Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шемонаихинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Шемонаиха ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,197 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде уәкілетті орган – «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қолдау Шемонаиха ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет екінші деңгейдегі банктер арқылы беріледі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:
Тармақша 1
1) Шемонаиха ауданының шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органмен анықталған әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінуі.
Тармақ 4
4. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/10-VI «Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-192 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі;
Тармақша 2
2) Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 50/6-VI «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/10-VI «Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің қолданылуын тоқтату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6881 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімі.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.