Об утверждении правил оказания государственных услуг в области регулирования использования водного фонда Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу жөніндегі құрылыстарда немесе құрылғыларда орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттің қауіпсіздік декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық дамыту, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Басқа 1. «Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйегі № 216 бұйрыққа 1-қосымша «Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – нысандарының бірі көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру;
Тармақша 3
3) гидротехникалық құрылысжайлар – су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);
Тармақша 4
4) жерасты сулары – жерасты су объектілерінің су ресурстары;
Тармақша 5
5) жерүсті су ағынын реттеу – су объектілерін қорғауды және судың зиянды әсерін болғызбауды ескере отырып, әртүрлі су пайдаланушылардың суға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жылдың сулы болуына байланысты тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен өзен ағынын бөлу (қайта бөлу);
Тармақша 6
6) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормасы – өндірілетін өнім бірлігіне (орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір көлеміне) тұтынылатын немесе бұрылатын сарқынды судың белгіленген мөлшері;
Тармақша 7
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлгі осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. «Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz. «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға өтініш, 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы су пайдалануға рұқсатты ұзартуға өтініш, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы су пайдалануға рұқсатты қайта рәсімдеу өтінішін қоса отырып жолдайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптар осы Қағидаларға 4-қосымшада сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді, немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық емес және (немесе) оларда қамтылған қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынған кезде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш тапсырған кезде «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі. Өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Тармақ 9
9. Арнаулы су пайдалануға рұқсатты қайта рәсімдеу үшін заңды тұлға атауының өзгеруі және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгеруі, жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгертуі, жеке кәсіпкерді қайта тіркеу туралы растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі ұсынылады. Өтініш өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде растайтын құжаттар қоса беріледі. Егер су пайдалану шарттары және су тұтыну мен су бұрудың үлес нормалары өзгеріссіз қалса, рұқсаттың қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 45-бабының 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келетін шарттарда су пайдаланушының өтініші негізінде ұзартылуы мүмкін. Рұқсатты қайта рәсімдеу және қолданылу мерзімін ұзартуды өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынған барлық қажетті құжаттармен өтініш берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынғаннан кейін құжаттарды қараудың жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 11
11. Тізбенің 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкеріне жолдайды.
Тармақ 12
12. Жауапты бөлімшенің қызметкері минералды жерасты суларын қоспағанда, суды тәулігіне елу текше метрден астам алып қою көлемімен жерасты суларын алуды және (немесе) пайдалануды көздейтін рұқсат беру үшін құжаттарды алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы су пайдалану талаптарын келісу үшін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне сұрау салу жібереді. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері 5 (бес) жұмыс күні ішінде бассейндік су инспекцияларына Қазақстан Республикасының Су кодексінің 3-тармағына сәйкес жерасты суларының бекітілген баланстық қорларының болуы немесе болмауы бөлігінде сұрау салуға оң не теріс қорытынды ұсынады. Жерасты суларының бекітілген баланстық қорлары болмаған және суға мәлімделген қажеттілік тәулігіне елу текше метрден астам болған жағдайда, келісу пайдалану тәжірибесі бойынша жерасты суларының қорын бағалау және сараптама жүргізу мақсатында, берілген рұқсат шеңберінде мониторингтік зерттеулер жүргізу шартымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Тармақ 13
13. Оң қорытынды болған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері арнаулы су пайдалануға рұқсатты қайта рәсімдеуге, қолданылу мерзімін ұзартуға рұқсат береді немесе теріс қорытынды болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді дайындайды, оны тіркеуді жүзеге асырады және уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушіге портал арқылы жібереді.
Тармақ 14
14. Тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына (бұдан әрі –ӘРПК) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешімі туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын-ала шешімі бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тармақ 15
15. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін белгіленген мерзімде қайта өтінішті қарауға және өтініш берушіге портал арқылы қабылданған шешім туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мынадай кезеңдер туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді: өтінішті қабылдау, тіркеу, қарауға жіберу, аралық кезеңдер, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Тармақ 18
18. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте, ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті берушіге түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 21
21. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ӘРПК 91-бабында көзделген сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1-1. Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш
«Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 1-қосымша Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш Кімге: _____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен: ____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) Өтінішті (өтініш беруші/уәкілетті өкіл) береді ___________________________________________________________________________ Өтініш беруші: Өтініш иесінің мекенжайы ____________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон) Өтініш иесінің деректемелері _________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) Уәкілетті өкіл: Өкілдің деректемелері _______________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) Сенімхаттың деректемелері __________________________________________________ (нөмірі, күні, кім берді) ☐ тікелей жерүсті су объектісінен су ресурстарын алу; ☐ жерасты суларын алу; ☐ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, сондай-ақ құрылыс қызметін жүргізу кезінде дренаждық суларды немесе ілеспе алынған жерасты суларын пайдалану; ☐ тазартылған сарқынды суларды жерүсті су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды суларды жинақтағыштарға және жергілікті жер бедеріне ағызу; ☐ жерүсті су ағынын реттеу. 