Об утверждении Правил погашения основного долга упраздненного Дорожного фонда Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Таратылған Жол қорының негiзгi борышын өтеу ережесiн бекiту туралы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысы 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Таратылған Жол қорының негiзгі борышын өтеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 3. Таратылған Жол қорының негiзгі борышын өтеу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 ақпандағы N 209 қаулысымен бекiтiлген Таратылған Жол қорының негiзгі борышын өтеу ережесi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) жеткiзушiлердiң немесе олардың құқықтық муратерлерінің (бұдан әрі - Жеткiзушi) алдында, қуралған әрi 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген, сондай-ақ "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Қазақавтожол" РМК) және оның облыстық филиалдары сот актiлерi бойынша жеткiзушiлерге төлеген "Қазақавтожол" РМК-ның теңгерiмiнде есепке алынған, таратылған Жол қорының негiзгi борышын (бұдан әрі - борыш) өтеу тәртiбiн айқындайды. 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.12.25. N 1321 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Борышты өтеу "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңында осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Борышты өтеу үшін құжаттарды дайындау және ұсыну
Тармақ 3. 3. Жеткiзушi "Қазақавтожол" РМК облыстық филиалдарына (бұдан әрi - Филиалдар) 5 данада нотариалды куәландырылған:
3. Жеткiзушi "Қазақавтожол" РМК облыстық филиалдарына (бұдан әрi - Филиалдар) 5 данада нотариалды куәландырылған:
Тармақша 1
1) 1998-2002 жылдардағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң қосымшаларымен бiрге көшiрмесiн, Жеткiзушi қайта ұйымдастырылған жағдайда табыстау актiсiн немесе бөлу теңгерiмiн, сондай-ақ оның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгiн. Бұл ретте бухгалтерлiк теңгерiм көшiрмелерiнде салық органдарының олардың бұрын ұсынылған теңгерiмдерге сәйкестiгiн растайтын белгiсi болуы тиiс;
Тармақша 2
2) 1998-2002 жылдардағы N 6 журнал-ордердiң көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша дебиторлық берешегiнiң және кредиторлық берешегiнiң сомасын растайтын 1998-2002 жылдардағы бас кiтаптан үзіндіні ұсынады. "Қазақавтожол" PMК-нiң Алматы қаласы бойынша таратылған филиалына қойылатын талаптар бойынша Жеткiзушi көрсетiлген құжаттарды "Қазақавтожол" РМК-ге ұсынады.
Тармақ 4
4. Филиалдар әрбiр Жеткiзушiмен 1-қосымшаға сәйкес салыстыру актiсiн жасайды. Тиiстi Филиалдың жеткiзушiлер алдындағы борышының жалпы сомасы тиiстi Филиалдың осы Филиал бойынша таратылған Жол қорының берешегiн 1999-2002 жылдарда өтегенiн шегере отырып, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тиiстi Филиалдың жылдық бухгалтерлiк есептiлiгiнде көрсетiлген борыштың сомасынан аспауы тиiс.
Тармақ 5
5. Филиалдар "Қазақавтожол" РМК-ге 5 данада, тиiстi Филиалдың басшысы, бас бухгалтерi қол қойған және оның мөрiмен куәландырылған:
Тармақша 1
1) жеткiзушiлермен жасасқан шарттардың көшiрмелерiн;
Тармақша 2
2) салыстыру актiлерiнiң түпнұсқаларын;
Тармақша 3
3) 2-қосымшаға сәйкес борышты өтейтiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн (бұдан әрi - Жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн);
Тармақша 4
4) Жеткiзушiлер бөлiнiсiнде борышты ажырата отырып Филиалдың 1998-2002 жылдардағы бухгалтерлiк теңгерiмiнiң көшiрмесiн;
Тармақша 5
5) Филиалдың және Жеткiзушiнiң 1998-2002 жылдардағы N 6 ордер - журналының көшiрмесiн;
Тармақша 6
6) Жеткiзушiнiң 1998-2002 жылдардағы бухгалтерлік теңгерiмiнiң қосымшалармен бiрге көшiрмесiн, Жеткiзушi қайта ұйымдастырылған жағдайда табыстау актiсiн не бөлiсу теңгерiмiн, сондай-ақ оның мемлекеттiк тiркеуi туралы куәлiгiн. Бұл ретте бухгалтерлiк теңгерiм көшiрмелерiнде салық органдарының, олардың бұрын ұсынылған теңгерiмдерге сәйкестiгiн растайтын белгiсi болуы тиiс;
Тармақша 7
7) Филиалдың 1998-2002 жылдардағы бас кiтабынан борыш сомасын растайтын нотариалды куәландырылған көшiрменi және 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша дебиторлық берешегінiң және кредиторлық берешегiнiң сомасын растайтын Жеткiзушiнiң 1998-2002 жылдардағы бас кiтабынан көшiрменi. Бұл ретте басшы және бас бухгалтер ұсынылған құжаттардың растығы үшін дербес жауапты болады.
