Об определении мест для осуществления выездной торговли по Аягозскому району Күшін жойған
Басқа 0
Аягөз ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аягөз ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Аягөз ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Аягөз ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Сулейменовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Аягөз ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
2020 жылғы 28 тамызы
№ 41
қаулысына қосымша
Аягөз ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
Тармақ 1
1. Аягөз қаласы, Тайкиманов көшесі (№ 24 ғимарат ауданында).
Тармақ 2
2. Аягөз қаласы, Гагарин көшесі (№ 260 ғимарат ауданында).
Тармақ 3
3. Аягөз қаласы, Сейфуллин көшесі (№ 97 ғимарат ауданында).
Тармақ 4
4. Аягөз қаласы, Р. Қошқарбаев көшесі (№1-В ғимарат ауданында).
Тармақ 5
5. Аягөз қаласы, Береке көшесі (№ 3/1 ғимарат ауданында).
Тармақ 6
6. Аягөз қаласы, Х. Дуйсенов көшесі (№ 27 «А» ғимарат ауданында).
Тармақ 7
7. Аягөз қаласы, Тоқтаров көшесі (№ 53 ғимарат ауданында).
Тармақ 8
8. Ақтоғай кенті, Т. Кузембаев көшесі (№ 64 ғимарат ауданында).
Тармақ 9
9. Ақшәулі ауылы, Октябрдің 60 жылдығы көшесі.
Тармақ 10
10. Ақшатау ауылы, Сайқыманұлы көшесі (№ 2/1 ғимарат ауданында).
Тармақ 11
11. Қарағаш ауылы, Жастар көшесі (№ 6/1 ғимарат ауданында).
Тармақ 12
12. Малкелді ауылы, Жұрымбай көшесі.
Тармақ 13
13. Сарыарқа ауылы, М. Ерболов көшесі (№ 22 ғимарат ауданында).
Тармақ 14
14. Тарлаулы ауылы, Н. Жиылысов көшесі (№ 27/1 ғимарат ауданында).
Тармақ 15
15. Тарбағатай ауылы, Ж. Молдабаев көшесі.