Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Актобе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 578 шешіміне қосымша Ақтөбе қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер № Ата­уы Есеп­тік бір­лік Бір ай­ға құ­ны (тең­ге) 1 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер 1.1 жай­лы үй­лер­дің же­ке тұ­лға­ла­ры үшін 1 тұр­ғын 180 1.2 жай­лы емес үй­лер­дің же­ке тұ­лға­ла­ры үшін 1 тұр­ғын 200 1.3 заң­ды тұ­лға­лар­ға және же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі үшін, ҚҚС қо­с­па­ған­да 1 м3 1629,81 2 Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтер 2.1 жай­лы және жай­лы емес үй­лер­дің же­ке тұ­лға­ла­ры үшін 1 тұр­ғын 0 2.2 заң­ды тұ­лға­лар­ға және же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі үшін 1 м3 0