Об определении специально отведенных места и (или) маршруты для осуществления выездной торговли на территории Созакского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Созақ ауданының аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Созақ ауданының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қыркүйегіндегі №231 «Созақ ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4220 тіркелген, 2017 жылғы 11 қазанда «Созақ үні» газетінде және 2017 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалдыға жүктелсін.
Басқа 8. Созақ ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы «___»_______ № қаулысына қосымша Созақ ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар және (немесе) маршруттар № Созақ ауданының ауылдық округтері мен кентерінің атауы Орналасқан жері 1 Шолаққорған ауылдық округі Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы және Б.Ахметов көшелерінің қиылысы 2 Таукент кенті Таукент кенті, Астана көшесі, №1 «Жыныс ата» мешіті ғимаратының қарсы беті 3 Қыземшек кенті Қыземшек кенті, 1 шағын ауданы, «Уанас» мешітіне қарама-қарсы орналасқан алаң 4 Созақ ауылдық округі Созақ елді мекені, Созақ-Қаратау бағытындағы тас жолының бойы, «Бибо» жанар жағар май бекетіне қарама-қарсы орналасқан алаң 5 Қарақұр ауылдық округі Қарақұр елді мекені, Наурыз және Б.Батырбекова көшелерінің қиылысы 6 Құмкент ауылдық округі Құмкент елді мекені, Жылы бұлақ және Астана көшелерінің қиылысы 7 Қаратау ауылдық округі Қаратау елді мекені, Жиенбет батыр және Қазақстан көшелерінің қиылысы 8 Жартытөбе ауылдық округі Жартытөбе елді мекені, С.Сейфуллин және Ж.Мықтыбайұлы көшелерінің қиылысы 9 Сызған ауылдық округі Қозмолдақ елді мекені, Қ.Тоқмұхамедов көшесі, №49 полиция бекетінің жаны 10 Жуантөбе ауылдық округі Жуантөбе елді мекені, Төле би көшесі, «Бәйтерек кешені» аланының жаны 11 Тасты ауылдық округі Тасты елді мекені, Қажымұқан және Жамбыл көшелерінің қиылысы 12 Шу ауылдық округі Шу елді мекені, Абай көшесі, «Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Марал бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жаны