Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы Күшін жойған
Басқа 0
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №311 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4289 тіркелген, 2017 жылғы 9 желтоқсанда «Созақ үні» газетінде және 2017 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысы
Созақ ауданы әкімдігінің
2020 жылғы №
қаулысына 1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысы
№
Аудан атауы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
Жергілікті бюджет есебінен
1
Созақ ауданы
3906
3906
Басқа 9. Ата-ана төлемақысының мөлшері
Созақ ауданы әкімдігінің
2020 жылғы №
қаулысына 2 қосымша
Ата-ана төлемақысының мөлшері
Барлығы:
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)
Күніне бір баланың шығыны,
3 жастан 7 жасқа дейін теңге
(көпемес)
430,20
470,26
Ескертпе: Күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.