реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолдарымен көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Күнтізбелік жылда бір рет 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған Бесқарағай ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу жөніндегі мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізім түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 8
8. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер сәйкес келмеген жағдайда, ММ алдын ала шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.
Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде ММ оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және мамандардың ағымдағы шоттарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлемін көрсетеді.
Басқа 17. Бесқарағай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Бесқарағай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VI
шешіміне 2-қосымша
Бесқарағай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қазандағы № 29/7-VІ «Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-7-140 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 20 қарашада жарияланған) шешімі.
Тармақ 2
2. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 47/10-VІ «Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қазандағы № 29/7-VІ «Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6497 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) шешімі.
Тармақ 3
3. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 51/5-VІ «Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қазандағы № 29/7-VI «Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6995 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 30 сәуірде жарияланған) шешімі.