Об определении мест для осуществления выездной торговли в населенных пунктах Кокпектинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8 бабының 3) тармақшасына, 27 бабына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының елді мекендері аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көкпекті ауданы елді мекендерінің аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысының әділет Департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Даурен Бакытжанович Койгельдинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар тізбесі
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы «28» тамызы № 285 қаулысына қосымша Көкпекті ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар тізбесі
Тармақ 1
1. Құлынжон ауылында Кеңес көшесінің бойындағы «Жолан» кафесі мен балалар ойын алаңы арасында;
Тармақ 2
2. Миролюбовка ауылында Асламов көшесінің бойындағы мешіт ғимараты мен «Пикник» кафесінің арасындағы алаң;
Тармақ 3
3. Раздольное ауылында Мира көшесінің бойындағы «Берёзка» дүкені жанында;
Тармақ 4
4. Мариногорка ауылында Абай көшесінің бойындағы «Нива» дүкені жанында;
Тармақ 5
5. Преображенка ауылында Заречная көшесінің бойындағы мәдениет үйі ғимаратының іргелес аумағында;
Тармақ 6
6. Үлгілімалшы ауылында мәдениет үйінің жанында;
Тармақ 7
7. Көкпекті ауылында Абай көшесінің бойындағы «Ырыс» дүкені жанында;
Тармақ 8
8. Самар ауылында «Арман» ашық базарының аумағында;
Тармақ 9
9. Теректі ауылында Бірлік көшесінің бойындағы «Дана» дүкені жанында;
Тармақ 10
10. Биғаш ауылында М.Цепура көшесінің бойындағы «Раушан» дүкені жанында;
Тармақ 11
11. Аққала ауылында Тәуелсіздік көшесінің бойындағы «Алёна» дүкені жанында;
Тармақ 12
12. Сарыбел ауылында Абай көшесінің бойындағы мәдениет үйі ғимаратына қарама – қарсы;
Тармақ 13
13. Тассай ауылында М.Төлегенов көшесінің бойындағы «Жайдары» дүкені жанында;
Тармақ 14
14. Бастаушы ауылында Абай көшесінің бойындағы «Айман» дүкені жанында;
Тармақ 15
15. Үлкенбөкен ауылында Киров көшесінің бойындағы мектеп ғимаратына қарама – қарсы;
Тармақ 16
16. Көкжайық ауылында Саяхимов көшесінің бойындағы «Айя» дүкеніне қарама – қарсы;
Тармақ 17
17. Палатцы ауылында М.Горький көшесінің бойындағы «Ульяна» дүкені жанында.