1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер: 1) су пайдалануға жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны _______________________________________________________; 2) су шаруашылығы құрылысының кадастрлық нөмірі (ұңғыма, су қоймасы, бөгет, сорғы станциясы), ал ЖСС-жылжымалы сорғы станцияларын (жылжымалы сорғылар) пайдалану кезінде - арнаулы су пайдалану жүзеге асырылатын техникалық құрылғы орнатылған жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (сенімгерлік басқару құқығы кезінде су шаруашылығы құрылысының немесе техникалық құрылғысының меншік иесінің БСН мәліметтерінде көрсете отырып) _______________________________________________________. 2. Координаталары көрсетілген жерүсті суларының, ағызылатын сарқынды сулардың, жерасты су көзін алу және (немесе) пайдалану орындары көрсетілген ахуалдық схема қоса тіркеледі және осы өтінішке 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады. 3. Су пайдалану мақсаты _________________________________. 4. Арнаулы су пайдалану кезінде пайдаланылатын су объектісі туралы ақпарат осы өтінішке 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылады. 5. Осы өтінішке 3-қосымшаға сәйкес (гидроэнергетика және ағысты реттеу мақсатында су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда су пайдаланудың әр түріне жеке көрсетіледі) нысанда ұсынылады. 6. Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісудің болуы, ал орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау үшін су ресурстарын алатын тұлғалар үшін – су тұтыну мен су бұру көлемдерін негіздеу есеп-қисабының болуы _______________________________ (нөмірі, келісу күні және мерзімі). 7. Су пайдалануды бастаудың және аяқтаудың болжамды мерзімі: Су пайдаланудың басталған күні «___» _________ 20 ___ жыл Су пайдаланудың аяқталған күні «___» _________ 20 ___ жыл 8. Су пайдаланушының өндірістік қызметінің сипаттамасы (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелердің алаңдары) ____________________________________________________________. 9. Осы өтінішке 4-қосымшаға сәйкес нысанда су тұтынушылар тізбесі (арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған құжаттарға сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдер қоса беріледі) ұсынылады. 10. Арнаулы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер бұлар өтініш берушіде бар болса) ____________________________________________________________. 11. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тұрған, алынған су ресурстары мен ағызылған тазартылған сарқынды сулардың көлемін өлшеу құралдарының сипаттамасы (түрі, маркасы, техникалық сипаттамалары, саны, тексеру мерзімі, зертханаларды аккредиттеу саласы) ____________________________________________________________. 12. Тазартылған сарқынды сулар мен өндірістік суларды жерүсті су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды суларды жинақтағыштарға және жергілікті жер бедеріне ағызу кезінде I және II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттың не III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсері туралы декларацияның болуы су объектілерінен су алу және (немесе) тазартылған сарқынды суларды ағызу кезінде рұқсат беру және кейіннен арнаулы су пайдалануды жүзеге асыру шарты _________________________________ (рұқсаттың нөмірі, қолданылу мерзімі). 13. Шаруашылық сумен және ауызсумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын алу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы, сондай-ақ ауызсумен жабдықтайтын су тарту құрылысжайларының санитариялық қорғау аймақтарының болуы _________________________________________ (нөмірі, берілген күні). 14. Осы өтінішке 5-қосымшаға сәйкес тікелей жерүсті су объектісінен су ресурстарын алып қоймай пайдалануды жүзеге асыратын не қолда бар ең үздік технологияларды толық ендірген және судың өнімсіз ысырабын азайтқан су пайдаланушыларды қоспағанда, су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспары (кемінде бес жыл). Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтініш иесі _______________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі 20 жылғы «___» _________ Өтініш қарауға 20 жылғы «___» _________ қабылданды. _______________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басқа 1-1-1. Жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану, сарқынды суларды төгу орындарының, жерасты су көздерінің АХУАЛДЫҚ СХЕМАСЫ Масштабы __________________ (көрсету)
Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтінішке 1-қосымша Нысан Жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану, сарқынды суларды төгу орындарының, жерасты су көздерінің АХУАЛДЫҚ СХЕМАСЫ Масштабы __________________ (көрсету) Су жинау (су бұру) орнының (немесе су объектісінің) атауы Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелермен көрсетілген жер учаскесінің алаңы Нүктелер № № Географиялық координаталар бойлығы ендігі градус минут секунд градус минут секунд _______ гектар _______ шаршы километр 1 2 3 … _______ гектар _______ шаршы километр 1 2 3 … _______ гектар _______ шаршы километр 1 2 3 … Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелері көрсетілген жер учаскесінің алаңы ___________ гектарды (шаршы шақырым) құрайды. Ситуациялық карта-схема арнаулы су пайдалануға рұқсат алу құжаттарымен қоса беріледі.
Басқа 1-1-2. Арнаулы су пайдалану кезінде қолданылатын су объектісі туралы ақпарат
Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтінішке 2-қосымша Нысан Арнаулы су пайдалану кезінде қолданылатын су объектісі туралы ақпарат № Су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалар (су шаруашылығы құрылғыларына немесе жергілікті рельефке өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызу кезінде осы суларды ағызуға және қабылдауға арналған құрылғылардың сипаттамалары көрсетіледі) Су көзінің (қабылдағыштың) коды* Арнаулы су пайдалану түрі Пайдалану түрі (коды)** Су сапасы*** 1 2 … Ескертпе: * теңіз - 10, өзен - 20, кеуіп бара жатқан өзен - 21, көл - 30, тоған су қоймасы - 40, құймалы су қоймасы - 40, магистральды арна - 50, магистральды құбыржол - 55, жерасты суы бар қабат - 60, шахта, кеніш, карьер - 61, тік дренаж ұңғымалары - 62, коллекторлық-дренаждық желі - 70, өзен желісімен байланысы жоқ коллекторлар - 71, жерүсті су объектілеріне жететін коллекторлар - 72, суармалы диқаншылық алаңдары - 80, жинағыштар - 81, жергілікті рельеф - 82, фильтрациялау алаңы - 83, су құбыры желілері - 90, кәріз желілері - 91. ** ША – шаруашылық-ауызсу, Ө – өндірістік, АШ – ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, ТС – тұрақты суару, ЛС – лиманды суару, ШС – шабындықты суару, ТБШ – тоғанды балық шаруашылығы, ГҚ – арналардағы қабаттарды қолдау, ПҚ – пласттағы қысымды қолдау, ҚСТ – құймалы су қоймаларын толтыру, СТ – суды тасымалдау, ПТ – пайдаланбай тапсыру, ӨБ – өзге бассейнге берілді, ӨМ – өзге мемлекетке берілді, АШ – арналарды шаю, СӨ – санитариялық өткізгіштер, ГЭ – гидроэнергетика, ТБ – тағы басқалары, ЕС – жасыл екпелерді суару, ШКС –шахталы-кенішті суларды пайдаланбай ағызу, ШТ – шаруашылық-тұрмыстық, СТ – су объектілерін толтыру үшін су бұру. *** БЛ-Балласты, льялды су, ВП- Ауыз су, ВТ- Техникалық су, ВС- Ағынды су, ГП- Жер асты ауыз су, ГТ- Жер асты техникалық су, КД- Коллекторлы-кәрізді су, МР- Теңіз суы, РС- Күріш жүйелерінің суы, ШР- Шахталы- кенішті су, ТР- Жеткізу суы.
