Об установлении публичного сервитута Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін, Ойыл ауданы аумағында орналасқан «Қобда-Ойыл» учаскесінде 66,3027 гектар, «Ойыл-Қараой» учаскесінде 63,2403 гектар, жалпы көлемі 129,543 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.