Об установлении водоохранных зон и полос озера Талдыколь и отдельных участков канала Нұра-Есіл Күшін жойған
Басқа 0
Талдыкөл көлінің және Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймағы мен белдеуінің ең аз ені осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Талдыкөл көлі үшін су қорғау аймағының ең аз ені – 500 метр;
Талдыкөл көлі үшін су қорғау белдеуінің ең аз ені – 100 метр болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Нұра-Есіл каналының және Талдыкөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 4
4. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1 қосымшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасындағы Талдыкөл көлі және Нұра-Есіл каналы ұшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін картографиялық материалдарға түсірілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 4
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысы
__________________ Н. Ұранхаев
«____» ____________ 2020 жыл
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы
__________________ Д. Бекмағамбетов
«____» ____________ 2020 жыл
Басқа 1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан Нұра-Есіл каналының жекелеген учаскелері және осы учаскелер үшін су қорғау аймақтары
мен белдеулерінің ең аз ені
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 9 қыркүйегі
№ 205-1856 қаулысына
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан Нұра-Есіл каналының жекелеген учаскелері және осы учаскелер үшін су қорғау аймақтары
мен белдеулерінің ең аз ені
Р/с
№
Жеке учаскенің атауы
Су объектісі
(канал учаскесінің координаттары және су қорғау аймағы мен белдеуінің координаттары)
Су қорғау аймағының ені, м
Су қорғау белдеуінің ені, м
1.
«GEOAstana» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Ұлы Дала даңғылы, Е114 және Е115 көшелері (жобалық атауы) арасында орналасқан автожанармай құю-автогаз құю станциясының құрылыс учаскесі
Нұра-Есіл каналы
(канал учаскесі
x=2774,8; y=-8558,2;
x=2701,1; y=-8630,1;
су қорғау белдеуі
x=2799,4; y=-8583,3;
x=2725,6; y=-8655,1;
су қорғау аймағы
x=2976,3; y=-8763,9;
x=2884,3; y=-8742,3;
х=2870,1; у=-8801,6)
208
241
288
35
2.
«Дал Диагностик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Е 495 көшесі (жобалық атауы) № 2 ғимарат ауданында орналасқан ядролық медицина орталығының құрылыс учаскесі
Нұра-Есіл каналы
(канал учаскесі
x=630.1; y=-10624.3;
x=718.6; y=-10538.3;
су қорғау белдеуі
x=600.0; y=-10606.3;
x=688.6; y=-10520.0;
су қорғау аймағы
х=206.0; у=-10360.7;
х=291.5; у=-10277.6)
500
35
3.
«Елорда құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Е 357 және Е 495 көшелердің (жобалық атаулары) қиылысы ауданы мекенжайында орналасқан жапсарластыра салынған орын-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылыс учаскесі
Нұра-Есіл каналы
(канал учаскесі
x= 710,0; y=-10546,6;
x=816,35; y=-10444,1;
су қорғау белдеуі
x= 685,64; y= -10521,88;
x= 790,35; y= -10418,59;
су қорғау аймағы
х= 642; у= -10473,09;
х= 727,91; у= -10388,35)
100
35