Басқа 1-1-3. Жерүсті суларын, ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі
Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтінішке 3-қосымша Нысан Жерүсті суларын, ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі Арнаулы су пайдалану түрі _____________________________ № Айлар Текше метр/тәулігіне Текше метр/айына 1 2 3 4 1 Қаңтар 2 Ақпан 3 Наурыз 4 Сәуір 5 Мамыр 6 Маусым 7 Шілде 8 Тамыз 9 Қыркүйек 10 Қазан 11 Қараша 12 Желтоқсан Жылына жиыны, текше метр/жылына
Басқа 1-1-4. Су тұтынушылардың тізбесі
Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтінішке 4-қосымша Нысан Су тұтынушылардың тізбесі № Су тұтынушылардың атауы Су тұтынушының суды пайдалану мемлекеттік есебі (СПМЕ) коды (бар болған жағдайда) Есептік көлемі (текше метр/жылына) Су пайдалану мақсаты Шарттың нөмірі және күні 1 2 3 4 5 6 1 2 3 4 … Жылына жиыны, текше метр/жылына
Басқа 1-1-5. Су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтінішке 5-қосымша Нысан Су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар Іске асыру кезеңдері Іске асыру мерзімі Жауапты адам Есепті кезеңдегі ақпаратты ұсыну күні Қысқартылған шығындар пайызы 1
Басқа 1-2. Арнаулы су пайдалануға рұқсаттың мерзімін ұзартуға арналған өтініш
«Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 2-қосымша Кімге: _____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен: ____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) Өтінішті (өтініш беруші/уәкілетті өкіл) береді ___________________________________ Өтініш беруші: Өтініш иесінің мекенжайы ___________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон) Өтініш иесінің деректемелері _________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) Уәкілетті өкіл: Өкілдің деректемелері ______________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) Сенімхаттың деректемелері __________________________________________________ (нөмірі, күні, кім берді) Арнаулы су пайдалануға рұқсаттың мерзімін ұзартуға арналған өтініш _______________________________________________________________ байланысты (қысқаша негіздемесі) ________________________________________________________________ сұраймын. (өтініштің мақсаты) 1. Тазартылған сарқынды сулар мен өндірістік суларды жерүсті су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды суларды жинақтағыштарға және жергілікті жер бедеріне ағызу кезінде I және II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттың не III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсері туралы декларацияның болуы су объектілерінен су алу және (немесе) тазартылған сарқынды суларды ағызу кезінде рұқсат беру және кейіннен арнаулы су пайдалануды жүзеге асыру шарты _________________________________ (рұқсаттың нөмірі, қолданылу мерзімі). 2. Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісудің болуы, ал орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау үшін су ресурстарын алатын тұлғалар үшін – су тұтыну мен су бұру көлемдерін негіздеу есеп-қисабының болуы _______________________________ (нөмірі, келісу күні және мерзімі). 3. Жер асты суларының бекітілген қорлары туралы деректер. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтініш иесі ______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 20__ жылғы « » _______
Басқа 1-3. Арнаулы су пайдалануға рұқсаттын қайта тіркеуге арналған өтініш
«Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 3-қосымша Кімге: ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен: ___________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) Өтінішті (өтініш беруші/уәкілетті өкіл) береді ___________________________________ Өтініш беруші: Өтініш иесінің мекенжайы ___________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон) Өтініш иесінің деректемелері_________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) Уәкілетті өкіл: Өкілдің деректемелері ______________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) Сенімхаттың деректемелері __________________________________________________ (нөмірі, күні, кім берді) Арнаулы су пайдалануға рұқсаттын қайта тіркеуге арналған өтініш _______________________________________________________________ байланысты (қысқаша негіздемесі) ________________________________________________________________ сұраймын. (өтініштің мақсаты) 1. Заңды тұлға атауының өзгеруі және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгеруі, жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгертуі бойынша мәлімет. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтініш иесі _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 20__ жылғы « » _______
Басқа 1-4. «Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 4-қосымша «Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы «Ар­на­у­лы су пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат» Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі­нің ата­уы: 1.Ті­ке­лей же­рү­сті су объ­ек­ті­сі­нен су ре­сур­ста­рын алу. 2.Же­ра­с­ты су­ла­рын алу. 3.Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды, сон­дай-ақ құ­ры­лыс қыз­ме­тін жүр­гі­зу ке­зін­де дре­на­ж­дық су­лар­ды неме­се іле­с­пе алын­ған же­ра­с­ты су­ла­рын пай­да­ла­ну. 4.Та­зар­ты­л­ған сар­қын­ды су­лар­ды же­рү­сті су объ­ек­ті­ле­ріне, жер қой­на­уы­на, сар­қын­ды су­лар­ды жи­нақ­та­ғы­штар­ға және жер­гі­лік­ті жер бе­де­ріне ағы­зу. 5.Же­рү­сті су ағы­нын рет­теу. 6.Ар­на­у­лы су пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат­ты ұзар­ту. 7.Ар­на­у­лы су пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат­ты қай­та рә­сім­деу. 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ре­сур­ста­ры және ир­ри­га­ция ми­ни­стр­лі­гі Су ре­сур­ста­рын рет­теу, қор­ғау және пай­да­ла­ну ко­ми­те­ті­нің су ре­сур­ста­рын қор­ғау және пай­да­ла­ну­ды рет­теу жө­нін­де­гі бас­сейн­дік су ин­спек­ци­я­ла­ры 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін көр­се­ту тә­сіл­де­рі «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал). 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет және оның кі­ші түр­ле­рін көр­се­ту мер­зі­мі Пор­тал­да тір­кел­ген сәті­нен ба­стап: рұқ­сат­ты бе­ру – 10 (он) жұ­мыс кү­ні; қай­та рә­сім­деу – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні; рұқ­сат мер­зі­мін ұзар­ту – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет және оның кі­ші түр­ле­рін көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­ды (Іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет және оның кі­ші түр­ле­рін көр­се­ту нәти­же­сі Ар­на­у­лы су пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат, рұқ­сат­ты қай­та рә­сім­де­у­ге, рұқ­сат мер­зі­мін ұзар­ту­ға неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін көр­се­ті­ле­ді 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 8.00-ден 17.30-ға дей­ін. Пор­тал­дың жұ­мысы – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (егер мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш жұ­мыс кү­ні аяқ­тал­ған­ға дей­ін екі са­ғат бұ­рын неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кү­ні аяқ­тал­ған­нан кей­ін, сон­дай-ақ ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі ке­ліп түс­се, он­да мер­зім ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні­нен ба­ста­ла­ды). Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет және оның кі­ші түр­ле­рін көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) өті­ніш; 2) су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­сжай­ла­ры мен гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­сжай­лар­ға және (неме­се) ар­на­у­лы су пай­да­ла­ну­ды жү­зе­ге асы­ру­ға кө­мек бо­ла­тын тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ға мен­шік құқы­ғы неме­се олар­ды пай­да­ла­ну құқы­ғы негіз­де­рі­нің құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке тір­кел­ген құқық­тар (ауырт­па­лық­тар) және оның су пай­да­ла­ну­шы­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы құ­жа­ты; 4) се­нім­гер­лік бас­қа­ру шар­ты; 5) су ша­ру­а­шы­лық құ­ры­лы­сжай­ы­ның пас­пор­ты мен оны пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­ры­ның, ал қа­уіп­ті­лі­гі ық­ти­мал гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­сжай­лар үшін қа­уіп­сіз­дік де­кла­ра­ци­я­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; же­рү­сті су объ­ек­ті­ле­рі­нен алу ке­зін­де қо­сым­ша мы­на­лар­ды ұсы­на­ды: 6) ба­лық қор­ғау және (неме­се) ба­лық жі­бе­ру құ­ры­л­ғы­сы­ның элек­трон­дық құ­жа­ты; 7) ай­на­лым­ды және (неме­се) қай­та­ла­ма су­мен жаб­дық­тау жүй­е­ле­рі бар өнер­к­ә­сіп­тік ұй­ым­дар мен жы­лу өн­ді­ре­тін субъ­ек­ті­лер­ді қо­с­па­ған­да, осын­дай су­мен жаб­дық­тау жүй­е­ле­ріне ке­зең-ке­зең­мен (бес жыл­дан асыр­май) кө­шу жос­па­ры­ның элек­трон­дық құ­жа­ты. Же­ра­с­ты су­ла­рын алу ке­зін­де қо­сым­ша мы­на­лар­ды ұсы­на­ды: 8) ұң­ғы­ма­лар­да­ғы су дең­гей­ін өл­ше­у­ге ар­нал­ған ас­пап­тар­дың неме­се ма­но­метр­лер­дің (су өзді­гі­нен аға­тын ұң­ғы­ма­лар үшін) құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 9) ба­қы­лау же­лі­сі­нің құ­ра­мы мен құ­ры­лы­мын көр­се­те оты­рып, же­ра­с­ты су­ла­ры­ның мо­ни­то­рин­гі бағ­дар­ла­ма­сы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; шы­ғы­стар­ды, ди­на­ми­ка­лық және ста­ти­ка­лық дең­гей­лер­ді ба­қы­ла­удың ке­зең­ді­лі­гі мен жер қой­на­уын зерт­теу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­мен ке­лі­сі­л­ген жер асты су­ла­ры­ның хи­ми­я­лық құ­ра­мы, тәу­лі­гіне бір мың тек­ше метр­ден астам кө­лем­де жер асты су­ла­рын алу ке­зін­де жер қой­на­уын зерт­теу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­мен ке­лі­сі­л­ген жер асты су­ла­рын алу жо­ба­сы­ның құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; же­рү­сті су ағы­нын рет­теу ке­зін­де қо­сым­ша мы­на­лар­ды ұсы­на­ды: 10) осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес бас­сейн­дік су ин­спек­ци­я­ла­ры­мен гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­сжай жұ­мысы­ның бе­кі­ті­л­ген су ре­жи­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Рұқ­сат­ты қай­та рә­сім­деу үшін: 11) заң­ды тұл­ға ата­уы­ның өзге­руі және (неме­се) оның ор­на­лас­қан же­рі­нің өзге­руі, же­ке тұл­ға­ның те­гін, атын, әке­сі­нің атын (егер ол же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се) өзгер­туі, да­ра кә­сіп­кер­ді қай­та тір­кеу ту­ра­лы рай­стай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; Рұқ­сат­тың мер­зі­мін ұзар­ту үшін: 12) су алу­ды есеп­теу құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы және (неме­се) олар­дың тек­се­ру­ден өт­ке­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тен тұ­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын анық­та­ма­ны, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­мет­ті ба­стау ту­ра­лы, ша­ру­а­шы­лық-ауыз су­мен жаб­дық­тау үшін жер үсті және (неме­се) жер асты су­ла­рын алу ке­зін­де ха­лық­тың са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге сәй­кест­і­гі ту­ра­лы, қор­ша­ған ор­та­ға әсе­рі ту­ра­лы де­кла­ра­ци­я­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, су тұ­ты­ну мен су бұ­ру­дың үле­стік нор­ма­ла­рын ке­лі­су­дің бо­луы, ал ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған ауыз­су­мен жаб­дық­тау үшін су ре­сур­ста­рын ала­тын тұ­лға­лар үшін – су тұ­ты­ну және су бұ­ру кө­лем­де­рі­нің негіз­де­ме­сі бой­ын­ша есеп­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған жағ­дай­да; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – Ко­декс) 45-ба­бы­ның 4,5,6,7 және 8 тар­мақ­та­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) Ко­дек­стің 48 және 49-бап­та­рын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ар­найы су пай­да­ла­ну­ды жү­зе­ге асы­ру­ға тый­ым са­лу (тоқ­та­та тұ­ру) тү­рін­де­гі ар­на­у­лы су пай­да­ла­ну құқы­ғын шек­теу; 4) жер қой­на­уын зерт­теу және пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі­нің бас­сейн­дік ин­спек­ци­я­лар­ға бес жұ­мыс кү­ні ішін­де ұсы­ны­ла­тын ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға те­ріс жа­у­а­бы; 5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар бол­са; 6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған; 7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777 ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Басқа 1-5. Су қоймасының пайдалану режимі*
«Арнаулы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 5-қосымша Су қоймасының пайдалану режимі* Р/с № Тең­ге­рім­ді құ­ра­у­шы­лар Өл­шем бір­лі­гі Ай­лар Қаң­тар Ақ­пан На­урыз Сәу­ір Ма­мыр Мау­сым 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 Су қой­ма­сы­ның ке­зең ба­сын­да­ғы кө­ле­мі Мил­ли­он тек­ше метр 2 Су қой­ма­сы­на су­дың ағып ке­луі Тек­ше метр/се­кунд Мил­ли­он тек­ше метр 3 Су қой­ма­сы­нан бу­ла­ну­ға және сүзі­лу­ге кет­кен шы­ғын­дар Тек­ше метр/се­кунд Мил­ли­он тек­ше метр 4 Су қой­ма­сы­нан су алу Тек­ше метр/се­кунд Мил­ли­он тек­ше метр 5 Су қой­ма­сы­ның тө­мен­гі бъ­е­фіне су та­стау Тек­ше метр/се­кунд Мил­ли­он тек­ше метр 6 Су қой­ма­сы­ның ке­зең со­ңын­да­ғы кө­ле­мі Мил­ли­он тек­ше метр Кестенің жалғасы Ай­лар Бар­лы­ғы жы­лы­на Шіл­де Та­мыз Қыр­күй­ек Ка­зан Ка­ра­та Жел­тоқ­сан 10 11 12 13 14 15 16 *Су пайдаланушы Пайдалану режиміне мынадай жағдайларда түзету жасауы тиіс: 1) суық маусым алдында 1 қарашаға дейін; 2) жылы маусым алдында 1 сәуірге дейін; 3) су объектілерінің және ауыз сумен жабдықтау көздерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы өзгергенде; 4) су объектісінің ықпал ету аймағындағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылар саны, сондай-ақ олардың су пайдалану жағдайларының өзгергенде.
