Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Челгашинского сельского округа Карасуского района Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Қарасу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 422 шешімімен бекітілген Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің (бұдан әрі - Шолақашы ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Шолақашы ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Шолақашы ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Шолақашы ауылдық округінің әкімі шақырады. Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Шолақашы ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Шолақашы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Шолақашы ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Шолақашы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Шолақашы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шолақашы ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шолақашы ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Шолақашы ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Басқа 17. Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Қарасу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 422 шешіміне қосымша Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің Шолақашы ауылы тұрғындары үшін 78 2. Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің Жаныспай ауылы тұрғындары үшін 32 3. Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің Целинное ауылы тұрғындары үшін 2 4. Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің Прогресс ауылы тұрғындары үшін 1