Об определении мест для осуществления выездной торговли по Тарбагатайскому району Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Тарбағатай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет – желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
2020 жылғы 24 тамызы № 583 қаулысына қосымша Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
Тармақ 1
1. Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесімен Байыс баба көшесі қиылысының жанында;
Тармақ 2
2. Ақсуат ауылы,Орталық стадиондағы су бұрқақтың жанында;
Тармақ 3
3. Ақжар ауылы, Жамбыл көшесіндегі «Адал» дүкені жанында;
Тармақ 4
4. Ақжар ауылы, Қабанбай батыр атындағы саябақтың ішіндегі алаң;
Тармақ 5
5. Құмкөл ауылы, Қабанбай көшесінің бойындағы бұрыңғы ауыл әкімшілігі ғимаратының алдындағы алаң;
Тармақ 6
6. Маңырақ ауылы, Дәулетбай көшесіндегі дүкендердің жанында;
Тармақ 7
7. Ойшілік ауылы, Қабанбай көшесінің бойындағы орталық саябақ пен «Инабат»дүкені арасындағы алаң;
Тармақ 8
8. Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесінің маңы;
Тармақ 9
9. Тұғыл ауылы, Тұғыл ауылынан 5 км қашықтықтағы Омск – Майқапшағай республикалық тас жолының маңы;
Тармақ 10
10. Тұғыл ауылы, Құсты өзен учаскесінің маңы.