Басқа 2. «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» қағидалары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрыққа 2-қосымша «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
Тармақша 3
3) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормасы – өндірілетін өнім бірлігіне (орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір көлеміне) тұтынылатын немесе бұрылатын сарқынды судың белгіленген мөлшері;
Тармақша 4
4) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасуды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне, сарқынды суларды жинақтағыштарға немесе жергілікті жер бедеріне ағызуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 5
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлгі осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz. «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қоса отырып жолдайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді, немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған кезде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш тапсырған кезде «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Тармақ 9
9. Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынғаннан кейін құжаттарды қараудың жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 10
10. Тізбенің 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізбеге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкеріне жолдайды.
Тармақ 11
11. Жауапты бөлімшенің қызметкері белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер мен деректердің және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Су кодексінің 42-бабымен және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2025 жылғы 9 маусымдағы № 116-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36251 болып тіркелген) сәйкестігін белгіленген талаптарға сәйкес 8 (сегіз) күн ішінде қарайды.
Тармақ 12
12. Оң қорытынды болған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері арнаулы су пайдалануға рұқсат береді немесе теріс қорытынды болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді дайындайды, оны тіркеуді жүзеге асырады және уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушіге портал арқылы жібереді.
Тармақ 13
13. Тізбесінің 9-тармағына көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына (бұдан әрі –ӘРПК) сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешімі туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын-ала шешімі бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тармақ 14
14. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін белгіленген мерзімде қайта өтінішті қарауға және өтініш берушіге портал арқылы қабылданған шешім туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мынадай кезеңдер туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді: өтінішті қабылдау, тіркеу, қарауға жіберу, аралық кезеңдер, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Тармақ 17
17. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті берушіге түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 20
20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ӘРПК 91-бабында көзделген сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 2-1. ӨТІНІШ
«Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 1-қосымша Кімге: ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен: ___________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) Өтінішті (өтініш беруші/уәкілетті өкіл) береді ___________________________________ Өтініш беруші: Өтініш иесінің мекенжайы___________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон) Өтініш иесінің деректемелері ________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) Уәкілетті өкіл: Өкілдің деректемелері _____________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) Сенімхаттың деректемелері _________________________________________________ (нөмірі, күні, кім берді) ӨТІНІШ Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісуді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтініш иесі _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 20__жылғы « » _______
Басқа 2-2. «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 2-қосымша «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызметтің атауы «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті 2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал). 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электронды (Ішінара автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін көрсетіледі 7 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Порталдың жұмысы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) өтініш; 2) су шығынын, тасымалдау желілеріндегі, су тұтыну нүктелеріндегі су шығынын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемін қысқарту мүмкіндігін жыл сайын талдау бойынша деректердің электрондық көшірмесі; 3) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары есебінің электрондық көшірмесі; 4) осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларының электрондық көшірмелері. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 9 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайда; 2) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 42-бабымен және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2025 жылғы 9 маусымдағы № 116-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36251 болып тіркелген) белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер мен деректердің және (немесе) көрсететін қызметті алушының сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған; 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады. 10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Басқа 2-3. Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнім бірлігіне су тұтынудың үлестік нормалары
«Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 3-қосымша Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнім бірлігіне су тұтынудың үлестік нормалары Өнім тү­рі Өнім­нің өл­шем бір­лі­гі Су­мен жаб­дық­тау жүй­е­сі Су тұ­ты­ну­дың же­ке нор­ма­сы, өнім бір­лі­гіне тек­ше метр Тех­но­ло­ги­я­лық қа­жет­ті­лік­тер­ге Қо­сым­ша және қо­сал­қы қа­жет­ті­лік­тер­ге бар­лы­ғы Оның ішін­де су бар­лы­ғы Оның шін­де Та­за су ай­на­лым­ды Ке­зек­ті пай­да­ла­ну Та­за су ай­на­лым­ды Ке­зек­ті пай­да­ла­ну тех­ни­ка­лық Ауыз су бар­лы­ғы тех­ни­ка­лық Ауыз су бар­лы­ғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Кестенің жалғасы Ша­ру­а­шы­лық-ауыз су қа­жет­ті­лік­те­рі бар­лы­ғы Оның ішін­де тең кө­лем­сіз су Мау­сым­ды тұ­ты­ну­дың тең кө­лем­сіз ко­эф­фи­ци­ен­ті бар­лы­ғы Оның ішін­де су Та­за су ай­на­лым­ды Ке­зек­ті пай­да­ла­ну Та­за су ай­на­лым­ды Ке­зек­ті пай­да­ла­ну тех­ни­ка­лық Ауыз су бар­лы­ғы тех­ни­ка­лық ауыз су бар­лы­ғы 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
Басқа 2-4. Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнім бірлігіне су тұтынудың үлестік нормалары
«Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 4-қосымша Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнім бірлігіне су тұтынудың үлестік нормалары Өнім тү­рі Өнім­нің өл­шем бір­лі­гі Су ысы­ра­бы­ның же­ке нор­ма­тив­те­рі, өнім бір­лі­гіне тек­ше метр Бас­қа тұ­ты­ну­шы­лар­ға бе­рі­л­ген су­дың же­ке нор­ма­тив­те­рі неме­се қай­та­рым­сыз су тұ­ты­ну нор­ма­тив­те­рі өнім­нің м3/бірл. Тех­но­ло­ги­я­лық қа­жет­ті­лік­тер Қо­сым­ша және қо­сал­қы өн­ді­ріс қа­жет­ті­лік­те­рі Ша­ру­а­шы­лық-тұр­мыстық қа­жет­ті­лік­тер бар­лы­ғы 1 2 3 4 5 6 7 Кестенің жалғасы Су­ды пай­да­ла­ну ба­ғы­ты бой­ын­ша су бұ­ру­дың же­ке нор­ма­сы, тек­ше метр/өнім Тех­но­ло­ги­я­лық қа­жет­ті­лік­тер Қо­сым­ша және қо­сал­қы өн­ді­ріс қа­жет­ті­лік­те­рі Ша­ру­а­шы­лық-тұр­мыстық қа­жет­ті­лік­тер бар­лы­ғы Оның ішін­де ағын­ды Та­за­ла­уды та­лап ете­тін Нор­ма­тив­тік та­за бар­лы­ғы Та­за­ла­уды та­лап ете­тін Нор­ма­тив­тік та­за бар­лы­ғы Та­за­ла­уды та­лап ете­тін Нор­ма­тив­тік та­за 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
Басқа 2-5. Тұрақты суару кезінде су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары
«Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 5-қосымша Тұрақты суару кезінде су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары Ылғал­дан­ды­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті, аг­ро­кли­мат­ты ай­мақ­тар­дың ку шиф­рі Көр­сет­кіш­тер Су­ар­ма­лау нор­ма­сы нет­то, тек­ше метр/гек­тар Су­а­ру тә­сіл­де­рі Су ысы­ра­бы, тек­ше метр/гек­тар Су тұ­ты­ну, тек­ше метр/гек­тар Су тұ­ты­ну тек­ше метр/гек­тар Су­а­ру ке­зін­де Та­сы­мал­дау ке­зін­де тек­ше метр/гек­тар ата­уы Жал­пы алаң­нан % 1. Су ша­ру­а­шы­лы­ғы бас­сей­ні 1.1 Су ша­ру­а­шы­лы­ғы ауда­ны Ве­ге­та­ци­я­лық су­а­ру Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­да­ры­ның ала­ңы және ата­уы Жер үсті Жаң­быр­ла­тып Там­шы­ла­тып Ве­ге­та­ци­яа­ра­лық су­а­ру Ылғал­за­ряд­та­ғыш Шаю
Басқа 2-6. Көлтабандап суару кезінде су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары
«Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 6-қосымша Көлтабандап суару кезінде су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары Ылғалдандыру коэффициенті, агроклиматты аймақтардың шифрі Көлтабан түрлері Көлтабандағы өсімдіктер Суару нормасы, көлтабандап суару, (нетто текше метр/гектар Су тұтыну (брутто, текше метр/гектар) Су бұру, текше метр/гектар Топырақты сулар деңгейінің шоғырлануы терең жақын терең жақын терең жақын 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Су шаруашылығы бассейні Су шаруашылығы ауданы Ұсақ сулы Табиғи шалғын Себілген дақылдар Терең сулы Табиғи шалғын Себілген дақылдар
Басқа 2-7. Жайылымдарды суландыру кезінде малды суару үшін су тұтынудың үлестік нормалары
«Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына 7-қосымша Жайылымдарды суландыру кезінде малды суару үшін су тұтынудың үлестік нормалары Ылғалдану коэффициенті, Қазақстан Республикасының өңірлері Малдар Жыл мезгілдері бойынша су тұтынудың тәуліктік нормалары, литр/тәулігіне 1 малға жазда көктемде және күзде қыста 1 2 3 4 5 Оңтүстік өңір Мал түрлері Солтүстік өңір Мал түрлері
Басқа 3. «Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығына 3-қосымша «Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
Тармақша 3
3) суды бастапқы есебі – арнаулы су пайдалануға рұқсаты бар су пайдаланушылар жүзеге асыратын жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) оларды тастау (су шаруашылығы теңгерімінің шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;
Тармақша 4
4) өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
Тармақша 5
5) өлшем құралдарын салыстырып тексеру – өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;
Тармақша 6
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Су ресурстары және ирригация министрлігі «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. «Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 6
6. Осы Қағидаларға 2-қосымшада сәйкес нысан бойынша суды есепке алу аспабына/аспабынан пломбаны орнату (алып тастау) өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) оларда қамтылған қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Тармақ 9
9. Тізбенің 8 - тармағына сәйкес құжаттарды ұсынғаннан кейін құжаттарды қараудың жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 10
10. Жауапты бөлімшенің қызметкері белгіленген 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды және актіні жасау үшін көрсетілетін қызметті алушыны суды есепке алу аспабы (бұдан әрі – СЕА) орналасқан объектіге шығу туралы ұялы телефон арқылы хабардар етеді. СЕА пломбаланғаннан, не пломбаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшада сәйкес нысан бойынша арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарына пломбаны орнату (алып тастау) актісін ұсынады. Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын СЕА-ға пломбаны орнату (алып тастау) актісін бергеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы ақпараттық портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен суды есепке алу аспабына/аспабынан пломбаны орнату (алып тастау) туралы хабарлама хабарлама жібереді.
Тармақ 11
11. СЕА ұсынылған материалдарға сәйкес еместігі немесе оның жарамсыздығы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту ұсынады.
