Об утверждении коэффициента зонирования в Созакском районе, учитывающий месторасположение объекта налогообложения в населенном пункте Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Созақ ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы №475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17847 тіркелген), Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Созақ ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалдыға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Созақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары ______________ Ж.Айдарбеков «__» _______ 2020 жыл
Басқа 7. Созақ ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 тамыздағы №290 қаулысына қосымша Созақ ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті Қ/с Аймақ атауы Елді мекеннің атауы Аймаққа бөлу коэффициенті 1 2 3 4 1 Шолаққорған Шолаққорған 1,65 2 Теріскей 1,65 3 Балдысу 0,90 4 Қарабұлақ 0,90 5 Абай 1,10 6 Жеткіншек 1,30 7 Созақ Созақ 1,25 8 Шақырық 1,35 9 Көктөбе 1,20 10 Ы.Жаукебаев 1,25 11 Қақпансор 0,75 12 Жартытөбе Жартытөбе 1,35 13 Аққолтық 1,25 14 Бабаата 1,25 15 Құмкент Құмкент 1,35 16 Қызылқанат 1,10 17 Қызылкөл 1,25 18 Сызған Қозмолдақ 1,35 19 Қайнар 1,20 20 Сызған 1,15 21 Басбұлақ 1,00 22 Қаратау Бақырлы 1,35 23 Саржаз 1,20 24 Ақсүмбе 1,10 25 Қарақұр Қарақұр 1,35 26 Шаға 1,20 27 Қызылбайрақ 1,30 28 Жуантөбе Жуантөбе 1,35 29 Қоңыратарық 0,75 30 Тасты Тасты 1,35 31 Қылты 0,90 32 Шу Шу 1,35 33 Таукент Таукент 1,45 34 Қыземшек Қыземшек 1,45 35 Тайқоңыр 1,35