Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования прослеживаемой на территории Республики Казахстан продукции лекарственных средств любых форм на основании информационной системы электронных счетов-фактур Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы»
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады.
Басқа 7. Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 8 қыркүйегі № 833
Бұйрығымен бекітілген
Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзушылығын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жүргізу жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында пилоттық жобаны іске асырудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкелумен айналысатын заңды тұлға, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға.
Тармақша 2
2) мемлекеттік кірістер органдары – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамассыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді орындайтын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) өндіруші – Қазақстан Республикасының аумағында кез келген нысандағы дәрілік заттардың өнімін өндіруші;
Тармақша 4
4) өнім беруші – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) кез келген нысандағы (импортталатын, өндірілген) дәрілік заттарды жеткізуші;
Тармақша 5
5) хабарлама – камералдық бақылау нәтижелер бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
Тармақша 6
6) хабарлама – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама;
Тармақша 7
7) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – ЭШФ ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес келетін құжат;
Тармақша 8
8) электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – электрондық нысанда жазылған шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылатын уәкілетті органның ақпараттық жүйесі.
Осы Қағидалар пайдаланатын өзге де ұғымдар Салық кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары
2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары
Тармақ 3
3. Пилоттық жобаның қатысушылары:
Тармақша 1
1) өндірушілер, импорттаушылар, өнім берушілер;
Тармақша 2
2) мемлекеттік кірістер органдары.
Тарау 3. 3-тарау. Құқықтары мен міндеттемелері
3-тарау. Құқықтары мен міндеттемелері
Тармақ 4
4. Өндірушілер, импорттаушылар, өнім берушілер:
Тармақша 1
1) ЭШФ қайтарып алу жолымен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға құқылы;
Тармақ 5
5. Өндірушілер, импорттаушылар, өнім берушілер:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе импортталған кез келген нысандағы дәрілік заттарды сату кезінде ЭШФ АЖ-ның «Виртуалдық қойма» модулі арқылы ЭШФ-ны жазып беруге;
Тармақша 2
2) Салық кодексінің 412-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18583 болып тіркелген) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларына және оның нысанына сәйкес ЭШФ жазып беруге;
Тармақша 3
3) кез келген нысандағы дәрілік заттарды сатуда ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бақылау-касса машинасының чегін беруге міндетті.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кірістер органдары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерге сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін камералдық бақылау жүргізуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндірушілердің, импорттаушылардың, өнім берушілердің ЭШФ жазып беру жөніндегі ақпараттарды орналастыруға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге ЭШФ қолдану және бақылау-касса машиналарының чегін жазып беру бойынша түсіндірулер беруге міндетті.
Тарау 4. 4-тарау. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау тәртібі
4-тарау. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау тәртібі
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың шеңберінде жіберілген хабарламалар, хабарлама өндірушіге, импорттаушыға, өнім берушіге тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
Тармақ 9
9. Камералдық бақылау және камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, Салық кодексінің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Пилоттық жобаның іске асыру тәртібі
5-тарау. Пилоттық жобаның іске асыру тәртібі
Тармақ 10
10. Мемлекеттік кірістер органдары ЭШФ жазып берген кезде алшақтықтар анықталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндірушіге, импорттаушыға, өнім берушіге:
Тармақша 1
1) жазып берілген ЭШФ (олар болған жағдайда) көрсете отырып, кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндірушінің, импорттаушының, өнім берушінің мекенжайына хабарлама жолдайды. Бұл ретте мұндай ЭШФ жазып берілген күн осы Қағидалар енгізілген күннен ерте болмауы тиіс;
Тармақша 2
2) кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндіруші, импорттаушы, өнім берушінің «Салық төлеушілердің кабинеті» web-қосымшасына хабарлама жолдайды.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік кірістер органдары ұдайы негізде жіберілген хабарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік кіріс органдары ұдайы негізінде өндірушілер, импорттаушылар, өнім берушілер ЭШФ АЖ-нің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып берген сәйкестік мәніне кез келген нысандағы дәрілік заттарды өткізгені үшін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер қолданатын бақылау-касса машиналарының берілген чектеріне талдау жүргізеді.