Тармақ 12
12. Тізбенің 9-тармағына көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес (бұдан әрі – ӘРПК) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешімі бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тармақ 13
13. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін белгіленген мерзімде қайта өтінішті қарайды және өтініш берушіге портал арқылы қабылданған шешім туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мынадай кезеңдер туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді: өтінішті қабылдау, тіркеу, қарауға жіберу, аралық кезеңдер, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Тармақ 16
16. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 17
17. Көрсетілетін қызметті берушіге түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 19
19. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 3-1. «Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
«Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша «Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі –портал) 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні 4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Суды есепке алу аспабына/аспабынан пломбаны орнату (алып тастау) туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін 7 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы –Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас үзілісімен жүзеге асырылады. Порталдың жұмысы – техникалық жұмыстар жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) осы Қағидаларға 2-қосымшада сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) суды есепке алу аспаптарына паспорттың электрондық көшірмесі; 3) мерзімі аяқталған немесе тексеру болмаған жағдайда суды есепке алу аспабын тексеру актісінің электрондық көшірмесі; 4) Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы анықтаманы, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы. 10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777
Басқа 3-2. Өтініш
«Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан Кімге _______________________ ____________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен ______________________ ____________________________ (жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда немесе заңды тұлғаның атауы) Өтініш берушінің заңды мекенжайы ____________________________ ____________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон) Өтініш берушінің деректемелері ____________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) Өкілдің деректемелері ____________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) Сенімхат деректемелері ____________________________ (нөмірі, күні, кім берді) Өтініш Суды есепке алу аспабына/аспабынан пломбаны орнатуды (алып тастауды) сұраймын (қажеттісінің асты сызылсын) _____________________________________________________________________ (ұйымның атауы) Суды есепке алу аспабы ________________________________________________ (суды есепке алу аспабының маркасы, зауыттық нөмірі) Бассейндік су инспекциясы орындаған суды есепке алу аспабын пломбалау күні мен нөмірі туралы ақпарат _____________________ Cу пайдалануға рұқсат құжатының нөмірі және күні _____________________________ Пломбаны алып тастау күні мен акт нөмірі (қайта жүгінген жағдайда) _______________ Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: Суды есепке алу аспаптарының паспортының көшірмесі, суды есепке алу аспабын салыстырып тексеру актісі (суды есепке алу аспаптарының паспортында жүргізілген салыстырып тексеру туралы ақпарат болмаған жағдайда). Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. ____________________________ ______________________________ Өкілдің лауазымы Өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қоса беріледі_______парақта. Мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Басқа 3-3. Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарына пломбаны орнату (алып тастау) актісі
«Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарына пломбаны орнату (алып тастау) актісі 20__жылғы « » ____________ № ______ Су пайдаланушы _____________________________________ қатысуымен кәсіпорынның атауы,тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) мемлекеттік инспектор ________________________________________________________ жасады. лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________ суды есепке алу аспабы ___________________ су тартқышта су өлшегіштің маркасы ұңғыманың нөмірі, орналасқан жері тексеруден өтті _____________________ тексерілген күні ______________ ұйымның атауы пломбаның нөмірі ____________ Суды есепке алу аспабының көрсеткіштері ______________________ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 91-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ету мақсатында судың зиянды әсерін, ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ алынған және ағызылған су ресурстарының көлемін өлшеу құралдары жоқ жаңа және реконструкцияланатын объектілерді пайдалануға енгізуге тыйым салынады. Мемлекеттік инспектор _________________ мөр орны қолы Су пайдаланушы ________________ (қолы) мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын тұлғалардан басқа)
Басқа 3-4. Суды есепке алу аспабына/аспабынан пломбаны орнату (алып тастау) туралы хабарлама (керектісін сызу қажет) № (құжаттың нөмірі)
«Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша Суды есепке алу аспабына/аспабынан пломбаны орнату (алып тастау) туралы хабарлама (керектісін сызу қажет) № (құжаттың нөмірі) Құрметті _________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы) ________________ суды есепке алу аспабына/аспабынан ________________ пломбаны орнату (алып тастау) туралы хабарлаймыз. Пломба нөмірі (суды есепке алу құралының маркасы, зауыттың нөмірі) Бассейндік су инспекциясының басшысы _____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) «___»__________ 20__ жыл Мөр орны (болғанда) Хабарлама _______________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Көрсетілетін қызметті алушыға табысталды 20__ жылғы «___» _____________ (Қол қоюшының лауазымы) (қол қоюшының ТАӘ)
Басқа 4. «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығына 4-қосымша «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
Тармақша 3
3) гидротехникалық құрылысжайлар – су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);
Тармақша 4
4) ГТҚ класы – гидротехникалық құрылысжайларды жобалау нормалары мен ережелеріне сәйкес белгіленетін, оған байланысты ГТҚ сенімділігіне қойылатын талаптар анықталатын көрсеткіш;
Тармақша 5
5) ГТҚ қауіпті I-і сыныбына биіктігі отыз метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі жүз миллион текше метрден асатын бөгеттер және секундына жүз текше метрден астам су өткізу қабілеті бар су тораптары жатады;
Тармақша 6
6) ГТҚ қауіпті II-і сыныбына биіктігі жиырма метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі елу миллион текше метрден асатын бөгеттер және секундына елу текше метрден астам су өткізу қабілеті бар су тораптары жатады;
Тармақша 7
7) ГТҚ қауіпті III-і сыныбына биіктігі он метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі жиырма миллион текше метрден асатын бөгеттер және секундына жиырма текше метрден астам су өткізу қабілеті бар су тораптары жатады;
Тармақша 8
8) ГТҚ қауіпті IV-і сыныбына биіктігі бес метрден асатын және (немесе) су қоймасының көлемі он миллион текше метрден асатын бөгеттер, биіктігі бес метрге дейінгі және (немесе) су қоймасының көлемі он миллион текше метрден кем бөгеттер, егер олардың бұзылуы адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін болса және секундына он текше метрге дейін су өткізу қабілеті бар су тораптары, егер мұндай ГТҚ-ның бұзылуы адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін болатын жағдайларда;
Тармақша 9
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Су ресурстары және ирригация министрлігі «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 6
6. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау жүргізуге өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) оларда қамтылған қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Тармақ 9
9. Жауапты бөлімшенің қызметкері белгіленген 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды қарайды және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатты рәсімдейді. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды рәсімдейді.