Тармақша 8
8) 3-қосымшаға сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн күшiне енген сот актiлерi бойынша борышы өтелген жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн;
Тармақша 9
9) "Қазақавтожол" РМК-ның және филиалдарын есеп айырысу шоттарынан таратылған Жол қорының мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешектi өндiрiп алу туралы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн күшiне енген сот актілерiнiң көшiрмелерiн;
Тармақша 10
10) негiзгi борышты және ол бойынша шығындарды өндiрiп алуды растайтын мынадай құжаттарды: жеткiзушілермен жасалған шарттардың көшiрмелерiн; жеткiзушiлер бөлінісінде борышты ажырата отырып, борышты өндiрiп алуға дейiнгi және одан кейiнгi филиалдың бухгалтерлiк теңгерiмiнiң көшiрмесiн; негізгi борышты өндiрiп алуға дейінгі және одан кейінгі филиалдың N 6 ордер журналының көшiрмесiн; негізгі борышты өндiрiп алуға дейінгi және одан кейiнгі филиалдың бас кiтабынан нотариалды түрде куәландырылған үзіндіні; 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн орындалған төлем және инкассалық тапсырмаларды. 📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.25. N 1321 қаулысымен .
Тармақ 6
6. "Қазақавтожол" РМК Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiне (бұдан әрi - Комитет) 4 данада "Қазақавтожол" РМК-нiң мөрiмен расталған, басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған мыналарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды;
Тармақша 2
2) көшiрмелер: Жеткiзушiнiң бухгалтерлiк қосымшаларымен бiрге, РМК "Қазақавтожол" жиынтық бухгалтерлiк теңгерiмнiң жеткiзушiлер бөлiнiсiнде борышты ажырата отырып Филиалдардың 1998-2002 жылдардағы бухгалтерлiк теңгерiмiнiң, сондай-ақ жеткiзушi қайта ұйымдастырылған жағдайда табыстау актiсiне бөлу теңгерiмiн, оның мемлекеттiк тiркеуi туралы куәлiгiн, құру және қайта ұйымдастыру кезiнде "Қазақавтожол" РМК және олардың Филиалдарының табыстау актiлерiн. 📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.25. N 1321 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Комитет "Қазақавтожол" PMK ұсынған құжаттарды тексергеннен кейiн осы Ереженiң 6-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бекiтуiне 2-қосымшаға сәйкес Жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн 4 данада жiбередi.
Тармақ 3
3. Борышты өтеу бойынша есеп айырысуды жүргiзу тәртiбi
Тармақ 8. 8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне өзiне бөлiнген бюджет қаражатын Комитетке қайта бөлетiн "Өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" республикалық бюджеттiк бағдарламасын iске асыруға қаражат бөледi.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне өзiне бөлiнген бюджет қаражатын Комитетке қайта бөлетiн "Өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" республикалық бюджеттiк бағдарламасын iске асыруға қаражат бөледi.
Тармақ 9
9. Комитет "Қазақавтожол" РМК-ның, оның Филиалдарының және Комитеттiң басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қойған, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бекiткен, ұсынылған инкассалық өкiмдер болмаған кезде өз бюджеттiк шотынан "Қазақавтожол" РМК-нiң есеп айырысу шотына ақша аударады. Бұл ретте Комитет төлем тапсырмаларына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында қалатын Жеткiзушiнiң бекiтiлген тiзiлiмiн ұсынады.
Тармақ 10
10. "Қазақавтожол" РМК жеткiзушi алдындағы борышты өз есеп айырысу шотынан тиiстi Жеткiзушiнiң есеп айырысу шотына ақша аудару жолымен өтейдi.
Тармақ 4
4. Бақылау және жауапкершiлік
Тармақ 11. 11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақавтожол" РМК есеп айырысу шотына ақша есептеу бойынша да, жеткiзушiлердiң шоттарына бiр мезгiлде ақша аудару бойынша да аудару операцияларын өткiзуiне бақылауды қамтамасыз етедi.
