О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий, находящихся в ведении Комитета геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен біріктіру және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізу болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
Тармақша 2
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.