Об утверждении коэффициента зонирования, учитывающего месторасположение объекта налогообложения по Иргизскому району Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық Кодексі)» Кодексінің 529 бабының 6-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ырғыз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 184 «Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-5-202 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысы;
Тармақша 2
2) Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 44 «Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 184 «Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6011 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысы.
Тармақ 3
3. «Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 175 қаулысына қосымша Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері № Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері Ай­м­ақ­қа бө­лу ко­эф­фи­цен­ті 1 Ырғыз ауылдық округі Ыр­ғыз ауы­лы 2,35 2 Ақ­ши ауы­лы 1,75 3 Қа­лы­бай ауы­лы 1,65 4 Аманкөл ауылдық округі Құ­ти­көл ауы­лы 1,85 5 Аман­көл ауы­лы 1,75 6 Жар­ма ауы­лы 1,65 7 Қызылжар ауылдық округі Құ­ры­лыс ауы­лы 1,85 8 Жа­ныс би ауы­лы 1,75 9 Шең­бер­тал ауы­лы 1,75 10 Құмтоғай ауылдық округі Құм­то­ғай ауы­лы 1,65 11 Қа­ра­сай ауы­лы 1,6 12 Қа­ра­құ­дық ауы­лы 1,65 13 Нұра ауылдық округі Нұ­ра ауы­лы 2,25 14 Бел­шер ауы­лы 2,15 15 Дү­кен ауы­лы 2,1 16 Ма­мыр ауы­лы 2,15 17 Тәуіп ауыл­дық окру­гі Құй­ы­лыс ауы­лы 2,15 18 Жай­саң­бай ауыл­дық окру­гі Жай­саң­бай ауы­лы 2,15