О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған
Басқа 0
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының
базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Жәнібек аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.