11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақавтожол" РМК есеп айырысу шотына ақша есептеу бойынша да, жеткiзушiлердiң шоттарына бiр мезгiлде ақша аудару бойынша да аудару операцияларын өткiзуiне бақылауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 12
12. Комитет, "Қазақавтожол" РМК, Филиалдар, Жеткiзушi расталмаған және көрiнеу жалған мәлiметтер бергенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапты болады.
Басқа 35
Ережеге 1-қосымша Салыстыру актiсi 2003 жылғы "___" _______________                  _________ қаласы Бiз, төменде қол қоюшылар ________________________________________ (РМК-ның обл.филиалы басшысының және бас бухгалтерiнiң Т.А.Ә.) _________________________________________________ бiр жағынан және ___________________________________________________ екiншi жағынан (жеткiзушiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнiң Т.А.Ә.) 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша орындалған жұмыстарға өзара есеп айырысуды және 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген борыштарды салыстырудың осы актiсiн жасадық. Борыш мынаны құрайды: теңгe ___________________________________________________________________ |   "Қазақавтожол"   | Жазбаның мазмұны   |     PMК-ның        |         Жеткiзушi |____________________| | облыстық | филиалы | |__________|____________________________________ |   Дебет  |  Кредит |      Дебет  |  Кредит ___________________________________________________________________ Негiзгi борыш 2003.01.01.-ға алғандағы барлық сальдо Өзара есеп айырысуды салыстыру нәтижесiнде "Қазақавтожол" РМК-ның _______________________________________________ облыстық филиалының борышы ____________________________________________________________ (сомасы цифрмен және жазбаша теңгемен көрсетiледi) соманы құрайтыны анықталды. Тараптардың заңды мекен-жайы: Атауы                                Атауы СTH                                  СТН Банк деректемелерi                   Банк деректемелерi _____________________________        _____________________________ (басшының қолы, Т.А.Ә.)              (басшының қолы, Т.А.Ә.) _____________________________        _____________________________ (бac бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)      (бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.) M.O.                                 M.O.
Басқа 36
Ережеге 2-қосымша ____________________________ сомасындағы тiзiлiмi бекiтемiн __________________________________________________________________ (қолы) (Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігiнiң басшысы) 2003 жылғы "___" __________________ Борышты өтейтiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) жеткiзушiлердiң ТIЗIЛIМI 2003 жылғы "___" ____________ ____________________________________________________________________ р/с |  Жеткiзушiнiң атауы |  Орналасқан жері  |  Негізгі борыш N  |                     |                   |   сомасы (теңге) ____________________________________________________________________ 1              2                   3                   4 ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Барлығы ____________________________________________________________________ Осы тiзiлiмге қоса берiледi: 1. _________________________________________________________________ 2. _________________________________________________________________ 3. _________________________________________________________________ "Қазақавтожол" PMК-ның филиалы            Комитет _______________________________     ___________________________ (басшының қолы, Т.А.Ә.)                (басшының қолы, Т.А.Ә.) _______________________________      _______________________________ (бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)      (бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.) M.O.                                   М.О. "Қазақавтожол" PMК _______________________________ (басшының қолы, Т.А.Ә.) _______________________________ (бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)
Басқа 37. 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген сот актілері бойынша борышы өтелген жеткізушілердің тізілімі
М.О.Ережеге 3-қосымша ______________________ ______________________ сомадағы тізілімді бекітемін ______________________ (қолы) (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің басшысы) ____жылғы "___"_______ 📌 Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.25. N 1321 қаулысымен . 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген сот актілері бойынша борышы өтелген жеткізушілердің тізілімі 2003 жылғы "___" __________ ___________________________________________________________________ Р/с N | Жеткізушінің атауы | Орналасқан орны | Сот шешімі бойынша |                    |                 | өндіріліп алынатын |                    |                 |    сома (теңге) ___________________________________________________________________ 1            2                   3                    4 ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Барлығы ___________________________________________________________________ Мыналар осы тізілімге қоса беріледі: 1. ________________________________________________________________ 2. ________________________________________________________________ 3. ________________________________________________________________ "Қазақавтожол" РМК-ның филиалы                  Комитет _______________________________        ________________________ _______________________________        ________________________ (басшының Т.А.Ә., қолы)               (басшының Т.А.Ә., қолы) _______________________________        ________________________ _______________________________        ________________________ (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы)     (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы) м.о.                                м.о. "Қазақавтожол" РМК-ның филиалы _______________________________ (басшының Т.А.Ә., қолы) _______________________________ _______________________________ (бас бухгалтердің Т.А.Ә., қолы) м.о.