Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Уилском районе Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 және 9-баптарына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Ойыл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 3
3. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 448 шешіміне 1 қосымша Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
Бөлім 1. 1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:
1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін: № Ар­найы орын­дар Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жаб­дық­тау Олар­дың шек­ті то­лу нор­ма­сы 1.1 «Даңқ» са­яба­ғы (Ой­ыл ауда­ны, Ой­ыл ауы­лы, Б. Жол­мыр­за­ев кө­ше­сі №46А) - жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру; - электр энер­ги­я­сын қо­су­ға ар­нал­ған нүк­те; - бей­не­ба­қы­лау және бей­не­тір­кеу ка­ме­ра­ла­ры; - са­ни­тар­лық нор­ма­лар мен ере­же­лер­дің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­тін жаб­дық (қо­қыс үшін жә­шік­те­рі); - ар­найы тех­ни­ка­ға, өрт тех­ни­ка­сы­на, құт­қа­ру және ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне ар­нал­ған кі­ру және шы­ғу үшін өту жол­да­ры 200 адам­нан ар­тық емес 2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін: № Ар­найы орын­дар Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жаб­дық­тау Олар­дың шек­ті то­лу нор­ма­сы 2.1 Жел­тоқ­сан кө­ше­сі­нен ба­стап, И. Құр­ма­нов кө­ше­сі бой­ы­мен, Б. Жол­мыр­за­ев кө­ше­сіне дей­ін Марш­рут­тың ұз­ақ­тығы 1,3 ки­ло­метр­ді құ­рай­ды. - кө­ше жа­рық­тан­ды­ры­л­ған; - бей­не­ба­қы­лау және бей­не­тір­кеу ка­ме­ра­ла­ры; - са­ни­тар­лық нор­ма­лар мен ере­же­лер­дің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­тін жаб­дық (қо­қыс үшін жә­шік­те­рі); - ар­найы тех­ни­ка­ға, өрт тех­ни­ка­сы­на, құт­қа­ру және ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне ар­нал­ған кі­ру және шы­ғу үшін өту жол­да­ры. 200 адам­нан ар­тық емес Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Тармақ 1
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланудың осы тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы (әрі қарай - Заң) негізінде әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Ойыл ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды. Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария ісшаралар өткізіледі. Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады. Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс- қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды. Осы Тәртіппен реттелмейген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Басқа 9
Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 448 шешіміне 2- қосымша Ойыл ауданындағы пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта өткізуге:
Тармақша 1
1) жаппай жерлеу орындарында;
Тармақша 2
2) су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
Тармақша 3
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
Тармақша 4
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
Тармақша 5
5) магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.