О введении временного запрета на вывоз дизельного топлива Қолданыста
Басқа 0
Дизельдік отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы
Ел экономикасының мұқтажы үшiн дизельдiк отынның қажеттi қорын жасау мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегі Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Тұрмыстық пешке жағатын отыннан басқа, дизельдiк отынды (ТМД СЭҚ TH коды 2710 00 610-2710 00 690) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 2003 жылғы 15 наурыз - 1 маусым кезеңінде тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес дизельдiк отынның Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлуiне Қазақстан Республикасының тыйым салуды енгiзетiндігі туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.