Тармақ 10
10. Тізбесінің 9-тармағына көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес (бұдан әрі – ӘРПК) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешімі туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын-ала шешімі бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тармақ 11
11. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін белгіленген мерзімде қайта өтінішті қарайды және өтініш берушіге портал арқылы қабылданған шешім туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мынадай кезеңдер туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді: өтінішті қабылдау, тіркеу, қарауға жіберу, аралық кезеңдер, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Тармақ 14
14. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті берушіге түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 17
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 4-1. «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
«Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні 4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін 7 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы –Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас үзілісімен жүзеге асырылады. Порталдың жұмысы – техникалық жұмыстар жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаның мәліметтер нысанына сәйкес, гидротехникалық құрылысжайдың пайдалануға берілгеннін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 3) осы Қағидаларға 4-қосымшаның мәліметтер нысанына сәйкес,  аттестатталатын ұйым қызметкерлерінің біліктілігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. 9 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің «Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 119-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36240 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы. 10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777
Басқа 4-2. Өтініш
«Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша Кімге_______________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен _____________________ (заңды тұлғаның атауы) Өтініш берушінің заңды мекенжайы ____________________________ ____________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон) Өтініш берушінің деректемелері ____________________________ (Бизнес идентификациялық номер) Өкілдің деректемелері ____________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі) Сенімхат деректемелері ____________________________ (нөмірі, күні, кім берді Өтініш __________________________________________________________________ (ұйымның атауы) Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау жүргізуді сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: мәлімет нысандары; аттестатталатын ұйым қызметкерлерінің біліктілігін және гидротехникалық құрылысжайлардың пайдалануға берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері. _____________________________ ______________________________ Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) (заңды тұлғаға лауазымы) жіберілген күні: күні.айы.жылы. (электрондық цифрлық қолтаңба) Мәліметтердің дұрыстығын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделмесе көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.
Басқа 4-3. Пайдалануға берілген гидротехникалық құрылысжайлар құрылысының жобалары жөніндегі ақпарат
«Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан Пайдалануға берілген гидротехникалық құрылысжайлар құрылысының жобалары жөніндегі ақпарат р/с № Объектінің атауы Тапсырыс берушінің атауы Гидротехникалық құрылысжайдың пайдалануға берілген жылы Гидротехникалық құрылысжайдың класы Гидротехникалық құрылысжайларды салу, жөндеу, реконструкциялау және пайдалануды жобалау бойынша жұмыс тәжірибесі 1 2 3 4 5 6
Басқа 4-4. Аттестатталатын ұйым мамандарының біліктілік құрамы туралы деректер
«Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан Аттестатталатын ұйым мамандарының біліктілік құрамы туралы деректер р/с № Аты, тегі, әкесінің аты Лауазымы Осы ұйымда (уақытша, тұрақты) жұмыс істейді Жұмыс өтілі Оқу орны, бітірген жылы, диплом бойынша біліктілігі және, көрсетілген білімі 1 2 3 4 5 6
Басқа 5. «Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығына 5-қосымша «Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
Тармақша 3
3) гидротехникалық құрылысжайлар (бұдан әрі - ГТҚ) – су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);
Тармақша 4
4) ГТҚ қауіпсіздігі туралы декларация – ГТҚ-ның қауіпсіздігі негізделетін, оның қауіпсіздік өлшемшарттарына сәйкестігі анықталатын және ГТҚ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар тізбесі айқындалатын негізгі құжат;
Тармақша 5
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Су ресурстары және ирригация министрлігі «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. «Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 6
6. Осы Қағидаларға 2-қосымшада сәйкес нысан бойынша тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) оларда қамтылған қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Тармақ 9
9. Жауапты бөлімшенің қызметкері белгіленген 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декаларациясының тіркелген шифрын беру туралы хабарламаны рәсімдейді. Осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жауапты орындаушы мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.
Тармақ 10
10. Тізбенің 9-тармағына көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес (бұдан әрі – ӘРПК) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешімі туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын-ала шешімі бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тармақ 11
11. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін белгіленген мерзімде қайта өтінішті қарайды және өтініш берушіге портал арқылы қабылданған шешім туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мынадай кезеңдер туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді: өтінішті қабылдау, тіркеу, қарауға жіберу, аралық кезеңдер, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Тармақ 14
14. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті берушіге түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 17
17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 5-1. «Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
«Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша «Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күні 4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясының тіркеу шифрін беру туралы хабарлама не дәлелді бас тарту. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы –Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас үзілісімен жүзеге асырылады. Порталдың жұмысы – техникалық жұмыстар жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйым берген гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздігі декларациясының сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі; 3) гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі; 4) Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы анықтаманы, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. 9 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Су кодексінің 72-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген соттың шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы; 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы. 10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777
Басқа 5-2. Өтініш
«Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысаны Кімге ________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен ______________________ (заңды тұлғаның атауы) Өтініш берушінің заңды мекенжайы ____________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон) Өтініш берушінің деректемелері ____________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі) Өкілдің деректемелері ____________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі) Сенімхат деректемелері ____________________________ (нөмірі, күні, кім берді) Өтініш Гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздік декларациясын (бастапқы, кезекті) тіркеуді жүргізуді сұраймын (керектісінің астын сызу қажет) _________ ___________________________________________________________________ (ұйымның атауы) Гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздік декларациясын кезекті тіркеу жүргізілген жағдайда тіркеу шифрінің нөмірін және соңғы тіркеу жүргізілген күнді көрсету ___________________________________________________________________ (тіркеу шифрінің нөмірі, күні) Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті орган аттестаттаған ұйым берген гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясының сараптамалық қорытындысының көшірмесі; 2) гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздік декларациясының көшірмесі. Мәліметтердің дұрыстығын растаймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Басшы _______________________________________________________ (тегі,аты,әкесінің аты (бар болса) (электрондық цифрлық қолтаңба) Толтыру күні: «____» __________ 20__ жыл
Басқа 5-3. Гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздігі декларациясының тіркеу шифрін беру туралы мәлімдеме
«Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша нысан Гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздігі декларациясының тіркеу шифрін беру туралы мәлімдеме Құрметті ______________________________________________________ (қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Гидротехникалық құрылысжайдың қауіпсіздігі декларациясының тіркеу шифрі берілгені туралы хабарлаймыз ________________________________________ ___________________________________________________________________ (тіркеу нөмірі және күні) Бассейндік су инспекция басшысы ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (электрондық цифрлық қолтаңба) «___» ____________ 20__ жыл