О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Тайыншинскому району Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоксандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе арттырылсын.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2018 жылғы 15 маусымдағы № 179 шешімінің (2018 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4792 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.